Зароботная плата

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 22:07, реферат

Краткое описание

Здесь все об зп

Содержимое работы - 1 файл

Эк.теория на каз.doc

— 438.50 Кб (Скачать файл)
    • меншіктің экономикалық және құқықтық негізі;
    • меншіктің құрылымы мен формалары;
    • меншік көптүрлілігінің объективті қажеттілігі;
    • Қазақстан Республикасындағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру.
 

    Тақырыптың  мақсаттары:

    Тақырып материалымен танысқаннан  кейін, сіз мынаны дұрыс түсіндіре  аласыз:

  • меншік экономикалық категориясының мәнін және мазмұнын;
  • меншік құрылымын: иеленуді, пайдалануды, билеуді;
  • меншік формалары: қоғамдық, мемлекеттік, жеке, кооперативтік, бірлескен-үлестік меншікті;
  • ҚР-ғы меншікті жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу мәселелерін.
 

    3.1

 

    1. Меншіктің экономикалық және  құқықтық мазмұны. Кез келген өндіріс сипаты, көлемінен тәуелсіз бола отырып, меншіксіз әрекет ете алмайды. Меншік - ол иелену, билеу, басқару, пайдалану, меншіктену құқығы, яғни мүліктік құқық. Меншік бұрынғы, қазіргі және болашақтағы кез келген экономикалық жүйенің қызмет етуінің негізі болып табылады.

    Меншік, маңайында барлық тұрақты қоғамдық қатынастар қалыптасып және дамып отыратын қоғамдық  ұмтылыс болып табылады. Меншік формасынан көбінесе шаруашылық өмірдің құбылыстарын ғана емес, сонымен қатар қоғамдық тетік, мемлекеттік институттар, қоғам өмірінің әлеуметтік және мәдени деңгейі тәуелді болып келеді.

    Меншік  қатынасының сыртқы көрінісіне дәстүр мен әдет-ғұрып, адамгершілік, мәжбүр ету, құқық жатады. Дәл осы құқықтық (заңдық) жоқ меншік құқығын заңды түрде реттеп, өзгерістерді есепке алуға (пайда болу, шеттеу, тоқтатылу және меншік құқығын қайта қалпына келтіру) мүмкіндік береді.

    Меншік  қатынастарының мазмұнын өндіріс, бөлу (қайта бөлу), өнімдерді айырбастау және тұтыну бойынша адамдар арасындағы экономикалық қатынастар құрайды. Бұл экономикалық теория пәні ретіндегі меншік қатынастарының ең орталықтандырылғаны болып табылады.

    Меншіктік қатынастар экономикалық теориясының  пәніне барлық өсуші масштабтардағы олардың қайталанушылық, ұдайы өндірушілігінің нәтижесі жатады.

    Сәйкесінше, меншіктік қатынастар - бұл өндіріс құралдары, сонымен қатар олардың күшімен өндірілетін тұтыну заты ретіндегі иелену, бөлу, басқару, пайдалану және меншіктену құқықтарымен тығыз байланысты, адамдар арасындағы жүйелі түрде қайталанатын, ұдайы өндірілетін қатынастар.

    Меншіктің заңдық қатынастары - бұл иелену құқығы. Мен иеленемін. Иелену меншіктің  бірінші және басты себебі. Бірақ  өзінен-өзі иелену меншіктің экономикалық мазмұнын сипаттамайды. Меншік субъектісін  фиксациялап, пассивті түрде де иеленуге болады. Заңды түрде оны қолданбауы әбден мүмкін, яғни өндірістік қатынастар пайда болғанша. Меншік иесі өз меншігін толық билеуі мүмкін - он босату, сыйға тарту, мұрагерлікке беру және т.б. бірақ барлық осы қатынастарда экономикалық қатынастар туындамайды.

    Өндірістік қатынастар экономикалық түрде меншік иесі өз мүлкін пайдаланған кезде ғана көріне бастайды, яғни ол жұмыс күшін жалдайды, оны өндірістік мақсаттарда өз меншігімен біріктіріп, басқарады, сонан соң өндіріс нәтижелерін иеленеді. Бұл меншіктік қатынастарды экономикалық өткізу болып табылады.

    Осылайша  меншіктік қатынастардың экономикалық мазмұны бұл:

  • өндіріс құралдарын жұмыс күшімен біріктіру, яғни өндіріс процесін ұйымдастыру;
  • өндірістің қоғамдық қаражаттары мен жұмыс күшінің пайда болуы;
  • қоғамдық маңызды материалдық игіліктерді  (тауар) және қызмет көрсету.
 

 

     3.2 Меншіктің құрылымы мен формалары

 

    Өндіріс жағдайы бойынша пайда болған өндірістік қатынастардан өнімді өткізу, оны тұтыну, табысты бөлу бойынша  тағы бір қатынастар түрі туындайды. Түйін, біреудің мүлкін пайдалану бойынша қоғамдық өндірістік қатынастардың туындауымен меншік негізінде экономикалық қатынастар пайда болады. Осылайша адамда өзі, оның жанұясы тұратын үйі пайда болады.  Бұл үй - оның дербес (жеке) меншігі. Бірақ үй иесі өз үйін жалға беруді шешті. Клиент тауып, шарт жасасты, жылды төлемді анықтады, 5 жыл мерзімге нотариалды түрде келісім жасады, жаңа жалға алушы үйге көшіп келді. Үй иесі пәтерлік қызметтер көрсете бастады. Сәйкесінше, үй иесі мен пәтер жалдаушы арасында үй жалғасы бойынша, қоғамдық қатынастар туындайды. Оның иесі және оның жанұясынан басқа ешкіммен пайдаланылмаған дербес меншік, қоғамдық мәнге ие жеке меншікке айналады. Осы қызмет түрімен, пәтерді қажет ететін әрбір адам пайдалана алады. Жекеден дербес меншіктің айырмашылығы - оның экономикалық мәні болып табылады. Осылайша, байлық - оны қажет ететіндерге билік беріп, банкирдің қоғамдық қатынастары туындайды.

    Сонымен, меншік формасының құрылымы үш сөзбен сипатталады: мен иеленемін, пайдаланамын және билеймін.

    Сәйкесінше, өндіріс - бұл түрлі меншік иелері, экономикалық субъектілердің өзара қатынасы. Немесе, өндіріс - бұл араласуымен өз қажеттіліктерін қанағаттандыратын қоғам мүшелерінің, жеке меншік иелерінің қызметі.

    Нарықтық  экономикада дәстүрлі түрде меншікті мемлекеттік және мемлекеттік емес деп бөледі.

    Мемлекеттік емес жеке меншікке - нақты субъектіге меншік объектісін пайдалану құқығы мен тиімділікті алуға мүмкіндік беретін оның түрлі модификациялары жатады.

    Қатынастар  жүйесі ретінде мемлекеттік меншік жалпы ұлт мүдделерін есепке ала отырып барлық экономикалық жүйенің өмірге бейімділігін қамтамасыз етеді.

    Жеке  меншік ерекшелігіне меншік иесінің  иелену, билеу, басқару, пайдалану және меншіктену құқықтарын іске асыруы жатады. Ол объективті заңдары бар, қатал бәсекелестік үстемдік ететін нарықта өз үрейімен, тәуекелімен әрекет етеді. Нарықтағы табыстылық,  көп пайдалылық  карьера; осының барлығы - жеке меншік иесінің (еңбегі 1 кесте) еңбек нәтижесі (1 кесте).

    

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                             Сонда тікелей     

 
 

                                          Кері тікелей   

 

1 сызба

 

    Бірақ нарықта сұрапылдық пен анархия  үстемдік етеді. «Көрінбейтін қол» деп  А.Смит қоғамды мақсатқа сәйкестік  пен тиімділікті қорытындылай отырып айтқан. Сондықтан меншік нарығында егер есептеп, ойланбасаң, өз кінаңнан ұтыласың. Жеке меншік иесі оқуға, ізденуге, тануға, ойлап табуға, сатып алуға, өз қызығушылығындағы ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға, өндірістік күштерді дамытуға мәжбүр. Мұнда жеке меншіктің терең және прогрессивті мағынасы жатыр   ол адамдар мүмкіндіктерін, біліктілігі мен білімін максималды түрде шоғырландырады.

 

 

     3.3 Меншік көп түрлілігінің объектіивті қажеттілігі

 

    Жеке  меншікке негізделген  - датталған емес. ХІХ ғ. не әлеуметтік қорғау, не дамыған кәсіподақтар, не жоғары деңгейі, жұмыс күнінің 14-18 сағатқа созылуы тән болған. Мұндай жағдайларда тек коммунисттер ғана емес, сонымен қатар, социал-демократтар, түрлі партиялар мен қозғалыстар теңсіздік пен  жеке меншіктің орнына қоғамдық меншікті құру үшін күресті.

    Қоғамдық  меншік негізіндегі адамзат қоғамын  ұйымдастыру логикасы меншіктің жалпы халықтық және мемлекеттік формасында құрылып, іске асырылады. Оның формаларының көп түрлілігі де мүмкін болуы шарт.

    Қоғамдық  меншік бірігіп иелену, билеу, пайдалануды болжайды. Егер қоғамдық меншік - ортақ, бірігіп иелену болса, онда ол өндіріс құралдарына қатысты барлығын теңестіреді. Бұл қоғам мүшелерінің теңдігі, осымен адам мен адамды қанау сияқты капитализмнің басты кемшілігін кері ысырып тастайды. Сәйкесінше, оңай табылатын табыстарды алу да жойылған. Барлығы үшін тіршілік ететін қаражаттардың жалғыз қайнары, жалпы және міндетті сипатқа ие жеке еңбек болады. Осыдан бөлудің социалистік принциптері шығады:  «кім жұмыс істемейді, сол тамақ ішпейді». Бұл, социализм  өндіріс құралдарына қоғамдық меншікке негізделген. Мұнда жаман ештеме жоқ.

    Алайда, өндіріс құралдарына қоғамдық меншіктің  алғашқы қалыптасуынан-ақ оған шешілмейтін қайшылықтар жүктелген болатын: иеленуге мүліктік құқықтың болмауы (2 сызба). Қоғамдық меншікті іске асыру.

    Қоғамның  барлық мүшелері меншік иелері. Бірақ  біреуі өндіріс қаражатын, құралдарын билеп, басқарып немесе өндіріс пропорцияларын анықтау керек. Ешкім жеке өзі, дербес, мұны істей алмады. Сонда теңдік негізінде құрылған қоғам «басқару аппаратын» құрды. Ол халықтың атынан - өндіріс қаражаттарының меншік иесінің атынан иелену, пайдалану және меншікті билеуді жүзеге асырады. Бірақ қоғамның экономикалық қайшылықтары, бара-бара шешілмейтін мәселе бола бастады. Мемлекеттік билік ауқымды шаруашылықты басқару мүмкіндігін жоғалтты, саяси және экономикалық биліктің өзі ликвидтеле бастады. Меншік құқығы тікелей емес басқару аппаратының араласуымен іске асырылады.

    Қоғам үшін қиын жағдай биліктің партиялық  мемлекеттік, шаруашылық, заңдық, атқарушылық формаларының объективті ұлғаюы болды. Биліктің бұл аппараты тек халықтың атынан ғана емес, сонымен қатар халықтың өзін өндіріс қаражаттарын экономикалық, әлеуметтік және идеологиялық басқаратын корпоративті күшке айналды.

    Тағы  бір  әлеуметтік және экономикалық тосқауыл нарық қызметтерін реттеп, ынталандыратын маңызды экономикалық категорияның біртіндеп ыдырауы болды. Жай түсінікте нарық болған жоқ, оның «көрінбейтін қолы», тәуекелі, ынтасы, ізденушілігі, тұтынушыға жұмысы жоғалып кетті. Осының барлығын ештеңемен ауыстыруға болмайды. Нарық қатаң бәсекелестік жағдайында әрекет ететін табысты, ынталы, есепті өндірушілерді таңдады және таңдайды.

    

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қоғамдық  меншік - нарықты реттеп, ынталандыратын рольдерін жоспармен ауыстыру. Тәуекел, ынта, ізденушілік - орының барлығы жоспарда қарастырылуы керек. Егер жоспар ғылыми негізделсе, ол оның   орындалмаушылығы мен асыра орындалуын болдырмайды. Халық шаруашылығы - балансталған. Өндіріс монополизациясы дамып, бәсекелестік, тәуекел жойылуда.

    Өзін  өзі реттейтін жүйе ретінде нарықтан айырылып, социалистік экономика  еңбектің қоғамдық қажетті шығындарын (ЕҚҚШ) есептеуге қызығушылығын жоғалтты. Ішкі салалық және салааралық бәсекелестегі нарық осы ЕҚҚШ анықтау нәтижесінде, өз дербес шығындары мен жеке кәсіпкер капиталын салыстыратын есептеу ақпаратын береді.

    Осылайша, қоғамдық меншікке негізделген ішкі қайшылықтар социализмді капитализммен  экономикалық жарыста ұмтылысқа  әкелді. Капитализмдегі материалдық  қызығушылық кәсіпкерді іздеуге, жаңа технологияларды енгізуге, білікті жұмысшы күшін тартуға, маркетингті оқуға мәжбүр етеді. Социализм осының барлығынан айрылды, ол экономикалық шешімдер шығындық сипат негізінде қабылданды.

    Осының  барлығы социалистік меншіктің  ауысуына әкелді.

 

    3.4 Қазақстан Республикасындағы меншіктік қатынастардың қайта құрылуы

 

    Бұрынғы КСРО кезінде қоғамдық меншік біртіндеп  дамып және өндірістің барлық өмірлік  маңызды факторларын қамти отырып, қоғамда меншік формаларының ауысуына әкелді. Меншіктік қатынастардағы революциялық өзгерістер тек бұрынғы КСРО-да ғана емес, сонымен қатар нарықтық жүйесі құрылған көптеген дамыған елдерде де болды. Егер  ТМД елдерінде меншіктік қатынастар «нарыққа оралу» принципі бойынша дамыса, ал батыста меншікті қоғамдастыру процесі жүріп жатыр. Мысалы, АҚШ-та 10 млн-ға жуық адам толық немесе жартылай жұмысшы ұжымдарына жататын кәсіпорындарда жұмыс істейді.

    Әлемде  қазір меншіктік қатынастардың өзгеруі жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу негізінде өтуде. Меншікті мемлекет иелігінен алу экономикалық реформа жүргізу кезеңінде пайда болған «Отандық өндіріс» термині. Барлық басқа елдерде мемлекеттік меншікті қайта құру процесі жекешелендіру деп аталады.

    Мемлекет  иелігінен алу - бұл мемлекетті экономикалық өмірді жоспарлау жөніндегі қамқорлығы мен жауапкершілігінен босату және тікелей шаруашылық басқару қызметінен босату болып табылады.

Информация о работе Зароботная плата