Этил спирті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 20:33, реферат

Краткое описание

Этил спирті наркотикалық әсері бар зат болып табылады. Ол ОЖЖ – не жалпы тежегіш әсер көрсетеді. Сонымен қатар, жергілікті қолданғанда этил спирті айқын антисептикалық қасиет көрсетеді.
Медициналық практикада этил спиртінің қолданылуы шектеулі. Оны негізінен антисептик түрінде қолданады. Оған әлеуметтік жағдайда көп көңіл бөлінуде, өйткені спиртті ішімдіктерді қабылдау жедел және созылмалы уланулардың себебі болады.

Содержимое работы - 1 файл

Этил спирті.doc

— 58.50 Кб (Скачать файл)


 

Этил спирті наркотикалық әсері бар зат болып табылады. Ол ОЖЖ – не жалпы тежегіш әсер көрсетеді. Сонымен қатар, жергілікті қолданғанда этил спирті айқын антисептикалық қасиет көрсетеді.

Медициналық практикада этил спиртінің қолданылуы шектеулі. Оны негізінен антисептик түрінде қолданады. Оған әлеуметтік жағдайда көп көңіл бөлінуде, өйткені спиртті ішімдіктерді қабылдау жедел және созылмалы уланулардың себебі болады.

Этил спиртін ішке қабылдағанда ол көбінесе жіңішке ішекте және шамамен 20% асқазақнда жылдам сіңеді. Адсорбцияның жылдамдығы айтарлықтай дәрежеде асқазақ – ішек жолдарының ішіндегісінің сипатына және перистальтиканың күшіне байланысты. Этил спиртінің резорбтивті әсері аш қарынға қабылдағанда жылдам дамиды. Майлар мен көмірсулар оның сіңуін едәуір тежейді.

Ағзада енгізген көлемнің 90% СО2 және суға дейін метаболизмге түседі. Этил спиртінің тотығуы бауырда жүреді, мұнда энергияның айтарлықтай мөлшері бөлінеді. Ұзақ қолданғанда этил спиртінің инактивациясы байқалады.

Өзгермеген түрінде өкпе, бауыр және тер бездері арқылы шығады.

Этил спиртінің резорбтивті әсері негізінен ОЖЖ – не бағытталған. Оған этил спиртінің концентрациясы қанда және ми тіндерінде жоғарылаған сайын тежегіш қасиеті өсетін әсер көрсетеді. Бұл негізгі 3 кезеңмен жүреді:

1)     қозу кезеңі

2)     наркоз кезеңі

3)     агония кезеңі.

Қозу кезеңінің себебі мидың тежегіш механизмдерінің басылуы болып табылады. Бұл әдетте айқын және ұзақ байқалады. Эйфория дамиды, көңіл – күйі көтеріңкі, адам шамадан тыс көпшіл, сөйлегіш болады. Психомоторлық реакциялар мұнда бұзылған, адамның мінез – құлқы, өзін өзі бақылауы, айналадағы жағдайды дұрыс бағалауы кемиді; жұмысқа қабілеттілігі төмендейді.

Этил спиртінің қанда концентрациясының жоғарылауында анальгезия, ұйқышылдық кейіннен сана – сезімі бұзылады. Жұлындық рефлекстер тежеледі. Қысқа әсерлі және дереу агониялық кезеңге ауысатын наркоз кезеңі дамиды. Наркотикалық кеңдігінің аз болуы, сондай – ақ қозу кезеңінің айқын жүруі этил спиртін наркозға арналған зат ретінде қолдануға болмайтынын айтады.

Этил спиртінің орталықтан дамитын әсерінің бірі – оның жылуды реттеуге қатысы, бұл жылу берілуінің жоғарылауымен сипатталады. Сондықтан, этил спирті суықта жылынуға емес, керісінше тоңуға әкеледі. Этил спиртін қабылдағаннан кейінгі тері тамырларының кеңеюіне байланысты субъективті жылуды сезіну жалпы дене температурасының жоғарылауымен жүрмейді. Осыған орай, оны жылуды сезіну мақсатымен қабылдау тек адамды суық жерден жылы бөлмеге ауыстыру, яғни тоңу қаупі жоқ болса ғана дұрыс болуы мүмкін.

Этил спиртінің зәр айдағыш әсерінің де орталық генезі бар.

Этил спирті ас қорыту жүйесіне айқын әсер көрсетеді. Ол сілекей және асқазан бездерінің секреторлық белсенділігін күшейтеді. Бұл оның бездерге психогендік, рефлекторлық, сондай – ақ тікелей әсерлерінің себебі болып табылады. Асқазан бездері секрециясының жоғарылауы этил спиртінің шырышты қабаттарға тікелей әсер етіп, гуморалдық заттардың бөлінуін шақыруына байланысты болуы керек. Этил спирті тұз қышқылының секрециясын күшейтетінін ескеру қажет. Пепсиннің белсенділігі этил спиртінің төменгі концентрацияларында өзгермейді, ал концентрацияны жоғарылатса төмендейді. Этил спирті 20% концентрациясынан бастап тек тұз қышқылының секрециясын төмендетіп қоймай, асқазан сөлінің ас қорыту белсенділігін де басады, бұл әсіресе күштілігі 40% жоғары концентрациялы спирттік ішімдіктерді қабылдағанда байқалады. Этил спиртінің шырышты қабаттарға жоғарғы концентрациясының әсеріне жауап ретінде асқазан бездері барынша шырыш бөледі. Ол асқазан бетін қаптайды, сонымен қатар этил спиртінің айтарлықтай жоғарғы концентрацияда қатпаршаның түйілеуін шақырады және асқазанның моторикасын төмендетеді.

Этил спирті ішектің қызметіне аз әсер етеді. Бұл оның асқазанда сұйылып, ішекке біртіндеп түсуіне байланысты болар.

Медицинада этил спиртінің резорбтивті әсері сирек қолданылады. Кейде оны шокқа қарсы зат ретінде, сирек – ұйықтатқыш немесе тыныштандырғыш зат ретінде қолданады. Кейбір жағдайларда этил спиртін тым артық науқастарға тағайындайды. Берілген жағдайда оның энергетикалық мағынасы ескеріледі. Дегенмен, этил спирті қоректік затқа жатпайтынын ескерген жөн. Ол тіндердің дамуына қатысатын пластикалық пластикалық материал емес, шоғырланбайды және айтарлықтай уыттығы бар.

Этил спиртін ұзақ қолданғанда оған бейімделу және дәріге тәуелділік дамиды.

Спиртті ішімдіктерді қабылдау дәрежесі этил спиртінің қандағы концентрациясына байланысты жедел улануларға әкелуі мүмкін. Мас болу шамамен 1 -2 г/л концентрациясында дамиды. 3 – 4 г/л концентрациясында айқын интоксикация басталады. Өлімдік концентрациялар 5 – 8 г/л құрайды.

Алкогольдік команы емдеуде бірінші тынысты реттеу қажет. Ауыз қуысын және жоғарғы тыныс жолдарын тазартады. Сілекей және бронхиалды бездердің секрециясын төмендету үшін атропин енгізеді. Оттектік ингаляция тағайындалады. Қажетті жағдайда өкпенің жасанды вентиляциясын жүргізеді. Сондай- ақ аналептиктерді (коразол, кордиамин, кофеин және т.б.) енгізген жөн. Гемодинамикалық бұзылыстарды симптоматикалық ем жүргізеді. Асқазанды да шаю керек. Сонымен қатар, қышқыл – негіздік жағдайды түзету қажет (көк тамырға натрий гидрокарбонатын енгізеді). Науқастың қиын жағдайында гемодиализ жүргізеді.

Айқын лоқсу байқалса құсуға қарсы заттарды (метоклопрамид және т.б.) қолдануға болады. Жылу реттелуінің бұзылуына байланысты науқас жылы жерде болуы тиіс.

Этил спиртімен созылмалы улану (маскүнемдік) түрлі көріністермен сипатталады. Әсіресе жоғарғы жүйкенің қызметі, интеллект ауыр зардап шегеді. Ақыл – ой қабілеті, назары, есте сақтау төмендейді. Психикалық бұзылыстар дамуы мүмкін (маскүнемдік елірме, корсаковтық психоз). Шеткі иннервация да бұзылады.

Күрделі бұзылыстар ішкі мүшелер жағынан да байқалады. Мысалы, маскүнемдікте созылмалы гастрит, бауыр циррозы, жүректің және бүйректің майлық дистрофиясы бірге жүреді.

Маскүнемдік – ішімдікті жиі және ұдай қабылдаудан дамитын әлеуметтік, жан – дүниелік және физиологиялық бейімделу үрдістерінің бұзылыстары. Маскүнемдік 20 – 29 жастағы жас адамдарда қалыптасады. Оның нәтижесінде балалар мен жеткіншектердің жалпы дамуы мен жетілуі, білім алуға деген ынтасы әлсірейді, белгілі бір кәсіпті игеруге және әлеуметтік жағдайларға бейімделу мүмкіншіліктері азаяды. Оларда маскүнемдік:

      көңіл – күйінің тұрақсыздығымен, тұнжырауымен, үйінен қашып кетумен, өзіне қол жұмсауға талпыныстық ойлармен;

      мінез – құлықтың өзгерістерімен (қатыгездікпен, айналасындағыларды бүлдіріп шағумен, әлеуметтік жағдайларға қарсы әрекеттермен);

      мектепте сабақ үлгерімі нашарлауымен, жақсылыққа деген бейжайлықпен, қызығушылықтың жоғалуымен т.с.с. белгілерімен көрінеді.

Маскүнемдікте біртіндеп психикалық және физикалық өзіндік деградация дамиды.

Маскүнемдікті емдеудің негізгі мақсаты этил спиртін қабылдауды тоқтату және оған теріс көзқарасты туғызу. Этил спиртін қабылдауды жаймен тоқтату керек, өйткені оны қабылдауды күрт тоқтау ауыр мұқтаждық көріністерді және түрлі психикалық бұзылыстарды шақыруы мүмкін.

Маскүнемдікті медикаментозды емдеуде психотерапияны қосу керек.

Маскүнемдікті емдеуде қолданылатын препараттың бірі болып тетурам (антабус, дисульфрам) саналады.

Тетурамды этил спиртінің аз мөлшерімен қосып қабылдауды тағайындайды. Тетурамның әсер механизмі оның этил спиртінің тотығуын ацетальдегид деңгейінде тоқтатуына байланысты (альдегиддегидро – геназаны тежеуімен болар). Соңғысының ағзада жиналуы тіпті ауыр жағдайлармен жүретін интоксикация шақырады. Қорқыныш сезімі, жүрек тұсының ауыруы, бастың ауыруы, гипотензия, терлегіштік, лоқсу және құсу пайда болады.

Тетураммен емдеу курсы науқастарда этил спиртіне теріс рефлекстердің дамуына әкеледі. Тетураммен емдеуді дәрінердің бақылауымен абайлап жүргізу керек. Тетурамды қабылдап жүрген науқас этил спиртінің мөлшерін тіпті аз ғана жоғарылату өлімге әкелетінін білуі тиіс. Тетурамды 50 жастане асқан, жүрек – тамыр жүйесінің ауруы бар, бауыр және бүйрек патологиясы бар зат алмасу үрдістері бұзылған адамдарға тағайындауға болмайды.

Тетурамды эспераль атты ұзақ әсер көрсететін препараты бар. Эспераль таблеткасын тері асты клетчаткасына орналастырады (имплантациялайды).

Кейде тері шартты рефлекстерді алу үшін орталық әсерлі құстыратын зат апоморфин қолданылады

Сонымен қатар, маскүнемдікті емдеуде опиоидты анальгетиктердің антогонисті налтрексон , сондай – ақ психотропты заттар кеңінен қолданылады.

Өкінішке орай, этил спиртіне құштарлықты жеткілікті басатын тиімді дәрілік заттар жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.      Patricia J. DeCoursey, Jay C. Dunlap, Jennifer J. Loros (2003). Chronobiology. Sinauer Associates Inc. ISBN 978-0878931491.

2.      Baer, Karl Ernst von 1864. Welche Auffassung der lebenden Natur ist die richtige? Und wie ist diese Auffassung auf die Entomologie anzuwenden? In: Baer, K. E. v. 1864. Reden gehalten in wissenschaftlichen Versammlungen und kleinere Aufsätze vermischten Inhalts. Erster Theil: Reden. St.Petersburg: H.Schmitzdorff, p. 237—284.

3.      Zivkovic, Bora (2006-07-03). «ClockTutorial #2a, Forty-Five Years of Pittendrigh’s Empirical Generalizations». A Blog Around the Clock. ScienceBlogs. Retrieved on Готовский Ю.В., Перов Ю.Ф., Перов С.Ю. Энергоинформационные взаимодействия и биорезонансная терапия// Тез докл.V межд.конф.”Импеданс”, 1992. – Ч.2, - С.201-218.

4.      Clery S.F. Microwave radiation effekt on humans // Bioscence, 1983. – V.33, N4. – P.269-273.

5.      Горяев П.П., Терпышный Г.Г., Готовский Ю.В. Трансформация света в радиоволны // Тез.докл.III Международной конференции “Теоретические и клинические аспекты применения биорезонансной и мультирезонансной терапии”, М.,1997. -C.303-313.

6.      Д.А. Харкевич Фармакология

7.      Ә.Нұрмұхамбетұлы Патофизиология

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

І. Кіріспе

                1. Этил спирті туралы жалпы түсінік

ІІ. Негізгі бөлім

1.      Этил спиртінің қолданылуы

2.      Этил спиртінің көрсететін әсерлері

3.      Этил спиртініңі резорбтивті әсерінің медицинада қолданылуы

4.      Маскүнемдік

5.      Макүнемдікте қолданылатын препараттар

 

ІІІ. Қорытынды

ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

 

 

_____________________________________кафедрасы

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы : Этил спирті. Маскүнемдіктің әлеуметтік аспектілері.

 

 

 

Орындаған : Имашева Айгүл

 

Тобы : 2061

 

Курс : 2

 

Факультет : Жалпы медицина

 

Тексерген : Амиркулова М.К.

 

 

 

                                            

                                 

 

                                 Алматы 2009 ж.

 



Информация о работе Этил спирті