«Мұсылман» мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2011 в 10:13, реферат

Краткое описание

Дін – адамдарды мəңгілік бақытқа қауыштыру үшін Аллаһу та’ала тарапынан көрсетілген жол. Аллаһу та’ала Адам алейһиссаламнан бері əр мың жыл сайын пайғамбарлар арқылы адамдарға дін жіберіп отырған. Адам алейһиссалам – алғашқы адам жəне алғашқы пайғамбар. Пайғамбарлар – Аллаһу та’аланың діндерін адамдарға уағыздайтын, жеткізетін адамдар. Жаңа дінді жеткізген пайғамбар “Расул” деп аталады. Əр ғасыр сайын ең таза адамды пайғамбар ету арқылы діндерді қуаттандырып отырған. Расулдарға тəуелді бұл пайғамбарлар “Нəби” деп аталады.
Барлық пайғамбарлар бір ғана иман туралы айтқан, яғни олар үмбеттерінен бір нəрсеге иман етуді қалаған. Адам алейһиссалам мен Мұхаммед алейһиссаламның уағыздаған иман негіздері бірдей. Тек қана жүрекпен жəне тəнмен жасалатын амалдар мен сақтануы қажетті жағдайлар ғана басқаша. Аллаһу та’ала расулдары арқылы жіберген діндеріндегі бұндай жағдайлардың кейбіреуін қолданыстан

Содержимое работы - 1 файл

Ислам мәдениеті.doc

— 167.00 Кб (Скачать файл)

35. Əурет жерін басқа адамға көрсету. (əйелдің шашы, қолы, аяғы,

еркектің кіндік пен тізе арасы əурет). Басқа адамның  əурет жеріне

қарау – харам.

36. Өлексені  жеу жəне басқа біреуге жегізу. Дінімізге сай

сойылмаған, өлтірілмеген жануарлар өлексе болады.

37. Аманатқа  қиянат жасау.

38. Мұсылманды  ғайбаттау.

39. Қызғану,  көре алмау.

40. Аллаһу та’алаға  серік қосу.

41. Жалған сөйлеу.

42. Тəкаппарлық.

43. Өлгелі жатқан  кісінің мирасқордан мал-мүлкін  қызғануы.

44. Сараң болу.

45. Дүниеге махабатпен  байлану.

46. Аллаһу та’аланың азабынан қорықпау.

47. Харам нəрсеге  харам деп сенбеу.

48. Халал нəрсеге  халал деп сенбеу.

49. Палшылардың  палына сену.

50. Діннен шығу, мүртəд болу.

51. Біреудің  əйеліне, қызына себепсіз қарау.

52. Əйелдердің  ер адамның киімін киюі.

53. Ерлердің  əйел киімін киюі.

54. Қағбада күнə  іс істеу.

55. Уақыты кірместен  азан шақыру, намаз оқу.

56. Ел басшыларының  бұйрықтарына, заңдарына қарсы шығу.

57. Əйелінің  əурет жерлерін анасының əурет  жерлеріне ұқсату.

58. Əйелінің  анасын балағаттау.

59. Қарумен бір-бірін  көздеу.

60. Иттен қалған  нəрсені жеу, ішу.

61. Жасаған жақсылығын  міндетсіну.

62. Еркектердің  жібектен киім киюі.

63. Надандыққа  аяқ тіреп тұру (əһли сүннет  сенімін, парыз,

харам нəрселерді үйренбеу).

64. Аллаһу та’аладан  жəне Ислам көрсеткен есімдерінен  басқа

нəрселермен ант  ішу.

65. Ғылымнан  қашу.

66. Надандықтың  зиян екенін түсінбеу.

67. Кіші күнəларды  істеуді жалғастыру.

68. Себепсіз  қарқылдап күлу.

69. Бір намаз  уақытындай жүніп болып жүру.

70. Хайзда жəне  босанған əйеліне жақындау.

71. Əн салу, əдепсіз  əндер айтып, музыкалық аспаптар қолдану.

72. Өзін өлтіру. Өз өміріне қол жұмсау басқа  адамды өлтіруден де ауыр күнə. 

                                        Мұсылмандықты қабылдаған адамдардың

                                               Ислам туралы ортақ пікірлері

Өз діндерінен шығып, Ислам дінін қабылдаған түрлі  ұлт өкілдерінің Исламды неліктен қабылдағаны туралы, дініміздің басқа діндерден айырмашылығы мен артықшылығы туралы олардың өздері былай дейді: «Ислам дінінде Жаратушы біреу ғана. Оның есімі – Аллаһу та’ала.

Басқа діндердегі біреуден көп Тəңір ұғымы ақылға қонбайды. Ислам діні адамдарға тек қана рухани білім берумен шектелмейді, сондай-ақ оларға осы дүниеде не істеу керектігі туралы да түсінік беріп, жол көрсетеді. Христиандар адамдардың күнəһар болып туылатынын, олар тек

азап шегу үшін өмір сүретінін айтса, Ислам діні адамдардың күнəдан пəк болып туылатынын, əрбір сəбидің Аллаһтың сүйікті құлы екендігін, ақылы толық, балиғатқа толған адамдардың өз ісіне жауап беретіндігін, тура жолда жүрсе, ахирет ниғметіне бөленетіндігін айтады. Ислам діні ғибадат, дұға жасап, тəубеге келу үшін құл мен Аллаһу та’аланың арасында делдалды керек етпейді. Бұларды орындау үшін топтың қажеті жоқ. Ислам қандай ұлт, қандай тіл, қандай мемлекет болсын – барлық мұсылмандарды бір-біріне бауыр етіп көрсетеді. Исламда Аллаһу та’аланың алдында барлық адам бірдей. Намаз оқығанда барлық адамның дəрежесі бірдей. Бай мен кедей, ақ пен қара барлығы қатар тұрып, бірге сəждеге жығылады. Ислам дінінде пайғамбарлар біз сияқты адам болып есептеледі. Барлық тұрғыдан адамдардың ең мəртебелісі. Олардың міндеттері – Аллаһу та’аланың бұйрықтарын бізге жеткізу. Мінез-құлқы мен адамгершілігіне қарап, Аллаһу та’ала оларды таңдап алып, осы міндетті жүктеген. Ислам діні осы күнге дейін келген бүкіл пайғамбарлардың барлығын растайды жəне құрметтейді. Ислам діні - өте қисынды дін. Құран кəрімде түсініксіз, тіршілік талаптарына жəне жаратылыс ғылымдарына теріс келетін ешқандай үкім кездеспейді. Берген бұйрықтары пайдалы нəрселерге жетелейді. Пұттарға, суреттерге, мүсіндерге табыну сияқты алғашқы қауымдарда жəне пұтқа табынушылар қабылдаған, əлі де христиан дінінде кездесетін ақылға қонымсыз нəрселер Ислам дінінде кездеспейді. Христиан діні адам баласын Аллаһу та’аладан қорқуға шақырады, ал Ислам Аллаһты сүюге шақырады. Мұсылман адам өзінің Аллаһтың сүйіспеншілігінен құр қалуынан қорқады. «Мұсылман бол» деп ешкім ешкімді қинай алмайды. Құран кəрімнің “Бақара” сүресінде (256-аят) «Дінде зорлық жоқ» деп бұйырады. Алайда, христиан миссионерлер адамдарды күштеп немесе ақша ұсыну арқылы өз діндеріне кіргізуге тырысады. Исламда құлшылық бір Аллаһқа шүкіршілік ету, Оның

сүйіспеншілігіне  бөлену үшін жасалады. Ғибадат ету  уақыттары белгілі болғандықтан олар адамды жүйелілікке, жылына бір рет келетін ораза болса ерікті күшейтуге жəне нəпсіні жеңуге машықтандырады. Ислам тазалыққа үлкен мəн беретін дін болып табылады. Ғибадатты бастамас бұрын тəннің таза болуын бұйыратын жалғыз дін – Ислам. Басқа діндерде мұндай нəрсе жоқ. Ғибадаттар да қысқа болғандықтан күнделікті тіршілікке мүлдем кері əсерін тигізбейді.

Христиан діндарларының  уағыздарында айтылатын, бірақ өздері ешқашан жасамайтын кішіпейілділік, мейірімділік сияқты ізгі əрекеттерді тек мұсылмандар жасайды.

Ислам діні экономикалық тұрғыдан капиталистік жəне коммунистік түсініктерді қабылдамайды. Кедейлерді қорғап, байларды кінəламайды. Байлардың кедейлерге зекет жəне садақа беруін бұйырады. Сондай-ақ, əлемдегі түрлі ұлт пен қауымдарға мүше мұсылмандарды бір жерге жинап (қажылық) əлемдегі ең толыққанды əлеуметтік жүйені қалыптастырған. Ислам діні алкогольді ішімдіктерді, құмар ойындарын жəне есірткі заттарды харам деп есептейді. Əлемдегі ең жаман азғындықтар осы үшеуінен туындайды. Адамдардың өлгеннен кейінгі жағдайы, ахирет өмірі туралы христиан діні түсінік бере алмайды. Бұлар туралы ең тамаша анықтаманы беретін дін – Ислам діні.

Ислам – кедейлерге, жетім-жесірлерге, жолаушыларға жəне қай діннен болсын, мұқтаж адамға жəрдем беруді бұйыратын жалғыз дін. Ислам адамдардан түсінбеген нəрсесін қабылдауды талап етпейді. Басқа діндердегідей құпия, сыр ретінде қабылдауды негіздейтін сенім жоқ.

Исламда кез-келген мəселенің шешуі алдымен Құран  кəрімнен қарастырылады, одан табылмаған жағдайлар расулуллаһтың сүннетінен ізделеді. Одан табылмаған мəселелер құзырлы ғұламаның

ижтиһады (үкім беруі) арқылы шешіледі. Ислам діні ең жаңа дін болып табылады. Құран кəрім алғашқы күнінен қазірге дейін ешбір өзгертілместен жеткен. Онда барлық қажеттілікті қамтамасыз ететін үкімдер бар. Осыдан-ақ онда басқа діннің келмейтіндігін, адамдардың діни қажеттіліктерін толық қамтамасыз ететіндігін аңғаруға болады. Исламда барлық жерде ғибадат жасауға рұқсат беріледі. Құлшылық жасау үшін міндетті түрде мешітке баруға мəжбүрлемейді. Мұсылман

адам басқа  діннің ғибадатханасына зұлымдық əрекет жасамауы керек, қажет болған жағдайда шіркеуде намаз оқуына болады. Ислам діні əйелдерді бағалап, оларға тиісті құқықтарды береді.

Исламда бірнеше  əйелге үйлену сияқты бұйрық жоқ. Бұл  мəселеде белгілі бір саннан аспау жəне кейбір құқықтарға бағыну шартымен рұқсат берген. Ислам діні келген кезеңдерде арабтар бірнеше

əйелдермен  бірге өмір сүре беретін. Ол əйелдердің ешқандай құқығы сақталмайтын. Мұхаммед алейһиссалам «Жұмақ аналардың аяғының астында» деп бұйырып, əйелдерге айрықша көңіл бөлген. Ислам діні адамдарды еңбек етуге, пайдалы нəрселерді үйренуге, өз ақылымен еңбектенгеннен кейін, Аллаһу та’аладан жəрдем сұрауға шақырады. «Бір сағат ойлану жəне пайдалы іспен айналысу бір жыл нəпіл ғибадат еткенмен тең» деген Исламнан басқа бір дін жоқ.

Ислам – рух  пен тəннің тазалығы. Осы екеуін тең ұстайды. Исламда тек сүйіспеншілік, ақ көңілділік, жақсы сөз, туралық жəне жақсылық жасау сияқты қасиеттер орын алған. Ислам діні Аллаһу та’аланы «Əлемнің раббысы» деп баяндайды. Басқа діндердегі сияқты тек сол дін өкілдерінің табынатын құдайы деп саналмайды. Жұбаныш іздеген жүректер оны тек Құран кəрімде табады. Құран кəрімде мұқтаждардың көңілін сипайтын, оларды рахатқа бөлейтін, жол көрсететін мол насихаттар бар».

Информация о работе «Мұсылман» мәдениеті