Ақша-несие саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 15:43, курсовая работа

Краткое описание

Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша-несие саясаты – нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Ақша – несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздыі ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін.

Содержание работы

КІРІСПЕ...........................................................................................................
АҚША САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Ақша саясаты туралы түсінік, оның даму кезеңдері.........................
Ақша жүйесі, оның элементтері және типтері...................................
НЕСИЕ САЯСАТЫ ЖӘНЕ НЕСИЕ МЕХАНИЗМІ
Несие саясаты, оның элементтері.......................................................
Несие механизмінің мазмұны..............................................................
Несиелеуді ұйымдастыру принциптері..............................................
Несиелеу әдістері..................................................................................
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ
ҚР-ның ақша-несие саясатының қалыптасу негізі, мақсаты мен тапсырмалары........................................................................................
ҚР-да ақша-несие жүйесінің қызметі мен оны жетілдірудегі Ұлттық Банкінің ролі............................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................

Содержимое работы - 1 файл

курстық жұмыс ДКБ.doc

— 299.00 Кб (Скачать файл)

     Орталық Банктің негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету.Оған жету үшін Орталық Банк келесі мәселелерді  шешеді: мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау және жүргізу, валюталық реттеу мен бақылау жасау, төлем жүйесінің жұмысын жасауын қамтамасыз ету, тұрақты қаржы жүйесін қамтамасыз етуге жағдай жасау.

     Орталық Банктің негізгі мақсатарының ішінде ақша-несие саясатын халықаралық стандартарға жақындату қарастырылған, бұл үшін Орталық Банк нарықтық пайыз мөлшерлемесін қадағалап отырады.Ақша-несие саясатының операциялық негізді жетілдіру жұмыстары және ақша-несие саясатының тәсілдері мен құралдарын оптималдау, трансмиссиондық механизм моделін құрастыру және инфляциялық таргеттау принципіне өтуге дайындақты жалғастырады.

     Келер жылдары экономика қызып кету қаупі , мемлекеттік бюджет шығындарының өсуі ақша-несие саясатының қатандауына  әкелуі мүмкін.

     Ақша-несие  саясатының бсқа негізгі мақсаты капитал қозғалысымен байланысты тәуекелді реттеуді жаңадан қарауы мен 2007ж 1 қаңтарынан бастап валюталық режимнің толық либерализациясына жету болып келеді.

     Валюталық режимін либерализациясын реттеудің  негізгі мақсаты 2007ж бастап валюталық операцияларды жүргізуге шек қою мен ұлттық валютаның толық конвертациялану принципіне көшу үшін жағдай жасау.Бұл үшін келесі жұмыстарды жасау қажет. Біріншіден, валюталық операцияларды жүргізу барысында тәуекелді хеджирлау құралдарын қолдану үшін жағдай жасау. Екіншіден, ақша-несие саясатының мақсаттары мен сыртқы шоктарды реттеу үшін шетел валютасына сұраныс пен ұсынысты реттеу құралдарын жақсарту. Үшіншіден, реттеудің халықаралық принцптері мен қаржылық мекемелердің валюталық операцияларын қадағалауды қамтамасыз ету.

     Орталық Банк “қалқып жүретін айырбас  бағамы’’ саясатын жалғастырады.Валюта бағамының қысқа мерзімді және спекулятивті тербелістерін женілдету мақсатында ғана валюта бағамының қалыптасуына әсер етеді.

     Орталық Банк интегралды қоғамдастықтар шегінде, ЕврАзЭС пен ТМД сияқты, төлем жүйесі мен басқа қаржылық интеграциялау бағытында жұмыстарын жалғастырады, сонымен қатар Бірыңғай Экономикалық Кеңістікті қалыптастыру мақсатында мемлекет және ведомствоаралық топтардың жұмысына араласуды ойлайды.

     Мемлекеттің ақша-несие саясаты нақты сектордың  дамуына, нарықтың барлық субьектілерінің дамуына қажетті экономикалық, институционалды, ұйымдастырушылық және құқықтық ортаны қалыптастыруда.

     Ақша-несие  құралдарының көмегімен мемлекет бос  ақша ұсынысына әсер етеді және ссудалық капиталдың бағасын өзгертеді. Осылай ол несие сұранысына және оның үй шаруашылықтарында қолданылуын реттейді.

     Мемлекеттің экономикалық саясаты монетарлы  деп аталады, негізінен ақша-несие  тәсілдерін қолданады.

     Көптеген  нарықтық экономикасы бар елдерде ққазіргі кезде ЭМР-де қолданатын ақша-несие құралдарын Орталық банк, ал Қазақстанда – Ұлттық банк қолданады.Оның мемлекетте ақша эмиссиясын жасауға монополиялық құқығы бар. 

1.2 Ақша  жүйесі, оның элементтері және  негізгі типтері 

     Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады.

     Ақша  жүйесі келесі элементтерден тұрады:

     Ақша  бірлігінің атауы. ҚР-ның ақша бірлігі  ретінде 100 тиыннан құралған 1 теңге  болып табылды.

     Ақа белгілерінің түрлері. Егер 1991 ж. 1 қаңтарына дейін айналыста қазыналық билеттер, онда қазіргі кезде ҚР ақша белгілері болып олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады. Олар Ұлттық банктің міндеттемесі болып табылады және барлық активтермен қамтамасыз етіледі.

     Эмиссия тәртібі. Қолма-қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын ұйымдастыру  және айналыстан шығаруды Ұлттық банктің  қолма-қолсыз ақша эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге асырады.

     Ақша  түрлері. Заңды тқлем құралы болып табылатын: қағаз және несие ақшалар.

     Валюталық бағам дегеніміз – бұл басқа  бір елдің ақша бірлігіне қатысты  бейнеленген сол елдің ақша бірлігінің бағасы.

     Әлемдік тарихта ақша жүйесінің келесі типтері  болған:

– металдық айналым, мұнда ақшалай тауар ақшаның барлық қызметін атқарады, ал несие ақшалар металға айырбасталады;

– несие және қағаз ақша айналысы, мұнда алтын айырбастамайтын банкнотамен айналысатын ығыстырылып шығарылды және қазынаға айналды

     Ақша-несие  саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша – несие саясаты - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді.

     Ақша  – несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздыі ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін.

     Төлем айналымы және оның біздің елдегі қалыптасуы мен жұмыс жасау қарқыны ақша-несие саясатының негізгі мақсатының бірі, мұнымен қоса инфляциялық тежелуді қамтамасыз ету және қаржы нарығының тұрақтылығын қадағалау қызметтері де жүктеледі. Айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру өз алдына үлен жауаптылық. Бұл мақсаттарды бір мезгілде шешу қиындық тудырады. Себебі экономикалық өсу үшін несиелік экспансия, ал инфляцияны тежеу үшін, керісінше, несиелік рестрикция, яғни ақша массасының жалпы шектеулілігі қажет. Сондықтан да ақша-несие саясаты тұрақты бюджет, төлем балансы және салық саясатымен байланысты келеді.

     Ақша-несие  саясаты бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс  таңдай білуге, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы, төлем балансы  сұрақтарын шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін таңдаудағы біліктілігіне негізделеді.

     Ақша-несиелік саясат жүргізу үшін Ұлттық банктің  заңды бекітілген құралдары мен  операциялары бар, олар: қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемелері, банкілерге қойылатын резервтік талаптар нормативі, қысқа мерзімді ноталардың шығарылымы, ашық нарық операциясын жүргізу, кредиттік және депозиттік операциялар, вексельдерді қайта есепке алу және т.б.

     Оларды  пайдаланудың тиімділігін республикада 2001-2004 жж. қалыптасқан инфляция деңгейімен (6,4-6,8%) шамалауға болады.  

     Сонымен қатар болашақта артық өтімділікті  «депозиттерге тарту» Ұлттық банктің  басты құралы болатын жоспары  бар. Алайда инфляциялық қысым көзі сырттан (сыртқы валюталық түсімдер) болса, артық өтімділікті шексіз азайту бұл операцияның тиімділігін төмендетуі мүмкін. Мұндай жағдайда сыртқы түсімдерді реттеу бағытында шаралар қолдану қажет.

     Институционалдық  жағынан қарасақ несие жүйесі валюта қаржы мекемелерінің кешені, оны мемлекет экономиканы реттеп атқару үшін белсенді пайдаланады. Ақша-несие  жүйесі қоғамдық ұдайы өндірістің барлық механизмін қамтып, өндірістің шоғырлануы мен капиталдың орталықтануын күшейтіп, бос ақша қаржыларын елдің экономикасына қолдануға септігін тигізеді.

     Мемлекеттік бюджет тапшылығы оны жабуға бос  қаржы ресурстарын тарту қажеттігін туғызады. Бұл ресурстар мемлекет ішінде (үкімет, қаржы-несие ұйымдары) және халықаралық қаржы несие институттарында шоғырланады. Қаражаттарды тартудың басты тәсілі болып мемлекеттік несие табылады.

     Мемлекеттік несие жалпы мемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және несие қатынастарының жиынтығы.

     Ақша-несие  жүйесінде мемлекет мынадай рольдер атқара алады: несие беруші, қарыз алушы және кепіл.

     Мемлекеттік несие ақша-несие қаражаттарын қайтару  шарты негізінде қайта бөлу қызметін атқарады. Бұл халықтың жеке шаруашылық субъектілерінің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл қызметте мемлекеттік несие жинақтарды ұйымдастырудың бір нысаны болып табылады.

     Мемлекеттік несие бос ақша қаражаттарын мемлекеттік  билік органдарының қарамағына жұмылдыру  және оны мемлекеттік шығындарды қаржыландыру барысында мемлекет пен  заңды және жеке тұлғалар арасында туындайтын қатынастар. Несие көмегімен орташа жинақтар мемлекетте жинақталады және оның қажеттіліктерін өтеуге бағытталады.

     Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейде болады: Орталық Банк (эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды қағаздарды алып – сатумен де айналысады.

     Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мелекеттің алтын резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктер арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық ақша нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды және шет мемлекеттердің және банктерінің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Орталық банк пен коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпал тигізеді.

     Орталық банк ақша ұсынысын ақша базасына және мультиликаторға әсер ету арқылы қалағалайды. Ақша ұсынысының нақты  көлемі коммерциялық банк операцияларының  нәтижесінде несиені қабылдау және беру арқылы құрылады.

     Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие  саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан  Ұлттық банкі ақша-несие саясатынан басты мақсаты: ұлттық валютаның  тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздеді.

     Ақша-несие – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субьектісі-Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу обьектілерінің экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.

     Шаруашылық  жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:

1. рекстрикциялық ақша-несие саясаты;

2. экспанциялық ақша-несие саясаты.

     Рекстрикциялық  ақша-несие саясаты – екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін  шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталған шаралар жиынтығы.

     Экспанциялық  ақша-несие саясаты – несие  беру көлемін кенейтумен, айналымдағы  ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне  байланысты сипатталады. Соңғы дылдардағы ақша-несие саясатының басты көзлеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.

     Ақша-несие  саясаты арқылы реттеудің бірі есеп мөлшерлемесін өзгерту. Мұндай тіркеу мөлшерлемесін пайдаланатын орталық банк коммерцмялық банктерге несие береді. Егерде есеп мөлшерлемесі өсетін болса, онда Орталық банктің қарыз беру операциялары азаяды және коммерциялық банктер қымбат несие алғаннан соң, қарыз пайыз мөлшерлемесіе өсіреді.

2. НЕСИЕ  САЯСАТЫ ЖӘНЕ НЕСИЕ МЕХАНИЗМІ

2.1 Несие саясаты, оның элементтері 

     Өркениетті  мемлекеттердің тәжірибесінде несие  саясаты туралы екі түрлі ұғым қалыптасқан: біріншісі – несие  – есеп қатынастары, оның түрлері  мен несиелеу әдістерінің жиынтығы; екіншісі – несие –қаржы институттарының (мекемелерінің) жиынтығы. Несие қатынастары қарыз капиталының қалыптасуымен оның жұмсалуынан туындап, несиенің барлық формалары мен түрлерін қамтиды. Несие саясаты несие – қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде жеке және заңды тұлғалардың уақытшұа бос ақшаларын есеп шоттарда шоғырландырып, оларды кәсіпорындарға, үкіметке және халықтың әр түрлі топтарына қарызға береді.

Информация о работе Ақша-несие саясаты