Каспий теңізінің экологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 22:20, реферат

Краткое описание

Каспий мәселелері бүгінгі таңда үлкен экологиялық мәселелердің бірі болып саналады. Сол себептен қыркүйектің 11-12 күндері аралығында экологиялық конференция өтеді. Каспий төңірегіндегі бес мемлекеттің елшілері, мамандары, сарапшылары қатысады. Онда экологиялық жағдай, Каспий болашағы мен қауіпсіздігі жөнінде әңгіме болады. Біраз күндер бұрын арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылданған. Бұл бағдарлама бойынша, Каспий экологиясы мен оның жағалауындағы экожүйенің сақталып қалуы қарастырылған.

Содержимое работы - 1 файл

Каспий теңізінің экологиясы.doc

— 45.00 Кб (Скачать файл)

           Каспий теңізінің экологиясы

- Каспий мәселелері бүгінгі таңда үлкен экологиялық мәселелердің бірі болып саналады. Сол себептен қыркүйектің 11-12 күндері аралығында экологиялық конференция өтеді. Каспий төңірегіндегі бес мемлекеттің елшілері, мамандары, сарапшылары қатысады. Онда экологиялық жағдай, Каспий болашағы мен қауіпсіздігі жөнінде әңгіме болады. Біраз күндер бұрын арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылданған. Бұл бағдарлама бойынша, Каспий экологиясы мен оның жағалауындағы экожүйенің сақталып қалуы қарастырылған. 

  Жоспар бойынша,  екі күндік конференция  барысында мамандар  қарт Каспийда  жұмыс жасайтын  мұнайгаз компанияларының  іс-әрекетін, Каспий  арқылы мұнай тасмалдағанда,  қандай қауіпсіздік  шаралар пайдаланатыны  және су астынан  мұнай тасмалдау үшін салынатын құбыр құрысылы қалай жүргізіледі, деген мәселелерді көтереді. Осы тұрғыдан алғанда, мамандардың ойынша, конференцияның маңызы зор. Бірақ «Каспий табиғаты» атты үкіметтік емес ұйымның жетекшісі Ибрагим Көшеновтың пікірінше, Каспий құқығы анықталмай, Каспий экологиясы жөнінде әңгіме қозғауды өзі бекер. 

  «Каспий табиғаты»  атты үкіметтік  емес ұйымның жетекшісі  Ибрагим Көшенов: 

- Ол мәселе шешілмесе,  Каспийдың ластану  мәселесі шешімін  таппайды. Қазір Каспий  балығы, флора, фаунасы  ластанып, құрып жатыр. Сол себептен, Каспий маңындағы елдер бірігіп, бұл мәселені шешу үшін арнайы шара қабылдамаса, жағдай жылдан жылға нашар бола береді. Осы мәселе Ақтауда өтетін конференцияда айтылуы керек. Жалпылама болса да осы мәселе шешілу керек. Олай болмаған жағдайда кез-келген мемлекет,оны жеке шеше алмайды. Себебі мемлекеттердің ондай құқығы жоқ. Сол себептен Каспийдың құқығы анықталуы керек. Ал, оны мемлекет жетекшілері мен үкімет өкілдері қашан шешетінін айта алмаймын, бірақ солар шешуі керек. 

  Үкіметтік емес ұйымдар Каспий табиғатының қазіргі жағдайына алаңдаушылықпен қарайды, бірақ болашақта жағдай өзгермесе, бұл су айдынындағы табиғат мүлдем жойылып кетуі ықтимал. Академик Муфтах Диаровтын ойынша, жылсайын Каспийдан мұнай табушылардың саны көбеймесе, азайып жатқан жоқ, демек жылсайын теңіздің табиғатыда нашарлауы мүмкін. 

  Муфтах Диаров, академик: 

- Қазіргі жағдайда  Каспийдың қоршаған  ортасы өте ауыр  жағдайда. Оның суы  ластанып келе  жатыр, одан мұнай  алушылар көбейіп  жатыр, бұл өз  кезегінде табиғатқа, адам денсаулығына әсер етеді. Сол себептен, үкімет өз саясатын өзгерту керек, мәселен, мұнай алу жағынан саясатын, онда жұмыс жүргізу саясатын. Қазіргі кезде үкімет мұндай саясатты қарастырып жатқан көрінеді, бірақ іс жүзінде жеткілікті емес.  

  Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қызметкері Ұлан Қасымбековтың айтуынша, Каспий табиғатының нашарлап бара жатқаның Қазақстан үкіметі де біледі, бірақ Қазақстан үкіметі бұл мәселе бойынша жұмыс жасамай отыр, деуге болмайды. 

  Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің кеңесшісі Ұлан Қасымбеков: 

- Kөбісі  Каспий табиғаты  нашарлап бара  жатыр, дегенді  айтады. Ия, нашарлап  бара жатыр, оны  жасырмау керек,  бұл Каспий табиғатына  әсер етіп жатыр.  Бірақ біздің мақсатымыз  бұл емес. Біздің мақсатымыз бар табиғатты сақтап қалу, және оның алдын алу жолдарын іздеу. Сонымен қатар, біздің мақсатымызда болжау жасау бар. Бар жамандығын біле отырып, соның болмауына жұмыс жасау керек. 

  Жалпы «Каспий  табиғаты» атты  үкіметтік емес  ұйымның жетекшісі Ибрагим Көшеновтың пайымдауынша, қарт Каспийдың жағалауындағы бес мемлекеттің жетекшілері Каспий табиғатынан бұрын, Каспий мұнайына назар аударып отыр. Кезінде, Каспий экологиясына Иран мемлекеті айтарлықтай көніл бөлетін, бірақ уақыт өтісімен, бұл мемлекетте өз көзқарасын өзгертіп үлгерген. 

  «Каспий табиғаты»  атты үкіметтік  емес ұйымның жетекшісі  Ибрагим Көшенов: 

- Біз қоғамдық ұйым  Иранның ұстанып  отырған саясаты  экологияға тиымды, дегенді айтқанбыз.  Бірақ оны ешкім  тыңдаған жоқ,  ал қазір Иранда  бұл саясаты өзгертті. Қазір енді Каспий табиғатын қорғайтын ұйым қалған жоқ. Бірақ су айдынын сақтап қалу үшін оның құқығын анықтау керек. 

  Қалай болғанымен  экологтардың пікірінше, 11-12 қыркүйек күндері  өтетін конференция  нәтижесіз болмайды, себебі Каспий экологиясының мәселелерін ғалымдар мен мамандар қайта көтереді, бірақ бұл мәселелер қашан шешіле бастайды, деген сұрақ жауапсыз қалуы мүмкін.

    Каспий жағалауынан өлі итбалықтар табылды

Каспий  теңізі жағасында  өліп жатқан итбалық. Азаттық радиосы  оқырманы түсірген сурет. Маңғыстау облысы.

Маңғыстау облысының тұрғыны  Каспий теңізінің  жағасында итбалықтардың  өлі денелері жатқанын хабарлады. Жергілікті экологтар олардың  не себептен қырылғанын анықтауға енді кіріспек. Ал облыс басшылары  жеңіс күнін тойлап жүр.

Маңғыстау облысының тұрғыны  Эрик Өтебәлиев 3 мамыр  күні серуендеп жүріп, Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы төңірегіндегі  Каспий теңізінің  жағасынан өлі  итбалықтар тауып  алған.

ОНДАҒАН ӨЛІ ИТБАЛЫҚ

- Аумағы бір шақырымдай жерден 10-12 өлі итбалыққа кез болдым, - дейді Эрик Өтебәлиев. - Олар жағаға шығып қалыпты. Суретке түсіріп алдым. Шынында да жантүршігерлік жағдай. Бұл жолы үлкен итбалықтардың жанында кішкентай итбалықтар да жатты.

      Әлемдік экология рейтингінде Қазақстан 133 елдің ішінде 70-інші орында. Washington Profile Интернет-басылымы хабарлағандай, тұңғыш рет жасалған бұл тізім Давоста өтіп жатқан әлемдік экономикалық форумда таныстырылды. Қазақстан экологтарының айтуынша, елде экологиясы нашар бірнеше аймақ бар, бірақ соңғы кезде жағдай реттеліп келеді дейді олар.

  Тізімді Йель және  Колумбия университеттері  дайындады деп  хабарланады. Елдер  6 топқа бөлінген: экологиялық денсаулық,  ауа сапасы, су  ресурстарының жағдайы,  биологиялық жанжақтылық, табиғи ресурстар және тұрақты энергетикалық даму. Оның сыртында әр ел 16 түрлі сыннан өткізілген. Алғашқы ондыққа Жаңа Зеландия, Швеция, Финляндия сияқты елдер кірді. Ал, Тәуелсіз елдер достастығы қатарында бірінші орында Ресей. 133 ел кірген тізімде Қазақстан орта жағында, дәлірек айтсақ - 70-інші орында тұр. Жергілікті экологтардың айтуынша мұның бірнеше себебі бар. Қазақстан бойынша экологиясы нашар аумаққа жататын Қызылорда облысының экология басқармасының маманы Қадірбек Шеденбетовтың айтуынша, проблемалар жоқ емес:

- Үкімет жарлығымен  Қызылорда облысы  экологиялық апат  аумағы болып жарияланды. Біздің аймақта  қазір Аралдың  кепкеніне байланысты  теңіз табанындағы  мыңдаған тонна  тұздар, бұрын ауыл  шаруашылығында пайдаланған  тыңайтқыштар солардың  барлығы ауаға ұшып халықтың жағдайын нашарлатып жатыр.

Қазақстан бойынша экологиясы нашар аумаққа  жататын Атыраудың  табиғат прокуроры  Батыр Жазбаевтың айтуынша, қоршаған ортаға кесірін тигізетін  мұнай компаниялары:

- Ауа тазалығы жөнінде  біз республика  бойынша үшінші орында тұрмыз. Су ресурстарыда жаман емес. Себебі өндірістік кәсіпорындар тоқтап тұр. Алаңдатып отырғаны «Теңізшевройл» және «Аджиптің» жұмысы, тағы басқа табиғатты қолданатын 46 кәсіпорын бар. Мұнай табатын жерде экология бұзылады.

Ал, Семей өңірінің экологиясы көпшілікке белгілі. Кезінде жасалған ядролық сынақтардан халық әлі күнге дейін зардап шегіп келеді. Осы аймақта болып қайтқан эколог Дана Садықованың айтуынша, қазір бұл аймақта қоршау жоқ:

- Еш жер қоршалмаған,  тек ядролық реактор  орналасқан жер ғана қоршалған. Сол жерді ешкім тексеріп жатқан жоқ. Бірақ, біз адамдармен сөйлестік сол жерде тұратын, олар сол жерде мал бағамыз деп отыр.

Дәрігерлердің мәліметінше, аймақтағы  онкологиялық науқастар  саны басқа аймақтармен  салыстырғанда 2 есе  көп. Оның себептері тек бұрыңғы жарылыстар ғана емес, дейді осы аймақта болып қайтқан эколог Дана Садықова:

- Металл сынықтарын  әліде алып жатыр.  Тұрғындар айтады  бұрын көп болған  қазір саттық дейді.  АҚШ-пен Қазақстан  үкіметі бірігіп  бір нысанды жапқан  болатын, алайда тұрғындар оны қайта ашып қайта кіретін болған.

Бұл аймақтағы тұрғындар  әлі күнге дейін  малдарын кратерлерде  жиналып қалған сумен  суғарып, қауіпті  жайылымдарға малдарын жіберіп келеді. Бірақ  бұл жалғыз полигон  емес. Келесі полигон  Атырау аумағында. Экологтардың айтуынша, «Азғыр» сынақ алаңы аумағында 5 мың тонна металл сынықтары жиналған, олардың бір бөлігінің радиоактивтілігі 1 мың микрорентген/сағатқа дейін жетеді. «Табиғат» қозғалысының төрағасы Мелс Елеусізовтың айтуынша, радиоктивті заттар әлі көптеген жылдар бойы табиғатқа кеселін тигізетін түрі бар:

- Радиоктивтік заттар  мыңдаған жылдар  бойы жатады.

«Азғыр» ауданындағы тұрғындар  арасындағы науқастар  саны және ауру-сырқаудан  қаза болғандар саны республикадағы осындай  статистикалық көрсеткіштерден 2-3 есе артық. Әсіресе, онкологиялық індетке шалдыққандар, қандарына зақым келгендер басым, анемияға шалдыққан балалар көп. Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау министрлігінің маманы Сапар Базарбаевтың айтуынша, «Азғыр» полигонына қатысты ақпаратты толық жариялауға тыйым салынған. Бірақ, қазір радиоактивті аймақтар қоршалған деді ол:

- Барлық радиоактивті  учаскелер қоршалған.  Бірақ, осы күнге  дейін жүздеген  тонна радиоактивтік  металл, бұрыңғы скважиналар  жасайтын техника  бөлшектері әлі көмілмей жатыр.

   Әйтседе жергілікті экологтар әлемдік экология тізімінің ортасында тұрғанымыз жаман емес деген пікірде. Өйткені тізімнің соңғы 133 орында Нигер мемлекеті. Сонымен қатар Чад пен Мавритания тізімнің соңғы жағында орныққан. Сарапшылардың бағалауынша осы рейтинг көрсеткендей қоршаған ортаға көп жағдайда елдердің үкіметтері жүргізетін саясат әсер етеді. Мысалы, Швеция мен Бельгияның экономикалары көлемі жағынан бірдей десе болады. Және көптеген экономикалық шешімдері ұқсас. Бірақ, Швеция экология рейтингінде екінші орында болса, Бельгия 39-ыншы орында.

Информация о работе Каспий теңізінің экологиясы