Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 19:36, реферат
Қазіргі экономикалық теорияда ең аз зерттелген мәселе – қоғамның экономикалық жүйесінің бір типінен екіншісіне көшудің салдары мен өтпелі экономиканың мән-жағдайы. Бірнеше ғасырлар бойы Ресей империясының бодандығына түсіп, табанына тапталуымыз еркіндік сүйгіш халықтық өр мінезімізді, ұлттық психологиямызды өзгертіп жібергені сондай, біз ұзақ жылдар сол тәуелділік , бағыныштылық өмірге көніп, амалсыздығымызды мойындап тіршілік кештік.
Кіріспе
Негізгі бөлім
«ҚР-ның нарыққа өтуінің ерекшеліктері мен мақсаты»
«ҚР-дағы өтпелі кезеңдегі меншік қатынастарының түрленуі»
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Мазмұны
«ҚР-ның нарыққа өтуінің ерекшеліктері мен мақсаты»
«ҚР-дағы өтпелі кезеңдегі меншік қатынастарының түрленуі»
Кіріспе
Қазіргі экономикалық теорияда
ең аз зерттелген мәселе – қоғамның
экономикалық жүйесінің бір типінен
екіншісіне көшудің салдары мен
өтпелі экономиканың мән-жағдайы. Бірнеше
ғасырлар бойы Ресей империясының бодандығына
түсіп, табанына тапталуымыз еркіндік
сүйгіш халықтық өр мінезімізді, ұлттық
психологиямызды өзгертіп жібергені сондай,
біз ұзақ жылдар сол тәуелділік , бағыныштылық
өмірге көніп, амалсыздығымызды мойындап
тіршілік кештік. Біз сол бір социалистік
дәуірден уақыт жағынан қаншалықты қашықтаған
сайын мемлекеттік әкімшіл экономиканың
қандайлық тиімсіз болғанын ,еліміз кенжелеп
қалудың қандай тұңғиығына түскенін және
Қазақстан экономика мен меншікке қатысты
қандай маңызды да орасан бетбұрыс жасағанын
түсіну соншалықты тереңдей береді.
Жетпіс жылдан астам мемлекет үшін жұмыс
істеп және кейін сол бағыт қағады, асырайды
деп масылдық әдетке үйреніп қалған халқымыз
нарықтың алғашқы кезеңінде қатты абдырағаны
мәлім. Сол себептен , Қазақстан экономикасын
терең қаржылық және құрылымдық дағдарыстан
алып шығу үшін, нарықтық шаруашылық жүргізудін
биімделген жетіктерін , қарқын алып отырған
елдің жаңа халықаралық икемді , тиісті
жағдай жасауды талап етті.
Республика экономикасының перспективалық
болашағы , меншік қатынастары барлық
нысанының сан алуандылығы және тең құқықтық
дамуы жағдайында шаруашылық жүргізудің
бағдарлары қаншалықты дәйекті және қатаң
сақталатындығы көбіне көп байланысты
болады.Меншік қатынастарын қайта өзгертудің
негізгі әдісі осы қатынастардың субъектілерін
дербестендіруге апаратын жекешелендіру
, демек ол жеке меншікті қалыптастырудың
факторы болып табылады. Жекешелендіру
бұл меншік құқығын мемлекеттен фирмаларға
және жекелеген тұлғаларға беруін жеке
секторға мемлекеттік қызмет көрсетуді
шектейтін немесе жеке бастамаға неғұрлым
кең мүмкіндіктер беру мақсатында мемлекеттің
қызмет аясын тарылтуды қамтитын кең ұғым.
Сонымен, жекешелендіру экономиканы қайта құрудың түпкі мақсаты болып табылмайды, бұл тек қана меншік қатынастарын қайта құрудың тәсілі, жаңа экономикалық жүйеге көшу тұжырымдамасының құрамдас бір бөлігі.
Нақты айтқанда, республика тұрғындары
жетпіс жылдам астам уақыт бойы жекеменшік
иелері бола алмай келді.Олардың қолдында
іс жүзінде айлық жалақыдан басқа ешнәрсе
болмады.Күні бүгін ел байлығын халық
шын мәнінде өз қолына алатын мезгіл жетті.Нақ
сондықтан Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсултан Назарбаев бүкіл
инициативаны оз қолына алып,елді жаңа
жол нарықтық өзгерістер жолымен алға
бастады.Экономиканың барлық салаларын
ғана емес, сондай ақ саяси және әлеуметтік
проблемаларды қамтитын бұл жол күрделі
сан қырлы.
Нарыққа өту өзіндік мақсат емес, әлеуметтік бағытталған аралас экономиканы құрудың құралы.
Бұл жұмыста Қазақстан
Республикасының нарыққа
Өтпелі экономикадағы меншік қатынастарының эволюциясы
Ең алдымен нарықтық экономика ұғымына толығырақ тоқталсақ, рынокта бәсеке барысында сұраным мен ұсыным, баға құралады. Сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті нарықтық экономиканың тиімділігін қамтамасыз ететін тетік болып табылады. Баға кәсіпорындар мен тұтынушыларға нарықта қалай әрекет ету керектігін – осы тауарды көп өндіру керек пе, жоқ па оның шығарылымын қысқарту немесе тоқтату керек пе, жоқ па дегенді хабарлайды. Бағаның құралу тетігімен қатар рыноктағы бәсекеге ерекше назар аударуға тура келеді, яғни бір-бірімен бәсекелесуші бірқатар фирмалар (кәсіпорындар) болса және олардың бірде-біреуі баға белгілеу үдерісін басқара алмаса – олар тұтынушылар алғысы келетін және төлей алатын тауарларды өндіруге мәжбүр болады. Алайда тауарлардың белгілі бір санаттары үшін баға тетігі жұмыс істемейді (мыс., қорғаныс), кейде тауар өндіруге жұмсалған барлық шығынды көрсетуге дәрменсіз болады, демек, баға мен шығын оның қоғамдық нәтижесін көрсетпейді. Нарықтың осы және басқа кемшіліктері нақты өмірде ұдайы кездесіп отырады, сондықтан “таза” нарықтық экономика, сұраным мен ұсынымның қандай үлгісінде құрылса да, болмайды. Нарық әрқашанда бірге әрекет етуші кәсіпорындар мен монополиялар, түрлі ұйымдар, саяси өкімет тарапынан араласу – реттеу арқылы толықтырылып, шектеліп отырады. Сонымен бірге нарықтық шаруашылық пен баға белгілеу тетіктерін толық алып тастап, оның орнына экономиканы толық басқару әкімш. және саяси шешімдермен шешілетін болса, онда “таза” жоспарлы экономика дейтін пайда болады.
Бұл жүйенің артықшылығы
Нарықтың маңызды
Маржиналдық талдау принциптері негізінде нарық субъектілерінің іс-кимылы жүріп отырады. Олардың әрекеттеріне әсер ететін орташа емес шекті шамалар болады. Осының нәтижесінде нарықты тауарлармен толық қамту, нарықтық бағаның өзгеруі, нарық экономикасының бір жағдайдан басқашаға ауысуы бірте-бірте жүріп отырады. Жаңа шекті субъектінің пайда болуы нарық экономикасына, ондағы ұсыныс пен сұранысқа, мәнді әсер етпейді. Жетілген нарық жағдайында, яғни үлкен және үнемі болатын ұсыныс кезінде, шаруашылық жүргізушілер өте көп болғанда, олардың әрқайсының нарықтағы жеке үлес салмағы шексіз аз шамада болады. Маржиналдық бағыт нарықтық ортаның үзілмей қызмет етуін қамтиды деуге болады; сұраныс пен ұсыныстың күрт тербелуіне жол бермейді; тауар өндірушілер мен тұтынушылар тепе-тендік болмысын қамтамасыз етіп отырады.
Балама таңдау шығандарының припциптері. Балама таңдау шығындарына, тікелей шығындар жөне ресурстарды пайдаланудың, немесе, кәсіпкерлік әрекеттердің осыдан басқа, өзгеше әдістерінен бас тартудың салдарынан түспеген, табыстың және тікелей шығындардың жиынтығы жатады. Нарық экономикасының ерекшелігі мынада: барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің варианттарының ішінен, ең ұнамсыз болса да, әйтеуір күмәнсіз табысқа жеткізетін варианты тандап алынады. Балама тандау шығындары принципі өндірушілерді, олардағы бар ресурстарды тиімді қолдануға ынталандырады.
Экономикалық, рационалдық принципі табыс пен шығындарды салыстырып отыруға негізделеді. Рационалдык тандау өзгеріп тұратын варианттардан жасалады. Осы варианттардың ішінен, мүмкін болатын пайда ең аз көлемде болса да, күмәнсіз табысты қамтамасыз ететін вариант алынады. Рационалдықтың критериі — табыс төтенше құқықтың болуымен байланысты. Фирма неғұрлым өзінің пайдасын көбейтуді көздейді, ал тұтынушылар — капиталды шектеп пайдалана отырып, барынша өздерінің қал-ахуалын жақсартуды көздейді. Нарық экономикасын осы аталған принциптер негізінде құру, тепе-тендік болмысына жетуді қамтамасыз етеді. Осы болмыс нарық механизмінің орталық проблемасы. Бұл жағдай екі қарама қарсы күштерді қолдануға негізделеді — бір жақтан, сұраныс пен ұсынысты, екінші жақтан, нарықтағы бағаны.
Сирек кездесу нарық экономикасының өте маңызды шарты болып табылады. «Сиректік» деген түсінік экономистер үшін өте маңызды методологиялық құрал, әсіресе тауардың пайдалылығын дәлелдеуде қолданылатын. Демек, шекті пайдалылық теориясында «сиректік» деген түсінік негізгі жөне ешқандай түсіндірме тілемейтін, физикалық ақиқат болып табылады. Сиректік мәселелерін зерттеу, белгілі бір тұрғыда кейбір игіліктердің тапшылығын дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Классикалық мектептің өкілдері Д.Рикардо, А.Смит «сиректік» түсінігін құнмен байланыстырады. Олардын, айтуы бойынша сиректік еңбектің санымен қатар, тауардың құнын белгілейтін маңызды факторларға жатады. Осы замандағы нарықтық қатынастар теориясында «сиректіктің» түсінігі белгілі трансформацияға ұшырап отыр. Егер бұрын сиректікті табиғи және әлеуметтік факторлармен байланыстырған болса, қазір сиректік нарықтың қызмет ету мерзімімен байланыстырылып отыр. Сұранысы мол жаңа игілік бір мезетте және толығымен қажеттіліктерді қамтамасыз ете алмайды. Бүл үшін белгілі уақыт мерзімі қажет. Осыдан тұжырым: сиректігі мол болған сайын, осы игіліктің қажет санын өндіруге соншама мол уақыт керек.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағытталған аралас нарықтық экономикаға өтуі ТМД елдеріндегі сияқты эволюциялық-реформаторлық сипат алды. Нарықтық экономикаға өтудің Қазақстан Республикасындағы басты міндеттері мыналар:
Өтпелі кезеңде
нарықтық экономикаға өту мемлекет үшін
қиын мәселелерді көлденең тартады: меншік
қатынастарын өзгерте, қайта құру, жалпы
жаппай мемлекеттік меншіктен өндіруші
мен меншіккердің жақындасу түрлерін
табу, тіпті олардың толық бірігуін қамтамасыз
ету. Демек, мемлекеттік меншікті реформалау,
оны жекешелендіру, мемлекеттік мүліктің
жеке обьект және жеке ұжымдық (ұжымдық
– топтық) иелігіне ауыстыру мәселесі
туындайды. Мемлекеттік кәсіпорындарды
жекешелендіру ғана кәсіпорынның экономикалық
еркіндігі мен жауапкершілігін органикалық
түрде ымырластыра алады.
Бұрынғы кейбір социалистік елдерде мемлекеттік
меншік басқа меншік түрлерінің жалпы
құрылымына қарағанда артықтау болады.
Осы жағдай ел экономикасында бәсекелестіктің
болмауына, алып келіп, өндіріс тиімділігін
төмендеуіне, өндіруші кәсіпорындар тұтынушыны
билеп төстеуіне және тапшылық экономикасының
пайда болуына алып келді.
Осылардың барлығы бәсекелестік нарықтық
ортаны құру үшін мемлекеттік меншікті
реформалау қажеттілігін анықтады. Осыны
жүзеге асыру өндірушінің тұтынушыға
өктемділігін жоюға, өндіріс тиімділігін
арттыруға, нарықты жоғары сапалы тауар
мен қызмет көрсетумен барынша толтыра
түседі.
Өтпелі экономика кезіндегі мемлекеттік
қатынастарды басқаша құрудың халықаралық
тәжірибесі меншік түрлерін өзгертудің
эволюция – реформаторлық тәсілін, жекешелендіру
тәсілін кеңірек қолдануды дәріптейді.
Экономикалық әдебиеттерде мына екі терминді:
«мемлекеттен алу» мен «жекешелендіруді»
бір-біріне теңестіріп қарайды.Алайда
«мемлекетсіздендіру» термині мемлекеттен
тікелей басқару қызметін алып тастауды
түсіндіреді. Басқаша айтқанда, мемлекеттік
кәсіпорынға өзінше еркіндік беру меншік
түрін ауыстырумен байланысты емес.
Мемлекетсіздендіру мемлекеттік кәсіпорындардың
толық коммерциялық есепке көшуін білдіреді.
Мемлекетсіздендіру – жекешелендіруге
дейінгі аралық баспалдақ.
Ал «жекешелендіру» мемлекеттік меншіктің
жеке меншікке өтуін білдіреді.
Жекешелендірудің мақсаты:
- өтпелілік мақсатты алға тартып, жеке
меншік топтарын құру;
- мемлекеттік кәсіпорын мүліктерін жеке
адам мен коммерциялық
құрылымдарға мемлекеттік бюджеттітолтыру
үшін сату.
Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің
халықаралық практикасы көрсеткендей,
жекешелендірудің екі варианты бар:
- «қатаң» вариантты жекешелендіруді қарқынды
жүргізу;
- «жұмсақ» вариантты жекешелендіруді
ақырындап жүргізу.
Жекешелендіру – мемлекеттік меншіктің
жеке меншікке өзгеру ретінде өтпелі экономика
кезінде ТМД елдерінде ғана, Шығыс Еуропа
және нарықтық экономикасы дамыған елдерде:
Ұлыбритания, Франция, Германия мен АҚШ-
та кеңінен қолданылады. Алайда, жекешелендірудің
мақсаты нарықтық экономикасы дамыған
елдер мен нарықтық экономикаға түскен
елдерде әртүрлі. Егер нарықтық экономикасы
дамыған елдерде жекешелендіру мемлекеттік
бюджетке қосымша қаржы тартуды мақсат
етсе, өтпелі экономика елдерінде жеке
меншікті құру құралы болып, соның негізінде
бәсекелестік нарықтық ортаны қалыптастырады.
Дамыған елдерде жекешелендіру негізінен
жекешелендірудің бір моделінде жүзеге
асты. Ол модель мемлекеттік кәсіпорындарды
банк, сақтандыру компаниялары, кейде
тұрғындардың сатып алуына негізделген
еді.
АҚШ-да мемлекеттік кәсіпорындарды сату
ұзақ мерзімде – 5 жылдың аумағында жүргізіледі.
Бір мезгілдегі (бірден төленетін ) төлем
жалпы төленетін соманың 20 пайызынан аспауы
керек. ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінде
жекешелендірудің өте күрделі моделі
қолданылды.
Венгрияда кәсіпорындарды олардың жұмыскерлері
сатып алды. Онда жұмыскерлердің қаржылары
ғана емес, кәсіпорынның тапқан пайдасы
мен банк несиелері қолданылад.
Чехославакияда шағын кәсілорындар аукцион
арқылы сатылса, ірі кәсіпорындар тұрғындар
қаржысын, банк несиелерін және шетел
капиталын тарту арқылы жекешелендірді.
Сондай – ақ Чехославакияда кәсіпорындар
сатп алу үшін тұрғындарға купон мен чектер
тегін таратылады. Чек пен купондар жекешелендірілген
кәсіпорынның акциясына айырбастау үшін
берілген.
Ресейдегі жекешелендірудің басты мақсаты
– мемлекеттік мүлікті сатып алу негізінде
меншіккер топтарын тезірек қалыптастыру
болды. Тұрғындар үшін біркелкі мүмкіндіктер
жасалды.Осыны жүзеге асыру үшін барлық
тұрғындарға жекешелендіру чегі ваучерді
берді Олардың әрқайсысының құны 100 рубль
болды. Иегелері оны еркін қолдана алды:
ваучерді сатуға, жекешелендірілетін
обьект акциясын сатып алуға, өз ваучерін
600 – дей жекешелендіру қорының кез келген
салуға мүмкіндік жасады.
Қазақстандағы жекешелендіру процесі
Чехославакияда қолданылған моделге ұқсастықпен
жүзеге асырылды.
Жекешелендіру екі кезеңмен жүргізілді:
бірінші кезеңде тұрғындардан қайтаруды
қажет етпейтін тұрғын – үй купонын қолдана
отырып, үйлерді (пәтерді ) жекешелендіру
жүзеге асты; екінші кезеңде тұрғындар
қайтарылмайтын жекешелендіру купонын
алды. Оларды тек қана инвестициялық жекешелендіру
қоры арқылы қолдану мүмкіндігі жасалды.
Ондай қор Қазақстанда 120 – дай болды.
Жекешелендірудің бұл тәсілінің кемшілігі
сонда, жекешелендіру инвестициялық купон
иесінің өз бетінше шешім қабылдау құқы
жоқ, тек қана оны инвестициялық қорына
сала алды. Бұл адамның нақты кәсіпорынды
жекешелендіруге қатысуына тікелей кедергі
жасады.
Жекешелендіру процесі кәсіпорынды жұмыскерлердің
сатып алу мүмкіндігін қарастырып, ашық
және жабық типтегі акционерлік қоғамда,
акционерлік қоғам – шаруашылығын құрып,
олардың акциясының 51 процентін мемлекетке
жатты.
Бірақ мемлекеттің холдинг типіндегі
акционерлік қоғамға қатысуы айтырлықтай
нәтиже бермеді, әлсіз, банкрот болған
кәсіпорындар тіріле алмады. Мемлекеттің
координациялық, басқару қызметі кәсіпорын
басшыларын бекітумен, өндіріс өнімін
үйлестірумен және пайданы холдинг қажеттілігіне
қолданумен шектелді. Бұл айналым қорын
жоюға және кәсіпорынды банкроттыққа
алып келді.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерге
қарағанда, ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінде,
« үшінші әлем» дамушы елдерінде «жұмсақ
жекешелендіру» варианты қолданылды.
Бұл вариант – Чили, Индонезия, Индия,
Алжир, Марокко, Мексика, Туркия, сондай
– ақ жаңа индустриалды екі елде – Оңтүстік
Корея мен Тайванда қолданылды.
«Жұмсақ» жекешелендір ерекшелігі сол,
бұл вариантта мемлекеттік секторды жылдам
бұзу қарастырылмаған, қайта оның қызметін
басқаша ұйымдастырып, ұзақ мерзімде жекешелендіру
көзделген. Бұл іс – шаралар мемлекеттік
кәсіпорынның экономикалық еркіндігін
ақырындап ұлғайтумен, олардың баға саясатының
бір бөлігін либерализациялаумен, арнайы
«қатысу қоры» акционерлеп, бақылау пакет
акциясын мемлекеттің сақтауы арқылы
жүзеге асады.
Қазақстан тәжірибесі көрсеткендей, холдингтік
– акционерлік қоғамды қолдану жекешелендірудің
барлық мәселесін шешпейді.
Өтпелі экономикада мемлекетсіздендіру
саясаты мен меншікті жекешелендіру мемлекеттік
меншіктің монполиялық жағдайын бұзумен
экономикаға нарықтық сыйпат беріп қоймай,
сондай – ақ, экономикалық дамуды тұрақтандыру
мен экономикалық өсуге жетіду көздейді:
- ұлттық экономикаға шетел инвестициясын
тарту;
- мемлекеттік субсидияны тарту есебінен
мемлекеттік қарызды қысқарту және жеке
кәсіпорындар мен тұрғындардың табысын
ұлғайту, нәтижелік мақсат – тұрғындардың
өмір деңгейін көтеру;
- бәсекелестік нарықтық орта жасау.
Жекешелендіру дегеніміз – кең мағынасында
алғанда, мемлекеттің экономикаға араласу
процесін тұқырту, тікелей өнім өндірушіердің
шаруашылық және технологияық бастамасына
кең өріс ашу, жеке (мемлекеттік емес) секторларды
дамыту саясатын жүргізу. Осы тұрғыдан
түсіндіргенде жекешелендіру экономиканы
мемлекет қарамағынан алу дегенге келіп
саяды. Тар және кең ұғымды алатын болсақ,
жекешелендіру мемлекеттік мүліктің қожайынының
ауысуы, мемлекеттің қолындағы және шаруашылық
мақсатқа пайдаланып жүрген мүліктерді
жеке адамдарға немесе олардың бірлестіктеріне
сату (кейде беру) деген ұғымды білдіреді.
Жекешелендірудің негізгі мақсаты – бір
орталықтан жоспарланатын экономикадан
нарықтық экономикаға көшуіне қажетті
жағдайлар жасау болып табылаы. Бұл мақсатқа
қол жеткізу үшін мына төмендегі міндеттерді
шешу қажет болады:
- көптеген мемлекеттік кәсіпорындарды
акционерлеу, мемлекеттің меншігіндегі
обьектілерді шағын және жаппай жекешелендіру
арқылы бағытталған шаруашылық құрылымдарды
рынокқа сәйкес қалыптастыруды жеделдету;
- шаруашылық жүргізуші субьект ретінде
жеке меншік топтарын қалыптастыру;
- бәсекелестік ортаны құру және өндірісті
монополиясыздандыруды қамтамасыз ету;
- шағын және орта бизнесті дамыту;
- ірі және бірегей шаруашылық обьектілерін
қайта құруды дербес жобалау арқылы іске
асыру;
- жеке бизнестің артықшылығын және шетелдік
инвесторларды тарту арқылы ұйымдастыру,
шаруашылық құрылымдарын қалыптастыру;
- құнды қағаздар рыногы ретінде инвестициялық
құрылымдар жүйелерін нығайту және дамыту.
Қазақстан Республикасы
Конституциясының құрамында экономиканы
басқаруды ұйымдастырудың әдiстемелiк
қағидалары бар. Бiрiншiден, Қазақстан экономикасы
меншiктiң әртүрлi нысандарына негiзделедi.
Мемлекет заң алдында меншiктiң барлық
субьектiлерiнiң теңдiгiн қамтамасыз етедi.
Екiншiден, жеке меншiкке қол сұғуға болмайды.
Үшiншiден, мемлекет жеке кәсiпкерлiк қызметтiң
еркiндiгiне кепiлдiк бередi және оны қорғау
мен қолдауды қамтамасыз етедi. Төртiншiден,
монополистiк қызмет пен бәсекелестiң
кез елген шектеуiне жол бермейдi. Бесiншiден,
әкiмшiлiк аймақтың бiрлiктерi дербес болып
табылады.
Бұл қағидалар Қазақстан экономикасын
басқарудың қазiргi жүйесiнiң негiзiн құрайды
және республиканың халық шаруашылығының
әлеуметтiк бағыттағы нарықтық экономикаға
орнықты етуiн қамтамасыз етуi тиiс. Бұл
қағидалар тек саяси әлеуметтiк мәнге
ие болып қана қоймай, Қазақстандағы менеджменттiң
ұйымдастырушылық бастамасына да тiкелей
қатысты.
Экономиканы тұрақтандыру шаралары мен
нарықты қалыптастыру мәселелерi мемлекеттiк
билiк пен халық шаруашылығын басқару
органдарының құрылымын қайта құрудың
обьективтiлiгi қажеттiлiгiн тудырады.
Қазiргi кезеңдегi мемлекеттiк басқару
органдарының жүйесi мен қызметi 1999 жылғы
13 қазанда қабылданған Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк органдарының құрылымын жетiлдiру
және олардың құзiретiн нақтылау жөнiндегi
шаралар туралы Президент жарлығына сәйкес
жүргiзiледi. Аталған құжат мемлекеттiк
басқару жүйесiне елеулi өзгерiс әкелген
1997 жылдың 4 наурызында жарық көрген, Қазақстан
Республикасындағы мемлекеттiк органдар
жүйесiн реформалаудың кезектi шаралары
атты Президент жарлығының жалғасы болып
табылады. 1999 жылғы жарлыққа сәйкес мемлекеттiк
органдар құрылымы келесiдей:
• Қазақстан Республикасы экономика министрлiгi;
• ҚР-ның көлiк және коммуникация министрлiгi;
• ҚР ауыл шаруашылығы министрлiгi;
• ҚР энергетика, индустрия және сауда
министрлiгi;
• ҚР бiлiм және ғылым министрлiгi;
• ҚР табиғи ресурстар және айналадағы
ортаны қорғау министрлiгi;
• ҚР стратегия жөнiндегi агенттiгi;
• ҚР табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi
қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi
агенттiк;
• Үкiмет құрамына кiрмейтiн бiрқатар басқа
да комитеттер мен комиссиялар.
Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын
әрi қарай жетiлдiру экономика мен шаруашылық
тетiктерiн нақтылы мақсатты дамуымен
тығыз байланысты. Басқару құрылымы әрi
қарай жетiлдiрудегi негiзгi талаптар болып
мыналар табылады:
• Ұйымдастырушылық құрылым басқарудың
негiзгi заңдылықтарына, дәл кезiндегi мақсаттарға
сәйкес болуы керек;
• Ұйымдастырушылық құрылымның жақсаруы,
шаруашылықтың экономикалық тетiгiнiң
өзгеруiмен қатар iске асырылуы керек;
• Бұрын өзiн өзi ақтаған басқарудың ұйымдастыру
нысанындағы, қағидаларды және әдiстердi
жалғастырып пайдалану.
Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы
серпiндiкпен сипатталатын және обьектiнiң
жағдайымен байланысты болған соң, ұйымдастырушылық
мәселелерi өтпелi кезеңнiң әр сатысында
зерттелiп отыруы қажет. Ол мәселелер мынадай
топтарға жинақталады:
• Басқаруды орталықтандыру мен орталықсыздандырудың
арақатынасын оңтайландыру, яғни басқарудың
иерархиясының барлық сатысында оның
функцияларын, құқықтарын және жауапкершiлiк
қызметтерiн анықтап айыру. Сонымен қатар
негiзгi топтағы кәсiпорындар, фирмалардың
шаруашылық дербестiгiн елеулi көтеру;
• Республикалық, аймақтық және бағдарламалық
деңгейде жалпы мiндеттердi шешуде басқару
органдарының үйлестiгi мен әрекеттестiгi;
• Еңбектi ұйымдастырудың пайдалы нысандарын,
шешiм қабылдаудың әдiстерiн және басқару
құрылымдарды пайдалана отырып, басқару
аппаратының жұмысын тиiмдi етiп көру.
Осы аталған мәселелер кешенi аппаратты
құруды жан -жақты қамтиды. Осының өзi ұйымдастырушылық
жүйелердiң талдау обьектiсi болып табылады.