Бағалы қағаздар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 07:24, курсовая работа

Краткое описание

Бағалы қағаздардың эмиссиясы бағалы қағаздардың бастапқы рыногінде жүзете асырылады. Онда бағалы қағаздарды шығару және бастапқы орналастыру процестерінде, бір жағынан, эмитенттердің немесе олардың тапсыруы бойынша бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушысының және, екінші жағынан, инвесторлар арасындағы қатынастар қалыптасады. Мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясын жүзеге асыру тәртібі және эмиссия көлемі арнаулы заңдармен реттеледі.

Содержание работы

Кіріспе.............................................................................................................................5-6
Негізгі бөлім
1.Бағалы қағаздар нарығының кәсіптік қатысушылар.......................................7-14
2.Бағалы қағаздардың түрлері................................................................................15-18
3.Бағалы қағаздарды шығару және оның элементтері,бағалы қағаздар
нарығының қызметі және оның маңызы..........................................................19-23
4.Бағалы қағаздар операцияларын жетілдіру бағыты.....................................24-26
5.Қ.Р-да бағалы қағаздар нарығын реттеу. Қор биржалары...........................27-29
Қорытынды………………………………………………………………………...30-31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………….……….32

Содержимое работы - 1 файл

Бағалы қағаздар.DOC

— 225.00 Кб (Скачать файл)

Андеррайтер — бағалы қағаздар рыногіңде брокерлік және дилерлік қызметке лицензиясы бар және эмитенттің бағалы қағаздарын онымен жасасқан ережелеріне сай орналастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға. Компанияларның басшылығымен бірге андеррайтерлер жаңа шығарылымды тіркеуге әзірлік жүргізеці және құнды қағаздар рыногінде оларды жүзеге асыру кезінде эмитенттің мүдделерін білдіреді.

Өзін-өзі  реттейтін ұйымдар коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және оларды бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылары қауымдастық нысанында құрады. Олардың негізгі міндеттері бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушыларының тиімді қызмет ету жағдайларын қамтамасыз ету және бұл рыноктегі қызмет ету әдісін сақтау, бағалы қағаздар иеленушілері мен көсіпқой қатысушылар клиенттерінің мүдделерін қорғау, ба-ғалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелері мен стаңдарттарын жасау және олардың сақталуын бақылау болып табылады.

Еліміздің қаржы рыногінде орныға бастаған қатынастарды реттеудің және қадағалау тиімділігін арттырудың біртүтас жүйесін үйымдастыру қажеттігіне байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Ресггубликасының Қаржы рыногін мемлекетгік реттеудің бірыңғай жүйесін үйымдастыру мәселелері" туралы Жарлығы (2002 жылғы 17 мамыр, № 872) қабыдданды. Осы Жарлыққа сәйкес Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтау зейнетақы қорларының қызметін реттеу женіңдегі комитетінің функциялары мен екілеттіктері Үлттық банкке берілді.

Еліміздің есептік төлем балансын неғүрлым тиімді қалыптас-тыру, неғүрлым пәрменді валюталық реттеу мен бақылау  жүргізу үшін Үлттық банктің жаңа бөлімшелері — Толем балансы мен ва-люталық реттеу департаментін және Үлтгық банк басшылығының қызметін қамтамасыз ету жөніңцегі басқарма құрьглған.

Қазақстан Республикасындағы қаржы қызметін мемлекеттік реттеу мен қадағалаудың біртүтас жүйесіне кезең-кезеңмен көшу қамтамасыз етілуі тиіс.

      Бағалы қағаздар кез-келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығыкың ең тиімді сапасына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана аталады.

Өзінің  ұйымдық және құрылымдық ерекшеліктеріне  орай бағалы қағаздар қаржы инстигуттары, Қаржы нарықтары және оларды реттейтін  құқықтары ережелер мен қатар  мемлекеттің қаржы жүйесінің  тұтас бір бөлігін құрайды. Мұндай жүйе біздің мемлекетіміз нарық қатынастарын қалпына келтіру қажегллігі туындаған кезде, яғни 90-шы жылдардың басында құрыла бастады.Бағалы қағаздар ақша түріндегі  капиталға, заттай капиталға да меншік құқын бекітіп, тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекеттік меншікті акционерлік қоғамдардың, яғни жекеменшік иелері- халықтың меншігіне айналдыруы мүмкін.

      Бағалы қағаздар нарығында өзіне тән қаржы институттары жүйесі қалыртасып оларда экономикалық өрістеудің қаржы көздері шоғырланып және инвестициялық қорларды бөлу қатынастары жүзеге асады. Қазіргі өндірістің жалпы құлдырап, қысқаруы кезінде  мемлекеттік жалпы ұлттық өнімдегі өндірістік  инвестицияның үлесін арттыру бағалы қағаздар  нарығының потенциалды қорларын пайдаланбай іске  асуы мүмкін емес.

 Қазақстан  Республикасының мемлекеті бағалы  қағаздар нарығын құру және  оны одан әрі өрістету мақсатында  қажетті шараларды жасауда. Қазақстандағы  меншікті мемлекет иелігінен алу және жекеменшік- тендірудің Ұлттық бағдарламасы бағалы  қағаздар нарығының негізгі элементтерін құру процесін  жеделдетті. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік  қоғамдар түрінде қайта қүру олардың инвестиция тартудың ең бір тиімді механизмдерінің бірі - акция шығаруды пайдалану мүмкіндігін ашты. Бағалы қағаздар  нарығының механизмі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндік жасайды. Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз  алуға мүмкіндік туғызса, ал облигация шығару ақша  ресурстарын, оларды банктерден алудан гөрі, тиімді  жағдайда алуға мүмкіндік береді. Мемлекет бюджет  кемшілігін толтыру мақсатында да ақша белгілерін  эмяссияламай, мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен шұғылданады.

 Өркениетті   мемлекеттерде   экономикалық   ерлеуді қаржландырудың басты жолы бағалы қағаздар нарығы  болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының күрделі  ұйьтмдық-экономикалық     жүйесі      көптеген      өзара байланысты элементтерден тұрады: эмитенттер, яғни әртүрлі бағалы қағаздар шығаратын шаруашылық субъектілері;

-инвесторлар,  яғни уақытша бос ақша иелері  — заңды жене жеке тұлғалар;

-бағалы  қағаздар нарығының кәсіби мамандары:  брокерлер, дилерлер, инвестициялық  басқарушылар және т.б.;

-инвестициялық  компаниялары, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары және т.б.  қорлар;

-қор  биржалары, депозитарийлер, клирингтік  және басқа бағалы қағаздарды тіркейтін, сақтайтын ұйымдар.

Осы күрделі құрылымдардың қызметін ұйымдастыратын, басқаратын және реттейтін заңдар мен ережелер және мемлекеттік органдар қажет.

Айтылған  мәселелердің барлығы мемлекетіміздің  экономикалық дамуының бүгінгі кездегі сатысында Қазақстан халқының жас буыны алдында жаңа, тіпті ерекше бағыт, яғни бағалы кағаздарды шығару және сол қағаздар нарығындағы операцияларды меңгеру міндеті пайда болғанын айқындайды. Бұл өте терең экономикалық және құқықтық білімді, математикалық және бағдарламалық жағынан қамтыған және жинақтаған дағдыны ұғынуды талап ететін күрделі де қиын кәсіпшілік.  Сондықтан бағалы қағаздармен қызмет жасайтын жоғары білімді мамандар дайындау -уақыт штабы. Әрине бұндай істе нақты кемекті қазіргі батыс және отандық авторлардың ғылыми еңбектерін оқып, үйренуден алуға болады. Сонымен бірге өткен тарихқа да оралу, оны білу - алға басудың кепілі. Ревоюлюцияға дейінгі Ресеійде бағалы қағаздар қор биржалары және коммерциялық банктер туралы ғылым кең тараған.

Бағалы  қағаздар нарығының кейбір элементтері 20-жылдары КСРО-да жаңа экономикалық саясат кезінде болған. Ал қазіргі  егемен Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының алғашқы нұсқалары  Кеңес Одағы заңдарының негізінде 90-жылдардың басынан бастап пайда  бола бастады.

Бағалы  қағаздар нарығы тек әдеттегі тауар-ақша қатынастары және меншік қатынастары  жағдайында дамуы мүмкін. Мемлекеттік  меншікті жаңа нарықтық қатынастарға сай өзгерту тек оны жекеменшіктендіру  арқылы ғана іске асады. Сонғы 10 жылдықта дүниежүзінің көптеген елдерінде жекеменшіктендіру жүрді. Әсіресе, Англияда ол шапшан қарқынымен өтті. Бірақ Батыс Еуропа елдерінде жекеменшіктендіру өркендеген нарық экономикасы жағдайында жүрді. Сондықтан жекеменшіктендірілген кәсіпорындардың акция саны қанша көп болса да өркендеген нарық жағдайында оларды орналастыру өте оңай болды. Ал тәу-елсіз мемлекеттер достастығындағы (ТМД) елдердің жайы өзгеше.

Бұл елдерде  бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасып келе жатқан жағдайда мемлекеттік кәсіпорындарды жекеменшіктендіру оларды акцияландыру арқылы жүргізіледі. Себебі, көптеген кәсіпорындар да, халық та осындай жаңа құбылыстар арқылы нарыққа кең көлемде қатынасуға мүмкіндік алады. Жекеменшіктендіру бағалы қағаздардың ана түрі - жекеменшіктендіру чектерін (купондарын) өмірге келтірді. Бұл мемлекеттік бағалы қағаздардын бір түрі, олар, өз иесіне мемлекеттің иелігнен алып, жекеменшіктендірілген меншіктің бір бөлігін қайтарымсыз пайдалануына құқық береді.

Ірі және орта кәсіпорындарды жекеменшіктендіру  оларды акционерлік қоғам ретінде қайта құрудан басталды. Акционерлік қоғамның иесі - акционерлер, олардың меншік құқы акция берумен куәландырылады.  Жекеменшіктендіру   чектеріне   кез   келген   жекеменшіктендірілген кәсіпорынның акциясын сатып алуға болады. Ал жекеменшіктендірілген     кәсіпорын     ұжымының     мүшелері  өздері қызмет істеп жүрген кәсіпорнының акциясын жеңілдікпен сатып алуға құқы бар. Ондай сатып алуды да жекеменшіктендіру  чегімен  төлеуге   болады.   Жекеменшіктендіру

чегіне  басқа акционерлік қоғамға айналған кәсіпорындардың акциясын   сатып    алу    аукциондарда   жүргізіледі.    Аукцион  өтетіні туралы алдын ала ақпарат құралдарында жарияланады. Сонымен бірге жекеменшіктендіру чегіне арнаулы инвестициялық қорлардың да акциясын сатып алуға болады. Ондай қорлар чектерді өздерінде көптеп шоғырландырып, оған басқа   акционерлік   коғамдардың   акцияларын   сатып   алады. Инвестициялық   қорлардың   акцияларын   сатып   алушы   сол қордың иемденушісінің біреуі болып есептеледі. Қор оған өз пайдасының бір бөлігін төлейді. Инвестициялык қорлар жеке ұйым.  Мемлекет инвестициялық қорларға  салған чектерге кепілдік бермейді.

Осы айтылғандардан басқа, жекеменшіктендіру чегін  мұра етіп қалдыруға, сыйлық ретінде  беруге және сенімхатпен басқа адамға беруге де болады. Біздің елімізде мемлекеттік меншікті жекеменшіктендіру және жеке-меншіктендіру чегіне акция сату 1994 - 1995 жылдары өтті. Ол кездерде көптеген инвестициялық қорлар ашылып, халық ол қорларға чектерін тапсырғанымен олардың орнына акция алғандары аз.

Жекеменшіктендіру бір жағынан бағалы қағаздардың жаңа түрі - жекеменшіктендіру чегін нарыққа әкелсе, екінші жағынан кәсіпорынның жаңа ұйымды-құкықтық формасы - акционерлік қоғамдардың көптеп құрылуына және олардың қалыптасуына жол ашты. Бұл жағдай жаңа акциялар мен облигацияларды эмиссиялаумеи қатар, бағалы қағаздардың басқа түрлерін шығаруға да се бепші болады. Сонымен, кәсіпорындарды жекеменшіктендіру бағалы кағаздар нарығының қалыптасуындағы алғашқы кезеңі. Қазақстан Республикасының жоспарлы ''экономикадан бегейлі жаңа, нарықтық, мемлекет реттейтін экономикаға елімізде қаржы нарығын және оның қызметін қамтамасыз ететін институттардың құрылуын талап етеді. Бұл өте күрделі және ауқымды мақсат. Кептеген жылдар бойы елімізде шын мәнінде ия қаржы нарығы, ия оның инфрақұрылымы, яғни жеке коммерциялық және инвестициялық банктер, биржалар, сақтандыру қоғамдары болған жоқ. Қаржысаласының барлығын мемлекет айырықша құқықпен (монопольно) өзіне қаратып, барлық кіріс кездерін халықтың қажетін өтемейтін міндеттерге жұмсап отырды. Оған дәлел мынадай мысал, ұлттық жалпы енімнің заттай құрылымының 3/4 болігі өндірістік құрал-жабдықтарды өндіруді ұлғайтуға жұмсалған. Негізгі құрал-жабдықтар соғыс-өнеркәсіп кешеніне жұмсалғандықтан халық игілігіне қолдануға болмаған. Елімізде "ұзаққа созылған тапшылық экономикасы" қалыптасып, ол тек тұрмыстық игіліктің еткір кемшілігін ғана емес, сонымен қатар үнемі рухани кемшілікті де тудырды. Сондықтан, шаруашылықты ұйымдастыру мен оны басқаруды жаңа әдіспен жүргізу объективті қажеттілік еді.

Нарықтық экономика - адамзат еркениеттілігінің ең жоғарғы жетістігі және ендірісті ұйымдастырудың ең тиімді гүрі екендігін дүниежүзі мемлекеттерінің кепшілігінің өркендеу тәжірбиесі дәлелдеген ақиқат шындық. Ал Қазақстан Республикасы үшін шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістеріне өту - тек ашық нарыққа ету ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік экономикалық саясаттағы субъективизмнен (әділетсіздіктен) бас тарту.

Шаруашылықты нарық әдістерімен жүргізу қаржы нарығының мол мүмкіндігін пайдалануды талап етеді. Қаржы нарығы - мемлекеттін бүкіл ақша қорларының жиынтығы. Бұл қорлар экономиканың әр түрлі субъектілерінің сұранысы Мен ұсынысы әсерінен езгеріп отырады және үнемі Козғалыста болады. Қазіргі кезде дүниежүзінде АҚШ-тың, Еуропа бірлестігі мен Жапонияның қаржы нарығы ең үлкен қорларды иемденуде. Ал Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтпелі кезеңінде оның қаржы нарығының қоры мол, өзінің өркендеуіне жетеді деуге әзірге ерте.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.Бағалы  қағаздардың түрлері.

  Акция - акционердін қоғамдағы үлесін немесе меншігін куәландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционер оны екінші нарықта сатуына болады.

Акцияны шығару мына жағдайларға байланысты жүргізіледі:

-жаңадан акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда;

-меншікті акцияландырғанда, яғни жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;

-қоғамның жарғылық капиталын қосымша молайтқанда.

Сөйтіп, шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық  құны қоғамның жарғылық капиталын құрайды. Ол, өз рзегіңде, айналымдағы капитал жай және артықшылықты акциялар және компанияның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды компания кез келген уақытта өз ойынша пайдалана алады.

Акция   белгілі   бір   жағдайда   акционерлік   қоғамның өз капиталын  ұлғайтуға  және   оны   инфляциядан   қорғау  үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардыц бірден бір түрі. акция - компанияның  акционерлер  алдындағы  қарыз  міндеттемесі. Компанияның өз акциясын қайта сатып алатын құқы бар. Бірақ бірсыпыра елдердің заңында, егер корпорацияның төлем  қабілеті  жоқ болса,  онда  ол  акциясын  кайта сатып алатын құқықтан айырылады деген де ереже бар.  Дәл осы жағдай, егер қайта сатып алу корпорацияның төлем қабілетін нашарлататын болса да қаралған.  Заң жүзінде акцияны бөлуге   де   болады.   Айналымдағы   әрбір   акцияны   бірнеше бөлікке бөлуге болады.

Акция бірнеше түрге жіктеледі. Бір жағынан, бір акционерден басқа біреуге беру тәсілі бойынша: атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе, екінші жағынан, корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша - жай және артықшылықты акция деп те  екіге бөлінеді. Корпорация   тек   өзінің   жарғысында   бекітілген   акцияларды   ғана шығара алады.  

а) Атаулы акция - иесі міндетті түрде корпорацияның  реестрінде тіркелуі тиіс акция. Акционерлер  кітабында канша және қай уақытта алғандығы туралы жазылған акция иесі ғана акционер деп есептеледі.

ә) Ұсынушыға арналған акция - иесінің аты-жөні корпорация кітабында тіркелмеген акция. Кітапта ұсынушыға арнап шығарылған акцияның жалпы саны ғана көрсетіледі.

Информация о работе Бағалы қағаздар