Қазақстан Республикасының салық саясатының қазіргі кезеңдегі негізгі бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 12:49, курсовая работа

Краткое описание

Салық саясаты мемлекеттің мемлекеттік шығындарды, салық салу және мемлекет бюджетінің ахуалын өзгертуі бойынша толық жұмысбастылықты,төлем балансының тепе-теңдігін қамтамасыз етуге және экономикалық өсуге бағытталған іс-шарасы деп түсіндіріледі.

Содержимое работы - 1 файл

курсовая каржы.docx

— 113.08 Кб (Скачать файл)

Материалдық  төлем  белгісі – салықтың  ақшалай  немесе  заттай  материалдандырылған  түрде  жасалатын  төлем  екенін  білдіреді.

4, 5, 6  пунктегі  белгілер  бір – бірімен   тығыз  байланысты.  Салықтың  міндеттілігі  оны  ерікті  төлемге  қарама – қайшы,  төленбей  жатса  құқықтық  негізде  заңға  сәйкес  еріксіз   түрде  мәжбүрмен  өндіріп   алынатын  төлем  екенін  көрсетеді. 

Салықтың  қайтарымсыздық  белгісі  оның  салық  төлеушіге  белгілі  бір  уақытта  қайтарып  берілмейтінін  және  ол  үшін  мемлекет  салық  төлеушінің  алдында  борышты  емес  екендігін көрсетеді.  Яғни  мемлекет  салық  төлегені  үшін  салық  төлеушіге  белгілі  бір  қызмет  көрсетуге  немесе  заттай  материалдық  көмек  беруге  еш  міндетті  емес.  Бұл  орайда  осы  белгісі  арқылы  салықтардың  басқада  бюджетке  төленетін  міндетті  төлемдерден  айырмашылығы  да  сол  екенін  айта  кету  керек.  Мысалы,  салық  кодексінде  белгіленген  «Жеке кәсіпкерлерді  мемлекеттік  тіркегені  үшін»  деген  алым  бар [5]. 

Салықтар  мемлекеттің егемендігінің бір  көрінісі. Осынысымен салықтар  мемлекет меншігі мен заңдарынан түсетін  табыстан ерекшеленеді. Салықтарды жинау  әрқашанда ақша шығару немесе Заң  әділеттілігі сияқты мемлекеттің егемен құқы болып табылады.

Экономистердің  анықтауы бойынша салық саясаты  қаржы саясатының  бір бөлігі болып табылады. Салық саясатының мазмұны мен мәні қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылысы билік басында тұрған тұлғамен шарттастырылады.

Салық саясаты  мемлекеттің мемлекеттік шығындарды, салық салу және мемлекет бюджетінің ахуалын өзгертуі бойынша толық  жұмысбастылықты,төлем балансының тепе-теңдігін қамтамасыз етуге және экономикалық өсуге бағытталған  іс-шарасы деп түсіндіріледі.

Жалпы экономикалық негізделген салық саясаты қаражаттарды орталықтандыруды, оптимизациялауды салық  жүйесі арқылы жүзеге асыруды мақсат тұтады, яғни салық саясатының негізгі  мақсаты осы іс-шаралар арқылы мемлекет бюджетін толықтыру және бұл  қаржыларды ең басты - әлеуметтік салаға бөлу, бұл үздіксіз жүретін процес тер [18, 4-9б].

Батыс экономисері  салық саясатын өз алдына бөлмейді және мемлекет шығындарының барысын  қарастырып алмай салықтардың қызметін қарастырмайды. Олар оны: салықтар –  ең алдымен мемлекеттің өзінің қызметі  мен міндетін орындауын қамтамасыз етеді деп түсіндіреді.

Бұл саясатты олар мемлекеттік бюджетке қатысты, шығындар, салықтар мен сальдо көлемінің  үкіметтің жұмысбастылықтың, өндіріс  көлемінің және инфляция деңгейін өзгерту  мақсатындағы арнайы шешімдерінің нәтижесінде  анықталатын дискрициондық фискалды, яғни салық саясаты деп атап көрсетеді.

Сондай –  ақ дискрициондық емес салық саясаты  ұғымы бар, ал аталған өлшемдердің, жиынтық табыстың циклдық ауытқулары кезінде өзгеруі, бұл саясат таза салықтық түсімдердің бюджетке түсуін, ЖҰӨ-ң өсуі немесе төмендеуі кезендерінде не өсіреді не азайтады, бұл өз кезегінде  экономикаға тұрақтандыру әсерін тигізеді. Бұл жерде аталған таза салықтық түсімдер – бюджетке түсетін салықтық түсімдер мен Үкімет  төлеген  трансферттер сомасының айырмасы. Осыған орай салық саясатын ұдайы өндіріс  қажеттіліктерін  және қоғамдық байлықтың  өсуін қамтамасыз етуге қабілетті  мемлекет және басқару органдарының ғылыми негізделген және экономикалық мақсатты тактикалық және стратегиялық құқықтық әрекеті деп те қабылдауға болады. 

Салық саясатын жүргізудің негізгі бастамасы –  салық төлеушілерден салық төлемдерін алу немесе құқықтық Ережені қамтамасыз ету ғана емес, сондай – ақ салық  салу әсерінен қалыптасатын шаруашылық  - экономикалық қатынастарды жан жақты  бағалау. Мысалы, құлдыру кезеңінде  жиынтық сұранысты көтеру  мақсатында, әдейілеп бюджет тапшылығы қолдан жасалады, яғни бұл мемлекеттік шығындарды өсіру немесе салықтарды төмендету  арқылы жүзеге асырылады. Ол жаңа жұмыс  орындарын ашуды, қаржыландыруды көздеуі  мүмкін, ал өндірістің дамуы кезеңінде  бюджеттік артықшылық тудырылуы  мүмкін [19, 303 б].

Ресей экономисі, салық төңірегіндегі еңбектердің  авторы Черник Д.Г. – салық саясаты  мемлекеттік реттеудің негізгі  құралы және жеке кәсіпкерлікке қаржылық әсер етеді деп санайды.

Салық саясаты  қаржы құралдарын жинаудың формалары  мен әдістерінің жиынтығы ретінде  күрделі құбылыс, ол өз кезегінде  салық механизмдері, яғни тетіктері  арқылы жүзеге асады,олар: салық салу элементтері: субъект, объект, салық  көзі, салық ставкасы, салық өлшем  бірлігі, салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі  органдарының құқы мен міндеттері, салықтың төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары.

Мұнда осы  тетіктер арқылы бір жағынан экономика  субъектілерінен біршама көлемді  қаржы ресурстарын алу көрсетіледі, ал келесі жағынан олардың іскерлік қабілеттілігінің деңгейін түсірмеу де жолға қойылады.

Бұл порадокстың  шешімі сапалы компромис негізінде  жүзеге асырылуы тиіс.

Жоғары дамыған  салықтық қатынастар жағдайында салық  саясаты ұлттық табысты өндіріс  құрылымын территориялық аумақтық экономикалық дамыту, тұрғындардың табыс  деңгейін өзгерту мақсатында қайта  бөлу үшін қолданылады.

Жалпы салық  саясатының жүргізілу  барысындағы  негізгі мақсаты:

  • Мемлекеттің жалпы шаруашылығын реттеу үшін жағдай туғызу
  • Нарықтық қатынастар  процесінде халық табысы деңгейіне қатысты теңсіздіктерді жою [20, 3-8 б].

Осы мақсаттарды  көздеген салық саясатында мемлекеттің  салыстырмалы дербестігі пайда болады. 

 Салық  саясатын өзгерте отырып, салық  механизмімен манипуляция жасай  отырып, мемлекет экономикалық дамуды  ынталандыруға немесе оны   тежеуге мүмкіндігі болады.

Салық саясаты  арқылы іске асатын салықтық реттеу мемлекеттің  шаруашылық  өмірін қамтиды, өйткені  салықтық шаралар базистік қатынастарға әсер етудің әмбебап құралдары болып  табылады. Мұндай реттеудің мақсаты  – компанияның ішкі және сыртқы қызметтеріне,  инвестициялық қызметтеріне жалпы салықтық климат тудыру және  капиталдың салалық және регионалдық  қозғалыс бағытын ынталандыру.

Мемлекеттік салық саясатының жүзеге асырылуына қажет  салық механизмдеріне салық  заңдылықтары арқылы заңды форма  береді және  оны реттейді, дәл  осы салықтарды өндіріс қатынастарынан оқшау етіп көрсетеді.

Шынайы тәжірибенің  призмасы арқылы қарастырылатын салық  механизмі нақты уақыт пен  кеңістікте әртүрлі. Бұл билік пен  басқарудың әр деңгейіндегі әр мағыналы салықтық әрекеттер, сондай-ақ уақыт  қатынасындағы маңызды айырмашылықтар.

Салық механизмі  – іс жүзіндегі салықтық қызметтердің жинағы ретінде, салық заңдылықтары мен Ережелерін жүзеге асырудың шарттары мен Ережелерінің жиынтығы болып  табылады.

Объективті  негізге негізделмеген кез-келген салықтық шара ұдайы өндіріс процесін субъективистік араласу болып көрініс  табады. Ол болса өз кезегінде деформацияға ұшыратады. Салық механизмі салық  салудың негізгі салық заңдылықтарына сүйене отырып, салық қатынастарын реттеуге мүмкіндік береді.

Салық механизмі, бұл ұғымды ұйымдастыру  экономикалық категория ретінде сәйкесінше қоғамда  жасалған ұлттық байлықты жинақтау барысында  қалыптасатын қайта бөлу қатынастарын басқарудың қажетті процесі ретінде  түсіндіретін салық теориясының  бір бөлігі болып табылады. Бұл  процесте қалыптасатын қатынастардың  барлық сферасын 3 ішкі жүйеге бөлуге болады:

  • салықтық жоспарлау;
  • салықтық реттеу;
  • салықтық бақылау.

Салық механизмі  шаруашылық механизмі сияқты екі  бастаманы біріктіреді:

  • Жоспарлау, яғни халық шаруашылығының барлық аймақтары мен салаларының дамуын теңестіруді объективті күшіндегі экономикалық заңдар арқылы, экономикалық процестерді қоғамдық өндірістің дамуының мақсатты бағытымен сәйкестендіру арқылы экономиканы ерікті реттеу;
  • Стихиялық нарықтық бәсеке. Мұнда өндірушілер мен тұтынушылар тіке және кері байланыстар арқылы өзара әрекет  етеді [21, 22-23 б].

Өндірушілердің  бір шеттілігінің, олардың қайшылықты мүдделерінің салдарынан қиын құбылыстар туады. Сөйтіп, нарық қатынастары  бір жағынан қатаң бәсеке жағдайында кейбір жекелеген субъектілердің дамуына  әкелсе, екінші жағынан сай келмеуі  нәтижесінде жекелеген кәсіпорындардың  арасында шаруашылық қатынастарының үзілуіне әкеледі. Осыдан барып өндірістегі  үзілістердің және нарықтық дағдарыс тенденцияларының алдын алу үшін мемлекеттің нарықтық қатынастарды реттеу қажеттілігі туындайды. Мұндай реттегіш болып қазір көптеген елдерде  мойындалған салық механизмі  табылады. Салық механизмін қолданудың тиімділігі мемлекеттің салықтардың  ішкі мәні мен қайшылықтарын қаншалықты деңгейде ескеретініне байланысты.

Салық механизмі  мен салық саясаты салықтардың  қоғамдағы рөлін анықтайды. Бұл  рөл мемлекет қызметінің өзгеруіне  байланысты әр уақытта өзгеріп отырады.  Функцияға қарағанда салықтардың  рөлі анағұрлым көпқырлы және икемді. Ол белгілі деңгейде әлеуметтік топтар мен партиялардың мүдделерін көрсетеді. Салық механизмі мен салық  саясатының негізінде үстемдік концепциясы  жатыр. Концепцияның дұрыстығы практикада тексеріледі. Егер салық теориясы танымдылыққа ие болмаса және теріс нәтижелер  берсе, онда жаңа теориямен алмастырады.

Экономикамызда  салық жүйесін бағалау критерилері  өте маңызды рөл атқарады.

Салық саясаты  – мемлекеттің жалпы саясаттық  жағдайының құрамды бөлігі болып  табылады. Салық саясаты үш негізгі  критерийлер арқылы бағаланады. Олардың  негізгілері – теңдік, тиімділік  және қарапайымдылық болып табылады [22, 115-119 б].

Осы аталған  критерилерге мыналарды қосуға болады: түсімдерді жұмылдыру, халықаралық  бәсекелестік және ұлттық басымдылықты  дамыту.

„Теңдік”  немесе „Әділдік” критерйі әртүрлі  салық төлеушілерге салық салудың  салыстырмалы режимін сипаттайды.

Әділдіктің  екі түрі болады:

Бірінші түрі – сатылас әділдік. Яғни, салық  ауыртпалығының кірістер деңгейлері арасында прогресивті түрде орналастырылуы. Басқа сөзбен айтқанда салық салу ставкасы салық төлеушілердің табыс  көздерінің өсуіне байланысты жоғарлауы  керек.

Әділдіктің  екінші түрі – деңгейлес әділдік. Яғни салық төлеушілер бірдей жағдайда салық салу ставкаларын бірдей мөлшерде төлеуі керек. Басқа сөзбен айтқанда табыстары бірдей деңгейдегі салық  төлеушілер бірдей мөлшерде салықтарды төлеуі керек.

Салық саясатын талдауда қолданатын келесі критерий – салық жүйесінің  тиімділігі деп аталады. Салық жүйесінің  тиімділік критерийі – экономикалық өндіріске салық жүйесі құрылымының  әсер етуін сипаттайды. Егер де салық  жүйесі нарықтардың баға белгілеу жүйесіне аз мөлшерде тартылса, онда жоғарғы  тиімділік байқалады.

Қарапайымдылық  – салық саясатын бағалауда ең қажетті критерийі болып табылады. Салық жүйесінің қарапайымдылығы  сонымен қатар салықтарды жинауда  басқару рөлін атқарады. Бұл жүйе деңгейлес әділдікпен байланыса  жүзеге асады.

Сонымен, салық  жүйесінің негізгі мақсаттарының  бірі – түсімдерді жұмылдыру болып  табылады. Бұл салықтық түсімдер мемлекеттік  бағдарламаларды және үкіметтің  макроэкономикалық міндеттерін  орындауға мүмкіндік береді [23, 97 б].

Ерекше шаралар  негізінде алдағы түсімдерді  болжамдау  – оларды бағалаудың қажетті аспектісі  болып табылады.

Салық саясаты  ағымдық қана емес, болашақ кезеңге  де бағытталады, яғни бұл ағымдық  кезеңге  арналған тактика емес, салықтық стратегия. Егер де мемлекет қоғамдық корпоративті және жеке экономикалық мүдделерді ұштастыруды мақсат ететін болса, онда тактика мен стратегия  бірігіп, бір болады. Ағымдық кезеңде  салық салуды үйлестірулердің сәтсіз болуы – салық саясатын жүргізуді  тежеп қана қоймайды, мемлекет экономикасын залалдандырады.Мемлекет салық органдары алдына жұмыстың тиімді әдістерін қолдану арқылы мемлекеттік қазынаның толтырылуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қойды. Бұл мақсаттың маңызы мен мәні бюджетке қаржы-қаражаттарының үнемі қажеттілігінде және де ол мәселе қаншалықты дұрыс шешілсе, соншалықты бюджет жағдайы жақсы болады.

I бөлімді  қорытындылай келгенде, салық саясатын жүргізудегі басты мақсат – отандық тауар өндірушілерді мемлекет тарапынан қолдау, мемлекеттің ішкі экономикалық  дамуына ықпалды саясат жүргізу, жеке секторлардың жедел дамуына жағдай жасау, шет ел инвестицияларын тартуда кедергілердің алдын алу, яғни мемлекет пен салық төлеушінің талап-тілегін ортақтастыру. Салық саясаты мемлекеттің мемлекеттік шығындарды, салық салу және мемлекет бюджетінің ахуалын өзгертуі бойынша толық жұмысбастылықты,төлем балансының тепе-теңдігін қамтамасыз етуге және экономикалық өсуге бағытталған іс-шарасы деп түсіндіріледі. Ендеше экономикамызда орын алған осындай келеңсіз жағдайлардың шешімі де осы салық саясатын дұрыс ұйымдастыру болып табылады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының салық саясатының қазіргі кезеңдегі негізгі бағыттары