Сауда кызметы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2011 в 15:19, реферат

Краткое описание

Көтерме сауда жəне агенттер арқылы сауда (сыйақыға жəне шарт негізінде) – өз атынан немесе басқа тұлғалар мен фирмалар атынан мəмілелерді сыйақыға жүзеге асыратын комиссиондық агенттер жəне басқа да көтерме сауда делдалдарының қызметі , сонымен бірге сатушылар мен сатып алушылар мəліметінің байланыстылығы.

Содержимое работы - 1 файл

Сауда кызмети.doc

— 160.50 Кб (Скачать файл)

13-бап.  Қоғамдық тамақтандыру     

1. Қоғамдық тамақтандыру  объектiлерi өз өнiмдерiн, сондай-ақ  басқа да азық-түлiк тауарларын  өндiрудi, өңдеудi, өткiзудi және тұтынуды ұйымдастыруды жүзеге асырады. 
       2. Қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнде келушiлерге дастархан мәзiрiн ұсыну мәзiрде көрсетiлген қоғамдық тамақтандыру тауарларын бөлшек сатып алу-сату шартын жасауға ұсыныс (жария оферта) болып танылады. 
       3. Осы Заңның 10-бабының 3-тармағында белгiленген санаттар бойынша қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң қызметiн жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптарды уәкiлеттi орган айқындайды.     

14-бап.  Сауда қызметiндегi сатып алу-сату  шарты     

1. Сатып алу-сату  шартын жасау тәртiбi мен талаптары,  сондай-ақ сатушылар мен сатып  алушылардың құқықтары мен мiндеттерi  осы Заңда белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне және өзге де заң актiлерiне сәйкес айқындалады. 
       2. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде қандай да бiр тауарды сату кезiнде тұтынушының жасына қарай шектеу белгiленсе, егер ол өзiнiң жасын растайтын құжатын көрсетпесе, онда сатушы тауар сатудан бас тартуға мiндеттi. 
       3. Тауарларды көтерме сатып алу-сату шарты жеткiзiп беру шартының бiр түрi болып табылады, бұл жағдайда сауда қызметiнiң субъектiлерi тауарларды сауда объектiлерiнде сатады.

4-тарау.  Сыртқы сауда қызметi     

15-бап.  Сыртқы сауда қызметiн  дамыту жөнiндегi шаралар     

 Сыртқы сауда  қызметiн дамыту жөнiндегi мемлекеттiк  шаралар: 
       1) экспорттық кредиттер кепiлдемелерi және оларды сақтандыру жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету; 
       2) сыртқы сауда қызметiн дамытуға ықпал ететiн сауда көрмелерiн, жәрмеңкелер және өзге де iс-шараларды ұйымдастыру; 
       3) сыртқы сауда ақпараты мен ақпараттық-консультациялық қызмет жүйесiн құруды қамтамасыз ету; 
       4) сыртқы сауда қызметiн ынталандыру мен көтермелеудiң өзге де нысандарын iске асыру болып табылады.     

16-бап.  Сыртқы сауда қызметiн  кедендiк-тарифтiк  реттеу     

 Тауарларды  әкелу мен әкету жөнiндегi операцияларды  реттеу, соның iшiнде Қазақстан Республикасының iшкi рыногын қорғау және Қазақстан Республикасының экономикасындағы озық құрылымдық өзгерiстердi ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi мен Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес кедендiк әкелу және (немесе) әкету баждары белгiленедi.     

17-бап.  Сыртқы сауда қызметiн  тарифтiк емес  реттеу     

1. Сыртқы сауда  қызметiн тарифтiк емес реттеу  шараларына: 
       1) тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге, соның iшiнде сандық тыйым салу немесе шектеу; 
       2) халықаралық экономикалық санкцияларды орындауға қатысу; 
       3) тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге мемлекеттiк монополия; 
       4) техникалық, фармацевтикалық, санитарлық, ветеринариялық, фитосанитарлық, экологиялық стандарттар, нормалар мен талаптар, әкелiнетiн тауарлардың сапасын бақылау жатады. 
       2. Сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу шараларын қолданудың шарттары мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. 
       3. Шет мемлекеттер Қазақстан Республикасының мүдделерiн бұзатын шаралар қабылдаған жағдайда, сондай-ақ олар халықаралық шарттарға сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасы алдындағы мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда белгiленген консультациялар мен рәсiмдер жүргiзiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының мүдделерiн тиiмдi қорғауға қажеттi шекте, жауап шаралар ретiнде сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу шараларын қолдануға құқылы.     

18-бап.  Тауарларды әкетуге  және (немесе) әкелуге, 
              
соның iшiнде сандық тыйым салу немесе шектеу     

1. Жекелеген  тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге тыйым салуды немесе  шектеудi Қазақстан Республикасының  Үкiметi: 
       1) құқық тәртiбiн сақтау; 
       2) адамдардың өмiрi мен денсаулығын, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн және тұтастай қоршаған ортаны қорғау; 
       3) Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың мәдени мұраларын сақтау; 
       4) мәдени құндылықтарды заңсыз әкетуден, әкелуден және оларға меншiк құқығын беруден қорғау; 
       5) орны толмас табиғи ресурстардың бiр мезгiлде iшкi өндiрiлуi мен тұтынылуын шектей отырып, олардың сарқылуын болдырмау; 
       6) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; 
       7) халықаралық мiндеттемелердi орындау қажеттiлiгiн негiзге ала отырып енгiзе алады. 
       2. Жекелеген тауарларды әкетудi және (немесе) әкелудi шектеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес енгiзiледi және лицензиялау немесе басқа да рұқсат ететiн құжаттар беру арқылы жүзеге асырылады. 
       3. Жекелеген тауарларды әкетудi және (немесе) әкелудi сандық шектеу: 
       1) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; 
       2) халықаралық мiндеттемелердi орындау; 
       3) iшкi рынокты қорғау; 
       4) басқа мемлекеттердiң отандық тауарларға қатысты кемсiтушiлiк шектеулерiн қолдануына жауап шараларды енгiзу қажеттiгiне байланысты енгiзiлуi мүмкiн. 
       4. Қазақстан Республикасының Үкiметi квоталарды бөледi, сондай-ақ, әкетiлуiне және (немесе) әкелiнуiне қатысты, соның iшiнде мөлшерi жағынан тыйым салу немесе шектеу енгiзiлетiн жекелеген тауарлардың тiзбесiн бекiтедi.      

19-бап.  Жекелеген тауарлар  түрлерiн әкелуге  тарифтiк 
              
квоталарды қолдану     

1. Экономиканың  перспективалы салаларын қолдау  мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi тауарлардың жекелеген түрлерiн әкелуге тарифтiк квоталар белгiлей алады. 
       2. Тарифтiк квоталардың қолданылуы, қолданылу мақсатына қарай: 
      рынокқа шетел тауарының мейлiнше аз түсуiн қамтамасыз етуге; 
      тиiстi қажетсiнудi және рынок сыйымдылығын ескере отырып шетел тауарының рынокқа түсуiнiң бұрыннан бар мүмкiндiгiн сақтауға жағдай жасайды. 
       3. Импорттық кеден баждарының квотa iшiлiк және квотадан тыс ставкаларын енгiзудi (олардың мерзiмiнен бұрын күшiн жоюды), олардың көлемiн, қолданылу мерзiмiн, мөлшерлерiн, деңгейлерiн өзгертудi, тарифтiк квотаны бөлу әдiсiн уәкiлеттi органның тарифтiк квоталарды қолданудың мақсатқа сай екендiгi туралы қорытындысы негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.     

20-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық 
              
экономикалық санкцияларға қатысуы     

 Қазақстан  Республикасының бiр немесе бiрқатар  мемлекетке қатысты халықаралық  экономикалық санкцияларға қатысуы,  осы санкцияларды қолданысқа  енгiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.     

21-бап.  Тауарларды әкетуге  және (немесе) әкелуге 
              
мемлекеттiк монополия     

1. Жекелеген  тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге мемлекеттiк монополия  тауарларды әкетудi және (немесе) әкелудi лицензиялау негiзiнде жүзеге асырылады. 
       2. Мемлекеттiк қауiпсiздiк, мемлекеттiк монополияны iске асыру, құқық тәртiбiн қамтамасыз ету, қоршаған ортаны, меншiктi, азаматтардың өмiрi мен денсаулығын қорғау тұрғысынан лицензиялануға жататын тауарлардың жекелеген түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 
       3. Мемлекеттiк монополия енгiзiлетiн жекелеген тауарларға қатысты оларды әкетудi және (немесе) әкелудi жүзеге асыруға лицензияны Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес айқындалған мемлекеттiк кәсiпорындарға Қазақстан Республикасының Үкiметi бередi немесе конкурстық негiзде берiледi, олар тауарларды әкету және (немесе) әкелу операцияларын кемсiтпеушiлiк және адал коммерциялық практика принциптерi негiзiнде жасауға мiндеттi.     

22-бап.  Тауарлардың импорты  кезiнде қорғау  шараларын, 
              
демпингке қарсы және өтемдiк шараларды қолдану     

 Қорғау шараларын,  демпингке қарсы және өтемдiк  шараларды қолдану шарты мен  тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.

5-тарау.  Сауданың өзге  түрлерi     

23-бап.  Аукциондық сауда     

1. Тауарларды  сату жөнiндегi аукциондық сауда  көпшiлiкке жария сауда-саттық  жүргiзу арқылы жүзеге асырылады. 
      Тауардың бастапқы бағасы сатушының сауда-саттық жасау кезiндегi тауардың рыноктық құнына орай айқындалуы мүмкiн, түпкi бағаны сауда-саттық жүргiзу нәтижесiнде сатып алушы айқындайды. 
       2. Аукциондық сауда жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен реттеледi.     

24-бап. Комиссиялық сауда     

 Комиссиялық  сауда Қазақстан Республикасының  азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге  асырылады.     

25-бап.  Тапсырыс бойынша  сауда     

1. Тапсырыс бойынша  сауда сатушының тауар туралы  жарнама және ақпарат таратудың  өзге де әдiстерi негiзiнде мәлiметтер ұсыну жолымен жүзеге асырылады. 
      Тапсырыс бойынша тауарларды сату жиынтық (стандартты) жiберiлiм арқылы да жүзеге асырылуы мүмкiн. Жиынтық (стандартты) жiберiлiм түрлi мақсаттағы тауарлардың жинақталымын қамтуы мүмкiн. 
       2. Тапсырыс бойынша сауда осы қызмет субъектiлерiнiң тiкелей сатып алушыдан, көшпелi сауда орындарында, телефон немесе почта тапсырысы бойынша тапсырыс беру және (немесе) оны қабылдау арқылы жүзеге асырылады. 
       3. Тапсырысты қабылдау және оны орындау жөнiндегi қызмет көрсету бағасы, ақы төлеу тәртiбi, жеткiзу мерзiмi шартпен айқындалады. 
       4. Тауарды елдi мекен шегiнде жеткiзу қолма-қол жүзеге асырылады, тауарларды басқа орындардан жеткiзу көлiк немесе почта ұйымымен шарт жасасу арқылы да жүзеге асырылуы мүмкiн. 
      Тауар басқа елдi мекеннен жеткiзiлген жағдайда тауар үшiн есеп айырысуды, сондай-ақ көлiк немесе почта ұйымы көрсеткен қызметтерге ақы төлеудi сатушының агентi жүзеге асырады. 
       5. Тапсырыс берушi шарттың талаптары бұзылмай орындалған тапсырысты қабылдаудан бас тартқан жағдайда, тапсырыс берушi сатушыға тауарды тапсырыс берушiге және керi қарай тасымалдау жөнiнде көрсетiлген қызметтердiң құнын өтеуге мiндеттi.     

26-бап.  Шекара маңындағы  сауда     

1. Шекара маңындағы  сауданы Қазақстан Республикасының шекара маңы аумағы мен шектес мемлекеттiң тиiстi шекара маңы аумағындағы жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады. 
       2. Шекара маңындағы сауданы жүзеге асыру тәртiбi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен ережелерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен шектес мемлекеттермен жасасқан халықаралық шарттармен белгiленген талаптарға сәйкес айқындалады.     

27-бап.  Көшпелi сауда     

1. Көшпелi сауда  тиiстi аумақта жоқ тауарларға  қажеттiлiктi қанағаттандыру үшiн  не осы аумақта сауда объектiлерi болмаған жағдайда жүзеге асырылады. 
       2. Сауда қызметiнiң субъектiлерi көшпелi сауданы республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары белгiлеген арнайы бөлiнген орындарда жүзеге асырады. 
       3. Көшпелi сауда автодүкендерде және (немесе) шатырларда жүзеге асырылады.     

28-бап.  Көрме-жәрмеңкелiк  сауда     

1. Көрме-жәрмеңкелiк  сауда уәкiлеттi органның немесе  республикалық маңызы бар қаланың,  астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының, сондай-ақ сауда қызметi субъектiлерiнiң рынок конъюнктурасын зерделеу, тауарларды сатып алу-сатуды ұйымдастыруға жәрдемдесу, шарттар жасасу және жаңа сауда байланыстарын орнату мақсатында көрме және жәрмеңке ұйымдастыруы арқылы жүзеге асырылады. Көрме-жәрмеңкелiк сауда тауар үлгiлерiн көрсетумен байланысты. 
       2. Сауда қызметi субъектiлерiнiң қоғамдық орындарда көрме-жәрмеңкелiк сауда өткiзуi тиiстi аумақтың республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарымен сауданы өткiзу уақытын және өткiзiлетiн жерiн келiсу арқылы жүзеге асырылады. 
     
Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.     

29-бап.  Электрондық сауда     

1. Электрондық  сауда оған қатысушылардың келiсiмi (шарты) негiзiнде электрондық  байланыс құралдарын пайдалана  отырып, тауарларды сатып алу-сатуға сауда мәмiлесiн жасасу арқылы жүзеге асырылады. 
       2. Электрондық саудаға қатысушылардың құқығы мен заңды мүдделерiн қорғау сауда қызметiнiң субъектiлерi үшiн көзделген тәртiппен жүзеге асырылады. 
       3. Электрондық сауданы жүзеге асыру тәртiбi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен ережелерге сәйкес айқындалады.     

Информация о работе Сауда кызметы