Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың теориялық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 19:32, реферат

Краткое описание

Қарыз алушының несие қабілетіне талдау жасау барысында мынандай факторлар есепке алынады:
1. Несиеге қатысты қабілеттілігі. Қарыз алушыға несиені бере отырып, қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы және нұсқауымен танысуға тиіс;
2. Қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп қарыз алушының қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай-ақ келісімшартқа байланысты міндеттемелерді орындауы түсіндіріледі;
3. Табыс алу қабілет. Банк қарыз алушының несиені қайтаруға жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.

Содержание работы

Кіріспе
Негізгі бөлім. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың теориялық негізі
1. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың маңызы мен қажеттілігі. Клиент туралы ақпарат көздерін алу.
2. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдау
3. Клиенттің несиелік қабілетін бағалаудың шетелдік тәжірибелері.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Содержимое работы - 1 файл

банк иси Айко.doc

— 155.00 Кб (Скачать файл)

                                                   Мазмұны

 

 

Кіріспе

 

Негізгі бөлім. Қарыз алушының несиелік қабілетін  бағалаудың теориялық негізі

 

1. Қарыз алушының несиелік  қабілетін бағалаудың маңызы  мен қажеттілігі. Клиент туралы  ақпарат көздерін алу.

2. Қарыз алушының қаржылық  жағдайын талдау

3. Клиенттің несиелік қабілетін бағалаудың шетелдік тәжірибелері.

 

       Қорытынды

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                          Кіріспе

 

Қазіргі кезде коммерциялық банктер несиелеу процесінде, нарық қатынастарының қалыптасуына, қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеруге, Қазақстан Республикасы егеменді мемлекеттің экономикасы мен қаржыларын нығайтуға, айналымда ақша массасының негізсіз өсуін шектеуге, инфляция процестерін болдырмауға және ұлттық валютаның (теңге) нығаюына ықпал етуге міндетті.

Коммерциялық банктер  несиелерді өндірістің тиімділігін, оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, өнімнің жаңа жоғары тиімді түрлерін шығаруға ынталандыруға, тұрғындарға әр түрлі қызмет көрсетуге, тауарларды халық үшін және экспортқа өндіруге байланысты мақсаттар мен шаралар үшін береді.

Несие – бұл белгілі  мерзімге пайызбен қоса қайтару шартымен ақшалай қаржы беру, несиенің өтеу мерзімін ұзарту және қарыз алушының несие міндеттемесі сатып алу түрінде беріледі.

Банк несиелерді қайтарымдылық, жеделдік, тиімділік принциптерін қатаң  сақтау, несиелрді мақсатты пайдалану  мен заңда қарастырылған және екі жақпен келісілген жағдайда коммерциялық негізде береді. Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Неиенің уақытылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақытылы айналысып отыруға тиіс.

Несиелік тәуекел –  қарыз алушының банктен алған  несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында  қайтара алмауына байланысты банктің  зиян шегуін сипаттайды. Сондықтан  да банк қарыз алушыларға несиені  бермес бұрын, оның несие қабілетін анықтап алу қажет. Қарыз алушылардың несие қабілетін анықтау ол әр банктің өзінің несиелік саясатына және банктің клиентурасына байланысты болып келеді.

Қарыз алушының несие  қабілеті – қарыз алушының алған  несиесі бойынша қарызды уақытылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен болуы мүмкін, сондықтан да банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банк өтімділігіне ықпал етеді.

Қарыз алушының несие  қабілетіне талдау жасау барысында  мынандай факторлар есепке алынады:

  1. Несиеге қатысты қабілеттілігі. Қарыз алушыға несиені бере отырып, қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы және нұсқауымен танысуға тиіс;
  2. Қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп қарыз алушының қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай-ақ келісімшартқа байланысты міндеттемелерді орындауы түсіндіріледі;
  3. Табыс алу қабілет. Банк қарыз алушының несиені қайтаруға жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.

 

1. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың маңызы мен қажеттілігі. Клиент туралы ақпарат көздерін алу

 

Қазіргі несиелеу жүйесі қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау әдістеріне де негізделеді. Айта кету керек, қарыз алушының несиелік қабілеті – бұл коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып табылады.

Несиелеу процесі белгіленген  мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға себепкер болатын көптеген факторлардың іс әрекетімен байланысты болып келеді. Сондықтан да, банк несиесінің берілуі алдын ала ықпал ететін факторларды оқып-үйренуге жағдай жасайды.

Қалыз алушының несиелік қабілеті – бұл қарыз  алушының өзінің қарыздық міндеттемесі бойынша толық және уақытылы есеп айырысу қабілеті.

Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем қабілетінен  бір айырмашылығы – онда өткен  кезеңдегі немесе қандайда бір күндегі  төлемсіздікті есепке алмайды, ал жықын  перспективадағы қарызды өтеу қабілетін  болжайды. Өткен уақыттардағы қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында иек ең бір формальды көрсеткіш болып табылады. Егер де қарыз алушының мерзімі өткен қарызы болып, ал балансы өтімді және меншікті капиталдың мөлшері жеткілікті болса, онда банкке өткен уақыттағы төлемдердің бір рет кешіктірілуі, клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы қорытынды үшін негіз болып табылмайды. Несиелік қабілеті бар клиенттер банкке, жабдықтаушыларға, бюджетке ұзақ төлемсіздіктің болуын көрсетеді.

Клиенттің несиелік қабілетінің  деңгейі, банктің нақты қарыз  алушыға беретін нақты несиесімен байланысты (жеке) тәуекелдерінің дәрежесін  көрсетеді.

Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын объективті бағалау және несиелік операцияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу банкке несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мүмкіндік береді.

Әлемдік және отандық  банктік тәжірибеде қарыз алушының несиелік қабілетінің мынандай критерийлерін  бөліп қарайды: қарыз алушының мінездемесі, қаражатты қарызға алу қабілеті; ағымдағы қызметі барысында қарызды өтеу үшін қажетті қаражатты табу қабілеті (қаржылық мүмкіндігі), капиталы, несиенің қамтамасыз етілуі, несиелік мәміле жасалатын жағдай, бақылыу (қарыз алушының қызметінің заңдылық негізі, банк стандарты мен қадағалау ұйымдарына несиенің сипатының дәл келуі).

Қарыз алушының мінездемесі  деп оның заңды тұлға ретіндегі  беделі және менеджерлерінің беделі, қарызды қайтарудағы жауапкершілігі және несиенің мақсатының банктің несиелік саясатына сай келуі түсіндіріледі.

Қарыз алушының заңды  тұлға ретіндегі беделі оның сол  аяда ұзақ уақыт қызмет етуінен, экономикалық көрсеткіштерінің орташа салалық көрсеткіштерге сай келуінен, оның несиелік тарихынан, оның серіктестерінің (жабдықтаушылары, сатып алушылары, несие берушілері) іскерлік әлеміндегі беделінен тұрады. Менеджерлерінің беделі олардың кәсіби жарамдалығына (білімі, жұмыс тәжірибесі), моральдық сапасына, жеке қаржылық және отбасылық жағдайына, оның басқаратын құрылымы мен банк арасындағы қарым-қатынастар нәтижесіне байланысты негізделеді.

Қаражатты қарызға алу  қабілеті қарыз алушының несиеге  өтініш беруге, несиелік келісімшартқа  қол қоюға немесе келіссөздер  жүргізуге құқығының болуын, яғни кәсіпорынның немесе фирманың өкілдерінде  белгілі бір өкілеттіліктерінің болуын білдіреді.

Қарыз алушының несиелік қабілетінің ең негізгі критерийлерінің  бірі – оның қарыз өтеу үшін ағымдағы қызметінің жүргізілу барысында  қаражат табу болып табылады.

Қарыз алушының капиталы оның несиелік қабілетінің біршама маңызды критерийі болып саналады. Оны бағалауды мынадай екі шарттың маңызы зор:2

  1. Оның жеткіліктілігі, яғни Орталық банктік тарапынан жарғылық қордың (акционерлік капиталдың) ең төменгі мөлшеріне қойылатын талабы және қаржы левередж коэффициенті негізінде талданады;
  2. Несиеленетін операцияларға меншікті капиталды жұмсау дәрежесі, яғни ол банк пен қарыз алушының арасында тәуекелдің бөлінуін куәландырады. Қаншалықты меншікті капитал жұмсалымы көбірек болса, сол ғұрлым қарыз алушының несиелік тәуекеліне ықпал ететін факторларды қадағалап отыруға мүмкіндік туады.

Несиенің қамтамасыз етілуі  - қарыз алушының ақтивтерінің құны және несиелік келісімшартта көрсетілетін қарызды өтеуде екінші қосымша көздердің (кепіл, кепілхат, кепілдеме, сақтандыру қағаздарының) болуы. Мұндағы қосымша көздер қарыз алушының басына қаржылық қиындықтар туу барысында, олардың банк алдындағы міндеттемелерін уақытылы орындауына кепілдік береді. Кетілдік сапасы, кепілхат беруші, кепілдемеші мен сақтандырушының тұрақты болуы, қарыз алушының ақшалай қаражатының жеткіліксіздігі жағдайында аса маңызды.

Несиелік операциялар  жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы, салалардағы ағымдық немесе болжанған  экономикалық жағдай, саяси факторлар  жатады. Бұл жағдай банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды.

Соңғы критерий –  бақылау, бұл мынадай сұрақтарды ескереді: қарыз алушының қазмет етуі және несиелік шаралардың жүзеге асырылуы үшін заңды және нормативтік негіз бар ма? Заңдардағы күтілетін өзгерістер (мысалы: салық заңы) қарыз алушының қызметінің нәтижесіне қалай әсер етеді? Несиелік өтініште көрсетілген қарыз алушы және несие туралы мәліметтер, банкттік несиелік саясаты туралы құжатта белгіленген банктік стандартына, сол сияқты, несиелердің сапалылығын бақылап отырып, банктік қадағалау ұйымдарының стандарттарына қаншалықты сәйкес келеді?

Аталып өткен, банк клиентінің несиелік қабілетін бағалау критерийлері несиелік қабілетті бағалау тәсілдерінің мазмұнын анықтайды. Ондай тәсілдер қатарына жататындар:

 

 

 

  • Іскерлік тәуекелді бағалау;
  • Менеджментті бағалау;
  • Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын бағалау;
  • Қаржылық коэффициенттерді бағалау;
  • Ақша ағынын талдау;
  • Қарыз алушы туралы ақпарат жинақтау;
  • Орналасқан жеріне бару арқылы қарыз алушының жұмысын қадағалап отыру.

 

  1.  Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдау

 

Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудағы басты  факторға оның қаржылық жағдайы жатады. Ол қарыз алушының қызметін көрсететін  көрсеткіш ретінде қызмет ете отырып, меншікті және заемдық қаражаттарды орналастыру және пайдалану құрылымдарымен, сондай- ақ пайданы алу, бөлу және тиімді пайдаланумен сипатталады. Қарыз алушының кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау оның қаржылық жағдайына баға беруді сипаттайды. Қаржылық жағдайына баға беруде клиенттің қаржылық құжаттары қолданылады.

Қарыз алушының кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның мынадай төлем қабілетіне байланысты:

  1. шарушылық шарттарына сәйкес төлем талаптарын уақытылы қанағаттандыру;
  2. несиені қайтару;
  3. жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалақы төлеу;
  4. бюджетке төлемдерді және салықтарды төлеу.

Қарыз алушының несиелік қабілетін банктік талдау шектеулі және кең көлемде жасалады. Қарыз  алушының несиелік қабілетін талдау үшін оның тиімділігін, төлем қабілеттілігін, шаруашылық- қаржылық  қызметін жан-жақты  бағалауға мүмкіндік  беретін  көрсеткіштер жүйесін ұсынатын көптеген әдістемелер қолданылады.

ҚР-да ҚР Ұлттық банкіндегі перспективалық зерттеулер орталығы дайындап, ҚР Ұлттық банк Директоратының 27 қыркүйек 1994 ж.мәжілісінде №26 қаулы бойынша  бекітілген “Қарыз алушының несиелік қабілетін

талдауына байланысты банктердің әдістемелік нұсқауы”, сондай-ақ АҚШ-та және  басқа да елдерде пайдаланатын әдістемелер де біршама танымал.

Кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын талдау үшін негізгі көздер ретінде Қаржы министрлігі бекіткен мынадай жылдық бухгалтерлік есеп формалары қызмет етеді: “Кәсіпорын балансы” (№1 форма); “Қаржы нәтижелері және оларды пайдалану туралы есебі” (№2 форма); Кәсіпорын балансын  қосымша бет (№ 3 форма); сондай –ақ ҚР статистикалық есеп формасы “Кәсіпорынның (ұйымның) қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есебі” (№ 1 – Ф – мерзімді – тоқсандық формалары) және “Кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) өнімінің (жұмыстар, қызмет) кеткен шығындары туралы есебі” (№ 5-з -  мерзімді – тоқсандық – жылдық формалары).

Халықаралық және Қазақстандық банктік тәжірибеде клиенттің несие қабілетін бағалау үшін әр түрлі қаржылық коэффициенттер қолданылады. Оларды таңдау үшін біріншіден, банк клиентурасының ерекшелігін, екіншіден,  қаржылық қиындықтар себептерінің мүмкіндігін, үшіншіден, банктің несиелік саясатын анықтаумен байланысты болып келеді. барлық пайдаланылатын коэффициенттерді  бес топқа бөлуге болады:

І - өтімділік коэффициенті;

ІІ – тиімділік  немесе айналымдылық коэффициенті;

ІІІ – қаржы левередж коэффициенті;

IV – пайдалылық коэффициенті;

V- борышты өтеу қызмет  көрсету коэффициенті. Әрбір топқа  кіретін несие қабілеттілігінің  көрсеткіштері алуан түрлілігімен  ерекшеленеді.

Ағымдағы өтімділік  коэффициенті (Ка.ө.) ағымдағы активтердің (баланс активінің бөлімі) ағымдағы міндеттемелерге (алдағы кезең  табыстарын алып тастағандағы баланс пассивінің 3 бөлімі) қатынасымен анықталады. Ағымдағы өтімділік коэффициенті кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүргізу және ағымдағы міндеттемелерді уақытында жабу үшін айналым қаражаттарымен жалпы қамтамасыз етілуін сипаттайды.

Информация о работе Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың теориялық негізі