«Табиғатты пайдалану мәселелері» пәні бойынша дәрістер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 18:14, лекция

Краткое описание

«Табиғатты пайдалану» ғылыми ұғым ретінде алғаш рет ғылыми әдебиеттерде 1958 жылы КСРО Географиялық қоғамының біріккен отырысында пайда болды және онда «табиғатты пайдалану» ұғымының аясына қоршаған табиғи ортаны пайдаланудың барлық түрі, оның ішінде таби,ат ресурсатрын пайдалану, оларды қорғау мен қайта қалпына келтіру процестері де қосылады делінген.

Содержимое работы - 1 файл

лекция прородпольз 3 курс (2).doc

— 96.00 Кб (Скачать файл)


 

«Табиғатты пайдалану мәселелері» пәні бойынша

дәрістер.

 

Дәріс №1-2 Табиғатты пайдалану курсының пәні мен мақсаты.

«Табиғатты пайдалану» ғылыми ұғым ретінде алғаш рет ғылыми әдебиеттерде 1958 жылы КСРО  Географиялық қоғамының біріккен отырысында пайда болды және онда «табиғатты пайдалану» ұғымының аясына қоршаған табиғи ортаны пайдаланудың барлық түрі, оның ішінде таби,ат ресурсатрын пайдалану, оларды қорғау мен қайта қалпына келтіру процестері де қосылады делінген.

Онан кейін ғылыми әдебиеттер бетінде  «табиғатты пайдалану» ұғымына көптеген анықтамалар берілді. Мысалы: «Табиғатты пайдалану – бұл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, өндірістік емес сфераның дамуымен тікелей байланысты кешенді түрде қоршаған ортаға әсер етіп, кең көлемдегі шаруашылық шаралар жүйесін қамтитын жұмылдыра бағытталған іс-әрекеттер түрі». «Табиғатты пайдалану ұғымының кең мағынасын адамның бүкіл антропогендік әрекеті нәтижесінде қоршаған ортаға тікелей де, сол сияқты жанама да әсер етуі деп түсіну керек». Мұнда «әңгіме тек материалдықресурстарды (энергетикалық, минералды-шикізаттық, су, жер, орман және т.б.) пайдалану ғана емес, сонымен бірге адамның денсаулығы мен рухани өмірін өмірін, демалысын, эстетикалық қызығушылығы мен басқа да қажеттілігін қанағаттандыратын табиғаттың ресурсатры жөнінде болып отыр».

Дәріс № 3-4 Табиғат ресурстарын бағалау төңірегінде географтардың жүргізген зерттеулері.

Табиғат ресурстарын экономикалық-географиялық бағалаудың теориялық негізі А.А.Минц, Н.Н.Баранский, К.Г.Гофман, Н.Ф.Федоренко, В.К.Шкатов, В.В.Докучаев,З.К.Каргажанов және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қаланған. Табиғат ресурстарын экономикалық-географиялық бағалау экономикалық географияның негізгі бір бөлімі болып табылады. Экономикалық және әлеуметтік географияның орналастыру және ұйымдастыру бөлімдерінен табиғат ресурстарын экономикалық-географиялық бағалау бөлімінің айырмашылығы ол жоспарлық есеп беру сияқты болып табылды,яғни табиғи ресурстарды игеру барысында шұғыл түрде реттеушілік танытады. Сондықтан табиғат ресурсын экономикалық-географиялық бағалауды іс жүзінде қолдану экономикалық және әлеуметтік географияны экономикалық ғылымдармен және халықшаруашылығындағы іс-тәжірибемен бұрынғыдан да етене байланыстырады.

Академик С.Г.Струмининнің анықтамасы бойынша, табиғи ресурстардың бағасы оларды игеруге және өндіріске жұмсалған  шығындармен анықталады. Табиғат ресурстарын ашуға, өндіріске дайындауға және қалпына келтіруге адам еңбегі жұмсалған жағдайда, олардың құны жоқ, бірақ тұтыну құны болуы мүмкін.Сондықтан олар экономикалық тұрғыдан бағаланады, осыған байланысты табиғат ресурстарының бағасын экономикалық бағалаудан ажырата білу керек.

Нарық шаруашылық жағдайында табиғи ресурстардың бағасы ретінде оларды пайдаланудан түсетін тиім алынады. Өйткені сатылатын және сатып алынатын ресурстардың өзі емес, дифференциалдық жер рентасы алынады. В.И.Лениннің сөзімен айтқанда, «Жерді сатып алудың өзі жер беретін табысты сатып алу, яғни рентаны сатып алу деген сөз».

Табиғат  ресурстарын экономикалық-географиялық бағалау шамасы оларды шаруашылықты пайдаланған кезде алынатын тиіммен, дифференциалдық жер рентасының және оның тау-кен, су, орман сияқты түрлерінің шамасымен өлшенеді.Табиғат ресурстарының бағасы оларды ашу, игеру және өндіруге дайындағанда қоғамға қаншаға түсетінін көрсететін болса,экономикалық-географиялық бағалау халықшаруашылығының біртекті өнімге сұранысын қанағаттандыру үшін бағаланатын ресурстан өндірілген өнім  сол өнімді осы ресурстың нашарынан өндіргендегіден қаншалықты қоғамдық еңбекті үнемдейтінін көрсетеді.     

Дәріс №5-6 Табиғат ресурстарын жіктеу.

Табиғат ресурстарының табиғи жаратылстық және экономикалық маңызына байланысты табиғат ресурстарын жіктеудің төмендегідей жіктемесі жасалған.

1.                             Табиғи (генетикалық) жіктеу – табиғи ресурстарды табиғи топтар бойынша жіктеу: минералдық (пайдалы қазбалар), су, жер (оның ішінде топырақ), өсімдік (оның ішінде орман), жануарлар әлемі, климаттық, табиғи процестер энергиясының ресурстары (күн сәулесі, Жердің ішкі жылуы, жел энергиясы және т.б.). Көп жағдайда өсімдік және жануарлар әлемінің ресурстарын биологиялық ресурстар ұғымына біріктіреді.

2.                             Экологиялық жіктеу – ресурстардың  сарқылу және қайта қалпына келу белгілеріне негізделген.

А)Сарқылмайтын ресурстар (Күн энергиясы, Жердің ішкі жылуы, ауа энергиясы).

Б)Сарқылып қайта қалпына келмейтін

В)Сарқылып қайта қалпына келетін (топырақ құнарлығы, орман ресурстры)

3.Табиғат ресурстарын шаруашылық тұрғысынан пайдалану мүмкіндігіне байланысты әр түрлі топтарға бөледі.

А)Табиғат ресурстарын өндірудің техникалық мүмкіндігіне байланысты:

   Нақты жағдайдағы және потенциалдық (болжамдық).

Б) Экономикалық маңыздылығын ескеріп, ресурстарды орнын алмастыра алатын және алмастыра алмайтн деп бөледі. Мысалы, Алмастыра алатындарға отын-энергетикалық ресурстарды, ал алмастыра алмайтын ресурстарға атмосфералық ауа, ішуге жарамды тұщы суларды және т.б.     Шаруашылықтағы экономикалық маңыздылығына байланысты оларды өнеркәсіптік және ауылшаруашылықтық өндірісің ресурстары немесе өндірістік емес сфераның ресурстары деп бөледі.

1.Өнеркәсіптік өндіріс ресурстарының тобына өнеркәсіпті пайдаланылатын табиғи шикізаттың барлық түрін жатқызуға болады. Өнеркәсіптік өндірістің көп салалық сипатына байланысты табиғи ресурстар төмендегідей сараланады:

а)  энергетикалық

- отындық пайдалы қазбалар (мұнай, газ, көмір,битуминозды тақтатастар және т.б.);  - гидроэнергоресурстар (өзен суларының энергиясы, олысу энергиясы және т.б.);

- Биоэнергия көздері (отындық ағаш, ауылшаруашылық қалдықтарынан шыққан биогаз);

- ядролық энергияның көздері (уран және радиоактиті элементтер);

Б) энергетикалық емес

- отындық  топқа кірмейтін рудалық және бейрудалық қазбалар;

- өнеркәсіптік өндіріске пайдаланылатын сулар;

- өнеркәсіптік нысандармен инфақұрылым нысандары орналасқан жерлер;

- өнеркәсіптік маңызы бар орман ресурстар;

- өнеркәсіптік маңызы бар биологиялық ресурстар.

2. Ауылшаруашылық өндіріс ресурстарына               ауылшаруашылық өнімін өндіруге қатынасатын барлық ресурстар кіреді.

А) агроклиматтық – мәдени дақылдарды өсіруге және мал жаюға қажетті жылу мен ылғал ресурстары;

Б) топырақтық – жер  -  жер және оның жоғарғы қабаты – топырақ;

В) өсімдік текті биологиялық ресурстар – мал азығының ресурстары

Г) су ресурстары- суландыру үшін пайдаланылатын сулар.

3. Өндірістік емес сфераның ресурстарына (өндірістік емес тұтыну – тікелей немесе жанама ) табиғи ортадан алынатын ресурстар (жабайы аңдар, табиғи текті емдік қасиеті бар шикізаттар), сонымен қатар рекреациялық шаруашылық ресурстары, орық аумақтары және т.б. жатады.

Пайдалану түрлерінің өзара қатынасы  бойынша  жіктеудің мынадай түрлері бар:

А) бір жақты пайдаланылатын ресурстар;

Б) көп мақсатта пайдаланылатын ресурстар, атап айтқанда:

- өзара байланысты (комплексті) пайдалану (су ресурстары);

- бір-бірімен бәсекелестік пайдалану (жер ресурстары);

 

Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау дегеніміз оның қоғамдық құндылығын анықтау, яғни нақты ресурстың адам қажетін өтеуге қосқан үлесін анықтау (кең мағынада). Ал таза экономикалық мағынада – табиғат ресурстарын нақты пайдаланудан түсетін экономикалық тиімнің ақшалай өлшемін анықтау. Табиғат ресурстарын экономикалық бағалауда табиғатты пайдаланудың табиғи ортаға әсерін, соған сәйкес қойылатын  талаптарды, шектерді ескеру керек.

Табиғат байлығының экономикалық бағасы – оның халық шаруашылық құндылығының табиғат қорғау, байлығын өсіру, жаңғырту, қалпына келтіру, игеру және ұқсату тиімі арқылы анықталған шамасы.

Табиғат байлығын экономикалық бағалау негізгі екі қызмет атқарады: есептеу және ынталандыру.

Табиғат байлығын экономикалық бағалаудың екі негізгі: шығындық және ренталық қағидасы және олардың бірнеше түрлері бар. Шығындық қағида бойынша табиғат байлығын экономикалық бағалаудың негізінде оны игеруге, пайдалануға жұмсалған шығындар (еңбек алынады), ал ренталық қағида дифференциалдықрента түріндегі табиғат ресурстарының халық шаруашылық тиімдерін есептеуге құрылған.

Шығындық  қағида  бойынша экономикалық бағалау жұмсалған шығындар арқылы анықталады. Табиғат байлығының сапасы оның құндылығын анықтаудың тек қосымша факторы ретінде қызмет атқарады. Құн заңына сәйкес, тауардың құны оған жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек шығынымен анықталатынын ескеріп, академик С.Г.Струминин табиғат ресурстарының құнын оларды игеруге, ұқсатуға, апйдалануға жұмсалған еңбек шығындарымен анықтауды ұсынған. Бірақ табиғат ресурстарын бұлай бағалауолардың тұтыну құндылығының шамасына сәйкес келмейді. Мысалы, пайдалы қазбалар жер бетіне жақын жатса, оны өндіруге аз шығын жұмсалады. Яғни оларды тереңнен өндірілетін кендерге қарағанда, сапасы бірдей болғанның өзінде арзан бағалауымыз керек.

Шығындық қағиданың осы басты кемшілігін табиғат ресурстарының сапасын, өнімділігін есептейтін коэффициенттер де жоя алмайды. Сапалы табиғат ресурстары еңбек өнімділігін (нәтижесін) арттырады, ал ол қосымша дифференциалдық табыс (рента) әкеледі. Сондықтан табиғат ресурстарын оның құндылығын көрсететін осы дифференциалды рента негізінде бағалау қолданылады.

Дифференциалдық рента шамасын есептеудің бірнеше әдістері бар: жақсы және нашар жерлердің бір өлшемінен алынған өнімдер құнының айырмасы; өнімнің бағасы мен нормалы мөлшердегі пайдасы мен өзіндік құнының айырмасы; әр түрлі  жерден алынған  өнімдердің өзіндік құндарының айырмасы, т.б.

Қазіргі қолданылып жүрген әдістемелер бойынша дифференциалдық рента шамасы табиғат ресурстарынан алынған  өнімнің құнынан өнімге жұмсалатын жеке нормалы шығындарды және нормалы пайда шамасын шегеру арқылы анықталады. Өнімнің құны арнайы есептелетін шеткі (жоғары) шығын негізінде (кадастрлық бағамен) анықталады. Шеткі шығын өнімге жұмсалатын қоғамдық қажетті шығынның шеті болып табылады.

Ренталық қағидаға сәйкес табиғат ресурстарының эклнлмикалық бағасы (R) мына формуламен есептеледі:

R=(Z-S)*B

мұндағы Z - өнімге жұмсалатын шеткі (жоғары) шығын немесе шеткі шығынымен есептелген өнімнің құны (бағасы);

S – табиғат ресурстарынан алынатын өнімге жұмсалатын дербес шығын;

B – уақыт факторын ескеріп, Z ,S шамаларының өзгерісін есептейтін дисконттау коэффициенті, нәтижелердің, шығындардың өзгерісін (құнсыздануын) есптеуге қолданылатын коэффициент.

Табиғат ресурстарын бағалаудың екі негізгі түрін ажыратуға болады: абсолюттік және салыстырмалы экономикалық бағалау.

 

       Дәріс №9-10 Жер ресурстарын ауылшаруашылық және өнеркәсіптік өндірістің негізі ретінде қарастыру.

Жер ресурстарын экономикалық бағалауды ғылыми тұрғыдан зерттеумен агрономдар, топырақтанушылар, экономистер, географтар айналысып жүргенімен бұл ғылымдар саласында барлығына ортақ қабылданған әдістемелер жоқ. Жалпы жерді бағалаудың екі бағыты белгілі. Ол: 1) топырақтың сапасын бағалау; 2) жер қорын экономикалық бағалау.

1)Топырақ сапасын бағалау экономикалық бағалаудың басты алғышарты болып есептеледі. Жер сапасын бағалау баорысында оның әртүрлі табиғи-жаратылыстық қасиетінің өнімділікке тигізетін әсері ескеріліп анықталады. Географтар сонымен қатар топырақ түрлері таралған аудандардың картасын жасаумен де айналысады.

Топырақ танушылар топырақ  бонитетін бағалаудың екі түрін анықтаған.Олар: 1) топырақтың қасиетіне байланысты өнімділігін ескеріп бонитетін бағалау;

2)жерді өнімділігіне байланысты, табиғи қасиетін ескеріп бағалау.

Топырақтың бонитет балдары дегеніміз топырақ қасиетінің сандық көрсеткіші, ол топырақтың таралған аймағындағы өсірілетін негізгі дақылдың көпжылдық орташа түсіміне сәйкес болады. Бонитет балдары ауылшаруашылығында қандай түрлі дақылдарды өсіруге болатындығын жоспарплауға мүмкіндік береді.

Бонитет балдарын топырақ ішіндегі шіріндінің (гумус),тұздардың, минералдардың шамасына, су сіңіру қасиетіне, ыдырауына,ауа өткізгіштігіне байланысты анықтайды. Жалпы бонитет балдарды топырақтың 50 см қабатындағы гумус шамасына сәйкес белгіленіп, басқа қасиеттері бойынша сараланушы коэффициенттер қолданылады.

Белгілі бір ауылшаруашылық аудан жерінің бал бонитет мәліметтерін пайдалана отырып сол аудандағы шаруа қожалықтарының еңбек нәтижесін бағалауға болады. Мысалы: ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы құнын шаруашылықтағы пайцаланылатын жердің орташа бонитет балына бөліп шаруашылықтағы еңбек нәтижесін бағалуымызға болады. Бұл есептеулерде таза табыс, өнімнің өзіндік құны және т.б. экономикалықт көрсеткіштерді де қолдануымызға болады. Бірақ жер ресурстарын экономикалық бағалаудың бұлай бағалаудан ауқымы әлдеқайда кең. Себебі бонитет балымен бағалағанда жерге келтірілген зиянды, қайта қалпына келтіруге кететін компенсациялық шығындарды есептеуге жарамайды.

Жерді балдық көрсеткіштерге байланысты бағалауда экономистердіңлің екі түрлі көзқарастары бар. Біріншісінде жердің 1 га-нан  яғни бір өлшем ауданнан алынатын жалпы өнім мен таза табысқа сәйкес бағаланса; екіншісінде  алынған ауылшаруашылық өнімдері және оған жұмсалған шығындар есептеледі. Екеуінде де бағалаудың басты критерийі одан алынатын өнім болса, тек екіншісінде жұмсалатын шығын деңгейі ескеріледі.

Информация о работе «Табиғатты пайдалану мәселелері» пәні бойынша дәрістер