Қожа Ахмет Йасауи

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 15:46, реферат

Краткое описание

Қожа Ахмет Йасауи (?-1166ж)-қазақ халқының байырғы мәдениетнің тарихырда айрықша орны бар ұлы ақын.Өз аты –Ахмет ,есімінің алдағы «қожа» мұсылман дінін таратып,уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Йасауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ , Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып,ағайын туыстарының қолына келіп,бала кезінен өскен жері. Ақынның туған жері-қазіргі оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы.

Содержимое работы - 1 файл

Қожа Ахмет Йасауи.docx

— 22.41 Кб (Скачать файл)

     Қожа  Ахмет Йасауи (?-1166ж)-қазақ халқының байырғы мәдениетнің тарихырда  айрықша орны бар ұлы ақын.Өз аты –Ахмет ,есімінің алдағы «қожа» мұсылман дінін таратып,уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Йасауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ , Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып,ағайын туыстарының қолына келіп,бала кезінен өскен жері. Ақынның туған жері-қазіргі оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы.Әкесі ИбраҺим мұсылманша сауаты бар. Сөз қадірін білетін білікті адам болған.Шешесінің аты –Қарашаш.

     Ахмет Бұқара қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға келіп,сол кезде орталық Азияда кең тараған софылық, діни тақуалық идеялардың ірі насихатаушысына айналды.Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы-«Диуани Хикмет».Бұл көлемді шығармасы алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып шықты.Содан кейін ол Стамбул, Қазан,Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылды.Соның бірі 1901жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын.Төрт  тармақты өлеңмен (рубаят)жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейінгі өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын,көрген қайғысын айтады,бұқара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың бектердің,қазылардың(билердің) жіберген кемшіліктерін,жасаған қианаттарын сынайды,бұл фәнидың жалғандығын білдіреді.

     Ол  насихаттарында айтқандай,өзі де бұл  дүниенің қызығынан бас тартып,тәркі  дүниеге салынады,о дүниенің мәңгілігін жырлайды.Осы бағытта оның жолын  қуған шәкірттері көптеп саналады.Сүлеймен Бақырғани,Софы Алдияр,Ахсани секілді белгілі ақындар Қожа Ахмет Йассауидің жолын қуып,софизмнің жаршылары болады.

«Диуани Хикматтан»қазақ  халқының ертедегі мәдениетіне,әдебиетіне,тарихына,этнографиясына,эканомикасына  қатысты бағалы деректер табуға болады.

     Халық арасында Қожа Ахмет Йассауи туралы аңызға айналған әңгімелер көп.Соның бірінде оның 63 жасқа келгеннен кейін,өзінің пайғамбар жасынан асып,мына жарық дүниені көруін асылық санап,жер астынан мекен жасатып,қалған ғұмырын қылуетке өткізді делінеді.

Түркістан қаласында  жерленген Қожа Ахмет Йасауи әзіретісұлтан аталып,басына 14 ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнатылады.Бертінде Қожа Ахмет Йасауидің өзі түрік халықтарының рухани атасына,ал күмбезі түрік дүниесі табынатын кіші Меккеге айналады.

Ақынның 149-хикметінде оның шыққан тегі туралы төмендегі сыр шертеді:

...Ысқақ баба жұрыны,шейх  Ибрахим Құлыны,

Машайықтар ұлығы - шейхым Ахмет Йасауи.

Ясы оның арасы,жатыр  гаухар парасы, 

Машайықтар сарасы – шейхым Ахмет Йасауи.

     Демек ,Ахметтің тегін Бибіфатимадан тарататын  халық аңызы шындық,олай болса,Әзірет сұлтанның он бірінші атасы Ысқақ  баб әулие болмақ.

Түрік ғалымы,доктор М.Көпрулу өзінің «Турк әдебиятында илк Мутасаввифлар» атты кітабында Ахметтің әкесі Сайрамдағы Хазірет Әлидің әулеті Ибрахим атты шейх екенін айтады.Осы пікірге орыс зерттеушісіМ.Е.Массон даден қойғанмен,ол Қожа Ахметті түрік нәсілінен дейді.

     Сопылық  «мистикалық» ағымның түркі тілдес тармағының негізін қалаушы Қожа Ахмет Йасауиддің өмірбаяны жан-жақты,толық бізге белгілі емес.Өмірінің кейбір деректері ғана жетіп отыр.Ол әлі ғылыми зерттеулерді қажет етеді.Ұлы бабамыздың туған күні мен жылы белгісіз.Ер жеткен соң Түркістан шахарына (ол кезде Ясы деп аталған)келіп тұрады.

Белгілі ғалым В.Бартольдтің  айтуындаТүркістан 6 ғасырдан 15 ғасырға дейін Ясы деген атпен белгілі.Ал,шығыстанушы ғалым Ә.Дербісалиев,қаланың әуелде Шауғар деп аталғанын,кейінірек Ясы болып кеткенін айтады.

     Ахмет Йасауидің ержете келе Түркістанға  келуі дінге байланысты болса  керек.Ақын өз өлеңдерінде Түркістанға  келгені жайында былайша баяндайды:  ...Он жетімде Түркістанда тұрдым,міне

                  Он сегізде Шілтеменен шарап іштім

                  Рузы қылды,Жәннәт кезіп  қорлар құштым,

                  Хақ Мұстафа жүздерін көрдім,міне...

     Ата-анасынан ерте айрылған ол атақты түркі шейхы  Аыстан баб және Жүсіп Хамадани деген шейхтардан тәлім-тәрбие,білім алады. Білімін Бұхарадан жалғастырады.Өзінің ұстазы қайтыс болған соң көп ұзамай туған қаласына оқымысты адам,сопы ретінде қайтып оралады.

     12 ғасырдағы  көне түркі тілінде жазылған  «Диуани Хикмет» кітабының авторы  –Ахмет Йасауи. «Диуани Хикмет»( «Даналық кітабы») оғыз-қыпшақ тілінде өмірге келген,өте қарапайым,көпшілікке түсінікті тілмен жазылған төл әдеби туынды. «Диуани Хикметте» негізінен төрт нәрсеге аса көңіл бөлінеді:шариғат,тарихат,хақихат,мағрифат. «Шариғат» ислам діндерінің заңдары мен әдет ғұрыптарының жинағы, «тарихат» сопылықтың идеясы,сопылық мүддесіне жеткізген жол, «хақихат» құдаймен бірігу,оған жақындау, «мағрифат» дін жолын танып,оқып білу.Ахмет Йасауидің пікірінше  «шариғатсыз», «Тарғатсыз», «Мағрифатсыз» «хақихат» болуы мүмкін емес.Ақын мұны өз өлеңінде былай деп өрнектейді:

     ...Ути  ғұмырым шариғатқа неталмадым,

     Шариғатсыз  тариқатқа уталмадым.

     Хақиқатсыз  мағрифатқа баталмадым,

     Катиг иуллар пырсыз ничук утар достлар.

                  ***

      ...Өтті  өмірім шариғатқа жете алмадым,

      Шариғатсыз  тариқатқа өте алмадым.

      Хақихатсыз  мағрифатсыз бата алмадым,

      Қиын  жолдар пірсіз қайтіп өтем достар.

      Міне,мұнда  Йасауи сопылық ілімдердің өте күрделі  екенін,діни мистикалық сарындағы бұл  төрт қағиданың арғы жағында филасофиялық арналардан бұлақ көздері бітеліп жатқанын мезгейді.

      Йасауи  өз хикметтерінде сопылық дін  ілімі туралы өте көп әрі шын  беріле айтады,ол бұл шын мәнінде  білім деп айтады,ал сопылық тың  барлық ұсақ-түйегін білмейтін адамды ол «надан», «түк білмейтін», «жалған сүюші», «жалған сопы» деп есептейді.

      «Менің  асыл хикметімді жаны ауырмасқа айтпағын,

      Баға жетпес інжуімді құнын білмеске сатпағын»,-

деп ,бар жан-дүниесімен сопылыққа берілген Йасауи , «егер  мен басымнан айрылсам да,бұл жолдан маған жалт беру жоқ»,-дейді.

      Ахмет Йасауи арқылы сопылық түркі тілдес халықтардың рухани танымында шешуші орын алды.Сопылық филасофиялық жүйе ретіндеадамдардың дүние-танымының қалыптасуына үлкен ықпал жасады.Бұған дәлел Йасауиден кейінгі көптеген қазақ ақын,жырауларының шығармаларынан да сопылықтың тікелей әсерін байқаймыз.

      Қазақстан мен Орта Азия халықтары арасында сопылықтың кеңінен және табыспен таралуына  мына жағдай да әсер етті.Ол өз ілімін жеңіл және түсінікті тілмен,әсем баяулы өлең ,жырларымен баяндайды,сопылық идеяларды жергілікті салт жырларымен үйлестіре дәріптейді.

      Ахмет Йасауидің Орта Азиямен Қазақстанның түркі тілдес халықтары арасында зор беделге ие болуы Йасауидің ислам заңдарын Шығыс сопылық ілімдік пангейзммен және бақсылық жыры элементтерімен икемді үйлестіре алуынан еді.

      Йасауи  былай дейді: «Кімде-кім құдайды  есіне алс,ол онымен табысқанын көре алады».Сондықтан да Йасауи үшін құдайды тану өзін-өзі танумен бірдей.Сопылықтағы доктринақұдайды мистикалық сүю болып табылады.Йасауи ілімінде бұл доктрина оның «таным» теориясының бөлінбес бөлігі бола тұрып,ерекше орын алады.Йасауиден бұрын түркі нәсілдері Тәңірге табынатын болса,енді олар Аллаға сыйынатын болды.Йасауи сопылығы арқылы шығыс филасофиясымен,әлемдік филасофиямен хабардар боламыз.

      Сопылықтың  ықпалын,Йасауиден кейін өмір сүрген көптеген ақын,ойшыл ғұламалардың еңбектерінен кездестіреміз.

      Ахмет Йасауи өмірінің ақырғы он жылын жер астындағы жасалған мінәжатханада өткізеді.Сопы «алпыс үшке келдім,енді былайғы өмірім күпірлік,пайғамбардан аспақ күнә» деп өзіне бір тоқтам жасайды.

Халуетте тіршілік еткен ақын өмірдегі жиған-терген,естіген,көрген,оқыған білгендерін сарапқа салып,қияли  күй кешеді.Осы фактінің өзі,нақ  сол сопылық Мұхамедті жаратылыстан тыс адам ретінде көрсетіп,оны  құдай қатарына қосты және ол Мұхамед  заманына оралуды уағыздады.

      Қожа  Ахмет Йасауидің қанша жыл жасап,ғұмыр кешкені белгісіз.Бір деректе 73 жас,бірде 85 жасты айтады.Халық аңыздарын негізге ала отырып,Жүсіпбек Аймауытұлы Ахмет Йасауиді 125 жыл өмір сүрді дейді.Оны растайтын «Хикметте» мынандай өлең жолдары бар:

      Иер устида улмас бурун тирик улдим,

      Алтмиш  учта суннат деди иштіб билдім.

      Иер астида жаним била қулиқ қылдым,

     Иттиб,уқиб,иерга  кирди Құл Қожа Ахмад.

     Ираилардин  фаиз уа фатух алалмадим,

     Иуз игрима бишка кирдим билалмадым.

     Хақ тағала тағатларын қылалмадым,

     Иштиб,уақиб  перға қирди Құл Қожа Ахмад.

     Осы жолдарды негізге алсақ,Қожа Ахмед  Йасауи жаңа санақ бойынша 1041 жылы дүниеге  келген болып шығады.

     Қожа  Ахмет Йасауидің өмірі мен  одан қалған мұралары әлі де көп  ізденістерді,ғылыми зерттеулерді керек  етеді.Ахмет Йасауи өзінің ұзақ өмір жолын түйіндей келіп:

     Қожа  Ахмет,басыңды елге ие біл,

     Ақиқатты  таза сүйе біл.

     Дүниеқорлар кетсін бықсып өзімен,

     Халық қана дүниеге ие бұл,-деп,Ахмет Йасауи тек насихатшысы емес,12 ғасырда  өмір сүрген философ,ұлы ғұлама мейірімді  кішіпейіл ойшыл ақын ретінде  түркі жұртына танымал болды.

  Ахмет Йасауи халқымыздың рухани жебеушісі,кейінгі ұрпақ тәуіп етер қасиетті әулие.Оның мазараты мәдениетіміздің мерейі,ұлтымыздың мақтанышы.

     Сондай-ақ жақында Түркістан қаласынан  ашылған университетке Қожа Ахмет  Йасауи аты берілуі ұлы бабамызға  деген үлкен құрметтің белгісі болса керек.Бұл кейінгі ұрпақ парызы.

           ХИКМЕТ

           1

     Хикметті  бисмиллә деп баяндадым,

     Білгенге  дүрри-гауhар шаштым,міне

     Қан жұттым,қасірет шектім,аянбадым

     Екінші  дептерге сыр аштым,міне.

           2

     Тыңдалар  сөздерімнің сөйлеп бәрін,

     Жанымның  тазалығын айғақтадым.

     Жетім мен пақырлардың ойлап қамын,

     Көңілі  тоқ кердендерден қаштым,міне

           3

     Қашан да мұңдылардың мұңын жұтқан

     Қалмасын  тұтқынында зұлымдықтың

     Ұстаммен  ұлы машқар күнін күткін,

     Мейірімі  жоқ менмендерден қаштым,міне.

           4

     Миғражғда жүзінен нұр құйды да асыл

     Жетім мен пақырларды сүйді Расул.

     Жердегі ізін көріп бәйкүнәшіл,

     Жолына  сол ұлағаттың түстім міне.

           5

     Ғарыпты Үммет болсаң сағалат кін,

     Айтқанда  аят-қадис бағалап бір,

     Тисе  де қанша ризық қанағат қыл,

     Шарабын қанағаттың іштім міне.

           6

     Меккеге Расул өзі қалап барған,

     Ғарыптың  мехнатын мол таратқан.

     Жабықпа жаза көрсең жаратқаннан,

     Қақпасын  мүсәпірдің аштым міне.

           7

       Енсе ақыл,жетіп көңілін көркейткейсің,

     Ел кезіп,Мұстафаша тер төккейсің,

     Қызығын бұл дүниенің тәрк еткейсің

     Тәрк  етіп одан мен де түстім міне.

           8

     Тіл –ащы,ділім –қатты,өзім зәлім,

     Сиқырсып  тыңдата алмас сөзін ғалым.

     Кемтарға  қайырылмаған кезім мәлім,

     Отына өкініштің пістім міне.

           9

     Үлкені  –алпыс үштегі азабының

     Тәңірім берер демей жаза бір күн.

     Ораза –намазымды қаза қылдым,

     Иманды  ойлап ,уайым құштым міне.

           10

     Дариға, махаббаттыңбілмей дәмін,

Информация о работе Қожа Ахмет Йасауи