Информатика мен басқа пәндер байланысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 06:55, курсовая работа

Краткое описание

Информатика туралы бүгінге дейінгі түсінігімізді жалпылай келе, мынадай жұмыстық анықтаманы тиянақтауға болады: информатика дегеніміз - табиғаты әртүрлі жүйелердегі ақпараттық үрдістер ағымының заңдылықтары туралы, ақпараттық үрдістерді автоматтандыру әдістері, құралдары мен технологиялары туралы, ақпараттық жүйелердің жасалуы мен жұмыс істеу заңдылықтары туралы ғылым.

Содержание работы

I. Кіріспе
1.1. Информатика және информатика пәні………………………………...…3-4
II. Негізгі бөлім
2.1. Бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқыту әдістемесі………………………………………………………...4-9
2.2. Информатика мен математика пәнінің байланыстылығы………...…...9-15
2.3. Бағдарлама құруда математикалық заңдылықтарды пайдаланудың тиімділігі……………………………………………………………………..….15-18
2.4. Физика мен информатика пәндерінің арасындағы өзара байланыс....18-25
2.5. Информатика пән аралық байланыс сабақтары арқылы оқыту (іс-тәжірибеде қолдану) …………………………………………………...………25-29
III. Қорытынды…………………………………………………………….29-30
Қолданылған әдебиеттер.....................................................................................30-31

Содержимое работы - 1 файл

информатика мен басқа пәндер байланысы.doc

— 187.00 Кб (Скачать файл)
gn="justify">       Сабақты қорытындылау:

    Оқушылардың білімін бағалау ұпай түрінде жүргізіледі, әр оқушы сабақтың бөлімдері бойынша өздерінің ұпайларын арнайы кестеге енгізе отырып, өз білімдері бойынша диаграмма тұрғызады. Ал жалпы сандары бойынша, мұғалім сынып оқушыларының білім дәрежесін диаграмма түрінде тақтада көрсетеді.

    Тест  – 10 ұпай, жұмбақ – 8 ұпай, суретпен жұмыс – 16 ұпай, оқушы барлығы 50 ұпай жинауы керек.

     III. Сонымен, қорыта келгенде, информатика қазіргі кезде жаратылыстану – техникалық ғылымдар мен гуманитарлық ғылымдар бағыттарының етене араластырыла дамитын ғылым ретінде еш ғылым тұрғысынан түсіндіріліп нақтыланбайтын, өзіне тән ерекшеліктері бар ғылым. Сондықтан да информатика пәнін басқа пәндермен байланыстыра отырып оқыту арқылы оқушыларды жан-жақты білімді, әрі информатиканың басқа пәндерден айырмашылығы мен ұқсастықтарын толық меңгеретін болады.

     Информатика пәні негізінен жаратылыстану пәндері, яғни математика, физика пәндерімен өте  тығыз байланыста. Жаратылыстану  пәндерімен информатика пәнін байланыстыруда қарапайымнан күрделіге көшу тәсілімен  оқыту өте ыңғайлы. Мысалы, график сызуда бірінші сызықтық функциядан бастап, тригонометриялық функцияға көшу өте тиімді.

     Оқушылар  бойында ЭЕМ-ді пайдалану дағдысын қалыптастыру үшін тек «Информатика және есептеуіш техника негіздерін»  ғана емес, барлық басқа пәндер мен  сабақтарда да жан-жақты пайдаланған жөн. Мысалы, жаңа материалды өту сабағында, лабораториялық жұмыстан, есеп шығару сабақтарында, тақырып пен тарауды оқыту аяқтау кезіндегі жинақтау сабақтарында, білімді тексеру сабақтарында кеңінен қолданыс таба алады

Компьютерде енгізілген арнайы бағдарламаның көмегімен барлық тақырыптардың мазмұнымен танысуға болады. Оқушылар монитордағы мәтінді оқып қана қоймай, сонымен бірге одан физикалық құбылыстардың мазмұнын дыбыс түрінде ести алады.

     Жаратылыстану пәндерінен басқа, мысалы Paint, Photoshop, Corel Draw бағдарламаларын сурет салу пәні арқылы байланыстыру, QBasic, Turbo Pascal бағдарламалары ағылшын тілі пәнімен етене тығыз байланыста. Себебі бұл бағдарламалармен жұмыс жасауда осы пәндердің элементтері мен ережелерін қолданамыз.

     Информатика пәнін оқытуда кез келген сабақ  – ол оқу үрдісінің бір бөлігі, сондықтан да оқып үйретуді ғылыми танымда нақтылықтың критерийі  ролін атқаратын өмірмен, практикамен  байланыстыра білуге, ал оқу процесінде – оқуға ынталылықты, оған оң көзқарасты, айналадағы ортаның құбылыстарын түсіндіру үшін теориялық білімдерін практикада қолдана білу дағдысына қалыптастыруға тиіс.

     Пәнаралық байланыстардың бір пайдалы жағы – ол бүкіл оқыту ісін, яғни бір  мектептің барлық жұмысын бір  жолға салуға, барлық мұғалімдерге бірыңғай талаптар қоюға және әр түрлі пәндерді ортақ мүддені шешуге жұмылдырады.  
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер: 

  1. «Информатика.Физика. Математика»  №1-6, 2001. №1-6, 2001ж..
  2. Информатика негіздері. № 2, 11-12,31-33 беттер 2004ж.
  3. Е.Қ.Балапанов, Б.Б.Бөрібаев,  А.Б.Дәулетқұлов.  «Жаңа информациялық технологиялар. Информатикадан 30 сабақ.»   242 – 380 бет.  2003 ж.
  4. Информатика образование. Журнал. № 4, 2006 ж
  5. «Мектеп информатикасы: іс – тәжірибе, проблемалар және келешегі» Халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдар жинағы. 19 – 21 қазан 2005 жыл. Алматы, 2005 ж.
  6. Интернет сайты «Google.kz» кілтті сөзі- «информатика» және «информатика-физика», «Информатика-математика» .

Информация о работе Информатика мен басқа пәндер байланысы