Visual Basic программалау ортасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2012 в 09:25, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмысы кіріспе бөлімнен, бес тараудан және қорытынды бөлімнен тұрады.
Бірінші тарауда Visual Basic ортасы және олармен жұмыс істеу тәсілдері таныстырылған. Екінші тарауға Visual Basic- те пайдаланылатын негізгі берілгендер типтері, айнымалылар және программалау құрылымдары енгізіліп, олармен жұмыс істеу тәсілдері көрсетілген.
Үшінші және төртінші тарауларда редактор мәзірін дайындау, калькулятор, сұхбаттық терезелер құру, Visual Basic ортасында жұмыс істеуге болатын түрлі қосымшаларды кірістіру, модульдік процедуралар дайындау және т.б. тәсілдер көрсетіліп, түрлі интерфейстер құрылған.

Содержание работы

КІРІСПЕ
І ТАРАУ. VISUAL BASIC ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ
1.1. Орта.
1.2 Программалық код терезесі. Оқиғалар
1.3. Таймер
ІІ ТАРАУ. ПРОГРАММАЛАУ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
2.1. Берілгендер типтері. Айнымалылар.
Стандартты функциялар.
2.2. Цикл. Циклден ерте шығу
2.3. EXE – Файл құру
ІІІ ТАРАУ. МӘЗІР ҚҰРУ. ФОРМАЛАРМЕН ЖҰМЫС
3.1. Мәзір құру және онымен жұмыс
3.2. Мәзір пункттерін орындайтын жылдам клавиштер тағайындау
3.3 Көп құжатты (MDI) формалар
IV ТАРАУ. МОДУЛЬДІК ПРОЦЕДУРАЛАР
4.1. Function типті модульдік функция құру
4.2. Sub типті модульдік процедура кұру
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

115_Visual Basic казах1.doc

— 4.24 Мб (Скачать файл)

Толық адресті Picture қасиетінің оң жағына (мән бөлігіне) енгізу үшін Properties терезесінен осы қасиетті екі рет шертіп, Load Picture терезесін ашу керек. Одан әрі

VB\wizards\Template\Finish

файлын екі рет шертсе болғаны. Формаға " Finish " суреті кірістіріліп қойылады.

3. БАСУ түймесін екі рет шертіп, ашылған код терезесіне 
процедура енгізу:

Private Sub Command l_Ctick()

Form1. PrintForm

End Sub

4.Проектіні сақтау.

5. Принтерді дайындап, іске қосу командасын беру (Ғ5). Форма көрінеді (3.20-сурет).


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.20-сурет. Finish суреті енгізілген форма

 

6. Форманың БАСУ түймесін шерту. PrintForm әдісі формада көрініп тұрған барлық объектілерді басып шығарады.

Ескерту. Код терезесіне енгізілген программаны басып шығару қажет болса. File -  Print командасын беру керек.

 

OLE технологиясы .

 

Элементтер панелінің OLE элементі аркылы формада орнатылған объектіге (OLE-объектісіне) Windows-та жұмыс істейтін қосымшалар белгішелерін орнатып, оларды формада бірден іске қосуға болады (OLE (Object Linking and Embedding - объектілерді қатарластыру және байланыстыру)). Мұндай технология OLE технологиясы делінеді, VB-ке оның OLE автоматтандыруы деп аталатын жеке түрі енгізілген. Мысалы, OLE- объектісін Word 97 мәтіндік редакторымен жұмыс істеуге пайдалану тәсілі:

1. Орталықтан жаңа  форма ашу.

2. Формада OLE- объектісін орнату. Тышқан түймесі босатылған кезде қосымшалар тізімі енгізілген Объектіні кірістіру сұхбаттық терезесі көрінеді (3.21 - сурет).

 

 

 

 

 

 

 

                    3.21-сурет. Объектіні кірістіру терезесі

3. Тізімнен Документ Microsoft Word қатарын таңдап, Белгіше түрінде (В виде значка) жалаушасын орнату. Жалаушаның астыңғы қатарында Word белгішесі орнатылып қойылады.

4.Терезенің ОК түймесін шерту. Форма ашылып, оның OLE объектісі ішінде Word белгішесі көрінеді. Алғашқы рет бірден Word редакторы да іске қосылуы мүмкін.

5. Проектіні сақтау.

6. Іске қосу командасын  беріп, көрінген форманың OLE объектісінде орналасқан Word белгішесін екі рет шерту. Word редакторы Іске косылады да. онымен әдеттегідей жұмыс істей беруге болады. Ашылған бетте құжатты толтырған соң оны сақтау үшін File — Сохранить копию как ... командасын беру керек.

Word терезесі жабылған кезде экранда форма қайта көрінеді.

 

Класс ұғымы

VB соңғы кездерде шыққан объектіге бағдарлы программалау (ОБП) тілін басшылыққа алып құрылған визуальды күрделі программалау тілі. ОБП тілінің бұрынғы программалау тілдерден ерекшелігі - ол обьект, класс принципінде құрылған. Класс - дайындалатын объект схемасы, мысалы, сұхбаттық терезелер жобасы. ОБП-да программаның тип (класс) сипаттамасында айнымалылар және олардың қасиеттері мен әдістерді қосып сипатталады. Программаға объект даналары мен ішкі иерархиялық (сәбилік) объектілердің сипатталуы енгізілуі де мүмкін. Олар класс және ішкі класс даналары делінеді. Класс пен ішкі класс объектілері бірнеше данадан тұратыны белгілі (мысалы, оқу орны, факультеттер мен кафедралар біреуден емес).

ОБП-да класс үшін мұрагерлік, инкапсуляция және полиморфизм принциптері енгізілген.

Мұрагерлік — программада негізгі класс типінің ішкі иерархиялық кластарда да сақталуы. Мысалы, оқу орны үшін негізгі класқа енгізілген класс типінің Atau : string сипаттамасы барлық ішкі кластарға тиісті.

Инкапсуляция - кластың берілгендері мен әдістерін біріктіріп, біртұтас түрінде қарастыру мүмкіндігі және оны басқа кластардың пайдалана алмауы. Мұндай класпен жұмыс істеу операторлары VB- те Private кілттік сөзі арқылы жазылған процедураға енгізіледі (инкапсуляция - қорап ішінде).

Полиморфизм - ішкі кластарға кейбір ерекшеліктерді қосу, өзгерту не алып тастау сияқты объектіні түрлі формада өзгерту мүмкіндігі. Мысалы, түрлі кластарға еніп, әр түрлі әрекеттерді орындайтын әдістерге бірдей атау беру мүмкіндігі полиморфизм делінеді (полиморфизм - көп формалық).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV ТАРАУ. МОДУЛЬДІК ПРОЦЕДУРАЛАР

 

Қосымшаны (үлкен қолданбалы программаны) дайындау кезінде көптеген формалар мен оқиғаны өңдеу процедураларын пайдалануға тура келеді. Оларда кездесетін ішкі процедуралар мен айнымалылар бірдей болуы да мүмкін. Әр программаға қайта-қайта енгізбеу үшін әдетте оларды жеке бумаға (кітапханаға) жинақтап қояды.

Мұндай буманы стандартты модуль не программалық модуль деп атайды (Паскаль модулі сияқты).

Ескеретін жайт: информатикадағы каталог және бума ұғымдарының айырмашылығы шамалы. Каталогта түрлі файлдар мен басқа каталогтар да сақталады, әдетте, бумаға тек бір облыстық файлдар енгізіледі.

Visual Basic'тe жан-жақтылық (жалпыға бірдей тағайындалатын, глобальды) модульдік процедураны дайындау үшін арналған Module терезесі бар. Онда Function не Sub типті модульдік процедура құрып, проектінің Module атаулы бөлімінде жеке файл түрінде сақтап қойса болғаны (сақталған файлға .bas типі автоматты түрде қосылып қойылады).

Жалпыға бірдей процедура  бір оқиғаға байланыссыз 
болғандықтан, оның жазылу құрылымы және сақтау тәсілі 
бөлек.

 

4.1. Function типті  модульдік функция құру

 

Модульдік Function типті функция есептеу жүргізіп, мәнін қайтарып беретін процедура. Жазылу синтаксисі:

Function <атау> ([<аргументтер>]) [As<Type>]

S

End Function

Мұндағы <атау>- модульдік функция (модуль) атауы; S - процедура (функция) денесі.  Квадрат жақшалар  ішіндегі аргументтерді (формальдіы параметрлерді) енгізу міндетті емес. Егер олар енгізілсе, үтір арқылы бөлініп жазылуы тиіс.

Функция денесіне енгізілетін  соңғы команда функция атауына меншіктеу командасы болуы керек. Программаға енгізілетін модульдік функцияны шақыру командасы бөлек жазылмай, әдеттегідей, меншіктеу командасының оң жағындағы өрнек құрамына енгізіледі.

Модульдің құрылу технологиясы:

1. Орталықты ашып, Project_Add Module командасын беру. Add Module сұхбаттық терезесі көрінеді.

2. Терезеден Module белгішесін таңдап, Ашу түймесін шерту.

Код терезесінде Module1 атаулы бос стандартты модуль кұрылады да {4.1-сурет), Project терезесіне модуль белгішесі кірістіріліп, оң жағына модульдік файл атауы көрінеді. (файлға ВБ-тің алғашқы рет меншіктеген атауы - Module1 (4.2-сурет). Ол проектіде бос модульдің құрылғандығы.

3. Module1 терезесіне модульдік функция программасын енгізу.

4. File-Save Module As командасын беріп не аспаптар панелінің осы атаулы түймесін шертіп, көрінген терезеден модуль сақталатын буманы ашу және "Файл атауы" өрісіне объектілік модуль атауын енгізіп, сақтау. Атауға автоматты түрде .bas типі (кеңейтілуі) қосылып қойылады. Проект терезесінде көрінетін объектілік модуль атауы да осы атауға өзгертіледі.

5. Қасиеттер терезесінің тақырыбын екі рет шерту не қасиеттер терезесін жауып, қайта қосу. Properties-Module1 атаулы терезе көрінеді (4.3-сурет). Ол объектілік модуль сақталған кезде автоматты түрде көрінуі де мүмкін. Стандартты модульде модульдік функция әлі кұрылмағандықтан, терезеге тек Name қасиеті енгізілген. Модуль атауы үшін алдына mod қосымшасы жазылған атауды енгізу жеткілікті (mod <amay>).


 

 

 

 

 

 

 

                                                  4.1-сурет. Модуль терезесі


                                                                                                                                                                                    


 

 

 

 

 

 

4.2-сурет. Модуль белгішесі қосылған проект терезесі

 

    1. модульдік файл атауы;
    2. объектілік (программада пайдаланылатын) модуль атауы.
  1. КҚ клавишін басу. Project, Properties және Module1 терезелерінде көрінген Module1 атауы осы атауға өзгертіліп қойылады.
  2. Проектіні сақтау.

 


 

 

 

 

 

 

 

4.3-сурет. Модуль қасиеттері терезесі

 

Мысал. Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері (а; в) белгілі. Пифагор теоремасы бойынша оның гипотенузасын (с) есептеуге арналған Pifag атаулы модульдік функция құру керек. Функция құру үшін:

1.Module1 терезесін ашып (4.1-сурет), оған мынадай программа енгізу:

Function Pifag (al, b1)

    Pifag=sqr(a1^2+b1^2) 
        End Function

2. File- Save Module As командасын беріп және көрінген терезеден модуль сақталатын буманы ашып, онда модульді сақтау (Pifag.bas).

3. Properties- Module терезесін ашып, оның Name қасиетіне modPifag атын енгізіп, КҚ клавишін басу.

4. Модульдік терезені жабу.

Мысал. Тікбұрышты үшбұрыштың катеттері белгілі (а; b). Pifag функциясын пайдаланып, оның периметрін табу керек (р = а+b+с -?).

Орындау жолы:

1. Орталықгы ашу, егер проектіде Pifag модулі жоқ болса, проект терезесін оң түймемен шертіп, көрінген контексті мәзірден Add - Module командасын беру. Экранға шыққан Add Module терезесінің Existing қондырмасын ашып, Pifag.bas файлын екі рет шерту. Модуль проектіге қосылып қойылады.

2. Форманы ашып, екі рет шерту.

3. Көрінген код терезесінде  процедура кұру:

Private Sub Form_Load()

Dim a, b, p As Single 
a=InputBox(a,"a="): a=val(a)  
b=InputBox(b,"b="): b=val(b)

p=a+b+Pifag(a,b)  
msgBox(p), , “периметр=”

End Sub

4. Проектіні сақтап, программаны  іске қосу. MsgBox (шығару) терезесінде периметр мәні көрінеді.

Программаға (процедураға) енгізілген Pifag(a,b)- осы атаулы модульдік функцияны шақыру командасы. Оның іс-әрекеті әдеттегідей: Редактор Pifag модульдік функциясын іздеп табады да, al= a , bl=b меншіктеу командаларын орындайды. Одан әрі модуль денесін орындап, есептелген Pifag мәнін өрнек ішіндегі Pifag функциясының орнына қояды.

Процедурада сандық символдардан тұратын символдық функцияны сандық тұрақтыға айналдыратын Val функциясы пайдаланылды (value — мән). Себебі кейде VB жадта сандық мәндерді символдық типте сақтайды. Ол көбінесе айнымалыларды вариант типінде сипаттауда кездеседі.

 

 4.2. Sub типті модульдік процедура кұру

Процедураның жазылу синтаксисі:

Sub <атау> ([аргументтер])

S

End Sub

Мұндағы <атау> - модульдік процедура атауы;

<аргументтер>   -   үтір   арқылы   бөлініп   жазылатын формальды параметрлер. Олар қажет болған кезде ғана енгізілуі тиіс;

S - процедура денесі.

Процедураны құру, оны  сақтау жолы 1-мысалдағы сияқты.

Негізгі программаға  енгізілетін Sub типті процедураны шақыру командасы Qbasic, Турбо Паскальдағы сияқты бөлек жазылады. Командаға енгізілетін аргументтердің типі мен саны модульдік процедурада пайдаланылатын айнымалылардың типі мен санына бірдей болуы тиіс. Тек шақыру командасында аргументтер жақшаларға алынбай жазылады.

Шақыру командасында аргументтер айнымалы не мән түрінде жазылуы мүмкін.

Мысал. Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері белгілі (а, b). Оның гипотенузасын есептеуге арналған PifagSub атаулы Sub типті модульдік процедура құру керек.

Орындау жолы:

1. Орталықты ашу.

2. Стандартты Module1 терезесін ашып, оған PifagSub модульдік процедурасын енгізу (а1, b1, с1 - формальды параметрлер):

Sub PifagSub (al, b1, cl)  
    с1=sqr(а1^2+b1^2)  
End Sub

  1. File – Save Module As командасы арқылы модульді сақтау (мысалы, PifagSub).
  2. “Properties – Module1” терезесін ашып, оның Name өрісіне modPifagSub атауын енгізу және КҚ клавишін басу.
  3. Модуль терезесін жабу.

Мысал. PifagSub модульдік процедурасын пайдаланып, тік бұрышты үшбұрыштың берілген катеттері (a, b) бойынша оның периметрін есептеу керек.

Программаға енгізілетін гипотенузаны (с) есептеуге арналған модульдік процедураны шақыру командасының нақты параметрлері жақшаларға алынбай жазылады, мысалы, PifagSub a, b, c.

Жүйе алдымен нақты a, b, c және al, bl, cl параметрлерінің типтерін салыстырады. Олар бірдей болса, al=a; bl=b меншіктеу командаларын орындап, процедураны орындауға көшеді. Одан әрі с:=с1 командасы орындалады.

Есепті интерфейс құрып шешу тәсілі:

элементі).

    1. Орталықты ашып, формада Label1, Label2, Label3, Command1 объектілерін орнату (Label өрістерін a,b,s мәндерін енгізу үшін жоспарлау. Command1 түймесі – басқару элементі).
    2. Command1 түймесі арқылы код терезесін ашып, оған процедура енгізу:

Private Sub Command l_Click()

Dim a, b, c, s

а=InputBox (a, "a=") : Label1.Caption=a

b=InputBox (b, "b=")  : Label1.Caption=b

a=val (a) : b=val (b)

PifagSub a, b, c  :  s=a+b+c

Label3.Caption=s

End Sub 

    1. Процедураны сақтап, іске қосу.

Ескерту: Егер проект құрамында PifagSub модулі жоқ болса, алдымен оны қосып алу керек.

Мысал. Сандық массивтің минимумы мен максимумы есептелетін модульдік процедуралар құрып, оларды пайдалану программасын құру керек.

Жұмыс технологиясы:

  1. Орталықты ашу.
  2. Module1 терезесін ашып (4.1-сурет), оған Fnmin функциясын енгізу:

Function Fnmin (x1, y1)

If xl<=y1 Then Fnmin=xl Else Fnmin=yl

End Function

3. Properties – Module1 терезесін ашу. Оның Name қатарына modFnmin функциясын енгізіп, КҚ клавишін басу.

4. Module1 терезесін қайта ашып, оған Fnmax функциясын енгізу:

Function Fnmax (x1, yl)

If x1>=yl Then Fnmax=xl Else Fnmax=yl

End Function

Информация о работе Visual Basic программалау ортасы