«Ақбілек» романың сабақта қолданылатын әдіс - тісілі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2013 в 01:45, курсовая работа

Краткое описание

Қазақ қыздарының бойындағы қайрат - жігері, жеңісі Жүсіпбек Аймауытовтың кейіпкерлері Ақбілек, Күнікей бойларынан терең танылады. «Ақбілек» романының негізгі идеясы Жүсіпбекке «Қартқожаны» жазу үстінде (мүмкін, одан да ерте ) түскенге ұқсайды. Өйткені, романда елімізде азамат соғысының аяқталар тұсында қызылдардан жеңіліп, оңтүстік шекараға қарай шұбырған ақ әскерлерінің жолдағы қазақ ауылдарына жасаған зорлығы, елді тонауы, қыз - келіншектерді жәбірлеуі сияқты фактілер суреттелген еді» деп Жүсіпбек Аймауытов шығармашылығын зерттеуші академик Серік Қирабаев тұжырым жасайды. Жасаушы таланты «Ақбілек» (1928) романында айқын көрінеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ..................................................................................................................3 - 5
І. ТАРАУ. Ж.Аймауытовтың әдеби мұрасы.
«Ақбілек» романындағы көркемдік жүйе......................................................6 - 8
1.2. Жүсіпбек Аймауытұлының суреткерлік қуаты...........................................8 - 10
1.3. Жекелеген бейнелердің монологтары.......................................................10 - 17
ІІ. ТАРАУ. «Ақбілек» романың сабақта қолданылатын әдіс - тісілі
2.1."Ақбілек" романы — бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры.............18 - 28
2.2. «Ақбілек» романның ағартушылық сипаты.............................................28 - 34
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................35 - 39
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................41

Содержимое работы - 1 файл

Жусупбек Аймауытов Акбилек роман.doc

— 225.00 Кб (Скачать файл)

 

   Жүсіпбек Аймауытовтың әдеби мұрасының ең салмақты саласы — прозалық шығармалар. Кішігірім әңгімелерден бастап жазушы қаламынан "Қартқожа", "Ақбілек" романдары туды.

    Ж. Аймауытовтың "Ақбілек" романы кезінде кітап болып шықпаған. 1927—1928 жылдары баспасөзде жарияланған. Тақырыбы жағынан ол "Қартқожа" романымен үндес. "Қартқожада" көтерілетін күрес, азаттық идеясы "Ақбілекте" одан әрі жалғасады.

    Романда ескі ортадағы жікшіл тартыстардан қорлық көрген қазақ қызының төңкерістен кейінгі жаңа сипатты заманның мүмкіндігіне сай өз құқығы үшін күресу жолы баяндалады. Шығарманың бас кейіпкері Ақбілек өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлерінің тұтқынына түсіп, неше қилы қорлық көреді. Елінде де алуан қиындыққа жолығады. Кейін төңкерістен соң қалаға кетіп, оқу оқып, өз бақытын табады.

     Ақбілектің басынан өтетін осы оқиғалар арқылы Жүсіпбек сол бір қилы-қыстау кезеңдегі қазақ ауылдарындағы өмір шындығын, адамдардың қилы-қилы тағдырын кең бейнелейді. Роман кейіпкерлері заман өзгерістерімен ілеседі, қоғамдағы өз орындарын іздейді. Түптің түбінде дегендеріне жетеді.

Қысқасын айтқанда, "Ақбілек" романы — бір ғана қазақ қызының  күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ  ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі.

     Патша тақтан құлап, онымен елді бірге тонасқан, қылмысқа белшесінен батқан буржуазияның да дәм-тұзы таусылып, елде жаңа өмірге бетбұрыс жасалар ма деген  үміт пен күдік аралас туған уақыт. «Ақбілек» романы сол шындықпен санаса жазылды.

     «Қартқожа» романындағы сияқты жаңа шығармасында жазушы Алтынсарин, Абай дәстүріндегі халық ағартушылқ идеяны мұрат тұтты. Қартқожа – сіңірі шыққан кедей, қайтсем адам қатарына қосыламын деген арманына оқу, білім арқасында жетеді. Ақбілек не кием, не ішем демей бұлғақтап өссе де, он бес жасында кенет сорлап қалады. Тағдыр тәлкегіне ұшырайды. Бірақ өмірде не болмайды дегендей, қайтіп шыға алмастай шыңыраудан көтеріліп, жарық күнге қайта қол созады. Ненің күшімен? Автор сол сауалға өз атынан көркем публицистка тілінде былай деп жауап қатады.

      «Ақбілек бейнеттен, қорлықтан, күнәдан құтылып, сонау жеті қат көктегі ғарышқа апарып, жүрегін алтын ілегенге салып жуғандай, анадан жаңа туғандай тәрізді. Оның жүрегін жуып тазартқан ілеген – аяулы жаны, Қаратаудай қайраты, ай мен күндей ғылым еді».

     Көріп отырғанымыздай автор рухани тәрбие – тағылымды жаңа адам баулитын ең қуатты құралға балайды. Оқысаң бақытың жанады, не қиындықтың бәрін жеңесің деген оптимистік ағартушылық көсқарасты ұстанады. «Қартқожа» романынан өзгешелігі, ғылым – білім рөлі туралы қорытындысын көркем бейнелеу құралдарын шебер пайдалана отырып жасаған. Лепті романтизмін нақты реализммен ұштастырған. Жан дүниесін сіресіп қатып қалған қалпында емес, диалектикалық даму, санның сапаға ауысуы процесінде суреттеген.

     Ақбілек образы іштей жуылу, өсіп, толысу жағынан келгенде Лев Толстойдың «Жаңғыру»  («Воскресение») романындағы Катюша Маслованы еске түсіреді.

    Катюша Маслова – князь Дмитрий Нехлюдовтың шын сүйіп, бірақ көп ұзамай суынып, обалына қалған тастандысы. Катюшаның қатты қайғырып жалап-сықтағанының арты зинашыға айналуына апарып соғады. Сорлы мүскін бірте-бірте әйел ибасы дегеннен жұрдай болады. Ескірген, былғаныш ыбылыс қоғамның іріп-шіріген сасығында бұзылудың шегіне жетеді. Жезөкшелер үйінде не жамандыққа еті өліп кеткені сондай, соттың әділ шемінін шығармағанына, каторға жазасынына кескеніне Катюша тіпті пысқырмайды да. Катюшаны әділетсіз сот үкімі емес, өзінің шаршап-шалдыққаны, қарнының ашқандығы, темекі шегуден қағылғандығы қинайды. Кінәсін мойындап аяғына жығылуға дайын тұрған Нехлюдовқа көңіл бөлгісі жоқ. Есіл-детрті – Нехлюдовтың ақшасы, темекісі мен шарабы. Сонысы болса жетіп жатыр. Өмірден әбден үміт үзген шарасыз жанның ақиқат шындыққа туралап қарауға бет жүзі шыдамайды.

      Ақбілек те ақ банды талқысына түскенге дейін жаны, тәні кіршіксіз бейбақ еді. Он бес жасар уыз қалпында тағдыр мазағына ұшырайды. Сүйгеніне қосыла алмай, ақ банды Қара мұрт офицердің арам құшағына тап болып, жан азабын кешеді. Үріп ауызға салғандай ару, айттырып қойған жігітті Бекболатпен неке қиысар күнін күтіп жүрген пәк қалыңдық болатын. Өзінің жазығы жоқ екенін біле тұра, тамұққа түскендей азап шегеді.

    «Өткен күндерді бір-бірлеп есіне түсіріп, жағалап, қара мұртқа да келді, оның түрлі қылықтары көз алдынан демде елестеп өтті. Енді мынау ағаларының ортасында ауылына келе жатқанына таң қалды; таң қалып қана қойған жоқ, өзін бейне бір арам сирақ ұрлық малындай әкесіне арам жегізетіндей көрңіді. Енді бұрынғы нәрестедей уыз денесі былғанып, арамданып қалған тәрізді; күнә-сұмдықты білмейтін ақ жүрегі арамдықтың неше атасын біліп бұрынғы қыз басы қатын боп қалған тәрізді: бұл былғанған дененің кірі, жанның күнәсі өмірі тазармайтын тәрізді. Өз аулының тауына, жеріне жақындаған сайын таза жерді басуға өзінен-өзі ұялып, атылып өліп кетпей, қара мұрттың мылтығына бекер-ақ жармасқам екем деген өкініш пайда болады; ит жалап кеткен ыдыстай, өзінің денесін де, демін де арам деп білді...»

      Романда үшінші жақ пен бірінші жақтан қосарлана берілетін ішкі монолог – психологиялық талдау түрі негізгі бейнелеу құралына айналады. Кейіпкердің ішін ашады, әлем тапырығы шыққан ойын жазбай айналады. Жазбай түзеді, ішкі сөз ағымына ерік береді. Автор қиғаны өз атынан әңгімелеп отырса да көбінесе кейіпкердің тілімен, оның түсінігіне орай сөйлейді. Сөз толқыны сыртқы оқиғалар барысын суреттеуден кейіпкердің ішкі әлеміне ауысады.

     Ақбілектің қиналысы қапастан таза ауаға шықсам дейтін тұтқын қиналысындай. Кейіпкердің ішін улаған морльдық дерт қолайлы жағдай туғанда жазыла бастайды. Әкесінің үйінен де қуылып, босағасында күнелтіп жүрген Ақбілекті қалада қызмет істейтін ағатайы Төлеген алып кетіп оқуға түсіреді.

     «Жаңғыру» мен «Ақбілек» романдарын үндестіретін пафос-адамның адам қалпында жүруі үшін жаңа ортаның керектігін жырлау. Катюша мен Ақбілектің замандары әр түрлі. Ақбілек заманы түзелуіне қарай бой жазып, оқу оқып, білімге қол артып, бұрынғы қайғы қасіретін ұмытады. Катюшадан және бір өзгешелігі, не қиындыққа төтеп береді. Бұзық жолға түспейді, моральдық инабатты кейпінен айырылмайды.

    Өзінен-өзі жиіркенген Ақбілектің адам санатына қосылғаны жаңа ортаға кіргендігінен екені романда мейлінше иланымды көрсетілен. Кейіпкердің іштей түлеуіне өзінің де белден ұят-ты жұрт көзіне қалай көрінемін дейтін жегідей жеген ойларының күдікке, қайшылыққа толы толқыныстары да аз әсер етпеген. Ақбілектің жаңғыруын көңілге қонымды көрсете білуі жазушының реалистік психологизм өнеріне жетіктігіне айқын дәлел.

     Лев Толстойдың Катюшасы да каторгадағы революционерлер арасында жүріп іштей жуылып жаңарады. Мәселе төңкерісшіл Симонсонға тұрмысқа шығуға келісім бергендігінде ғана емес. Саналы көзқарас деңгейіне көтерілгендігінде.

     Орыстың ұлы суреткері қоғамда өзгеріс жасалуын құптайды. Бірақ ескі қоғамды қопарып, талқандап таста демейді. Лев Толстой орыс революциясының айнасы десек те, күштеу, зорлық-зомбылық саясатын қолданбаған. Халықты жаңа жолға түсіп жаңғыруы үшін қан төгу барып тұрған жәдігөйлік, адасып арам жолға түскендік деп есептеген. Жауыздықты зорлықтама деген. Қазақ жазушысына келсек, ол револоюцияға көшпенді ел тұрғысынан қарайды, төңкерістің жақсылық жаңалығын құба-құп алады, жамандық жаңалығына теріс айналады. Бұл романның жалпы үрдісінен де, жеке қаһармандарының көзқарасынан да білініп отырады.

     Роман бір-бірімен тығыз байланысты екі жоспарда өрістейді. Күнделікті шұбатылған оқиғалар бір жүйеде, бас кейіпкердің жан дүниесіндегі ағыл - тегіл процесс  екінші жүйеде қоса қабат бейнеленіп оырады. Шығарма төрт бөлімнен құралады. Біріншісі – Ақбілектің ақ бандылардың торын тұтылуы, одан құтылып, еліне оралуына арналса, екінші бөлімі – Ақбілектің айттырылып қойылған жігіті Бекболаттың бандыны қуып жарақат алып қалада емханада емделуіне, емханадан шыққан соң ел зиялыларымен бірге қалыңдығы Ақбілектің ағасы Төлегеннің үйіне қонақтыққа жиылған зиялы топпен бірге отырысқа қатысуына,  үшінші, «Қайғы» бөлімі – ауылға оралған, Қара мұрт әпесерден жүкті боп қалған Ақбілек мүскіннің өгей шешесінен туған әкесі Мамырбайдан, т.б. көрген қорлығына, төртінші, «Махабат» бөлімі арада бес жыл өткен соң танымастай өзгеріп құлпырған Ақбілектің жаңғырып ел қатарына қосылу қуанышына арналған.

    Күнделікті оқиғалардың барысында Ақбілектің қасіретті жүрегінің құбылыстары суреттелуімен бірге, сол кездегі қоғамның сана- сезімінің дәрежесі айқындалады. Романның екінші бөлімінде  автор зиялы қауым өкілдерін Ақбілектің продком ағасы Төлегеннің үйінде  меймандыққа жинап, олардың аузымен қоғамның зәру проблемаларын  қозғайды,  қозғауға қатысушылардың психологиялық портретін  жасайды. Амандық- саулық сұрасқандарына, темекі тартқандарына дейін тәптіштеп мінездейді. Бас- басына сөйлетіп, қазақ оқығандарының  есепқор, бірін- бірі аңдығыш, аяқтан шалғыш, күндегіш мінездерін суреттейді. Зиялы қауымның дүниетанымын ашады.

    Шақырылған үйдің табалдырығын қонақтардың бәрінен бұрын аттаған Ықаң (Ыстыбай) – қазақтың ескі оқығандарының бірі. Адвокат болған. Керенский  тұсында – Құрылтай мүшелерінің тізіміне іліккен. « Арақтың йілігін көрген», «Орыстан қатын алған». Ондай адам қазақ ішінде кездеспеген. Бірақ бұл «жаңа адамға» автордың іш тартпайтыны мына келемеш детальдан- ақ көрініп тұр. «Ықаң шылымын тартқанда әуелі аузын толтырып,  түтінді жөдемелдете будақтатып жібереді. Оны көргенде Бекболаттың көзіне кешке таман басына күл шашқан бұқа елестеді».

    Ықаң сияқты Тыпаң да ( Тышқанбай) балшабек келген соң, басынан дәулет құсы ұшқан кісі. Тесік таба білетін ептілігі бар.

    Авторлық көзқарасқа бұлар дала қазағының не күйде жатқанына самарқаулығы  үшін жек көрінішті. Ықаңа «ел сөзінен гөрі бір рүмке арақ кәдірлі еді».

     Бұлардан соң табалдырық аттаған «кемесерлердің» де оңып тұрғаны шамалы. Арақ ішу жағынан қамшы  салдырмайды. Көзқарастары ала- құла. Тек тостарында бірауызды: «Жасасын, сәбет өкіметі!» Екінші жағынан ұмтылысты  Балшебекке , үшіншісін, қазақ автономиясына  арнап, Ақаңды судай сіміреді.

     Зиялы топ бас- басына сыпатталғанда жаңағы  ұрандардың шын- өтірігін  айыру қиынға соғады. Автор бірте- бірте  белсенділердің  әрқайсысының қоясын атқарады. Үй иесі Төлегеннің жинаған жиһазы байлардан тоналған мүлік. Оның қонақ шақырудағы мақсаты, Ақбілекті бандылардың алып кетуіне көмектескен Мұқашты болыстыққа сайлатқызбау екені белгілі болды.

     Романның соңғы жағында Ақбілекке үйленетін, киімі де қоңырлау, жүріс- тұрысы да  солапаттау Балташ – уезд бастығы. «Ең зиянды элемент», « нашардың қиынын сорған» деген сөздеріне қарағанда кәмесерлердің ішіндегі солақайы. Атқарып жүрген жұмысына да жеткіліктігі байқалмайды. Финотдел бастығы «бірдеңештейн кеткен соң, басын бір сипап:

  • Шортты знат! Сыболыштар қайдағы жоқ пәлені тауып, ақша алады,- дейді».

Аузынан шыққан әр сөйлемінің  аяғындағы екі сөзді  қайтара  айтатын Доға

     -Әбен байдың құйыршығы. Жорғалатып сөйлейтін Жорғабек шешендердің әрқайсысының астына бір- бір көпшіктен лақтырып, сөзін белгілі бір қорытынды шығармайтындай етіп аяқтайды. Бұлардан ерек тұрған – «қошқар туған  қозыдай келбетті» Ақбала, « губревком члені». Уездегілерге күшті шешен көрінеді. Күшті шешенге  баланатыны, белгілі қағидаларды  шыт жаңа етіп, сөйлей біледі. Бірақ « Жер жүзінде әлеуметшіл төңкеріс болмай тұрғанда, бір мемлекетте социализм орнатуға бола ма?»,  «Қазақ капитализм дәуірін  кешіре ме,  социализмге бір- ақ секіріп өте ме?» деген сұрақтарға нақты жауап қайтара алмағанына қарағанда, асып- тасып бара жатқан ештеңесі жоқ сияқты. Бұл жерде авторлық талап та артығырақ қойылған: жиырмасыншы жылдарың екінші жартысы болса бір сәрі, НЭП- ке дейіңгі  кезеңде ел алдына жеке алынған бір елде социализм орнату мәселесі күн тәртібіне қойыла қойған жоқ- ты.

    «Губревком члені» бойдақ. Ақбілекті ұнатады. Ақбілек те теріс емес. Жасаған баяндамасын тыңдап, көңілі ауады. Бірақ Ақбала біраздан соң бастапқы ниетінен айниды. Ақбілектің басынан кешкен сұмдығын  естіп кері шегінеді.

    Бұлардың арасына ауруханадан шығып, көлденеңнен киліккен Бекболат саяси сөзді естуге құлағы топас екен, сөз  көбейген сайын басы қатып бара жатқан соң тысқа шығып кетеді.

    Исі қазақтың, бүкіл Қазақстанның тағдырымен байланысты іргелі проблемалар қозғалған романда білек сыбанып атқа мінген дәуір қаһарманы биігіне «кәмесерлердің» қай- қайсысы да көтеріле алмаған. Ондай мақсатты алдына қоймаған да. Жоғарыда айтылғандай, алған тақырыбы жана заманның елді, адамды жаңғырта алатын күшін айғақтау еді. Сол тақырыбы Ақбілек бейнесі  арқылы әдемі шешілген. Ақбілек адамды итжеме ететін  жағдайдан босанып, өз бетімен тіршілік  құратын адам қатарына қосылып қана қоймайды. Еліне күйеуі Балташ, ағасы Төлегендермен демалысқа келгенінде қарап жүрмей, ауыл әйелдеріне  хат танытпаққа тырысады. Орыс талқылаған қызын Мамырбай танымай қалатындай. Бұйығы, ұялшақ, сызылған, мұңайған Ақбілектің ізі де қалмаған. «Қаланың не қасиеті бар» деп таңданады. Тынықсаңшы, сол қатындардан не шығады, деп жүрсің деген әкесіне:

    - Әке- ау, заман оқығандікі ғой! – дейді.

Шағын ғана көрініс- жаңа өмір нышаны. Қоғамдық ояныс белгісі. «Ақбілек баяғы емес, өзгерген, өнер тапқан, жетілген, ысылған, әйелдерге көсем болған». Романның шындықты айна- қатесіз айтып тұрғанына кәміл сенесің.

      Романның композициялық құрылымы, ішкі монолог, хат жазу, арыз түсіру,  күнделік, түс көру, т.б. пішіндерді еркін пайдалану жиырмасыншы жылдардың  басындағы Қазақ елінің әлеуметтік қыртыс- қабаттарын, ұлттың кейпін мол көрсетуге мүмкіндік берген.

Информация о работе «Ақбілек» романың сабақта қолданылатын әдіс - тісілі