Армян жазулы қыпшақ ескерткіші «төре бітігі» тіліндегі «төре», «бітік» сөздерінің семантикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 06:57, научная работа

Краткое описание

Қазақ елінің тарихы, ғылым-білімі тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап мәдени жазба мұраларды зерттеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізумен толықсып келеді. Бүгін де еліміздің ел басқару, заң шығару істерін ертеден-ақ әділ жүргізуді маңызды деп білгенін тарихи құнды мұралардан байқаймыз. Бұған мысал – армян жазуымен жазылған орта ғасырлық қыпшақ ескерткіші − «Төре бітігі − Армяно-кыпчакский судебник 1519-1594» деген атпен белгілі.

Содержимое работы - 1 файл

Толстой-лигвист.doc

— 78.50 Кб (Скачать файл)


 

                                                                                                                   Толстой Ақтипан,

Еуразия ұлттық университеті,

«Түрктану» кафедрасының

2 - курс магистранты

 

АРМЯН ЖАЗУЛЫ ҚЫПШАҚ ЕСКЕРТКІШІ «ТӨРЕ БІТІГІ»

ТІЛІНДЕГІ «ТӨРЕ», «БІТІК» СӨЗДЕРІНІҢ

СЕМАНТИКАСЫ

 

Қазақ елінің тарихы, ғылым-білімі тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап мәдени жазба мұраларды зерттеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізумен толықсып келеді. Бүгін де еліміздің ел басқару, заң шығару істерін ертеден-ақ әділ жүргізуді маңызды деп білгенін тарихи құнды мұралардан байқаймыз. Бұған мысал – армян жазуымен жазылған орта ғасырлық қыпшақ ескерткіші − «Төре бітігі − Армяно-кыпчакский судебник 1519-1594» деген атпен белгілі.

Орта ғасыр дәуірінде қазіргі орталық Қазақстаннан бастап, Дунай өңіріне дейін қанатын кең жайған Дешті Қыпшақ мемлекетінің қуаты мен жүргізген саясаты Еуразияны мекен еткен елдердің ел басқару жүйесіне арқау болған. Бірақ Еуропаға үстемдік еткен қыпшақтардың билік істері өзге елдің құқықтық істеріне, заң нормаларына сондай-ақ салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарына нұқсан келтірмегені байқалады.

Бүгінде қолымызға жеткен құнды мұра «Төре бітігі – Армян-қыпшақ сот ісін жүргізу кодексі» көлемі жағынан аса ауқымды әрі құрылымы терең. Бұл жәдігер Арменияның Ереван қаласындағы дүниежүзіне белгілі Месроб Маштоц атындағы Ежелгі қолжазбалар институты Матенедаранда сақталған. Бұл кітап кіріспе, зайырлы заңдар жинағы және көбінесе іс жүргізу сипатты қосымша баптар секілді үш бөлімнен тұрады. Поляк және қыпшақ нұсқаларының зайырлы баптарының басым көпшілігі мен кіріспесі Мхитар Гоштың 1184-1213 жылдары жазған Заңдар жинағының тиісті баптарын сөзбе-сөз дерлік қайталайды.

«Төре бітігінің» транскрипциясын және орыс тіліне аудармасын жасап, ғылыми аппаратқа дайындаған белгілі ғалым А.Н. Гаркавец, ал қазақ тіліне аударған академик Ғ. Сапарғалиев.

              Аталмыш еңбектің жазылу тарихына және армян жазулы қыпшақ ескерткіші деп аталуына А.Н. Гаркавец былай түсіндіреді. Бұл заңды армяндар Польша королі Сигизмундқа бекіттіру үшін латын тілінде жазып тапсырады. Бірақ ол кезде латын тілін халық түсіне бермегендіктен заңды 1523 жылы поляк және қыпшақ тілдеріне аударып табыс еткен. Кітап тілінде де “Tilinden ermeniniŋ latingä čıχargandır, latindän pol’skiygä, a pol’skidän bizim tilgä, χaysı ki bašlanıyır bu sözlär bïlä” деп жазылған. Дешті Қыпшақ мемлекеті өзге елдерге үстемдік ете отырып, қыпшақ тілін ұлыс аралық мемлекеттік тіл етіп бекіткен. Әрі көп ғасырлар бойы саудамен қатар халықтардың өзара мәдени алмасуына зор ықпал еткен Ұлы Жібек жолының қатынас аралық тілі болды.

              Армян және поляк тіліне алма кезек аударылып, сол елдердің жазба жәдігеріне айналған бұл еңбек не себепті «Төре бітігі» деп аталған? Көне түркі тілінде бұл сөздің ұғымы да, мағынасы да құқықтық нормадағы қамтыған ауқымы да кең болған. Ғ. Сапарғалиевтың әділ билігін айтуға қатысты жазбаларынан мысалдар келтірсек. «Төре бітігінің»: “Тағы да жарғы деген не, кімдерге жарғышылық жүктеледі және кімдерге жарғышылық етуді тапсыруға болады” деген бесінші ережесінде: “Жарғы – барша істерді тергеу..., жарғышы сауатты, дана, ақылды болу керек.., барша адамдардың мінезін біліп, жарғыны әділ шығару керек..., Тәңіріге лайықты білімділік қажет. Себебі жарғышылық ету – Тәңірінің ісі”, - деп жарғышыны құдайдың құдіретімен тең қарастырады. Ал алтыншы ережеде “Жарғышы пара алмауы керек.., Тәңрі айтты, бет ажарына қарамаңыз, әділ жарғылық етіңіз.., Жарғышы төрелікті жалғыз атқармасын, көпшілікпен атқарсын, егер мүмкін болмаса, екі немесе үш жақсы және білімді адамдармен төрелік етсін. Төреге келгендерге екі немесе үш куә керек болғандай, төрелік дұрыс болу үшін жарғышыларға да сенімді адамдардың куәлігі қажет” делінген. Мұндағы жарғы, жарғышы, төрелік сөздері көне түркі заманынан бері қалыптасқан сот әділдігін жүргізуде қолданылып келген.

«Төре бітігі» жәдігеріндегі “төре”, “бітік” және “жарғы” деген терминдердің қазіргі қазақ тіліндегі қолданысы мен этимологиясына назар аудару жазба ескерткіштің канондық мұра екенін дәлелдейтіні анық.

“Төре” деген атау қазіргі кезде қазақ қоғамындағы әлеуметік топ деп аталып жүр. Шыңғыс ханның ұрпақтары төре саналған. Олар қазақ руларына қосылмайтын өз алдына дербес қауым болып саналған. Төрелер өздерін ақсүйек қатарына жатқызған. Хандар тек Төрелер арасынан сайланды. Төрелер әкімшілік және сот билігін жүзеге асырды. Сонымен қатар олардың соғыс кезінде жасақ құрып, оған қолбасшылық ету құқы болды [1, VIII, 475].

Алайда қарастырып отырған жұмыста төре сөзінің этимологиясын Севортян және Көне түрік сөздіктерінде бірнеше заң терминдерінің атауы ретінде қолданылатындығы көрсетілген.

Клаусон төре сөзін “traditional, customary, unwritten law” (қалыпты, жазылмаған құқық) ретінде түсіндіріп түркілердің пұтқа табынушылық кезеңіне тән саяси термин деп анықтаған. Сонымен қатар бұл терминнің түпнегізі моңғол тілінен екендігін көрсетеді. Төре сөзі моңғол тілінде төр (törü) үкімет, құрылым, ереже (заң), тәртіп, билік, династия деген мағыналарды береді [2, III, 245].

Доерфер моңғол тілінің дереккөзін фонологиялық тұрғыдан да қарастыра отырып төре сөзі Көне түркі тілінде, ұйғыршада және Құтты білікте моңғол тіліндегі мағыналар аясында қолданылғанын көрсетеді. Törä немесе оған фонетикалық формасы ұқсас келетін töre, düre, tura, türe сөздері Кодекс Куманикус пен Мәмлүк жазбаларында қолданылған.

Көктүрік тілінде “әдет, ғұрып, салтанат” мағынасында қолданылған törü сөзі жазбаларда 11 жердің 6 жерінде il мен бірге қолданылып басқа 5 жерде тағы il сөзімен байланысқан. Бұл Түркі елінің байлығын төренің байлығына байланысты болғандығын көрсету болса, екіншіден törü халықтың құқығы мен бостандығын ретке келтіру үшін Көне Түркінің әлеуметтік және құқықтық өмірін реттейтін маңызды ережелер мен нормалардың жиынтығы деген анықтама берілген.

Хакас тілінде төре термині тöре – 1. дала заңы; кәдуілгі заң, хакас халқының тәртіптік қағидалары; 2. тәртіп, тәртіп ережелері; 3. билік; 4. Тәж (билік белгісі); хан-тöре патша тәжі; 5. (шор) округ басшысы [3, 154].

Төре сөзі қазіргі қырғыз тілінде төрө – 1. Қожайын; шенеунік; маңғаз (ірі шенеунік), бай мырза; төрөлөржө - шенеунікше; ал көне мағынасы бюрократ деген ұғымды берген [4,514].

Ал «Төре бітігіндегі» “төре” сөзінің қолданылу ерекшелігіне тоқталайық.

törä I сот

Yänä bir kimesä kimesäni törägä ündätmägäy voyttan ötläš da, turup törä alnïna, bir kimesäniŋ üstünä gile etkäy, anïŋkibik povod χalïr džurum  12 aχča törägä(ТБ,ДС 45, 177).

Егер біреу біреуді войт арқылы шақырмай төренің алдына келіп, біреудің үстінен арыз айтса, ондай арызшы төреге 12 ақша айып төлеуі керек (ТБ, 706).

Мұнда аудармашы сөздің түпнұсқасын аудармада бергенмен мағынасы сот екендігі айқын.

törä II  заң

Bu ištä bu yol bilä etmaχ keräk yarγuda, nečik yazilgan törädädir, 3 haftadan 3 haftadır viloẑeniy törä (ТБ,ДС 6, 167).

Бұл мәселе төреде (заңда) қалай жазылса, сол жолмен жарғыда қарау керек: үш аптадан кейін үшінші аптада жоспарлы («выложенный») төре  (ТБ, 701).

törä III құқық

Yänä bilgaysiz, ki här yïl svatïy Andeşy künündän nečik nemičlarnïŋ Agventi bašlančïr, ančaχ bizim Dznuntka dirä ol kündän vïlozeniy törä bolmas bolma, da ne bir övlär üsnä zapis etmä, ol  künlär čïxmïyïn, leč χonaχtöräsi ya anïŋki potrebnïy, χaysï kišigä utru, ki emin bolmagay, anïŋkibik törä bolur bolma (ТБ,ДС 50, 179).

Тағы да біліп қойыңыз, әр жылы әулие Андрей күнінен қашан поляктардың Иса Мәсіх Туғаны оразасы басталады, сол күннен біздің Иса Мәсіх Туғанының күніне дейін жоспарлы төре болмайды, және ол күндер бітпей және үйлердің үстінен жазу жүргізілмейді, бірақ қонақтың құқығына байланысты немесе қажет болғанда кісі өлім халінде жатқанда, ондай төре болуы мүмкін (ТБ, 707).

törä IV (сот) отырыс

Yänä törädä olturgan vaχtta voyt bilä, nečä ki törä uzaχ olturuptur, da ne χadar ki aχča yïγïlsa šepšeniktän da zapislardän, da kimesä, ki töränïŋ alnina yaŋïlgayi  bu aχčalarni 3 ülüš etmäχ keräk (ТБ,ДС 9, 168).

Тағы да войтпен төреде отырған уақытта төре отырысы қанша ұзақ болса да, бажға және жазулар үшін және төренің алдында кім жаңылса, содан қанша ақша жиналды, бұл ақшаларды үш үлеске бөлу керек (ТБ, 701).

törä V төреші

Gileyinä körä da dzuvapina körä töräči buyurganin buyurgay neniŋ üsnä toχtar uču išniŋ ne türlü ki alnïna stronalar töräläštilär bolgay učka čïχmaga (ТБ, 121к, 160).

Арызына қарап және жауабына қарап төреші бұйрығын бұйырсын, сонымен төрелікке алдына келген тараптардың даулы ісі тоқтар және аяқталсын (ТБ, 121б, 698).

Бітік (көне түркі тілінде бітіг- жазу) – орта ғасырлар кезеңінде түркі тектес халықтарды билеген хандардың өзге мемлекет басшыларына жолдаған хаттары; мемлекеттік ресми актілердің бір түрі. Нұсқаулық-жосындық әдіпте түзілетін хан жарлықтарынан ерекшелігі – бітіктер тек екі ел, көрші мемлекеттер арасында әртүрлі байланыс орнату, сауда-саттық ісін, жер дауын, елші жіберу мәселелерін, т.б. дипломатиялық жолмен шешу ниетін ғана баяндайды. Еуропаның ғалымдары хан жарлықтарын да, бітіктерді де “грамота” деп жинақтай атаған. И. Халвин, С. Вахидов, Х. Файзханов, Ш. Мұхаммедьяров, ғалымдар бітіктердің мазмұндық сипатына, стильдік, лексикалық және орфографиялық ерекшеліктеріне айрықша мән бере отырып, “хан жарлығы”, “сүргелі жарлығы”, “бітіктер” деп жанрлық түрге бөледі. Құжат мәтінін қағаз бетіне түсіру үшін қаллиграфиялық жазудың, негізінен, Дешті Қыпшақ заманында кеңінен таралған сүліс, диуани нақыштарын пайдаланған. Өйткені бұл жазу өркениетті ел дәулетінің, салтанаттылықтың рәмізі ретінде бағаланған әрі тәжірибелі шебер, таңдаулы бітікшінің ғана қолынан келетін өнер саналған. Құжаттың сауатты жазылуына тікелей жауап беретін болғандықтан, мәтіннің соңында хат жолдаушы әміршіден кейін бітікшінің аты-жөні көрсетіледі. Сарайдағы бек, мырзалар дайын хаттың мазмұнын тексеріп шыққаннан кейін ғана таңбаларын басқан. Одан соң уәзір оқып, дұрыстығына көз жеткізіп барып, кейін ханның құзырына ұсынған. Ол мөрін, яки, әр түрлі сөздер бедерленген алтын тамғасын басып, бекіткеннен кейін ғана ресми заңды құжат ретінде тіркелген. Сонымен қатар құжат мәтінін бастау, азат жолдан жалғастыру, ашық жиек қалдыра жазу,  хат жолданатын адамдардың лауазым-дәрежесіне қарай әр түрлі пішімдегі, мәтіндегі мөрлерді басу реті де қатаң сақталған. А.С. Демин түркі тектес халықтардың билеуші хандар мен әміршілердің осы үрдісі кейін орыстардың мемлекеттік құжаттарды жазу ісіне үлгі-өнеге болды деп тұжырымдайды.  [1, II, 519-520] 

Бітіг сөзі Түркі тілдерінің этимологиялық сөздіктері бойынша төмендегідей мағынаға ие болады.

1.                        хат (письмо) – бұл мағына азербайджан, татар, башқұрт, чуваш тілдерінен басқа барлық түркі тілдерінің дереккөздерінде кездеседі [ДТС]. Құтті Білікте де бітіг сөзі хат мағынасында қолданылған [ҚБ, 351]. Ал бітіг+ші сөзі хатшы мағынасын білдірген. İlig yarlıkamış bitig birle söz. Okıdım bitigin yaruk boldı köz. ( Билеуші жарлық шығарыпты. Жарлықты оқып көзім жарқырады. )Бұл мысалдан бітікшінің жазғаны әрдайым хат болмағаны байқалады [ҚБ, 3732]. Мұндағы yarlıkamış сөзімен бірге қолданылған bitig сөзі жарлық мағынасын беріп тұр.

Төре бітігіндегі

2.                        кітап (книга) – мағынасы сары ұйғыр, қарайым, алтай диалектілері мен түрік диалектілерінде ұшырасады [ДТС; Zen., ]..

3.                        құжат (документ) – түрік диал., сары ұйғыр, алтай диал. кездеседі. грамота – алтай және алтай диал.; өсиет (завещание);

4.                        бірдеңе жазылғандай (что-л. написанное) – Zen., жазба (надпись) – ұйғыр, лобнор говорларында [ДТС; Zen., ] жазу, тіркеу (запись) – татар диал.; әдебиет (литература), қолжазба (письменность) – хакас, тува;

5.                        бойтұмар (амулет) – түрік диал., тарар, татар диал., башқұрт, чуваш;

6.                        қаріп (буквы) – хакас тіл диалектісінде (кызыльский);

және басқа да бірнеше мағына береді [7].

Бити – сөзі тохардың pīdе “ол жазды” және pīdaka “құжат”, “грамота” сөздерімен және үндіевропа дереккөздерімен теңдестіріліп ғана қоймай гректің сөзіне де қатысы бар екені анықталған. Бірақ Г. Дёрфер түркінің битиг ~ битик санскриттің pitaka тохардың pīdaka «құжат» сөздерін салыстыра қолданған тәсілдер артық деп есептейді және түркі тілдеріндегі қолданысына қарап автор оның нақты морфологиялық құрамы бар деп ойлайды [6].

              Бити сөзін тұңғыс-маньчжур тілдері тобындағы эвенк, ороч, орок тілдерімен салыстыра қарасақ жоғарыда көрсетілген мағыналардың аталмыш тілдерде де кезігетіні байқалды. Мысалы: эвенкіше бичи- жазу: бит’ик ~ бичик (< монг). 1. хат; 2. құжат; орочша битиγэ ~ битхэ (битихэ) 1. хат; 2. қолжазба; 3. грамота; 4. қағаз, құжат; және т.б.Ал моңғол тілінде бичиг(бітіг, bičig) сөзі көнеден бері қолданылып келеді. Қазіргі монғол тілінде жазу дегенмағынаны береді [2, I, 248].

Бит(и) - сөзіне зат есім тудырушы – м жұрнағы жалғану арқылы «келісім» мағынасын беретін қырғыз тілінде бүтүм, қазақ тілінде бітім сөзі бар. 

Ал бит-/bit- түбіріне назар аударсақ ол шығыс түркі тілінің bytmak жәнеbitmekетістігінің түбірі және пит- / pit- өзбек дилектісінде бүт-/büt- ұйғыр тілінің түбірі екені белгілі [7, 155].

Бити-/biti- Севортянның этимологиялық сөздігінде алтай диалектісі екендігі кеңінен зерттелген. bitü- [TS, 620] пити-/piti - ұйғыр диалектісі, битик (пүтүк)  – письмо; книга [8, 229];  піді- көне ұйғырша; бичи-/biči – алтай диал., карагасша; бижи-/biji тувинше (тувинский); пичи-/piči- алтай диал.;

-ү- формасындағы түбір дауысты алғашқы жағдайлармен екінші б-~ п-дауыссыздарының әсерінен екінші рет өзгеруі. Бастапқы б-~ п-соңғы -и ~-ү дауыстының әсерінен 1. жазу– барлық дереккөздерде бар. тіркеу, тізімге енгізу; 2. түсіру (көшірмесін) 3. сызу; 4. құру; 5. тағдырын анықтау; Ертеректе  1. мағына болған 4 және 5 мағына битиг~битик зат есім тудырушы діни-мәдени мағынаға сәйкес аналог бойынша қалыптасқан. В. Радлов, Г. Рамстедт және В.П. Васильева сынды зерттеушілердің тұжырымдауынша бити- к түркі тілінде, pi<piĕtқытай тілінде «кисть», «кисточка» (қылқалам). В. Банг морфологиялық құрылымны бити- : бит-и--и- етістік тудыратын аффикс.

Информация о работе Армян жазулы қыпшақ ескерткіші «төре бітігі» тіліндегі «төре», «бітік» сөздерінің семантикасы