Махмұт Қашғари. (ХІ ғ.)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 16:03, реферат

Краткое описание

Жүсіп Баласағұнның замандасы, Қашқарияда дүниеге келгенмен, бүкіл саналы ғұмырын Қазақстан, Орта Азия жерлерінде өткізген. Негізгі еңбегі «Диуани лұғат ат-түрік» («Түркі сөздерінің жинағы») деп аталады. Түркі халқының ХІ ғасырда өмір сүрген аса дарынды перзенттерінің бірі Махмұт әл-Қашқари. күні бүгінге дейін ғалымның туған жылы белгісіз. Оның атақты шығармасы «Диуани лұғат ат-түрік» 1072 немесе 1078 жылдары жазылған деп шамалап жүр.

Содержимое работы - 1 файл

Реферат-Махмуд Кашгари.docx

— 14.09 Кб (Скачать файл)

Махмұт  Қашғари.

(ХІ  ғ.) 

      Жүсіп Баласағұнның замандасы, Қашқарияда дүниеге  келгенмен, бүкіл саналы ғұмырын  Қазақстан, Орта Азия жерлерінде өткізген. Негізгі еңбегі «Диуани лұғат  ат-түрік» («Түркі сөздерінің жинағы») деп аталады. Түркі халқының ХІ ғасырда  өмір сүрген аса дарынды перзенттерінің бірі Махмұт әл-Қашқари. күні бүгінге  дейін ғалымның туған жылы белгісіз. Оның атақты шығармасы «Диуани лұғат  ат-түрік» 1072 немесе 1078 жылдары жазылған деп шамалап жүр.

      Махмұт  Талас-Шу алқабындағы Барысхан қаласында  туған. Ұйғыр ғалымдары Махмұт Қашқариды  «Қашқари» есіміне қарап, ұйғыр  әдебиетінің өкілі, тек ұйғыр  халқының перзенті деп жазады. Бұл  пікірдің негізсіз екендігін автордың өз сөзіне қарағанда ол ортағасырлық әскери басшы, белгілі бек отбасынан, яғни, оғыз ортасынан шыққан. Сондықтан  да Махмұт Қашқари – тегі жағынан  ұйғыр емес, оғыз-қыпшақ тайпасынан шыққан Орта Азия мен Қазақстанды  мекендеген түркі халықтарының ортақ  перзенті. Сол себепті де оның шығармасы  да ортақ қазына, ортақ классикалық  мұра екендігін ескерткен жөн.

      Сөздік  тек ғана тіл білімінің мәселелеріне арналған еңбек ғана емес, сонымен  қатар ғылымның көптеген салаларынан  хабардар ететін сан-салалы еңбек болып  табылады. Еңбекте Орта Азия мен  Қазақстан халықтарының әлеуметтік және мәдени өмірінің әр алуан салаларынан  мәлімет беретін құнды туынды.

      «Диуана лұғат ат-түрк» - түркі халықтарының тамаша ескерткіші болып табылады. Сөздікте адамгершілік, тәлім-тәрбие, психологиялық қасиеттер, адамның  бойында кездесетін жағымды және жағымсыз мінез-құлықтарға сипаттама  береді.

      Махмұт  Қашқари түркі тілдерінің түрлі  говорлары (жергілікті тілдік ерекшеліктер) жайлы айта келіп, мысал ретінде  берген сөздерінің ішінде қазіргі қазақ  тілінде де айна-қатерсіз қолданылып жүрген төмендегідей сөздерді де ұшыраттық. Мысалы: «арық, ақыр, қар, қара, азық, қозы, қыз, қашты, көмді, білді, тірілді, өлік, су, ат, топырақ». Соған қарағанда, қазақ  тілі түрккі тілдері тілінде ата  сөздерін көп сақтаған таза тілдердің  бірі деп әбден болады.

      Махмұт  Қашқаридың «Жинағы» күні бүгінге дейін  дүние жүзі ғалымдарының назарын  аудартумен келеді. Орыс зертетеушілерінен  бұл шығарма жайлы өз ойларын  айтқан негізінен В.В:Бартольд, С.Е.Малов  және А.Б.Халидов болды.

      Махмұт  Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» әскери, махаббат, эллегия, табиғат  секілді тақырыптармен қатар, моральдық, этикалық, тұрмыстық, мифологиялық оқиғаларды да сөз етеді.

      Махмұт  Қашқаридың аталған шығармасында да әл-Фарабидің рационалистік және гуманистік идеяларының іздері айқын  көрінеді.

      Түркі елі әдебиетінің ренессанстық дәуірінің  бастапқы кезеңіне жататын осы бір  үлкен классикалық шығарма. Қазіргі  қазақ тілінің негізін, әдебиеттік арнасының көзін танытатын мәнді  де, маңызды, түркі халықтарының мақтанышы  болған құнды мұра, жазба әдебиетіміздің тұлғалы шығармасы. Қазақстанды  мекендеген көптеген түркі тайпалары  қалдырған ортағасырлық ортақ мәдениет үлгісі.

      «Жинақта» тәлім-тәрбие, дидактика, өсиет, адамгершілік, ұрпақ тәрбиесі, ізгілік туралы ой-пікірлер айтылады. Мәселен, «Атасынан ақыл алса, тентек ұл да жөнделер», «Ұлысында ұлы  болсаң, біліміңді елге бер», «Асығыс  еткен іс шала, асығыс жаққан от шала», «Ұлым, ақыл тыңдасаң, білімсіздік жоғалар, білім қалар артыңда, ғұмыр сырғып жоғалар».

      Сөздікте  ерекше тәлімдік-тәрбиелік, ғибарттық  мәні бар мақал-мәтелдер мен қанатты  сөздер жиі кездеседі: «Ақылымды  ал, ұлым менің, рақымшыл бол, әулетіңнің ағасы бол, ақылшы данасы бол, білгеніңді ортақтас…» , «Ұлым менің, ақыл сенің  серігің», «Ашу-ыза ақылыңды алады, мажыма мылжың дүниеңді тарылтады».

      Сөздікте  қаншама адамгершілікті, рақымшылдықты, дәріптейтін тәлімдік ой-пікірлер орынды берілген:

      «Даналардың сөзі – ақыл, зер салсаң, зердеңе  қонар», «Рақымшыл болсаң, менмен болма», «Рақымың болмай мақтансаң, қиын-қыстауда қиналарсың», «Туғаныңның мәртебесін өсіргің келсе, сый-сияпат көрсет…» 
 

 

                                       №45 бейімделген орта мектеп    

     

      РЕФЕРАТ 

    «Махмұт Қашғари»    

                               Орындаған: Абдуллина Диана

                             Тексерген: Нуржанова Гүлжанат  
 
 
 

                                      
 

                                             Өскемен 2011 жыл   

Информация о работе Махмұт Қашғари. (ХІ ғ.)