Американдық менеджменттің артықшылықтары мен кемшіліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 09:42, реферат

Краткое описание

ХХ ғасырда өндірісті басқару функциясының күрделене түсуі басқаруды рационализациялау әдістері мен құралдарын пәрменді ізденуді тудырады. Ұйымдастыру мен басқару мәселелерін зерттеуге орасан зор қаржы жұмсалды. Бизнесті, оның табиғатын, мақсаттарын қоғамды ролін, басқару іс-тәжірибесін зерттеу алдынғы орынға ие болды. Ғасырдың бас шеніндегі елеусіз перифериялық пәннен ол әлеуметтік ой-пікірдің негізгі бағыты, АҚШ-тың жетекші қоғамдық және ғылыми институтына айналды.

Содержимое работы - 1 файл

Американдық менеджмент.doc

— 47.50 Кб (Скачать файл)

  Американдық менеджменттің  артықшылықтары мен  кемшіліктері

 

     ХХ ғасырда өндірісті басқару функциясының күрделене түсуі басқаруды рационализациялау әдістері мен құралдарын пәрменді ізденуді тудырады. Ұйымдастыру мен басқару мәселелерін зерттеуге орасан зор қаржы жұмсалды. Бизнесті, оның табиғатын, мақсаттарын қоғамды ролін, басқару іс-тәжірибесін зерттеу алдынғы орынға ие болды. Ғасырдың бас шеніндегі елеусіз перифериялық пәннен ол әлеуметтік ой-пікірдің негізгі бағыты, АҚШ-тың жетекші қоғамдық және ғылыми институтына айналды. Ел дүние жүзінде басқару мәселелерін зерттеуде озат тұғырда болды. АҚШ-та жаңа концепциялар ұсынылған жүздеген қомақты кітаптар, мыңдаған журнал статьялары басқару мәселелеріне арналады. Басқару теорияларын көп түрлілігі, концепциялар мен ұғымды айырмашылықтар басқару процесін жанөжақты зеттеу мен бұл саладағы білімдердің даму процесін ұдайы жетілдіруге түрткі болады. Әйтсе де американ басқару теориясының көп турлілігі сонша, жөн табу өте қиын. Осы себептен көптеген авторлар ұғымдар мен категорияларды түсіндірудің жалпы принциптерін анықтау мен негізгі бағыттарын екшелеуге талаптанады.

      Біздің ойымызша, ең дұрысы екі негізгі мектепті бөлу болып табылады. Олар: Ф. Тэйлор негізін қалаған «ғылыми менеджмент» мектебі және Э. Мэйо мен Ф.Ротлисбергердің есімімен байланысты «адамдық қатынастар» мектебі. Бұл екі шоқтығы биік концепциялар арасындағы талас, Олар алға тартқан принциптерді жинақтау әрекеттері жаңа ағымдардың пайда болып, дамуына себеп болды «Ғылыми менеджмент мектебі» американдық басқару теориясының тарихи бірінші бағыты болып келеді оны «классикалық» не болмаса «дәстүрлі» мектебі деп атайды ол туралы біз ертеректе айтып кеттік. Жоғарда аталған авторлардан басқа А. Файоль, Л. Гьюлик, Л. Урвик, М. Фоллет, Р.шелтонның және т.б еңбетерінің қосқан үлесі зор.

     А.Файоль  әкімшілікке «жалпы көз карасты  қалыптастыруын, әкімшілік теориясының  кецбір прициптарын тұжырымдауға  талаптанған алғашқы теоретиктердің  бірі болып танылған.

    «классикалық  жүйе түрінде Гьюлик-Урвиктің  ұйымдастыру принциптерінде көрсетілген Гьюлик  « POSDCRB» деген атқа ие болған әкімшіліктің  7 негізгі элементін ойлап тапқан.

      Классикалық  басқару теориясына  әкімшіліктік ұйымдастырудың идеалдық  типі теориясы жақын. Оның авторы  неміс социологы М.Вебер бұл теорияны «бюрократия» деп атаған. Американдық теоретиктер көпшілігі, Вебердің ұйым иоделінің эвристикалық маңызын жоғары бағалай отырып, оны басқарудың тек формальды ұйымдастыру жағын ғана қарастырған деп сынайды. Шынында, Вебер идеалды ұйымнан ауытқуларды «идиосинкразия» деп қарап, теоретик үшін оның ешқандай қызығы жоқ деп айтқан.

      Веберлік идеалды ұйым типі  әдетте нормалар жүйесі ретінде  түсіндіріледі. Одан ауытқу жүйенің  тиімділігін төмендететін дисфунция болып табылады. Жоғарыда айтқандай, менежмент теоретиктерінің көпшілігі, Веберге қарағанда, тіркелмеген заңдылық күші жоқ қатнастар, бейресми іс-тәжерибе ұйымның іс-әрекет ету (жұмыс істеу) тиімділігіне елеулі ықпал етеді деп жорамалдайды.

     «Классикалық»  мектепке тән адам факторын  жете бағаламау, адамның мінез-құлқының себептері туралы түсініктерде немқұрайды қарау өткір сынға алынады. Ол американ басқару теориясындағы екінші негізгі мектеп – «адамдық қатнастар» немесе «адам мінез-құлқы» доктринасының пайда болуына себеп болды. Бұл мектептің зерттеу тақрыбы өндіріс процесіндегі адамдардың мінез-құлқының (жүріс-тұрысының) психологиялық себептері, «толық қатынастар» , «топтық нормалар» , «дау-жанжал иен ынтымақтастық» мәселелері, «коммуникациялық барьерлер кедергілер,» бейресми (тіркелмеген) ұйым» болды.

     Бұл  мектептің көптеген өкілдерінің  арасында негізін қалаушылар – Элтон Мэйо мен Фриц Ротлисбергерден басқа, ең алдымен Массачусетс институтының технологиялық индустральды басқару мектебінің профессоры Дуглас Макгрегорды, Иель  университетінің профессоры Крис Арджиристі, Мичиган университеті әлеуметтік зерттеулер институтының директоры Ренсис Лайкертті атап өткен жон. Дәстүр бойынша Э.Мэйодан бастап, Гарвард университеті социологтарының үлкен тобы «адамдық қатнастар» мәселелерімен жүйелі түрде айналысты. Бұл мектептің шығуы әдетте «хоторн эксперименттерімен» байланысқан. Алайда бұл бағыттың қалыптасуында Мэри Паркер Фолеттің зертеулері де маңызды рөл атқарады. Ол басқарудың психологиялық аспектілерін ғылыми зерттеу қажеттілігін негізделген тұңғыш теоретиктердің бірі болды. Фоллет көзқарастарын АҚШ-та ұзақ уақыт бойы мойындалмады. Фоллет басқару теориясы адам табиғаты (шығу тегі) мен оның мінез-құлық себептері туралы интуициялық түсініктерге емес, ғылыми психологияның жетістіктеріне негізделуі тиіс екендігін дәлелдеді. Фоллет алғашқылардың бірі болып «жұмысшыларды басқаруға қатыстыру» идеясын ұсынады және «мүдделердің нағыз ортақтығы» атмосферасын жасауды жақтайды.

     «Адамдық  қатнастар» мектебінің концепциялары  Э. Мэйо мен Ф.Ротлисбергердің  еңбектерінде жүйелі түрде берілген. Олар жұмыстың өзі мен өндіріс процесіне «таза физикалық талаптар» қоюдың мәні жұмысшының өндіріс процесіндегі әлеуметтік және психологиялық жағдайы және көңіл-күйімен салыстырғанда төменірек екендігін дәлелдейді.  «Адамдық қатынастар» доктринасының (ілімінің) негізгі мазмұнын қорыта келсе, қазіргі заманғы американ теоретиктері оны үш ережеге бағыттайды:

   1. Адам  – «әлеуметтік организм».

   2. қатаң  бағыну иерархиясы, ұйымдастыру  процестерін белгілі бір қалыпқа  келтіру «адам табиғатымен» үйлеспейді.

   3. «Адам  мәселесін» шешу – бизнесмендердің  ісі.

     «Адамдық  қатынастар» доктринасы ұйымының  бейресми аспектілерін мұқият  ескеру қажеттілігін, еңбек өнімділігін  арттырудың жаңа құралдарын ойлап  табуды алға қояды. Оларға, доктринаға сәйкес, «қызметкерлерді оқыту-ағарту» да, «еңбекті адамгершіліктеу» де жатады. «Адамдық қатынастар» идеологтары топтық құндылықтар еңбекті ғылыми ұйымдастырудың ең маңызды шарты дей келе, «топтық қатынастарды» зерттеп-білуге басты назар аударды. Олар басқару міндеттерін жұмысшылардың жекелей күш-жігерін ынталандырумен шектейтін тейлоризмді сынайды, жеке адамды емес, топтарды ынталандыру қажеттілігін дәлелдейді.

     «Адамдық  қатынастар» теоретиктерінің еңбектерінде  басқару мен ұйымдағы адамдардың  мінез-құлық себептердің талдаудың және ұйымдастыру принциптерін қарастыру көп орын алады. Осы орайда Р.Лайкерт пен Ф.Герцбергтің жұмыстарын сондай-ақ Д.Макгрегордың концепцияларын («Х теориясы» , «У теориясы») атап өткен жөн.

     Үшінші  негізгі мектеп – «эмпирикалық». Бұл мектептің теоретиктері американ корпорацияларымен тікелей байланысқан, ірі менеджерлер немесе фирма кеңесшілері (консультанттары) болып табылады. Сондықтан да оның өкілдеріне прагматикалық, іс-тәжерибелік мәні бар ұсыныс-пікірлерді негіздеу мақсатында басқару практикасын сипаттама зерттеу – тән екендігі таңқаларлық емес. Бұл мектептің көрнекті өкілдері – П.Друкер, Р.Дэвис кішіА.Слоун, А.Чандлер, У.Ньюмен және т.б. Олар теориялық зерттеулерді практиға әдетте өсиет, нұсқау, ережелер, менеджер жұмысының жарғысы түрінде ұйымдық басқару принциптерін анықтау жолымен жақындатуға ұмтылады. Екінші жағынан, олардың еңбектерінде екі негізгі мектептің басты идеяларын жинақтауға ұмтылыс көрініс тапқан – «классикалық» принциптер негізінде еомпаниялардың ұйымдастыру  құрылымы мәселелері, адамдардың іс-әрекнтін ынталандыру, коммуникация мәселелері және т.б жөнінен ұсыныс беруден басқа басқарудың социометриялық және психологиялық аспектілерін қарастырады.

    «Әлеуметтік  жүйелер» мектебі бұрынғы басқару концепцияларына сыни баға берумен басқару ісінің жаңа тәжірибесін теория жүзінде жинақтап қорытуға тырысады. Бұл мектептің аса көрнекті өкілдері Ч.Барнад, Г.Саймон, Ф.Слезник және т.б. болып табылады. Олар тұтас жүйемен жүйе бөлікткрінің ара-қатынасы  мен өзгермелі факторлардың  басым көпшілігінің өзара тәуелділігіне басты назар аудара отырып басқаруды ұйымдастыру мәселелеріне жүйелі көзқарасты қалыптастырған. Негізгі методологиялық ұғым байланыс немесе  «байланыстырушы процестер» түсінігі болды. Үш негізгі байланыстырушы процесс: коммуникация, тепе-теңдік және шешім қабылдау анықталды. Өндірістің басты біріктіретін факторы мақсат болып саналды. Бұл мектептің өкілдері кез-келген ұйымның сағат механизіміне де, қоғамға да тән тұрақты элементтерін анықтауға тырысады. Бұл ұмтылыс әлеуметтік процестерде талдауға кибернетиканы , математикалық әдістерді және т.б. қолдануға сүйенеді. Бірақ «әлеуметтік жүйелер» мектебін алға қойған негізгі мақсаты универсалды және ұйымды басқаруының нормативті теориясын жасау болды. Сонымен бірге оның жекелеген өкілдерінің көзқарастарындағы елеулі алшақтықтарды көрсеткен жөн.

      Ал  Ф.Слезник болса, айнымалы  факторлардың ұйымдастыру жүйелерінің  мақсаттары мен міндеттеріне  жасайтын әсеріне көп көңіл  қояды, мақсаттары әр түрлі ұйым мен топтарды біріктіретін механизмдерге елеулі назар аударып, даму мен ұйымның өзара байланысы мәселелерімен көп айналысады.

     Және, сайып келгенде, бұл мектептің  индустриалды (өнеркәсіптік) әлеуметтану  саласындағы зертулермен айналысқан  теоретиктерінің ерекше тобын атап өткен жөн. Бір жағынан, өндіріс ұйымының бәсеке қабілеттігі, үнемділігі, шапшаңдылығы мәселелерінің маңызы арта түсті. Бұл оның сыртқы, жылдам өзгеретін ортадағы жағдайларына мұқият талдауды алға қояды. Өндірістік ұйым анағұрлым жалпы ұйымдастыру ортадағы жүйе ретінде қарастырылды. Оның тепе-теңдігі сақталуы ұйымның нарықты экономика жағдайында «тірі қалуына» бірде-бір себеп болады.

     «Басқару  ғылымының жаңа мектебі» өз  міндетін дәл мғылымдар аппараты  мен әдістерін басқару ісін зерттеуде қолдану деп жариялайды. Оның өкілдері негізінен, ең жаңа математикалық әдістер мен техникалық құралдарды шешімдер қабылдау процестерінде қолдануды зерттеумен айналысады. Бұл мектептің алға қойған мақсаты-шешімдердің ұтымдылығын арттыру. Бұл мектептің әр түрлі ағымдары ішінен «опирацияларды зерттеу», «жүйелік талдау», «жүйелердің жалпы теориясы», эконометрика және т.б бағыттарды бөліп көрсетуге болады.

     Оның  өкілдері ретінде Л.Берталанфи, А.Рапопорт, Р.Акофф, У,Клейн, Л.Клин, А.Гольдбергер, В.Леонтьевті және т.б. атауға болады.

     Бұл мектептің өкілдерінің бір тобы тағы бір концепцияны тұжырымдады. Оның мәнін экономикалық процестерді математикалық модельдеу мен сандық баға беру құрайды. Осының нәтижесінде шаруашылық жүргізуді талдау мен программалау әдісі ретінде эконометрика шықты.

     «Жаңа  мектеп» аясында кибернетика мен автоматты басқару теориясымен байланыс жасалғандығын ерекше атап өту керек. Ол жүйелік тәсіл деген атқа ие болды. Оның басты міндеті ұйымның тұтастай тиімділігін арттыру болды, оған бүкіл элементтерінің жеке тиімділігін жақсарту арқылы жету мүмкін емес.

     Жүйелік  тәсілдің (көзқарастың) мәні төмендегідей:

     1. Басқарумен байланысты қандай  да бір іс-әрекеттің басталуына  дейін мақсаттарды тұжырымдау  және олардың иерархиясын белгілеу;

     2. Қойылған мақсаттар тұрғысынан  альтернативті жолдар мен әдістерін  салыстырмалы талдау жолымен  ең жоғары нәтижеге ие болу;

     3. Мақсаттарға және оларға қол  жеткізу, құралдарға сандық баға  беру, оның іс-әрекеттің барлық  мүмкін және жоспарланған нәтижелеріне жан-жақты негізделуі қажет.

     Тұңғыш  рет АҚШ-та әскери мақсаттарға  қолданылған жүйелік талдау соңыра  өндірістегі басқару іс-тәжерибесінде  де кңінен тарады.

     Жоғарыда  келтірілген негізгі бағыттар  мен мектептерге шолу жалпыға бірдей басқару теориясының болмайтындығын көрсетеді. Одан басқа, басқару мәселелері саласында зерттеулердің дифференциялануы күшейгені байқалады. Сонымен бірге, бірыңғай концепциялары бпзасында әр түрлі мектептер иен бағыттардың бірігу тенденциясы да барған сайын айқын көрінеді. Оған дәнекер болған жайттық көқарастың дамуы.

     Тұнғыш  рет айналымға «басқарудың жайттық  теориясы» ұғымын енгізген Р.Моклер  және тағы басқа зерттеушілер  әр түрлі басқару теорияларын  біріктіру ниетімен емес, басқару  теориясын басқару іс-тәжерибесі бағытында дамыту ұмтылыстарының салдарымен түсіндірді.

     Жайттық  көзқарас туралы американ басқару  теориясының дерлік барлық негізгі мектептерінде сөз болды, басқарудың барлық элементтерін – ұйым құрылымын, ұйымдағы адамдардың топтық іс-әрекеттерінің, әр түрлітиптері мен жайттарды категориялауды, басқару стильберін, әр түрлі басқару әдістерінің топтар мен индивидтердің мінез-құлық, жүріс-тұрыстарына ықпалы және т.б. зерттеуде сипат алды. Ұйымдағы адамдарды басқарудың универсалды принсиптерін тұжырымдаудан қайтып, әр жайтқа қарай басқару әдісін, стилін қолдану керектігін насихаттады. Қазіргі кезде американ басқару теориясында жайттық көзқарас басым және жетекші роль атқаруда.

     Ақыры  соңында, басқару ең алдымен  өнер, сондықтан да белгілі бір ереже-қағидаларға, заңдылықтар мен нормаларға бағынбайтындықтан басқару ғылымы болмайды және болуы мүмкін еместігі дәлелдейтін американ зерттеушілерін де еске сала кеткен жөн. Теорияның мәнін теріске шығара отырып, олар басқару мәселесін жеке қабілеттілігіне және эмпирикалық жолмен игерілген дағдыға әкеп тірейді. Бұл көзқарастың әйгілі өкілі С.Одиорне болып табылады.

       

Информация о работе Американдық менеджменттің артықшылықтары мен кемшіліктері