Өзіндік құн: түсінігі және сипаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 14:58, курсовая работа

Краткое описание

Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе
Негізгі бөлім
Бөлім 1. Өндіріс шығындары және өзіндік құн.
1.1. Кәсіпорын шығындары түсінігі және олардың түрлері
1.2 Өнімнің өзіндік құнының қалыптасуы және мәні
Бөлім 2. Өнімнің өзіндік құнын талдау.
2.1 Өзіндік құнды жоспарлау және өнімді өндіру шығындарының
классификациясы
2.2 Өнімнің өзіндік құнын талдау
2.3. Өнімнің өзіндік құнының бағаны анықтаудағы рөлі
Бөлім 3. Өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары.
3.1. Еңбек өнімділігін арттыру
3.2. Өндіріс процесінде қолданылатын шығындарды азайту
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

Өзіндік құн түсінігі және сипаты.docx

— 43.65 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Радиотехника  және байланыс колледжі

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

Тақырыбы: Өзіндік құн: түсінігі және сипаты

 

 

                                                         Орындаған: Бопырбаева М

                                                          Тексерген:

                       Баға:

                      Күні:

 

 

 

 

Семей 2012

Мазмұны

 

 

 Кіріспе 

 Негізгі бөлім   

 Бөлім 1. Өндіріс  шығындары және өзіндік құн. 

1.1. Кәсіпорын шығындары түсінігі және олардың түрлері 

1.2 Өнімнің өзіндік  құнының қалыптасуы және мәні  

 Бөлім 2. Өнімнің  өзіндік құнын талдау. 

2.1 Өзіндік құнды  жоспарлау және өнімді өндіру  шығындарының   
  классификациясы  

2.2 Өнімнің өзіндік  құнын талдау 

2.3. Өнімнің өзіндік  құнының бағаны анықтаудағы рөлі  

 Бөлім 3. Өнімнің  өзіндік құнын азайту жолдары.    

3.1. Еңбек өнімділігін  арттыру 

3.2. Өндіріс процесінде  қолданылатын шығындарды азайту  

Қорытынды 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары  нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы  түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің  өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып  табылады.  

Материалдық құндылықтар  өндірісі, тауар саудасы, сонымен  қатар қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет  етеді. Бұл қолданылған ресурстар  соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.  
 Аталған шығындар, өнім және қызмет көрсетуге аударылған, өзіндік құнға қосылғандар оларды өткізу бағасында өткеріледі. Осылайша, өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді. 

Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған  барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік  құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік  құн сол кәсіпорын шығынының  жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын  өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.  

Курстық жұмыс барсында қарастырылатын тақырыптар: өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құныны түсініктіеріне жалпы сипаттама; өзіндік құнынын  талдау; өнімнің өзіндік құнын  калькуляция баптары бойынша  топтау; өнімнің өзіндік құныны негізінде  өнімге баға белгілеу; өнімнің өзіндік  құнын азайту жолдары.

Өзіндік құн – ол қызметті көрсету мен өнімді өндіру және өткізумен  байланысты кәсіпорынға өндірістік және коммерциялық қызметті жүзеге асыруға  қажетті өндірістік факторлар шығындарының ақшалай мәні.

Баға құрамындағы шығындар бағаның мүмкін төмен деңгейінің шегін белгілейді.

Өндіріс көлеміне байланысты кәсіпорынның (фирманың) барлық шығындары  екі түрге бөлінеді – тұрақты  және өзгермелі. Тұрақты және өзгермелі  шығындардың екеуіне де тиесілі  аралас шығындар да бар.

Калькуляция - тауар (қызмет) бірлігінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорынның өндіріске және тауар (қызмет) бірлігін өткізуге кеткен шығындарының ақшалай формасын айқындайды.

Шығындардың калькуляциялық баптары бойынша топтастыру негізінде  оларды экономикалық элементтер бойынша  жалпылау қағидасы жатыр. Мұнда өндіріс  пен өнімді өткізумен байланысты және басқарушылық сипаттағы шығындар ерекшеленеді.

Бөлім 1. Өндіріс шығындары  және өзіндік құн.

Өндіріспен және өндірістік өзіндік құнды қалыптастырушы шығындарды есептеу 1996 жылы бекітілген Бухгалтерлік есеп стандарттарымен сәйкес жүзеге асырылады.

Өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) өндіруге кеткен шығындар олардың экономикалық мазмұнымен сәйкес келесі элементтерге топтасады:

- материалдық шығындар;

- еңбек төлемі шығындары;

- сақтандыруға аударымдар;

- құралдардың тозуы;

- басқа да шығындар.

«Материалдық шығындар»  элементінде шикізат пен негізгі материалдарға; сатып алынатын бұйымдарға, жартылай полуфабрикаттарға, қосалқы материалдарға, өндіріс қажет ететін отын және электрқуаттылығына кететін шығындар көрсетіледі.

Еңбек төлемі шығындары құрамына келесілерді жатқызады: еңбекақы, сый-ақы; ынталандыру және өтемдік төлемдер; натуралды төлем ақы ретінде берілетін өнім құны және т.б.

«Сақтандыру аударымдары» элементінде бюджетке аударылатын әлеуметтік салықтың көлемі көрсетіледі (21%).

«Құралдардың тозуы» элементінде негізгі өндірістік қорларды толық қалпына келтіруге кеткен амортизациялық аударымдардың сомасы көрсетіледі.

Басқа да шығындар құрамына табиғи азаю шегіндегі жетіспеген сома, өндіріс ақауы, құрал-жабдықтарға қызмет көрсету, тасымалдау шығындары, өзіндік құнның басқа элементтеріне жатпайтын өндірістік сипаттағы өндірістік емес шығындар жатады.

Элемент бойынша топтастыру негізінде еңбектік және материалдық ресурстар балансы құрылып, артықшылықтар немесе қамтамасыз етілмеу жағдайы байқалады. Фирма немесе кәсіпорын деңгейінде шығындардың мұндай топтасуы өндірістік қорларды жоспарлауға, кадрлік саясатты жасау үшін (қысқарту, қайта мамандандыру және т.б), еңбекақы қорының ұтымды пайдалануына, орташа жалақы деңгейін бақылауға, өндіріс қуаттылығының деңгейін анықтау үшін қолданылады.

Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өндірістік өзіндік құнына енбеген шығындар есептік кезеңдегі шығындар деп есептелінеді.

Калькуляциялану кезінде өнімнің өзіндік құнына ену әдісі бойынша шығындар тура және жанама болып топтасады.

Тура – өнімнің белгілі бір түрін өндіруге қатысты шығындар.

Жанама (үстемелі) – жанама жолмен үлестірілетін басқарушылық сипаттағы шығындар және олар бір уақытта өнімнің бірнеше түрімен байланысты болады. Мәселен, өндірісті басқару мен ұйымдастыруға байланысты – жалпы әкімшілік шығындар; несие бойынша пайыздар төлемі; тауарлық-материалдық қорларды өткізу шығындары.

Кәсіпорын өз тауарларына (қызметтеріне) ең кем дегенде өндірістің барлық шығындарын өтей алатын бағаны белгілеуге тырысады.

Шығындар кәсіпорынның коммерциялық саясатына елеулі түрде әсер етуі мүмкін.

Шығындары төмен кәсіпорын кез-келген нарықта жоғары бәсекелестік басымдылыққа ие болады. Ол бәсекелестерге қарағанда төмен баға белгілей алады және бұл баға бойынша сезімталдарды тартатындықтан басқаларға қарағанда жоғары сату көлеміне ие болады.

Керісінше, шығындар деңгейі жоғары болған фирма, жоғары бағада төлем жасай алатын сатып алушыларды иемденетін нарықтың қуысына бағытталған лайықты-мәртебелі (жоғары) баға саясатын құрады.

Тиімді баға саясатын жүргізгісі келетін кәсіпорын өнімді өндіру мен өткізуді бастамас бұрын, өзінің шығындар деңгейін өндіретін тауарлардың (қызметтердің) мүмкін баға деңгейімен салыстыруы керек.  

1.2 Өнімнің өзіндік құнының  қалыптасуы және мәні

Калькуляциялау  – өнім, жұмыс және көрсетілетін қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды. Өйткені ішкі резервтерді уақтылы ашуға және өнімнің өзіндік құнын одан әрі түсіндіруге, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Калькуляция өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда және оған, нарықтағы сұранысты есепке ала отырып, жұмысқа, көрсетілетін қызметке негізді баға белгілеуде қолданылады.

Қазіргі заманға экономикалық әдебиет калькуляциялауды өнімнің  жеке түрлері бірліктерінің өзіндік  құнын экономикалық есептеу жүйесі деп белгілейді.

Калькуляциялаудың міндеті  – шығындардың оның көтеруші бірліктерге, яғни өткізуге, сондай-ақ ішкі тұтынуға арналған өнімнің, бірлігіне қанша  болатынын есептеу.

Калькуляциялаудың түпкілікті нәтижесі – калькуляцияны ұсыну. Өнімнің, жұмыстың және көрсетілетін қызметтің  өзіндік құнын калькуляциялаудың  әртүрлі түрін айқындайды.

Жоспарлы калькуляция  еңбек шығындарының озық және одан әрі техникалық өрлеуді, өндіріс  пен еңбекті ұйымдастыруды жақсартуды көрсететін өндіріс құралдары негізінде  жоспарланатын кезеңге арналып  жасалады.

Жоспарлы калькуляцияның бір түрі – сметалық калькуляция; оны бір рет шығатын бұйымға  немесе жұмысқа, тапсырыс берушілермен есептесу, баға белгілеу және басқа  мақсаттар үшін жасайды.

Жобалық калькуляция –  келешектік калькуляцияның бір түрі, олар күрделі қаржының, жаңа техниканың және технологияның тиімділігін  анықтау үшін қолданылады. 

2.1 Өзіндік құнды жоспарлау  және өнімді өндіру шығындарының    
  классификациясы

Шығын есебі мен калькуляциялау тәсілдерінің түрлері

Шығынды есептеу мен калькуляциялау тәсілін кәсіпорын өз бетінше  таңдайды, өйткені жеке жағдайлардың бірқатарына: саланың кімге тиесілілігіне, қолданылатын технологияға өнім ассортиментіне және т.б. байланысты.

Өнімнің өзіндік құнын  калькуляциялау әртүрлі тәсілдермен  жүзеге асады. Калькуляция тәсілі –  калькуляциялық бірліктің өзіндік  құнын есептеп шығару үшін қолданылатын әдістердің жүйесі. Өнімнің өзіндік  құнын калькуляциялау тәсілін талдау өндіріс түріне, оның күрделілігіне, бітпеген өндірісі бар-жоғына, өндірістік циклдің ұзақтығына шығарылатын  өнімнің номенклатурасына және т.б. байланысты.

Шығынды есептеу мен калькуляциялау тәсілдерін 3 белгі бойынша топтастыруға болады:

  • шығын есебі объектілері бойынша: - процестік;
              • бөлістік;
              • тапсырыстық;
  • шығын есебінің толықтығына қарай:

- толық өзіндік құнды  калькуляциялау;

- толық емес өзіндік  құнды калькуляциялау;

  • шығындар есебі мен бақылаудың оперативтілігі бойынша:
  • нақты өзіндік құн есебі;
  • нормаға сай шығындар есебі.

 

 2.2 Өнімнің өзіндік құнын  талдау

Калькуляциялаудың процестік тәсілі. Өзіндік құнды калькуляциялаудың процестік жүйесі біртекті немесе шамамен ұқсас, бірдей өнімді сериялап немесе жаппай өндіретін не болмаса үздіксіз өндірістік циклі бар өндірісте қолданылады. Процестік тәсіл көбіне өнеркәсіптің кен өндіруші энергетика салаларында қолданылады.

Калькуляциялаудың бөлістік тәсілі. Бұл тәсіл кеңінен тараған. Ол технологиялық процестің жеке сатыларында бастапқы шикізатты қайта өңдеу жолымен өнім алатын барлық кәсіпорында қолданылады. Калькуляциялау объектісі ретінде бөліс деп аталатын өндіріс кезеңі болғандықтан, бұл тәсіл бөлістік деп аталды. Мұндайды жартылай өнімді шығарумен аяқталатын технологиялық процестің біткен бөлігі бөлістік деп түсіндіріледі. Жартылай өнімнің бөлінуі оның өз пайдалану бағыты  бойынша, яғни басқа жаққа өткізілуі мүмкін болған жағдайда жүзеге асырылады.

Калькуляциялаудың тапсырыстық тәсілі. Бұл тәсіл бұйымға, жеке жұмысқа немесе көрсетілген қызметке ашылған өндірістік тапсырыстың калькуляциялаудың объектісі болып шығуына байланысты аталды. Тапсырыстық тәсілде нақты өзіндік құн тапсырыс аяқталған соң анықталады, бұган дейін барлық шығындар бітпеген өндірісті құрайды. Тапсырыстық тәсілдің кемшілігі мынада, күрделі, қайталанбайтын немесе сирек қайталанатын тапсырыстарды дайындағанда материалдық және еңбек шығындарын мөлшерлеуді ұйымдастыру қиын, нормаға сай калькуляцияны жасау мен өндіріс барысындағы шығындарды алдын ала бақылауды жүзеге асыру қиындайды.

Толық өзіндік  құнды калькуляциялау. Біздің тәжірибемізде толық өзіндік құнды калькуляциялау дәстүрлі түрде жүргізіледі. Толық өзіндік құн бойынша есепте шығындар тұрақты, өзгермелі, тікелей және жанама деліліп бөлінуіне қарамастан, өнімді өндіру мен сатуға байланысты кәсіпрынның барлық шығындары кіреді. Өнімге тікелей жатқызуға болмайтын шығындарды әуелі жауапкершілік орталықтарына бөледі; сосын таңдалған бөлу базасын өнімінің өзіндік құнына сайма-сай көшіреді.

Толық өзіндік құн негізінде  кәсіпорын басшысы өнімнің пайдалылығы  мен шығындылығы, болашақта оны  өндірудің мақсатқа сәйкестілігі туралы тиісті тұжырымдар жасайды.

Толық өзіндік құн бойынша  есептеу жүйесінің біздің пікірімізше, бірқатар жақсы жақтары мен олқылықтары  бар. Толық өзіндік құн бойынша  есептеудің тиімді жақтары:

    • ҚР-нда қолданылып жүрген қаржылық есеп пен салық салу жөніндегі нормативті актілерге сәйкестік;
    • Аяқталмаған және дайын өнімнің құнының байыпты бағалау

Есептеудің бұл жүйесінің  елеулі оқылықтарына мыналарды жатқызуға  болады:

Информация о работе Өзіндік құн: түсінігі және сипаты