Халық педагогикасы – тәрбиенің қайнар көзі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 14:31, доклад

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпыадамзаттық қазыналар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасау», - деп ерекше атап көрсетілген. Осы заңның 8 – ші бабында : «Білім беру мекемелеріндегі тәрбиелеу бағдарламалы этномәдениет элементтерімен байытылады», - делінген.

Содержимое работы - 1 файл

халық педагогика.doc

— 45.00 Кб (Скачать файл)

   Халық педагогикасы – тәрбиенің  қайнар көзі 

   Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында:  «Білім беру жүйесінің басты міндеті  – ұлттық  және жалпыадамзаттық  қазыналар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасау», - деп ерекше атап көрсетілген. Осы заңның 8 – ші бабында : «Білім беру мекемелеріндегі тәрбиелеу бағдарламалы этномәдениет элементтерімен байытылады», - делінген.

    Жас ұрпақты тәрбиелеуде ең берекелі, ең парасаттысы – халықтық педагогика. Халық педагогикасы – халық түйген тұжырымдар, ғасырлар бойы сұрыпталған тәжірибелер. Бұл туралы ұлы педагог К. Ушинский: «Халықтық тәрбиенің тәжірибелерінен тыс жерде педагогика да жоқ,педагог та жоқ.», - деп орынды айтқан болатын.

    Этнопедагогика  – тек халық даналығы, халықтың ойы тілегі, адамгершілікті тәрбиелеу бастауы ғана емес, ол осы халықтың қайнар көзі, жаратылысының тамыры.

    Қазіргі таңда жастар арасында бой алдырған жағымсыз қасиеттер мен сүреңсіз іс – қылықтардың етек жаюы –  халықтық тәрбиеден қол үзіп бара жатқанымыздың нәтижесі екені даусыз. Жас ұрпақтың санасына батыстық құндылықтар мен нормалардың, тұрмыс – салт үлгілерінің ықпал ете бастағаны да жасырын емес.

    Академик  Г.Н.Волков: ”Батыстан келген бұл  рухани апаттан жастарды аман алып қалудың жолын қарастыруымыз керек. Ол әр халықтың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиесінде қалыптасқан, түрлі сындардан өткен, халықтың бай тәжірибесіне сүйенген халықтық педагогика болмақ” – деп тұжырымдайды.

     Есту  қабілеті бұзылған балалардың қалыптасып дамуында өздері күнбе – күн көретін, сезінетін заттары мен құбылыстары, оқиғалары ерекше орын алады.  Бұл заттар тұрмыстық бұйымдар, бұл құбылыстар – үлкендер үлгі-өнегесі. Үлкендер өнегесі –біздің ұлттық педагогиканың негізгі түп-тамыры.  
 

   

   

     
 

     

     
 
 

     

   

     
 
 

     
 

     
 

    Біздің  халық – қанына жомарттық, мейірімділік, дархандық сіңген, басқа ұлттардан  ерекшеленіп тұратын халық. Халық  тәжірибесі – ата-бабалардан қалған асыл сөз, салт – дәстүр, ауыз әдебиеті, ұлттық ойындар. Осы  құндылықтардың барлығын халқымыз ұрпағына тәлім-тәрбие беру арқылы жинақтаған және осы мұра бүгінгі күнге атадан балаға мирас болып жетті. Ұлтымыздың асыл қазынасын балаларға насихаттау арқылы адамгершілік асыл қасиеттерді бала бойына сіңіру тәрбиенің түрлі әдіс – тәсілдерін қолдануды талап етеді.

   Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинқтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы, салт -дәстүр, әдет-ғұрып, ауыз  әдебиеті, ұлттық ойындары – ерекше тәрбиелік мәні бар баға жетпес асыл қазына. Әр халықтың өз ерекшелігі бар. Сондай ерекшеліктің бірі – салт – дәстүрлер. Халқымыз ежелден өз ұрпағын адамгершілікке, инабаттылыққа, ізгілікке, имандылыққа тәрбиелеуді мақсат тұтқан. Сондықтан олар көшіп қонған кезден – ақ ұрпақ қамын жеп, оның болашағына жеткілікті мән берген. Сонау «Жеті Жарғыдан» бастап салт – дәстүріміз бұған дейінгі талай ұрпақтың теңдесңі жоқ, тәрбиелік маңызы зор адамгершілік кодексі болды. Дәстүрімізді насихаттау «Отантану» сабақтарының негізгі діңгегі деп атап көрсеткен де артық емес. «Тұсау кесу», «Сәбиге ат қою», «Атқа мінгізу» тақырыбындағы сабақтардан балалар біраз тағылым алды деп ойлаймын. Дәстүрлердің қай – қайсысын да біздің балалар үйде көріп жүргенмен, оның мән – мағынасын, не үшін жасалатынын жете түсіне қоймайды. Түрлі әдіс – тәсілдер арқылы көрген, сезген, білген оқиғаларын бала санасына шынайы жеткізуді мақсат тұтамын. Бұл ретте сахналық көрініс, ойын – сабақтар үлкен міндет атқарады. Ұлттық дәстүрді насихатаудың бірден-бір көрінісі – салт-дәстүрлерді сахналау. Есту қабілеті нашар оқушылар дәстүрлерді өз көздерімен көру арқылы оның мән-мағынасын ұғынумен қатар, ізгілікке үйренеді. Халқымыздың үлкенді сыйлау дәстүрі әдет-ғұрыптарымызда ерекше орын алады.

     Этнопедагогика құндылықтарының ішінде халықтың ауызекі шығармашылығы ерекше мәнге ие болады. Ауыз әдебиеті – ұлттық тәжірибе мен тағылымдардан туған бай қазына, өшпес өнеге, тәрбие өрнектері. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім – тәрбиенің белгілі жүйесін жас буын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиімді тәсілдер болған. Олалдың қай – қайсысының да педагогикалық мүмкіндіктері жоғары, өзіне тән мазмұны, ерекшеліктері бар. Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі қайырымдылық пен қайырымсыздық, жақсылық пен жамандықты бір – біріне қарсы сипаттайды. Бұларды ажырата білуге үйрету үлкен ізденісті, түрлі тәсілдерді қолдануды қажет етеді. Естімейтін балаларға «Жақсы бала ай мен күндей, бәріне бірдей», «Жақсының аты өшпейді», «Жаман досың болғанша, жақсы атың болсын», - деген нақыл сөздердің мағынасын жан -жақты түсіндіру әбден қажет-ақ. Адамгершілік тәрбиесінде нақыл сөздердің алатын орны ерекше. Күнделікті сабақ барысында психологиялық кедергілерді жою мақсатындағы сергіту сәттерінде жақсы мен жаманның ара жігін көрсетіп отырамын: оқушылар бір – бірінің жақсы немесе жаман мінездерін айтады (баланың сол күнгі мінез – құлқын). Мысалы: «Гүлім – ұқыпты», «Рашид – ақылды», «Айнұр - әдемі», «Айнұр – салмақты», «Рашид – жалқау», т.с.с.

    Адами қасиеттерге баулуда тиым сөздерді пайдалану нәтижелі болмақ. Себебі, мақал – мәтел, ертегі, жұбақтардан  гөрі, тыйым сөздер үйде көп айтылады. Үлкен кісілер, ата – аналары  есту қабілеті нашар балаларға «олай  етуге болмайды» дегенді түсіндіре  алады. Сондықтан, баланың ойында өз іс - әрекетінің теріс екені есте қалады да, оның жаман нәрсе екенін жаттап қалуы мүмкін. Мысалы, «Тыйым сөздер» тақырыбында өткен тәрбие сағатында суреттерді көргенде, оқушылардың кейбірі есікті керуге, нанды лақтыруға, тізені құшақтауға, т.б. болмайтынын білетіндіктерін көрсетті. Ол – күнделікті жүргізілген жұмыстың, ата-ана тәрбиесінің бір көрінісі. Осы тіркестерді сабақ барысында да, интернатта да қайталап, балаларға түсінікті тілмен түсіндіру арқылы олардың санасына титтей де болса, адамгершілік, үлкенді сыйлау, обал, ысырап туралы ұғымдарды жеткізуге күш салып келемін.

   Жөргегінен  бала тәрбиесіне ерекше мән берген халқымыз адамды аздыратын: өсек, өтірік, мақтаншақтық, жалқаулық, қыңырлық сияқты мінездерден сақтандырып келген. Күнделікті интернат өмірінде балалардың мұндай мінездері келіспеушілік туғызып жатады және ол кедергілерді түзету үшін түрлі тақырыптағы тәрбиелік әңгімелер жүргізіп тұру баршамыздың міндетіміз. «Біз қандай оқушымыз?», «Интернат - өз үйің», «Еңбектің наны тәтті», «Адалдық – нағыз досқа тән» тақырыбында әңгімелер өткізгенде, халқымыздың «Өтірік өрге баспас», «Жалқаудың ертеңі бітпейді», «Ұрлық түбі – қорлық» сияқты нақыл сөздеріне сүйендім.

   Ұлт болашағы  - жас ұрпақты отансүгіштікке, патриоттыққа баулу тәрбиенің ең басты міндеттері боп саналады. Аталған мақсаттағы күш – жігер    бірінші  кезекте  есту   қабілеті  нашар  балалардың санасына отаншылдық сезім қалыптастыруға бағытталуы тиіс. «Отан» деген ұғым балаға жарық дүние есігін ашқан үйі, ата – анасы, туыстары, достары, туған жері бейнесінде қабылданып, ең қасиетті де құдіретті алтын бесігі ретінде сақталуы тиіс. Естімейтін балалар Отан, туған жер ұғымдары халықтың тұрмысымен, еңбегімен, өнерімен, тілімен, дәстүрімен байланысты екенін білулері керек. Сол себепті апта сайын өтетін «Отантану» сабақтарында бұның барлығын түгел қамтып тәрбие жұмысын түрлендіруді басты мақсатым деп санаймын. «Киіз үй – бабалар мұрасы» тақырыбындағы сабақта киіз үйді жалпы таныстырудан бастап, оның пайдасы, ішкі және сыртқы сипатын айта келе, онда өмір сүрген ата – бабамыз батыр, сөзге шешен, шебер, өнерлі, адал, елін сүйген қадірлі болғандарын естеріне салып отырдым.

   Есту  қабілеті нашар балалардың ауызша айтылған нәрседен гөрі, көзбен көргендерін  есте сақтау қабілеттері айрықша. Оларды елжандылыққа тәрбиелеу, этика нормаларын орындауға дағдыландыру мақсатында қоғамдық өмір құбылыстарымен жиі таныстырып отыру қажет. Бұл кезектегі негізгі іс - әрекет түрлеріне саяхат, серуен, экскурсиялар жатады. Имандылыққа тәрбиелеуді мақсат етіп «Нұрдәулет» мешітіне саяхат ұйымдастыру арқылы өз халқымыздың имандылық дәстүрлерін насихаттаудың маңызы ерекше. Облыстық «Өлкетану» мұражайынан балалар ерекше әсер алып, өз өлкелері жайлы көп мағлұмат алумен қатар, жаңа сөздерді үйренді. Мұражайдағы ұлттық ерекшелігімізді дәріптейтін бұйымдар бұдан кейінгі әңгімелерге, «Менің елім» тақырыбындағы шағын шығармаға негіз бола алады. 

    Халқымыздың тұрмысына енген  қолданбалы қолөнер бұйымдар, олардың  әшекейленіп жасалуы өз алдына  бір сала. Ұлттық қолөнер бұйымдарының әсемдігіне көз жеткізген балалар оларды өз қолымен жасағысы келетін ниеттерін білдірді. Сабақтан тыс уақытта киіз үй, сандық, қамшы өру сияқты шығармашылық жұмыстарды орындағанда, оқушылардың талғамдық қасиеттерінің  ашылуына мүмкіндіктер туады.

   Ұлтпен  бірге біте қайнасып келе жатқан ұлттық нақыштар біздің күнделікті өміріміздің  тірегі іспеттес. Халықтық педагогика аясы өте кең және оны тәрбие үрдісінде пайдалану есту қабілеті нашар балалардың қоғамның бір мүшесі ретінде қалыптасып, болашаққа деген сенімдерінің нығаюына тигізер септігі мол. Тәрбиенің қай саласында болмасын, халқымыздың озық тәжірибе үлгілерін тиімді пайдалана білу және халықтық педагогика әдіс-тәсілдерін түрлендіру арқылы бала жүрегіне жол табу әр тәрбиешінің әдістемелік шеберлігіне байланысты. 
 

    Қолданылған әдебиеттер:

1. Әбілова З. Ә. Этнопедагогика. – Алматы, 1997.

2. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы, 2000.

3. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – Алматы, 1995 

Информация о работе Халық педагогикасы – тәрбиенің қайнар көзі