Ынтымақтастық педагогика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 21:46, реферат

Краткое описание

К.Д.Ушинский, Н.П.Пирогов, Л.Н.Толстой, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский, А.С.Макаренко, Ж.-Ж. Руссо, Я.Корчак, К.Роджерс, Э.Берн идеяларының негізінде ынтымақтастық педагогика туындады.
Ынтымақтастық педагогикасының 3 мақсаттық бағыты анықталған:

Содержимое работы - 1 файл

ынтымактастык педагогика.docx

— 26.76 Кб (Скачать файл)

Ынтымақтастық педагогикасы  

     К.Д.Ушинский, Н.П.Пирогов, Л.Н.Толстой, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский, А.С.Макаренко, Ж.-Ж. Руссо, Я.Корчак, К.Роджерс, Э.Берн идеяларының негізінде ынтымақтастық  педагогика туындады.

     Ынтымақтастық педагогикасының 3 мақсаттық бағыты анықталған:

1. Педагогикалық  талап етуден педагогикалық қарым-қатынасқа  көшу.

2. Балаға  ізгілік-жеке тұлғалық тұрғысынан  қарау.

3. Оқыту  мен тәрбиенің бірлігі.

     Ынтымақтастық қарым-қатынас жүйесінде негізгі  орынды «мұғалім - оқушы» алады. Мұғалім  – оқушы, оқушы – мұғалім, оқушы  – оқушы. Оқушы да субъект, мұғалім  де субъект. Ендеше бұл екі субъект  бірге әрекет етіп ешқайсысы бір-бірінің  үстінен қарамайды. Ынтымақтастық  педагогикасының төрт бағыты бар.

1. Балаға  ізгілік - тұлға тұрғысынан қарау.  Мектептің білім беру жүйесінің  орталығына жеке тұлғаның барлық  қасиеттерін дамыту қойылған. Мектеп  мақсаты – жеке тұлғаның толық  және азат дамуы үшін ішкі  күшпен мүмкіншіліктерді ояту. Тұлғаға  оқу-тәрбие үрдісін бағыттай отырып, жаңа көзқараспен қарау, педагогикалық  қарым-қатынастың ізгіліктілігі  және жариялылығы нәтиже бермейтін  әдістерден бас тарту, жағымды  Мен – тұжырымдамасын қалыптастыру  ізгілік жеке тұлға тұрғысынан  қарау идеяларын біріктіреді. 

2. Дидактикалық  белсенді және дамытушы кешен.  Баланы «қалай» және «неге»  оқыту керек деген сұрақтардың  жаңа мүмкіншіліктері ашылады.  Оқу мазмұны жеке тұлғаны дамыту  құралы ретінде қарастырады. Оқыту  қорытылған білім-білік дағдылары  және ойлау қабілеті бойынша  жүргізеді. Интеграция вариативтілік  жағымды жағдай тудырады.

     Оқу үрдісін формасы мен әдістерін  жетілдіру бірқатар педагог жаңашылдардың  авторлық жүйелерінде, атап айтқанда В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдары, Р.Штейнердің азат таңдау идеясы, С.Н.Лысенкованың алдын-ала  тапсырма беру, П.М.Эрдниевтің ірі блоктар  идеясы, В.А.Сухомлинскийдің сыныптағы  зияттық фоны, Л.В.Занков бойынша  жеке тұлғаны дамыту, И.П.Волковтың  шығармашылық және орындаушылық қабілеттері  сияқты дидактикалық идеяларында ашылады.

3. Тәрбие  тұжырымдамасы. Ынтымақтастық педагогикасының  тұжырымдамасы қазіргі заман  мектептеріндегі тәрбиенің дамуына  сәйкес: білім мектебін тәрбие  мектебіне айналдыру, оқушының  жеке тұлғасын тәрбие жүйесінің  орталығына қою, жалпыадамдық  құндылықтарды қалыптастыру, тәрбиенің  ізгілік бағыттары, баланың шығармашылық  қабілеттерін дамыту, ұлттық мәдени  дәстүрлерді жаңғырту, жеке тұлғалық  және ұжымдық тәрбиені ұштастыру.

     Ынтымақтастық педагогикасының технологиясы мен  идеологиясы білім беру мазмұнын айқындайды.

4. Қоршаған  ортаны педагогикаландыру. Ынтымақтастық  педагогикасы тәрбие құралы ретінде  мектепті басты рөлге қойып  отыр. Жеке тұлғаны қалыптастыратын  әлеуметтік институтқа мектеп, жанұя  және әлеуметтік орта жатады. Нәтижесі тәрбие беретін осы  үш бастаудың әрекетімен анықталады. Сондықтан да алдыңғы қатарға  құзіретті басқару идеясы, ата-аналармен  ынтымақтастық қойылған.

     П.ғ.д  В.А.Буховалов ынтымақтастық педагогикасының  ұстанымдарын айқындады, ол дидактикалық материалдарды құрастырудың, өсіп келе жатқан тұлғаның адамгершілік және шығармашылық қасиеттерін тәрбиелеу мазмұнының, сабақта, сабақтан тыс және мектептің жалпы тұтас педагогикалық үрдісінде ынтымақтастық орнатудың жаңа әдістемесін жасады. В.А.Буховалов ынтымақтастық. педагогикасының ұстанымдары деп төмендегілерді:

-педагогикалық  үрдістің адамгершілік және шығармашылық  бағыттылығы;

-жариялылыққа  негізделген қарым-қатынас;

-шығармашылық  әрекетке деген мотивацияны дамыту;

-өз  бетімен білім алу және өзін-өзі  тәрбиелеу білігін дамыту;

-шығармашылық  әрекет әдістерінін, жетекші рөлін  көрсетеді.

     Ол  тәрбиенің мазмұндық негізін  тұлғаның адамгершілік және шығармашылық қасиеттері құрылымының тығыз байланысында қарастырады. Оны келесі кестеден көруге болады.  

     Ынтымақтастық педагогикасы жайлы ұғым. Көп жылдар бойы жалпы білім беретін орта мектептің, окыту және тәрбие жұмысын зерттеу арқылы жетілдіру, жаңғырту максатында бірнеше мұғалімдер мен ғалымдар эксперимент жүргізіп, тұтас педагогикалық, процесті жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде ұйымдастыруды қажет деп тапты. Өйткені олар ескі дәстүр бойынша оқытудың әдеттегі әдістерін, қағидаларын қолданып, жастарға білім және тәрбие беру ісі, қ,азіргі заманнын талаптарын қанағаттандырмайды деп корытынды жасады. Жаңашыл - экспериментшіл мұғалімдердің әрқайсысы өз сыныптары мен мектептерінде жеке-жеке, керек десе бірін-бірінен бөлмей 25 жылдай эксперимент жұмысын жүргізген. Бұған қарамастан олардың жұмыстарының қорытындысы бірдей нәтиже берген.

     Осындай мақсатқа бағытталған педагогикалық  идеялардың іске асырылуының нәтижесінде мектеп өмірінде тек қана мұғалім емес, әсіресе оқушы жайлы көп өзгерістер байқалады. Бұрын оқығысы келмейтін немесе оқуға қабілетсіз оқушы екінші, үшінші жыл орнында қалып, мектептен шығып кететін. Енді оқушыларды іріктеп алудан бас тартып, оларды оқыту керек. Оқыту үшін баланы ынталандыру, оған дем беру, себепші болу. Егер оқуға өздігімен талаптанушылығы жоқ болса дерлік, егер еріксіз көндірудің тәсілдері тіпті жоқ болса, егер пәнге жалпы қызығушылығы болмаса, егер біз өз міндетімізді орыңдағымыз келсе — онда алдымызда бір-ақ жол бар: біз балаларды қуанышты сезім жетістігіне алға қарай қозғалыс және дамуға шақыра отырып, оларды жалпы оқу еңбегіне тарту керек. Әйтпесе балаларды оқытуға болмайды, - дейді бірауыздан жаңашыл мұғалімдер.

     Оқудың  нәтижесі ынталылық пен қабілеттердің  көбейтіндісіне тең. Егер ынталылық, нөлге тең болса, онда барлық көбейтінді де нөлге айналады. Ал экспериментшіл мұғалімдердің бұл анықтамасы оқыту процесін жаңғыртуды қажет етеді. Олай болса бұрынғы педагогикадан айырмашьшығы бар жаңа педагогика керек, оны ынтымақтастық педагогика деп атауға болады деген біркелкі көзқарастарға келген — олар. мұндай педагогика балаларды ынтымақтастыққа, оқу еңбегіне жетектейді, табысқа жету үшін оларға сенімділік туғызады, артта қалмаудың жолын іздестіреді.

     Жаңашыл мұғалімдердің айтуы бойынша  баланы айқай, қорқыту арқылы тәрбиелеуге, оқытуға болмайды — бұл зорлау, еріксіз көндіру әдісі. Сондықтан олар баламен үндесуді құлық негізінде қарастырады.

     Адамгершілік  және ынтымақтастық бала өмірінде үлкен  орын алады. Сондықтан мұғалім ең алдымен баланың дамуы, келешегі жайлы қамқорлық жасайды. Өйткені  олардың өмірге бейімделуі, өмір тәрбиесіне үйрену мектептен басталады. Міне, осы тұрғыдан қарасақ, ынтымақтастық педагогикасы — құлық педагогикасы.

     Ынтымақтастық педагогикасының негізгі идеясы және оларды оқу-тәрбие процесінде қолдану. Тәрбие мақсатын жүзеге асырудың орта және жоғары мектеп зор рөл атқарады. Өйткені оларда барлық жастар оқып, еңбек етуге үйреніп дағдыланады, өмірге жолдама алады.

     Орта  және жоғары оқу орындарының мақсаты  — жастарды әр жақты жарасымды  етіп дамыту, олардың жоғары құлықтық, азаматтық көзқарасын қалыптастыру. Мұндай мақсат кешенділік міндеттерді шешуді қажет етеді. Олар: әлеуметтік тәрбие беру жолымен дүниеге көзқарасын кең мәдени ой-өрісі жоғары тұлғаның үйлесімді жан-жақты дамуының негізін қалау; әлеуметтік функцияларды еңбек, таным, қоғам, үйелмен және бос уақытты пайдалану т.б. орындау үшін жастарды ойдағыдай даярлауды қамтамасыз ету; кәсіптік дайындықтың жолдарын таңдап алу үшін, өз тағдырын өзі шешу үшін жастарға жағдай жасау; тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуге, өз білімін алуына оны өмірде пайдалана білуіне мүмкіндік жасау.

     Тұлғаның  дамуы мен тәрбиесі идеологиясының жаңаруы көптеген идеяларға негізделді. Олар —

     —Тәрбие мақсатының реализм идеясы;

     —Ересек адамдар мен балалардың бірлесу іс-әрекетінің идеясы;

      —Тәрбие бағыттарының дербес идеясы;

   —Тәрбие бағыттылығының ұжымдық идеясы;

   —Өзін-өзі талдау (анализдеу) идеясы;

   - Бала күшінің жартысы;

      — Қиын мақсаттық идеясы;

   - Сүйеніш идеясы;

      — Ірі блоктар идеясы;

   - ата-аналармен  ынтымақтастық;

   - Мұғалімдердің ынтымақтастығы;

   - Өзін-өзі сыйлау идеясы;

     - Өзін-өзі басқару (реттеу) идеясы, т.т.

     Реализм идеясы, яғни тәрбиенің шынайы мақсатта - адамдарды қабілетіне және дарындылығына сүйеніп, жан-жақты дамыту. Шынайы мақсатының жетістік құралы – мәдениеттің базалық негізін игеру. Осыдан тұлғаның "базалық мәдениеті" тәрбие мазмұны деген ұғым туады. Базалық мәдениет - бұл өмірге өз бағдарын өзі шешу мәдениеті, экономикалық және еңбек мәдениеті, саяси, демократиялық және құқықтық мәдениет, адамгершілік және экология мәдениеті, көркем және дене шынықтыру мәдениеті, үйелмендік қатынас мәдениеті.

      Ересек  адамдар мен балалардың іс-әрекетінің бірлесу  идеясы "Ынтымақтастық педагогикасы" қағидасынан туады, Өйткені ол мұғалім мен балалар еңбегінің бірлестігіне сүйенеді. Осындай ересек адам мен баланың шығармашылық ынтымақтастығы педагогикалық басшылықпен қамтамасыз етілуі тиіс.

     Тәрбие  бағыттылығының дербес идеясы мұғалімнің балаға ерекше көңіл аударуын қажет етеді. Барлық тәрбие жұмысының барысында еске алатын басты тұлға — бала. Ол педагогикалық жұмыстың ең жоғары мақсаты. Сондықтан баланы зор ұқыптылықпен зерттеген жөн.

     Ұжымдық шығармашылық тәрбиеде ұжымдық бағыттылық идеясының мәні ете зор. Бірыңғай тәрбие ұжымы — бұл тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің бірлестігі, мұнда ересек адамдардың жастар жөніндегі жалпы қамқорлығы, яғни ашық және елеусіз қамқорлығы дамиды. Мұндай ұжымда тәжірибе ашық және елеусіз түрде тәрбиеші арқылы беріледі, оны тәрбиеленушілер ұжымдық шығармашылық іс — бұл біріншіден, барлық ұжым мүшелерінің істі бірігіп жоспарлауы, талқылауы, шешім қабылдауы; екіншіден, ұжымдық жұмыс ізденуге бағытталады, практикалық міндеттерді шешу үшін ұжым мүшелері ізденудің тиімді жолдарын, әдістерін, құралдарын қарастырады.

     Тәрбие  ұжымының қозғаушы күші жолдастық тәрбиелік  қамқорлық. Оның мәні адамдағы жолдастық сыйласу мен жолдастық талаптың бірлігі. Жолдастық тәрбиелік қамқорлықтың мақсаты - адамның жалпы қуанышы мен пайдасы үшін нақтылы істе оның шығармашылық күшін анықтау және дамыту. 

     Өзін-өзі  талдау идеясы. Балаларды өзін-өзі жеке және ұжымды талдауға үйрету қажет. Жаңашыл мұғалім Е.Н.Ильин оқушыларын өздерінің өмірі, іс-әрекеті жайында ойлануға үйретеді.

     Ата-аналармен  ынтымақтастық. Мектепте, үйелменде балалар ересек адамдарға ашық сенгіштікпен қарайды деп ынтымақтастық педагогика жорамалдайды. Бұл үшін бірыңғай талаптар емес, үйелменде балалармен жолдастық, жылы-шырайлы қатынас болуы қажет. Жаңашыл мұғалімдердің айтуы бойынша ата-аналар жиналысында балалар туралы сын көзімен ескерту жасауға болмайды. Балалар мен ата-аналар арасында ұрыс-керіс жағдайын болдырмау. Мұғалім балалар жөнінде ата-аналарға айтып наразылық білдірмейді, күнделіктеріне не болса соны жазбайды. Балаңыз сабаққа дайындалмайды деп мұғалім әр ата-ананың есігін қағуды қою керек.

     Егер  оқушы назар аударуды, көмек көрсетуді  талап етсе, онда оған керегінше (бір ай, әлде бір жыл керек пе) көмек көрсету қажет. Осындай жылы қамқорлықты сезген бала ата-аналарына да ризашылықпен толық сенім білдіріп, зор ықыласпен оқып білім алуға, еңбек етуге тырысады. Бұл өмірдегі, еңбектегі, оқудағы қарым-қатынас бірлігінің беріктігі - ынтымақтастық педагогиканың қағидасы.

      Мұғалімдердің ынтымақтастығы. Экспериментшіл мұғалімдердің әрқайсысының педагогикалық еңбек өтілі 25-тен 40 жылға дейін. Олар әр түрлі мектеп ұжымдарында балалармен жұмыс істеген, талай мұғалімдер және директорлармен істес болған. Жаңашыл мұғалімдер, мүмкін ынтымақтастық педагогика өте күрделі, оны оқыту және тәрбиесінде қолдануға болмайтын шығар дейді. Шынында, олардың тәжірибесі бойынша кез-келген мұғалімнің ынтымақтастық педагогиканың принциптерін іске асыруы мүмкін, бірақ, бір айдың немесе бір тоқсанның ішінде жүзеге асыруы мүмкін емес. Әрине, егер кімде кім жаңа педагогиканы ақылға салып ойластырса, ол өз жұмысының жақсара бастағанын байқайды. Өйткені ынтымақтастық педагогика үшін айрықша жағдайдың керегі жоқ, әдеттегі оқу бағдарламасы және оқулықтар бойынша әрбір мұғалім өзінің сыныбында, әрбір директор өзінің мектебінде қайта құру кезеңінде мәселелерді тың зерттеумен айналысады.

      Жаңа  педагогиканың идеяларын кең  түрде тарату керек. Сыныпта балаларды  бір-біріне қарсы қоюға болмайды, сол сияқты мұндай жағдайды мұғалімдер арасына да болдырмау керек.

Информация о работе Ынтымақтастық педагогика