Материалдар, сатып алынатын өнімдер жартылай фабрикат өнімдеріне шығатын шығын мөлшерін есептеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 11:47, курсовая работа

Краткое описание

Өндірісте, ауыл шаруашылығы мен оқу орындарында, коммерциялық мекемелерде және тағыда басқада салаларда түрлі берілгендерді дайындау, оларды өңдеу, сақтау жиі кездеседі. Мысалы, жоғарғы оқу орындарында дайындалатын мәліметтер:
- түрлі бөлімдерде жұмыс істейтін адамдардың тізімі(фамилиясы, аты, білімі, адресі, үй телефоны, тағыда басқа.;
-факультеттер,олардың құрамындағы кафедралар мен кафедра қызметкерлерінің тізімдері;
- студенттер жөнінде мәліметтік тізімдер, тағы да басқа.

Содержание работы

КІРІСПЕ......................................................................................................................3
І БӨЛІМ. БАҒДАРЛАМАЛАУ ОРТАСЫ ЖӘНЕ ТІЛДІҢ ОРТАСЫ ЖӘНЕ ТІЛДІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІНЕ ШОЛУ
1.1. Мәліметтер қоры................................................................................................5
1.2. Бағдарламалау тілін таңдау және оның ерекшеліктері..............................9
1.3. Delphi ортасында мәліметтер қорын құрастыру жолдары.......................20
1.4. Кестеде деректерді пайдалануда SQL-мен жұмыс.......................................28
ІІ БӨЛІМ. МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫН DELPHI ОРТАСЫНДА ЖОБАЛАУ
2.1. DELPHI ортасында өңделетін процедуралар мен функцияларды сипаттау.....................................................................................................................35
2.2. Тапсырманың қойылымы..............................................................................36
ІІІ БӨЛІМ. ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ЕСЕПТЕУ
3.1.Жобаны дайындау барысын есептеу.............................................................39
3.2.Материалдар, сатып алынатын өнімдер жартылай фабрикат өнімдеріне шығатын шығын мөлшерін есептеу....................................................................39
3.3. Негізгі еңбекақыны есептеу...........................................................................39
3. 4. Қосымша еңбекақыны есептеу.....................................................................40
3.5. Жүкқұжат шығындарды есептеу.................................................................40
3.6. Келісім баға бойынша жобаны есептеу........................................................41
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................42
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................44
ҚОСЫМША..............................................................

Содержимое работы - 1 файл

Абдрахманов Берік.doc

— 563.00 Кб (Скачать файл)


ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

І БӨЛІМ. БАҒДАРЛАМАЛАУ ОРТАСЫ ЖӘНЕ ТІЛДІҢ ОРТАСЫ ЖӘНЕ ТІЛДІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІНЕ ШОЛУ

1.1. Мәліметтер қоры................................................................................................5

1.2. Бағдарламалау тілін таңдау және оның ерекшеліктері..............................9

1.3. Delphi ортасында  мәліметтер қорын құрастыру жолдары.......................20

1.4. Кестеде деректерді пайдалануда SQL-мен жұмыс.......................................28

ІІ БӨЛІМ.  МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫН DELPHI ОРТАСЫНДА ЖОБАЛАУ

2.1. DELPHI ортасында өңделетін процедуралар мен функцияларды сипаттау.....................................................................................................................35

2.2. Тапсырманың қойылымы..............................................................................36

ІІІ БӨЛІМ. ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ЕСЕПТЕУ

3.1.Жобаны дайындау барысын есептеу.............................................................39

3.2.Материалдар, сатып алынатын өнімдер жартылай фабрикат өнімдеріне шығатын шығын мөлшерін есептеу....................................................................39

3.3. Негізгі еңбекақыны есептеу...........................................................................39

3. 4. Қосымша еңбекақыны есептеу.....................................................................40

3.5. Жүкқұжат  шығындарды есептеу.................................................................40

3.6. Келісім баға бойынша жобаны есептеу........................................................41

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................42

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................44
ҚОСЫМША.............................................................................................................45

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Бұл дипломдық жобаның мақсаты Delphi бағдарламалау тілін деректер қорымен байланыстыра отырып Атырау қаласына  телефон анықтамасын құру.

Мәліметтер қорымен жұмыс істеуді үйрену арқылы адамзат өміріндегі ақпаратты сақтау бойынша көптеген мәселелерді дұрыс, тез әрі тиімді шешуге мүмкіндік алады. Ол ірі коорпорация, техникалық завод, жеңіл өндірісінің фабрикасы, сауда орталықтары немесе кішігірім үй кітапханасы болсын мәліметтерді есепке алуға, оларды өңдеуге, сақтауға, қосуға, жоюға бағытталған әрекеттерге сұраныс міндетті түрде пайда болады.

Өндірісте, ауыл шаруашылығы мен оқу орындарында, коммерциялық мекемелерде және тағыда басқада салаларда  түрлі берілгендерді дайындау, оларды өңдеу, сақтау жиі кездеседі. Мысалы, жоғарғы оқу орындарында дайындалатын мәліметтер:

- түрлі бөлімдерде жұмыс істейтін адамдардың тізімі(фамилиясы, аты, білімі, адресі, үй телефоны, тағыда басқа.;

-факультеттер,олардың құрамындағы кафедралар мен кафедра қызметкерлерінің тізімдері;

- студенттер жөнінде мәліметтік тізімдер, тағы да басқа.

Оларды сақтаудың көп тараған әдісі – компьютерде деректер қоры түрінде сақтау. Мәліметтер қоры  – құрылымы берілген тәсіл бойынша ұйымдастырылған арнайы форматтағы файл. Мәліметтер қорында сақталатын берілгендер кесте түрінде дайындалады. Яғни, дискілік файл – деректер қоры, оған енгізілетін кесте Мәліметтер  қоры   құрамында сақталатын объект. Мәліметтердің байланысты элементтер тобын жазба деп атайды.

Мәліметтерді және олардың арасындағы байланыстарды ұйымдастырудың түрлі типтері бар: иерархиялық, реляциялық .

Мәліметтер қоры – ол ақпараттар орналасқан файлдар (кесте) жинағы. Ережеге сай мәліметтер қоры бір каталогта орналасқан, кестелер жиынынан тұрады. Жаңа мәлілеттер қорына арналған каталог күнделіктегідей сілтеушінің көмегімен құрылады, ал кесте  Delphi-дің құрамына кіретін Borland Database Desktop    утилитінің көмегімен іске асырылады.

Дипломдық жобаның бөлімдерінде бағдарламамен жұмыс істеу туралы барлық мәліметтер қарастырылады. Сонымен қатар бағдарламанын өзінде қолданушы интерфейсін жобалау және бағдарлама қай мекемеге арналып жасалғаны туралы мәлімет беретін, жарнамамен таныса алады.

Бүкіл әлемнің фирмалары мен компаниялары қызметке қажет ақпаратты сақтау және өңдеу үшін компьютерлерді қолданады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. БАҒДАРЛАМАЛАУ ОРТАСЫ ЖӘНЕ ТІЛДІҢ ОРТАСЫ ЖӘНЕ ТІЛДІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІНЕ ШОЛУ

1.1. Мәліметтер қоры

 

Қолданушының көз қарасы бойынша, мәліметтер қоры - ол ақпаратпен жұмысты қамтамассыз ететін бағдарлама. Бұндай бағдарламаны іске қосқан кезде, экран бетінен кестені көреміз, осы кестеден қолданушы керекті мәлімет жайлы толық ақпарат ала алады. Егер жүйе мүмкіндік берсе, мәліметтер қорына өзгерістер енгізе аламыз, жаңа ақпаратты қосуға немесе ескі ақпаратты жоюға мүмкіндік береді.

Ал бағдарламалаушының көз қарасы бойынша, мәліметтер қоры – ол ақпаратты жинайтын файлдар жинағы. Бағдарламалаушы қолданушы үшін мәліметтер қорын жасаған уақытта, файлдық берілгендермен жұмыс істеуге арналған  бағдарламаны құрады.

Қазіргі уақытта локальді (dBASE, FoxPro, Access, Paradox) және жойылған (Interbase, Oracle, Sysbase, Informix, Microsoft SQL Server) мәліметтер қорын қолдануға жене құруға мүмкіндік беретін  бағдарламалық жүйелердің саны көп.

Локальді мәліметтер қорының берілгендері бір құрылғыда орналасады, ол компьютердің дискісі немесе желілік диск болуы мүмкін.

Жойылған мәліметтер қорының берілгендері жойылған компьютерде орналасады. Онымен жұмыс істейтін бағдарлама  екі бөліктен тұрады: клиеттік және серверлік.

Компьютерде жұмыс атқаратын бағдарламаның  клиенттік бөлімі, бағдарламаның серверлік бөліммен іс-әрекеттесуді қамтамассыз етеді.

Жойылған компьютерде жұмыс істейтін бағдарламаның серверлік бөлімі, сұранысты жасап, оларды орындайда да берілгендерді клиенттік бағдарламаға жібереді. Сұраныстар SQL тіліндегі команда түрінде беріледі.

Өндірісте, ауыл шаруашылығы мен оқу орындарында, коммерциялық мекемелерде және т.б. салаларда түрлі берілгендерді дайындау, оларды өңдеу, сақтау жиі кездеседі. Мысалы, жоғарғы оқу орындарында дайындалатын мәліметтер:

- түрлі бөлімдерде жұмыс істейтін адамдардың тізімі (фамилиясы, аты, білімі, адресі, үй телефоны, тағыда басқа;

-факультеттер, олардың құрамындағы кафедралар мен кафедра қызметкерлерінің тізімдері;

- студенттер жөнінде мәліметтік тізімдер, тағыда басқа.

Оларды сақтаудың көп тараған әдісі – компьютерде мәліметтер қоры түрінде сақтау. Мәліметтер қоры (МҚ) – құрылымы берілген тәсіл бойынша ұйымдастырылған арнайы форматтағы файл. МҚ-да сақталатын берілгендер кесте түрінде дайындалады. Яғни, дискілік файл – деректер қоры, оған енгізілетін кесте – МҚ құрамында сақталатын объект. Деректердің байланысты элементтер тобын жазба деп атайды.

Деректерді және олардың арасындағы байланыстарды ұйымдастырудың түрлі типтері бар: иерархиялық және реляциялық.

Иерархиялық мәліметтер қорында жазба элементтері реттеліп жазылады да оның бір элементі негізгі, қалғандары бағыныңқы элементтер деп есептеледі. Мұнда элементтер нақты тізбек бойынша сатылы түрде реттеліп қойылады. Онда берілгендерді іздеп табу саты бойынша төмен бағытта жүргізіледі. Мысалы, Norton Commander программасындағы каталогтар, білім жүйесіндегі иерархиялық кластар тізімі, т.б.

Реляциялық мәліметтер қоры – кесте түрінде дайындалған берілгендер. Ол ең көп тараған берілгендер қоры (relation – қатыс, байланыс), кестелер арасындағы байланыстар – жиі пайдаланылатын ең маңызды ұғым. Мәліметтер қорында жазба үшін кесте жолы түсіндіріледі, кестеде қайталанылатын бірдей жолдар болмайды. Кесте бағанын құратын жазба элементтері өріс деп аталады. Өрістің негізгі ерекшелігі – бір өріс элементтері бірдей типті етіп құралады, мысалы, сандық не символдық.    

Алуан түрлі  есептер үшін әр-түрлі модельді мәліметтер қоры қолданылады. Себебі бір кішігірім мекеме үшін мәліметер қорын және  қондайда бір банк үшін мәліметтер қорын құру, екі түрлі жолмен жасалатыны анық. Сондықтан бір есебімізге сай қандай мәліметтер қорының типін қолданатынымызды анықтап алуымыз қажет.

Келесі бөлімдерде біз мәліметтер қорының  төрт типімен танысамыз.

- автономды;

- файл-сервер;

- клиент-сервер;

- көп деңгей реттеу мәліметтер қоры.

Автономды мәліметтер қоры ең қарапайым болып табылады. Олар өздерінің  берілгендерін, орнатылған компьютеріндегі локальді файлдық жүйесінде сақтайды, басқару жүйесі және мәліметтер қорының машинасы оларға әрекет етуге мүмкіндік бередіде, сол компьютерде орналасады. Желі қолданылмайды. Сондықтан автономды мәліметтер қорын құрушыға параллельді әрекеттесу қиындықтары туындамайды.

Автономды мәліметтер қорын, көптеген қолданушылар арасында тараған, өздернінң мәліметтер қоры бар, қосымшаларды құрастыру кезінде  тиімді болып келеді. Мысалға, кішігірім офистің мәліміттерін, кәсіпорынның кадрлық құрамын, шағын бугалтерияның бугалтерлік құжаттарын өңдейтін қосымшалар. Осындай қосымшадағы әр қолданушы өз компьютеріндегі мәліметтерді басқарады. Қолданушыға басқа қолданушының мәліметтерімен әрекеттесуге қажеттігі болмайды, сондықтан бұндай жағдайда жеке мәліметтер қоры толығымен жарамды.

Файл-сервер мәліметтер қорының автономдықтан айырмашылығы ол көптеген қолданушыларға желі арқылы әрекеттесуге мүмкіндіцк береді. Ол өте қолайлы, себебі мәліметтер қорындағы мұндай өзгерістерді барлық қолданушылар көреді. Мысалы, үлкен мекеменін қызметкерлерінің мәліметтер қорын дәл осындай етіп жасау жөнді, себебі басқа бөлімшелердің администраторлары оған көніл бөледі, өзінде локальді мәліметтер қорын құрмайды.

Мәліметтер қорының өзі желілік файл-серверде, жалғыз дана күйінде сақталады. Әр қолданушы үшін мәліметтер қорының локальді көшірмесі жасалады, осы көшірме арқылы ол мәліметтер қорын басқарады.Сонымен қатар мәселелер туындайды (және шешіледі), бірнеше қолданушының бір ақпаратқа бір уақытта әрекеттесуінен пайда болуы мүмкін.

Көптеген қолданушылары бар үлкен мәліметтер қоры үшін клиент-сервер мәліметтер қоры қолданылады. Бұндай жағдайда мәліметтер қорына әрекет ету топтар үшін, арнайы сервер атаулы компьютер арқылы іске асырылады. Қолданушы серверге сұраныс операциясын немесе мәліметтер қорын жаңарту тапсырмасын береді. Сервер  сұранысты орындап, алынған нәтижені қолданушыға көрсетеді.

              Клиент-сервер мәліметтер қорында қосымша мәселелер туындауы мүмкін. Қосымшада сервердің максимальді мүмкіндіктері қолданып, желіні  минимальді жүктеуін қамтамассыз ету қажет, сода ол желі арқылы аз көлемді ақпаратты өткізеді. Ол серверде сақталатын процедуралардың құрылуынан пайда болады, ол бизнес логиканы құрастырады: мәліметтерді өңдеп тек  керектісін ғана желі арқылы жібереді.

Бұл салыстырмалы күйде жаңа, мәліметтерді өңдеу жолындағы, желідегі реттелген қосымшалардың көмегімен бекітілген. Кең тарағаны үшінші деңгейлі нұсқасы:

- қоланушылардың төменгі деңгейлі компьютерлерін деклиенттің қосымшалары орналасқан, қолданушы интерфейсін қамтамассыз етеді;

- екінші деңгейде қосымша сервер орналасқан, қолданушылар арасындағы және реттелген мәліметтер қорымен мәліметтерді алмасуды қамтамассыз етеді.

Қосымшалар сервері желі түйінінде орналасып, барлық клиенттерге әрекеттесуге мүмкіндік береді.

- үшінші деңгейде мәліметтер қорының жойылған сервері орналасады, сервер қосымшаларынан ақпаратты алады және онымен басқару жүргізеді.

 

 

 

 

1.2. Бағдарламалау тілін таңдау және оның ерекшеліктері

Обьектілі бағытталған бағдарламалау бұл обьектілік бағдарланған архитектураны  пайдаланылатын бағдарламалау. Жоғары деңгейлі бағдарламалау: процедуралық, логикалық және обьектілі бағдарлы болып үш түрге бөлінеді. Соңғы кездерде Windows ортасында жарыққа шыққан және обьектілі бағытталған бағдарламалаудың негізінде құрылған бағдарламалау тілдері – Obgect Pascal, MS Visual Pascal, Borland Delphi, Borland C++.[4`]

Объектілі –бағытталған бағдарламалау ойымен басшылық етуші талап етілу мәліметтерін қосу осы мәліметтерді өңдеу процедурасымен бір бүтін объект болып табылады. Объектілердің ерекше белгісі мәліметтерді және алгоритмдерді өңдеуді қосу болып табылады. Осының нәтижесінде мәліметтер және процедуралар өзінің дербес мәнін жоғалтады.

Бағдарлама  Program сөзімен басталып,  End  сөзінен кейін қойылған нүктемен (терминатормен) аяқталады. Object Pascal  тілінде көптеген арнайы сөздер әртүрлі нұсқау ретінде қолданылады, компилятор оларды солдан оңға және жоғарыдан төмен қарай оқиды. Жүйелі жақшаға алынған таңбалар түсініктеме ретінде қолданылады. Сонымен қатар, түсініктемені көрсету үшін  “(*   *)”  немесе “ // ”   белгілерін қолдануға болады.

Бірақ {$R*.RES} жолы (жақшадан кейін бірденң “$” белгісі тұрған) түсініктеме емес, ол кампиляторға берілген нұсқау болып табылады. Мысалы, жоғарыда келтірілген {$R*.RES} жолы- бағдарламаны ресурстар файлын қоса есептегенде компиляциялау керек екендігі туралы баяндайды.

Program сөзі және кейін анықталған бағдарламаның атауы-бағдарламаның тақырыбы деп саналады.

Uses (пайдалану) сөзімен басталған сөйлем бағдарламаны осы сөзбен анықталған басқа файлдарда орналасқан модульдердіқоса есептегенде компиляциялау керектігін хабарлайды. Жоғарыдағы мысалда жобаның файлымен бірге стандартты Forms және бағдарламалаушы өзі құрастырған ‘Unit1.pas’ файлындағы Unit1 модулдерін біріктіре отырып, компиляциялау керектігі туралы берілген нұсқау.

Информация о работе Материалдар, сатып алынатын өнімдер жартылай фабрикат өнімдеріне шығатын шығын мөлшерін есептеу