Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы барысындағы геосаяси жағдайлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 22:09, курсовая работа

Краткое описание

Шанхай ынтымақтастық ұйымы тек мемлекеттердің әскери саяси және экономикалық бірлестігі ғана емес, сонымен қатар Еуразиялық кеңістіктегі ежелгі өркениеттер мен халықтардың заңды негізде біртұтас жүйеге бірігуінің көрінісі. Оған біріккен мемлекеттердің халқының жалпы саны екі миллиардқа жуық, ал географиялық көлемі Еуразияның тең жартысынан астамын қамтып жатыр. Сонымен қатар Шанхай форумы қазіргі халықаралық қатынастардағы интеграциялық процестердің ажырамас бөлігі болып табылатындығы ақиқат.

Содержание работы

Кіріспе ...................................................................................3

1 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы барысындағы геосаяси жағдайлар ................................................................... 8

1.1 Халықаралық ынтымақтастық ұйымдарына теориялық-әдістемелік талдау ........................................................................................................................8

1.2 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуына әсер еткен негізгі геосаяси факторлар ........................................................................17

1.3 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы және оның халықаралық қатынастардағы алатын орны ......................................................30


2. Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымы ...........................................................35

2.1 Шанхай ынтымақтастық ұйымы көп жақты, кең ауқымды әріптестік институты...............................................................................35

2.2 Шанхай ынтымақтастық ұйымы Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуші және экономикалық ынтымақтастықты дамытушы фактор ...............................................................................................40

Қорытынды ..........................................................................47

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...............................................

Содержимое работы - 1 файл

Даурен диплом.doc

— 340.50 Кб (Скачать файл)

    Диплом  жұмысының құрылымы кіріспені, бес  тармақтан тұратын екі тарауды, қорытындыны және пайдаланылған  әдебиеттер тізімін қамтиды.

    Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, оның зерттелу деңгейі және деректік негізі,жұмыстың мақсатымен міндеттері, зерттеу объектісі мен хронологиялық шеңбері, қолданыстық негізі, құрылымы қарастырылады.

    «Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы  барысындағы геосаяси жағдайлар» атты бірінші тарауда алдыменен, халықаралық ынтымақтастық ұйымдарына теориялық-әдістемелік талдау жасалып, одан кейін осы ұйымның құрылуына әсер еткен негізгі саяси факторлар ашып көрсетіліп, Шанхай форумының құрылуы және оның халықаралық қатынастардағы орны мен рөлі мәселелері қарастырылады.

    Екінші- «Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі  Шанхай ынтымақтастық ұйымы» тарауында қазіргі таңдағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі Шанхай ынтымықтастық ұйымының орны, оның Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуші және экономикалық ынтымақтастықты дамытушы фактор ретінде мәселелері зерттеледі.

    Қорытындыда тараулар бойынша негізгі тұжырымдар мен пікірлер, ой-түйіндер беріледі. Диплом жұмысының көлемі 54 бет.  

1 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы барысындағы геосаяси жағдайлар. 

1.1 Халықаралық  ынтымақтастық ұйымдарына теориялық-әдістемелік талдау 

    Аса кең тараған анықтамалардың бірі келесідегідей болып келеді: «Халықаралық ұйым үкіметаралық ұйым немесе көпшіліктік  халықаралық ұйым ретінде сипатталады, егер ол мемлекетаралық келісіммен құрылған болса»[50, 75б.]. Басқаша сөзбен айтқанда, негізгі белгі – құрылтайшы келісімшартының болуы.

    Одан  да толық түрдегі анықтаманың  мысалына Халықаралық құқық ассоциациясы комитетінің баяндамасында көрсетілген  келесі анықтама жатуы мүмкін: үкіметаралық ұйым дәстүрлі мағынасындан алып қарағанда  – «халықаралық құқықтың негізінде халықаралық келісіммен құрылған» ұйым [51, 12б.]. Халықаралық құқық субъектілерінің тобы олардың реттейтін қатынастарының табиғаты мен құқықтың өзін ескерусіз еркін түрде белгіленуі мүмкін. Өзіне сәйкес халықаралық құқық субъектілерінің тобы еркін түрде белгіленбей, халықаралық қауымдастықтың қажеттеріне байланысты болатын негізгі ережені Халықаралық Сот да растаған болатын. Сонау 1949 ж., БҰҰ-ның халықаралық құқықтық субъектілігін негіздемелей отырып, Сот БҰҰ-ның қызметінде келтірілген залал туралы іс бойынша қабылдаған шешімінде былай деп белгілеген: «Кез келген құқықтық жүйедегі құқық субъектілерінің өзінің табиғаты бойынша немесе өзінің құқықтарының көлемі бойынша бірдей болуы міндетті нәрсе емес, олардың табиғаты тиісті қоғамның қажеттеріне байланысты болады».[52, 63б.]

    Халықаралық ұйымдар құқықтық феномен ретінде  салыстырмалы түрде жақын арада, 19 асырдың соңында 20 ғасырдың басында  пайда болған, ол кездегі халықаралық  қатынастың қажеттері үнемі түрде  әрекет ететін мемлекетаралық құрылымдарды құрудың қажеттігін негіздеді. Осылайша Дүниежүзілік пошта одағы, 1919 жылы – Халықаралық еңбек ұйымы құрылған болатын. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін халықаралық қатынастардың әртүрлі салаларында мемлекетаралық өзара әрекеттесудің ұйымдық негізін қамтамасыз ететін жүздеген халықаралық ұйымдар құрылған болатын. Олардың қатарына БҰҰ, ЮНЕСКО, ЛАГ, НАТО, ОВД, және басқалары кіреді.

    Халықаралық ұйымдардың әлемдегі алатын рөлі үнемі  артып келеді. Халықаралық қатынастар ауырлап және әлеуметтік-саяси процестер қарқындылана түсті. Халықаралық құқық субъектілерінің саны артып, күшті мемлекетаралық құрылымдар (Еуропалық Одақ) пайда болды. Халықаралық қатынастарды тиімді реттеу үшін әмбебап және аймақтық сипаттағы халықаралық механизмдерге біріктіріліп жатқан біріккен әрекеттер қажет.

    Кез келген халықаралық ұйымның құрылуы  заңды тұрғыдан алғанда халықаралық  келісімшартты жасасумен ресімделеді, ХҚ-да халықаралық ұйымдардың құрылуы  мен іс-әрекетінің тәртібін реттеп отыратын нормалардың үлкен жиыны  қалыптасты.

    Халықаралық ұйымдардың құқықы дегеніміз – бұл  реттеуші мекемелердің құқықтық мәртебесін және халықаралық органдар мен ұйымдардың іс-әрекетін, сондай-ақ олардың әрекетінің тоқтауын белгілейтін нормалардың  жиынтығы. Маңызды халықаралық проблемаларды тек ұйымдасқан ұжымдық әрекеттермен шешуге болады. Ұйымдардың мемлекеттің өміріне тигізетін әсерінің артқандағын халықтың кең тобы ғана емес, жекелеген саясаткерлердің өзі әлі түсінбей жатыр.

    Халықаралық ұйымдар екі топ бойынша жіктемеленеді:

    - үкіметтік (мемлекетаралық), оларға тікелей мемлекеттер қатысады және бұл ұйымдар олардың мүшелерінің белгілі бір салалардағы әрекеттерін үйлестіру үшін халықаралық келісімшарттың негізінде құрылған;

    - үкіметтік емес ұйымдар, олардың  құрамына өндірушілердің бірлестіктері, монополиялар, ғылыми қоғамдар мен өзге түрдегі ұйымдар кіреді.

    Осы еңбектің зерттеу тақырыбына бірінші  категориялы ұйымдар ғана жатады. Бұл халықаралық ұйымдар халықаралық  құқықтық субъектілік қасиеттерге  ие және қазіргі халықаралық жүйеде елеулі орын алуда. Халықаралық экономикалық ұйымдар халықаралық экономикалық құқық тұрғысынан алғанда әртүрлі қызметтерді орындауға міндетті. Олр біріншіден, халықаралық экономикалық қатынастардың институттық механизмінің маңызды элементі; екіншіден, экономикалық проблемаларды талқылауға арналған форум; және, үшіншіден, өздерінде құқықтық реттеу нормалары әзірленіп қабылданатын органдар болып табылады. Халықаралық ұйымдардың әртүрлі жіктемелері орын алуы мүмкін. Біріншіден, өздеріне әртүрлі әлеуметтік-экономикалық жүйелердің мемлекеттері қатысатын жалпы халықаралық ұйымдарды айыра білу қажет (БҰҰ және БҰҰ жүйесіндегі халықаралық экономикалық ұйымдар); екіншіден, өздеріне қандай да бір жалғыз экономикалық жүйенің мемлекеттері қатысатын ұйымдар (СЭВ, ЕЭС, ЕС, АСЕАН және т.б.).

    Халықаралық ұйымдар төмендегі түрлерге бөлінуі  мүмкін:

    - әмбебап;

    - аймақтық;

    - географиялық белгі бойынша. 

    Жалпылама немесе әмбебап ұйымдар потенциалды  түрде барлық мемлекеттердің қатысуына  арналған, сөйтсе де, қолда бар мәліметтер бойынша тіпті БҰҰ-ға кейбір елдер әртүрлі себептермен қатыспайды.

    Шектеулі  құрамдағы ұйымдар белгілі бір  географиялық аудандағы мемлекеттер  үшін аймақтық, былайша айтқанда ашық болуы мүмкін мысалы, Тәуелсіз Мемлекеттер  Достастығы, Африкалық Бірлік Ұйымы, Араб мемлекеттерінің Лигасы, Еуропа Кеңесі, Америкалық мемлекеттердің ұйымы.

    Халықаралық ұйымдар жалпы экономикалық және салалық экономикалық ұйымдар деп  бөлінуі мүмкін.

    Мемлекеттің халықаралық құқықтық субъектілігі проблемасына отандық авторлардың  көптеген еңбектері арналған. Әсіресе Д.И. Фельдманның басшылық етуімен жұмыс істеген [52, 98б.] Тек қана солар өзінің егемендігінің арқасында осы құқыққа заңды міндетті сипат бере алады. [53, 43б.]

    Халықаралық қауымдастықтың қажеттерін ескерумен  мемлекеттер халықаралық ұйымдарға құқықтық субъектілік сипат берді. Мемлекеттер мен ұйымдармен қатар келісімшарттарға өзге түрдегі объектілер де қатыса алады. Мұндай мүмкіншілік Веналық конвенциялармен ескерілген. Оларда айтылғандай, олардың халықаралық құқықтың өзге объектілері қатысатын халықаралық келісімдерге қатысты қолданылмайтыны туралы факті мұндай келісімдердің заңды күшін қозғамайды. Оларға арнап конвенцияларда баяндалған кез келген нормаларды қолданудың мүмкіндігі ескерілген, аталмыш нормалардың әсеріне олар халықаралық құқық тұрғысынан түскен болар еді. Мұндай жағдайларда халықаралық құқықтың әдеттегі нормалары олар конвенцияларда баяндалған түрдегідей түсініледі.

    Комиссияның берген түсіндірмесіне сәйкес «өзге  субъектілер» ретінде келесілер  түсініледі: Қасиетті тақ (Ватикан) және көтерілісшілер тәрізді халықаралық құрылымдар, олар «белгілі бір жағдайларда халықаралық келісімшарттарға қатысуы мүмкін». [54, 102б,] Ватиканның құқықтық субъектілігі туралы мәселе келісімшарттар құқығы туралы баптарды әзірлеу кезінде Халықаралық құқық комиссиясында аса мұқият түрде талқыға салынған болатын [55]

    Тәжірибені  талдау көрсетіп отырғандай, мұндай субъектілерге  сондай-ақ еркін қалалар жатуы  мүмкін. Бұрында оларға колониялар мен олардың бірлестіктері жататын. [56, 82б.] Ватикан – мемлекет-қала, ресми атауы – «Қасиетті тақ», - римдік католиктік шіркеу орталығы. Ресми түрде келісмшарттар Ватикан мемлекетінің атынан жасалады, алайда көптеген жағдайларда Қасиетті тақтың атынан да жасалады. Көптеген заңгерлердің пікірінше, Қасиетті тақ католиктік, сондай-ақ өзге түрдегі барлық мемлекеттерге қатысты халықаралық құқық субъектісі болып табылады. Бұл ретте оның мәртебесі егемендік мемлекеттің мәртебесінен өзгеше болады деп аталуда. Жалпы халықаралық құқыққа сәйкес Тақ халықаралық келісімшарттарда тараптың бірі болуы мүмкін. [57,25б.]

    «Дипломатиялық  сөздікте» алдыңғысына қарағанда  қысқаша түсіндірме берілген: «Қалыптасқан дәстүр бойынша Ватикан халықаралық  құқық субъектісінің кейбір құқықтарын, мысалы, халықаралық келісімшартарды  жасасу құқығын пайдаланады»... . Осыдан туындап отырғандай, Ватиканның халықаралық келісімшарттарда тарап болу қабілетін көпшілік мойындаған.

    Сонымен қатар оның бұл қабілеті мемлекеттің  қабілетіне қарағанда шектеулі болып  келеді. Ватикан мысалы, саяси және экономикалық келісімдерге қатыса алмайды. Ол көптеген ортақ көптараптық келісімшарттарға қатысады, сол арқылы ол олардың моральдік беделін сақтайды. Мұнысын оның өкілдері бірнеше рет атаған болатын. Ерекше мағынаға гуманитарлық мәселелер жөніндегі келісімшарттар ие болуда. Мемлекеттермен жасасқан екітараптық келісімшарттар конкордаталар деп аталады, олар тиісті мемлекеттегі католиктік шіркеудің жағдайын реттеп отырады.

    Қазіргі халықаралық қатынастарда эконмикалық  ынтымақтастық мәселелеріне арналған көптеген нормалар бар. Реттеу көлемі мен реттеу тақырыбының сапалық ерекшелігі халықаралық қатынастарда «халықаралық экономикалық құқық» атты саланың қалыптасқандығын көрсетуде.

    Халықаралық экономикалық құқық ХҚ субъектілерінің  арасындағы қаржылардың, қызметтердің, тауаралардың қозғалысы жөніндегі қатынастарды, сондай-ақ субъектілердің арасында туындап жататын тиіст қарым-қатынастарды реттейтін халықаралық-құқықтық ұстанымдар мен нормалардың жиынтығы болып табылады. Алайда экономика саласындағы халықаралық қатынастар аса сан-алуан түрлі болып келеді. ХЭҚ нормалары төмендегі мәселелерді реттейді:

  1. Экономика саласындағы халықаралық ұйымдардың іс-әрекеті;
  2. Қаржылық – несиелік қатынастар;
  3. Халықаралық есептеулер мен несиелер;
  4. Валюталық реттеу мәселелері;
  5. Салықтық мәселелер;
  6. Кедендік қатынастар;
  7. Ғылыми – техникалық ынтымақтастық;
  8. Инвестициялар;
  9. Халықаралық тасымалдаулар;
  10. Тауарларды, қызметтерді, зерделік меншікті халықаралық сату мәселелері.

    ХЭҚ-тың  көздеріне ең алдымен халықаралық  келісімшарттар жатады, алайда басым  бөлігін халықаралық дәстүрлер құрайды. ХЭҚ нормалары ХҚ-ның негізгі ұстанымдарына бағынады. Бирюковтың пікірінше, ХҚ-ның негізгі ұстанымдарының «экономикалық құраушысы» бөлініп алынды. Мысалы қол сұқпаушылық ұстанымы өзге мемлекеттердің экономикалық блокадасына тыйым салу, шетелдік тауарлар мен технологияларға қатысты кемсіту шаралары көрсетілген. ХЭҚ арнайы ұстанымдарына келетін болсақ, 1974 жылғы жаңа Халықаралық экономикалық тәртіпті орнату туралы Декларация олардың жіктемесінің негізін қалады. Отандық ғылымда осы еңбекте қарастырылмаған бірнеше көзқарастар бар, төмендегідей ХЭҚ ұстанымдарын бөліп кетуге болады:

    - мемлекеттің өзінің табиғи ресурстары  мен экономикалық тиімділігінің  алдындағы егемендігі ұстанымы. Әрбір мемлекет ол өзінің дамуы  үшін аса тиімді деп санайтын  сол не өзге түрдегі экономикалық және әлеуметтік жүйені қабылдап алуға құқылы, және соның нәтижесінде қандай да бір кемсітуге түспеуі тиіс. Мемлекеттер солардың құзырлығында тұрған табиғи байлықтарды иеленеді, пайдаланады. Олар сырттан қол сұғусыз шетелдік кәсіпорындардың іс-әрекетін реттеп отырады және шетелдік инвестициялардың режимін орнатады. Өз ресурстарын қорғау үшін мемлекет олардың үстінен және оларды пайдалану ісінің үстінен солардың жағдайына сәйкес келетін құралдармен тиімді бақылау орнатуға құқылы, сонымен бірге меншіктендіру немесе өз азаматтарына беру құқығын қоса алғанда, және де бұл құқық сол мемлекеттің толық ажырағыссыз егемендігінің белгісі болып табылады. Ұлтаралық корпорациялардың іс-әрекетін өздерінде ұлтаралық корпорациялар әрекет ететін елдердің ұлттық экономикаларының мүддесінде шараларды қабылдау арқылы сол елдердің толық егемендігінің негізінде реттеу және қадағалау;

    - экономикалық саладағы теңдік  пен кемсітпеушілік ұстанымы. Бұл  ұстаным мемлекеттің оған экономикалық  ұсыну құқығын білдіреді.

    ЕЕСА (Еуропалық еркін сауда ассоциациясы) дегеніміз — бұл 1960 жылы құрылған ұйым, ол оның мүшелерінің арасындағы өнеркәсіп тауарларын өзара еркін  түрде сатуға арнап жағдайларды  қамтамасыз етуге арналған ұйым. 1961 жылы 1948 жылы «Маршалл жоспарын» жүзеге асыру үшін құрылған Еуропалық экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЕЭЫДҰ) қайта құрылуының нәтижесінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) құрылған болатын, ол экономикалық саясатты және дамушы елдерге «көмек көрсету» бағдарламаларын үйлесімдеуге арналған халықаралық ұйым. Оның құрамына 24 өнеркәсіптік дамыған мемлекет кіреді.

    Экономикалық  ұйымдарға олардың мемлекетүсті органдарға айналу беталысы, олардың  мүшелерінің іс-жүзіндегі, ал бірқатар жағдайларда заң жүзіндегі теңсіздігі тән болып келеді.

    Дамушы  елдер экономикалық жіне кедендік салаларға  қатысты бірқатар мемлекетаралық экономикалық ұйымдарды құраған болатын. Олардың  қатарына 1975 жылы құрылған ЭКОВАС (Батыс  Африка мемлекеттерінің экономикалық қауымдастығы, араб елдерінің «Ортақ рыногы», Латын Америкасындағы Андтық топ кіреді, оның жоғары органына Картахендік келісім комиссиясы жатады, 1961-1980 жылдары әрекет еткен Латын Америкалық еркін сауда ассоциациясын (ЛАСА) алмастырған Латын Америкалық ықпалдасу ассоциациясы (ЛЫА) және т.б. кіреді.

Информация о работе Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы барысындағы геосаяси жағдайлар