ХІХ-ХХ ғасырларда

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 13:00, реферат

Краткое описание

– үлкен көл, замана – соққан жел, алдыңғы толқын – ағалар, артқы толқын – інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер", - деп кемеңгер Абай айтқандай, талай су ақты, талай өзгерістер эволюциялық жолмен де, революциялық жолмен де өтті. Бәрі дағы өткен ұрпақтар үшін де немесе қазіргі жастар үшін де баяғыдай көрінбеуіне кім кепіл? Бүгіндегі сан салалы әлеуметтану ғылымы өз бастауын шын мәнінде XVII— XVIII ғасырлардан алып, ХІХ-ХХ ғасырларда оның толып жатқан бағыттары мен түрлі мектептері қалыптасты да, күрт дамыды. Қай халықтың болсын оның ақын-жазушылары, ойшыл философтары, ғалымдары өзі сүрген ортада экономикалық іліммен тура айналыспаса да, оның әртүрлі үрдістерін, үдеулерін, категорияларын жалпыхалықтық ұғым арқылы беріп отырған.

Содержимое работы - 1 файл

Қазақ ағартушыларының әлеуметтік көзқарастары.docx

— 43.67 Кб (Скачать файл)

        Патшалық  үкіметтің қоныс аударту  саясаты жалғаса берді,жергілікті  малшылар   жайылым жерлері  мен өрістерінен,табиғи жайлауларынан  айырылды,мұның бәрі көшіп-қону  аймақтарын едәуір шектеп,қазақтардың   барлық өмірін өзгертуге әкеп  соқты.А.Байтұрсынұлы: «Қазақ» газетінің  беттерінде бұл саясатқа қарсылығын  білдіріп,өз жері мен дінін  қиратудан  сақтап қалуға шақырды.  «Шаруашылық өзгеріс» деген жалпы  атпен берілген мақалалар топтамасында  А.Байтұрсынұлы аграрлық туралы  өз ойын баяндайды.Одан нарықтық  экономика жағдайындағы  бүгінгі   біздің  өмірімізбен  үндес  көптеген қызық ойларға тап  боласың.Мысалы,ол қазақ халқын  көшпелі өмір  мен мал шаруашылығынан  отырықшылық пен  жер өңдеуге  тез арада көшіру туралы мәселенің   қателігін  көрсеткісі келді.  «Шаруашылықты өзгерту ешқашан  тез қарқынмен өтпейді... .Үлкен   істер алға қарай  секіру,қарғу  арқылы жүрмейді ,жай тыныш   эволюциямен дамиды»(4)- деп жазды  ол.Қазақ халқының мұқтаждықтары  туралы ойлай отырып,А.Байтұрсынұлы  отырықшылыққа  көшу идеясын  даулады.

       Аграрлық реформа өткізуді жақтаған  ол «егер қазақтар отырықшы  нормамен жер алып,қала салып  отырса,қазақ арасына ғылым,өнер  таралуына жақсы болады»(5.232)-деген.Сондықтан  қазақтар заңмен анықталған,Мемлекеттік  Думада бекітілген шамада десятин  жер алуы керек.Ол екінші көзқарасын  былайша  тұжырымдайды: «Қазақ  отырықшы  нормамен күн көре  алмайды,-дейді.Қазақтың  жеріне  келіп,мұжықтар күн көре алмай,  көбі патшалықтың  асырауымен  ғана  жан сақтап отыр» (5.232).Одан  әрі А.Байтұрсынұлы  «Көшпелі  һәм отырықшы  норма» атты осы  мақаласында бұл заңның  басқа  жағы да бар екендігін ескертеді.

Әр қазақ  отбасына отырықшылық норма беріледі,қалған артық жер қоныстандыру басқармасына өтеді,бұл патша үкіметінің қазақ  жерін тартып алуының жалғасы  екендігін көрсетеді.Отырықшылыққа  көшу мәселесін жалғастыра келіп,А.Байтұрсынұлы  «шатасқан,зиянды әрекеттермен» (6.267) айналыспай,аграрлық реформаның  нәтижесін болжап,бұл  мәселесімен шындап айналысуға ұмтылды.

        Біз Министрдеп көзі жеткендіктен  шығарған норма емес,қазақтың  жерін көбірек алу үшін  шығарған  һәм көбірек алғанда,қазақтың   ризалығымен алдық деп көрсету  үшін шығарған норма»,(5.232)-дейді.Бұл  саяси астары қырық қатпар  әдістің растығына ол айғақ  ретінде  мынандай дәйек сөзді  алға тартады: «Өткен  11-ші шілдеде  Думада айтылған  сөздерден мағлұм  болды: қай пікірдің  дұрыс-бұрыс   екені.Депутаттар қазақ жерлері  жолсыз алынып  жатыр дегенде,переселен  управлениесінің бастығы Глинка  қазақ жерін жолмен алып жатқандығын көрсетуге  отырықшы норманы қазаққа  не үшін шығарғандарын жасырмай, ашып айтып берді.Ол айтты : «Біздің қазақ турасында істеп отырған ісіміз жолды.Біздің жолымыз екеу-ақ.Бірі-қазақтан артық жерді алу,екіншісі-қазаққа  тиісті жер беріп,орналастыру .Қазақтың  артық жерін алып жатырмыз-артық жерді  алсын деген закон бойынша ,қазаққа жер беріп,орналастыру.Қазақтың  артық жерін алып жатырмыз-артық жерді алсын деген закон бойынша,қазаққа  жер беріп ,орналастырып жатырмыз-өздерінің тілегі бойынша.Қазаққа істеп отырған жолсыздық емес,әдісіміз бар- қазаққа тиісті жер беріп,орналастыру  турасында  Думаға закон жобасын кіргізбей  тұрғанымыздың  мәнісі мынау :көшпелі қалпында жер беріп,орналастырсақ,қазаққа көп жер тиеді.Артыларлық жер аз болмақшы.Оны дума арқылы  законмен бекітіп,қазаққа берген соң,ала алмаймыз.Қазақ жері қазақтан  көп артылып қалу үшін,яғни переселендерге қазақтан  жерді көбірек  алу үшін ,біз әдіс  етіп  отырмыз.Әдіс қылу жолсыздық емес,ептілік.Біз Министрлер Советінен ептілік  етуге рұқсат алып,қазақты  ебімізге түсіруге қайырмалап едік,топ-тобымен топырлап түсіп жатыр.Ол  істеген  ебіміз мынау еді:қазаққа отырықшылық болып.жер алуға  риза  болсаңдар,сендерге  де мұжықпен қатар   15 десятинадан еркек басына жер береміз дедік.Айтуымыз-ақ мұң екен,қазақтар отырықшы  нормамен жер бер деп жабыла сұрап жатыр.Өткен отырықшы  нормамен  қазақтарға   700 мың десятина  жер бердік...»

       Міне,переселен управлениесінің   министрден кейінгі  бастығының  сөзі.Бұл құпиялап қана досына  айтқан сөзі емес,Государственный  Думада  күллі депутаттардың   алдында айтқан сөзі."(5.232-5.233).Қазақ  оқығандарының  арасында үлкен   талас тудырып,дау дамайға   айналдырған  айтыстың  қайсысы   дұрыстығына  жоғарыдағы  қоныстандыру  басқармасы  бастығының  сөзінен  алынған үздік  сырдан ап-айқын   аңғарылады.Империялық саясаттың   қулығына құрық бойламайтын   әккілігінің  бетпердесін өзі  ашып берген мырзаның  ой-пікірін  қалың талқысына салып,жер үлесіне  қатысты  мәселені тсіндірген  А.Байтұрсынұлының көшпелі норманы  не үшін қуаттайтындығын байқау  қиын емес.Ол өзі де: «Тісі   шыққан балаға шайнап берген  ас болмас» деген.Переселен чиновниктері - алушы, қазақтар-беруші.Алушыға  көп алғаны жағымды,берушіге аз  бергені жағымды.Қазақ әуелден  осыны  ойлау керек  еді.Олар  өзіне жағымды жағын көздегенде ,қазақтар да өзіне жағымды  жағын  көздеуі тиіс.Құр пәленше  пәлен етіп жатыр деген   дақпыртқа жүгірмей,істің түбінен  ойлау керек» (5.233)-деп жазады.А.Байтұрсынұлы  аграрлық мәселелерді  шешу  қазақ халқының өмір сүру жағдайларын  жан-жақты білу керектігін,өйткені  бұл,оның пікірінше, шаруашылықты  құртатындығын орынды ескертеді.Қоғамдық  дамуды өзгертуде газет тілшілері  қоршаған ортаны,техникалық прогресс  пен дамытуды жатқызады.Әсіресе  қоршаған ортаның  рөлін: «егер  қазақтардың  қазіргі шаруашылығы   табиғи жағдайларға  сәйкес  келсе ,онда бұл шарушылықтың  өзгерісі табиғи ортаның  өзгерісіне  тікелей байланысты болады»  (7)–  деп айырықша бөліп көрсетеді.Өз  пікірін баяндай отырып, А.Байтұрсынұлы  өз оқырмандарын аталған мәселені кеңінен талдап,тәжірибелерін бөлісуге төмендегі сұрақтарға жауап беруге шақырады: «Қазір отырықша халықтар немен шұғылданып отыр?Олардың жағдайы қалай?Шаруашылықтың формасы өзгерді ме?Мал шаруашылығымен  және жер өңдеумен бір мезгілде айналысу мүмкін бе?Отырықшылдыққа өткен  4-5 жылдың тәжірибесін не көрсетті? (7).Экономикалық білімнің жеткіліксіздігіне қарамастан, А.Байтұрсынұлы  қазақтардың  негізгі шаруашылығы ретінде мал шаруашылығын сақтап қалудың қажеттігін негіздеуге тырысты.Және бұл,біздің пікірімізше,қазақ халқын ғасырлық артта қалушылықтан шығаруға қарсы айла шарғы емес,сталиндік идеологияда баяндағандай,оны әлеуметтік прогресс  жолына бағыттаудан туған.

        Тарих мал шаруашылығын сақтау  идеясының дұрыстығын дәлелдеді.Қазан  төңкерісінен кейін ұжымдастыру  мен көшпелі және жартылай  көшпелі шаруашылықтарды жаппай  отырықшыландыру Қазақстандағы  дамудың тиімді юағыты ретінде  таңдалып алғаны  белгілі.Басқаша  айтқанда,қазақтың шаруашылығын  дамыту жолдары ретінде мал  шаруашылығын  жер өңдеу шаруашылығына  ұластыра дамытудың артықшылығы  түсіндірілді де,бұл жағдай ақиқат  аксиома  ретінде қабылданды.Бірақ  зерттеуші  Ж.Б.Абылғожин: «Оның  тамырын жаңа революциялық ойлаудың  детерминанттарынан іздеу қате  болады,өйткені,онда дәстүр факторы  көбірек орын алған болар еді.Көшпелі  құрылымның ұйымдасқан мәдени-шаруашылық  стереотиптері өркениет пен мәдени  империативтерімен бітпес дауға  енетін ескі,артта қалған,кем  шаруашылық ретінде қарастырады»(8.199)-деп  дұрыс көрсетеді.

        А.Байтұрсынұлы және басқа да  оқымыстылар мен қоғам қайраткерлерінің  ойларын жоққа шығару ең ауыр  зардапқа ұласты:аштық,демографиялық  апат,халықтың үлкен көлемде ауа  көшуі,мал басының мың миллиондарға  азаюы.Осылайша ,А.Байтұрсынұлы шаруашылық  формасын күштеп өзгертуге қарсы  болып,бұл мәселеге дұрыс қарауды  талап етті.

        А.Байтұрсынұлының  қоғамдық-саяси   жұмысқа белсенді  араласып кетуіне,әрине,туған  халқының мүшкіл халі басты  себеп болды.Ол қазақ елінің  Ресей патшалығы басып алғанға  дейінгі өмірін жоқтайды:

                                «Қайран еркін замандарың,

                                 Тарлыққа жоқ амалдарың,

                                  Еркін дала,еркің қайда,

                                  Еркіндегі көркің қайда,

                                  Нулы,нулы жерің қайда,

                                  Сулы,сулы көлің қайда,

                                 Еркін көшкен елің қайда,

                                 Ер қорғаны- ерің қайда?(5.72)-деп  ,халқының өткен еркіндігін аңсап  қана қоймай ,өз тұсындағы елінің  әлеуметтік ахуалы нашарлығының  басты себебі –патша өкіметінің  отаршылық саясатында екенін  көрсете отырып,бостандық,еркіндік  үшін күреске бел  байлайды.Оның  бейбіт жолмен шешетін алғы  шарттарын қарастырады.А.Байтұрсынұлы  қазақ қоғамының қасіретке ұшырап  отырғандығының басты себебі – жер мәселесіне байланысты деп қарайды.Ол «Қазіргі қазақ мәселелерінің ең зоры –жер мәселесі.Бұл қазақтың тірі,я өлу мәселесі»-деп оның үлкен әлеуметтік мәнін ашып берді.Шыныда да,қайбір елдің болмасын әлеуметтік-экономикалық күйі жерге байланысты.Өйткені, жербайлықтың көзі екені бәсенеден бері белгілі.Ресей патшалығы осы ерлерді отарлап алып,қазақтарды шөлді далаларға ығыстырды.Бұл қазақ қоғамының әлеуметтік күйін нашарлатып,оның дәулетінің басты көзі– мал басын кемітті.

Сондықтан да А.Байтұрсынұлы Қарқаралыда жер  аударылып жүрген кезінде қазақ  оқығандарының басын қосып,патша  өкіметіне қазақ халқы атынан петиция жазады.Онда ең бірінші шешетін  маңызды мәселе етіп қазақ жерін  алудытоқатуды,орыс жерінен көшкендерді  жібермеуді қояды.Бұл өзекті мәселе болғандықтан  А.Байтұрсынұлы оны  өз назарынан шығармайды.1913  жылы жазған мақаларында  да жер мәселелеріне  патша әкімшілігінің назарын  аударып отырады.Соның бірінде  жоғарғы хакімдер  «Қазақ пайдасындағы жерлерді алады,қыстауларынан көшіріледі- оны қазақ білмейді»(5.222)- деп ашына  жазады.Осы сияқты әлеуметтік жағдайларды  сол тұстағы патшалық отарлау  жүйесінің жағдайында түбірлі әлеуметтік өзгерістер жасауға мүмкіндік болмағандықтан ауылдық земство сияқты реформа  енгізуді мақсат етті.

        «Қазақ» газетінің беттерінде  қоғамдық саяси бағыттағы ,қазақ  халқының саяси және құқықтық  санасын қалыптастыруға үлкен  әсерін тигізетін  мақалаларға  көп орын берілді.Қоғамдық-саяси  қызметін «Қазақ» газетіндегі  шығармашылық жұмыстарымен шебер  ұштастыра білген  А.Байтұрсынұлы  баспасөз арқылы қазақ халқының  ұлттық тұрғыда өсіп жетілуіне,олардың  бостандық пен тәуелсіздік идеяларын  түсінуге әсер етуге тырысты.Ол  патша өкіметінің  қарамағындағы  өз халқының теңсіздігіне алаңдап,өз  тұстастарын әрекетсіздіктері мен  әлеуметтік жағынан әлсіздіктері  үшін қатты сынап,олардың күш-қимылын  біріктіруге шақырды.

       Сөз соңында «Қазақ» газетінде  А.Байтұрсынұлының жігерлі еңбегінің  арқасында ұлт тағдырына қатыстыөзекті  мәселелердің күн тәртібіне қойылып,оны  іс жүзінде асыруға қыруар  жұмыстардың жүргізілгендігін баса  айтқымыз келеді.А.Байтұрсынұлы  көтерген ұлттық идеялары күні  бүгінге дейін өз маңызын жоймай  отыр.

        Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов (1870–1937 жж.) – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт-азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда өкіметінің төрағасы.

Туған жері – бұрынғы Семей облысындағы  Қарқаралы уезінің Тоқырауын  болысы, қазіргі Қарағанды облысындағы  Ақтоғай ауданы.

       Ата-тегі – Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы – атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей хан – осы Көкжал Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі – Нұрмұхамед.

Әлиханды  әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға  апарып, жергілікті молданың қолына оқуға  береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады. Бұдан кейін  ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады.

Осыдан  кейін он алты жасар Әлихан Омбы техникалық училищесіне қабылданады. Төрт жыл бойы үздік оқыған алғыр  шәкіртіне риза болған училище басшылары  оның оқуын әрі карай жалғастыруына  мүмкіндік жасайды. Сөйтіп, ол жиырма жасында Дала геннерал-губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом степендиясын алып, Ресейдің астанасы Санкт-Петербургке барып, Орман шаруашылығы институтына  түседі.

          Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік  толқуларға қатысады. Оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды.

        Оқуын бітіріп, Омбыға оралғанда Ә. Бөкейханов Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің әдістерін үйреніп білген, күрес-тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын.

        Ол Омбыға келісімен қаланың прогресшіл бағыттағы зиялылармен, жер аударылғандармен тез тіл табысып, тығыз қарым-қатынаста болады, қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады. «Халық бостандығы» партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады. Әлиханның саяси көзқарасының пісіп-жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері, әрі қазақ ұлт-азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді.

        ХХ ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі – Бұхара мен Түркістанға бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі – негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүрікшіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім-тәрбие алған озық қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді.

        Сондықтан олар ең алдымен, халықтың сана-сезімін оятатын жағдай жасау керек деп біледі. Бар күш-қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырады. Бірақ, олардың ойдағыдай жұмыс істеуіне жандармерия басқармасының жансыздары мүмкіндік бермейді. Солардың көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге қамалады. Бұдан студент кезінде-ақ сенімсіздердің қара тізіміне ілігіп, бақылауда жүрген Әлихан да тыс қалған жоқ, Семей түрмесіне қамалып, кейін Самар қаласына жер аударылады.

1916 жылы  жер аудару мерзімі бітіп, Самарадан  Орынборға келген Әлихан бірден  қаланың қоғамдық-саяси өміріне  араласып кетеді. Қаланың қазақ  тұрғындары атынан қалалық думаға  сайланады.

Ол Ақпан  төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ  ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өз мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері  қазаққа автономия беруге қарсы  болады. Оның үстіне олармен жер  мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір  автономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының  құрамында қазақ автономиясы  құрылмақ болады.

       Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым – Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1927 жылдың желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайында Қазақ автономиясы жарияланып, Ә. Бөкейханов сол алғашқы Қазақ автономиялы республикасының тұңғыш төрағасы болып сайланады. Бірақ, көп ұзамай жеңіске жеткен большевиктер Қазақ автономиясының жұмысын тоқтатып, басшыларын қуғынға салады. Ә. Бөкейханов Мәскеуге жер аударылады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылдың тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен өлім жазасына кеседі.

Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін болуына арнаған аяулы  азаматтың соңғы демі біткенше сол  мақсат жолында жасаған қызметі  сан қилы. Ол – Ресей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері cъезінің делегаты, Ресейдің І Мемлекеттік  Думасының және мұсылман халықтары  съезінің депутаты, IV Мемлекеттік Думаның  мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі, ғұлама ғалым – ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі публицист ретінде  қазақ халқының саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани тарихында өшпестей із қалдырған  ұлы тұлға.

         Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) - көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Туған жері бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей хан осы Көкжал Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.

        Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады. Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан Омбының техникалық училищесіне қабылданады. Төрт жыл бойы үздік оқыған алғыр шәкіртіне риза болған мүмкіндік жасайды. Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, Ресейдің астанасы Санкт Петербургке барып, Орман шаруашылығы иснтитутына түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады.

       Оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды. Оқуын бітіріп, Омбыға оарлғанда Ә.Бөкейханов Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің капиталистік қоғамның қанау тетіктерін ашып берген экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады. «Халық бостандығы» партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады.

         Әлиханның саяси-әлеуметтік көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсеі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді. XX ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұхара мен Түркістанға бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді.

Информация о работе ХІХ-ХХ ғасырларда