Жеке тұлға

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 09:11, реферат

Краткое описание

Әлеуметтану ғылымының адамдардың пікірлері, іс-әрекеттерінің уәждері, өмірлік жоспарлары, құнды бағыт-бағдаолары, қызметтің мақсаттары және т.б. қазіргі адамның тұлғалығын бейнелейтін мәселелер болып саналады. Тұлғаны танып-білу бұрыннан келе жатқан нәрсе.

Содержимое работы - 1 файл

Социология - реферат.docx

— 44.27 Кб (Скачать файл)

     Басқа бір зерттеуші Сөкен Сейфуллин өзі "Біздің ауылда барлық жерде өнді де, ертегіні естуге болатын. Кештер, ойын-сауықтар, айтыс жиі ұйымдастырылатын. Бала жастан осы әндер, айтыстар, ошақ қасында естіген осы ертегілер мен аңыздар менің санамда қалып қойды," - деп балалар ойындарын әндермен, айтыстармен байланыстыра қарастырады. Қазақ халқының өмірінде ойынсыз тірлік бітпеген тіпті көшіп қонуда да жастар аяғын ойынға айналдырып отырған. "Бүл елдің ескі бір салты бойышша, көші-көн кезінде жастар әуелі үлкендердің үйін тігісіп береді. Одан соң жетім қалған үйлерді де тігіседі. Ең соңыңда отау үйлерді қалдырып, аяғын ойын-сауыққа айналдырып әкетеді" - деп жазған екен Ғабит Мүсрепов "Ұлпан" повесіңде.

     XIX ғасырдың бірінші жартысында казақ даласын Сібірге жер аударылған поляк А.Янушкевич өзінің жазып жүрген күнделіктерінде қазақтың ойын сауығының халықтық тұрмыс-тіршілігімен, әдет-ғұрпымен қоршаған ортамен астасып жатқанын таң-тамаша еткенін сөз етеді. "Кешкісін біздің үйде бір қызық болды. Ол әр түрлі аңдар мен құстардың, әсіресе, түйенің, құланның, бүркітгің дауысын айнытпай салады. Бұны одан артық айнытпай салу ешкімнің қолынан келмейді." - деп таң-тамаша болған.

     Жаңылтпаш ойыны. Бүл ойыңды әуелде тілінің мүкісі бар, әр әріпті, дыбысты дұрыс айта алмайтын балалар үшін пайдаланған халық педагогикасының бір саласы. Кішкене кезіңце "р"-дың орнына "и" дыбысын ауыстырып айтуға байланыты халық үні, әуені әдемі, өлеңдетіп:

    Дегеңде, ей, Тайқарбай, өй, Тайқарбай,

    Қойынды мол жусанға жай, Тайқарбай,

    Тайқарбай, Майқарбайлар толып жатыр,

    Әй, Тайқарбай, дегенің қай Тайқарбай?

   - деп балаларға әр дыбысты өз  орындарында айтуға дағдыландыру  арқылы тіл мүкісін түзетуге  көмектескен - ойын түрі. Халық ойнатып отырып, ойланып сөйлеуге баулыған.

     "Соқыр  теке" ойыны. Оның шарты қатысулардың әр қайсысына мал аты қойылады. Ең соңғы аталған бала "Тентек теке" болады:

     Бұзау, бота, құлыншақ

     Тоқты, серке, тай торпақ,

     Тана, тайлақ, құнан, дөнен, бесті бар.

     Малдың  жасын айыра біл, естіп ал,

     Бұқа, бура, айғыр, қошқар, теке бар

     Сүзегенсің, тентек теке, жеке қал.

     Көзін байла, теке-теке "бақ-бақ"

     Соқыр теке қайдан бізді таппақ.

     Ойын үлкен шеңбер ішінде ойналады. Ойынды бастаушы "Тентек текені" көзін байлап, ортаға шығарып: «ал ойын басталды» дегеңде, "Тентек теке" былай дейді:

     Қараңғыда көзім жоқ

     Тиіп кетсем сөзім жоқ,

     Маған жақын келіңдер,

     Бір қыз ұстап беріндер!

Балалар көзі байлаулы "Соқыр текені" мазақгап өлеңдетіп:

     Соқыр, соқыр, соқырақ,

     Оң  көзіне топырақ

     Топырағын алатын,

     Тотияйын  салатын.

     Ал  үстап көр, батырым,

     Міне, келе жатырмын! -

деп әр жаққа қашады. Ары қарай оиын жалғаса береді.

     Сәбит Мұқанов өзінің "Өмір мектебіңде" кейбір ойын-түрлері жайлы былай деп баяндаған екен: "Хан" деген сөзді мен кішкене күнімнен білем. Ауылдың баласы есін білер-білмес кезде, асық ойнай бастайды. Асықтың да "ханы" болады. Ол - өрі оңқай, әрі қошқар сияқты үлкен қойдың асығы. "Хаңды" балалар қынаға бояйды. Асық ойынының бір түрі: ойынға қатынасатын балалар сан мөлшерін бірдей ғып асық шығарады да ұтысады. Ұтыстың тәртібі: әуелі ойынға қатынасатын балалар "ханды" жағалай иіріп шығады да, кім алшы түсірсе, ойынды сол бастайды. Ойын бастаған бала, балалардың ойынға салатын асықтарын жерге шашып жібереді. Тәртіп: бүкті бүкпен ғана, шікті шікпен ғана, тәйкені тәйкемен ғана, алшыны алшымен ғана, шомпыны шомпымен ғана ату, және бір ғана үсік саусағымен ату... Бала ең алдымен "ханды" атып алады. Атқан асығына тигізе алмаса, екінші балаға кезек береді... Асықты алғаш шашқанда, "хан" алшы түссе, "хан таламақай" болады, онысы - шашылған асықты үлгергенше талап алу... Бүл "таламақай" да, әр бала колына "ханды" түсіруге тырысады...

     "Хан"  ойынының бұл - бір түрі. Екінші түрі, балалар түнде жиналады да, екіге бөлініп, әр топ орталарынан бір баланы "хан" сайлайды. Екі "ханды" арасы алшақ екі жерге отырғызып, ол араны "орда" деп атайды. Аржағындағы тәртіп "Ақ сүйек" ойнау. Онысы - екі топтан бір бала шығу керек те, даярлап қойған малдың қу сүйегін (әдетте ол жілік болуы керек) алыска апарып лактырып келуі керек. Сол сүйекті балалар іздеп, тапқан бала, өз "ордасына" алып кашу керек. Ол баланы өзге балалар куғанда, қашқан баланың жақтастары, екінші топтың балаларына сүйекті бермеуге тырысып, қай жүйрігі кағып әкете береді. Жеткен балаға, қай топтың баласы болса да, сүйекті карсыласпай береді.. Сүйек келген "орда" жеңген жақ болады. Жеңілген жақ айыпқа бала береді. Мақсат - баланы көп ұту. Егер бір "орда" балаларын түгел ұтқызса, ол "орданың ханын" балалар түйе-бас қылады.

     "Хан"  ойынының үшінші түрі, қыз-бозбала жиналғанда "хан жақсы ма?" ойнайды, оның тәртібі: ойынды басқаратын "хан" мен "ханша" жөне "уәзір" сайланады. (Әдетте "хан үйленген" жігітпен, "ханша" келіншектен болады. "Уәзір" қай жігіт болса да мейлі.) Ойынды баскаратын "ханның" бұйрығы бойынша, бір қыз, бір жігітпен араласа отырады. Хан жігіттерді кезекпен

шақырып, әртүрлі өлендер айтқызады.) Хан  бұйыратын өлеңнің барлық саны 24 ауыз және жігіттер бірін-бірі қайталамай, тыңнан өлендер табуы керек... Осы бұйрықты орындап шықкан жігітке "ханның" берер сыйы - тандаған кызының касына отырғызу. Бұйрықты орындай алмаған жігіт өзінің отырған орнынан айрылып қалады. Қу "хандар", өленді ақшамен де, немесе орамал, айна, тарақ, кисет сияқты заттармен де өтетеді. Бірақ борышын олай өтеген жігіт, тек орнынан ғана айрылмайды, сүйгенінің олай өтеген жігіт, тек орнынан ғана айрылмайды, сүйгенінің қасына отыра алмайды. Ойын осы тәртіппен өткеннен кейін, "уәзір" ойынға қатынасушылардан "хан жақсы ма?" деп сүрайды. Әдетте жастар ойынды "ханды" мазақтаумен аяқтайды. Балалардың да, жастардың да осылар сияқты "хан" сайлайтын шағымызда талайлардан естідік те, естігеңдерімізді озгелерге де айттык, Солардың ішінде қылығына қарай жақсы көрген де, жек көрген де "хандарымыз" болады...- дейді. 

  1. Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарға бағыттап оқыту

   Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды  сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес  ұлттық сананы сақтау күресі екенін түсіну.

    Ұлттық  тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде  қалыптасуын айтамыз.[1,273 б.]

    Ұлттық  мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда ұлттық мәдени құндылықтар – белгілі бір  ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық  құндылықтар.

    Адамдардың  бойында қалыптасқан имандылық  қадір-қасиеттер рухани құндылықтарға, ал адамдардың қолымен жасалған тұтыну заттары мен кәсібі материалды құндылықтарға  жатады.

    Өзімізді  өзіміз бағалай білуге бет бұру –  ұлттық байлығымызды игеру, ұлттық санамызды  дамыту. Ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандалылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару.

    Өз  ұлтын қадірлеп-қастерлеген, ұлт  қадірін білген азаматтың бірі Ж.Аймауытов: «Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын.Оны үзе алмаймын.Үзу  қолымнан келмейді» - дейді. Сырым Датұлы: «Мен ағайынды екеумін:бірі -өзім, екіншісі-халқым» - дейді.

    Қазақ халқының осындай дәріптеуге, қастерлеуге, дамытуға тұрарлық ұлттық  рухани және материалдық құндылықтары туралы ұлағатты, құнды ойларын халық игілігіне, келешек ұрпақты, ел-жұртқа ие болар  азаматтарды тәрбиелеуге неге қолданбасқа? 

    Қоғамдағы адамдар жасаған рухани, материалдық, мәдени құндылықтардың алмасуы оқыту  процесі арқылы жүзеге асырылады.Соның  ішінде сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы оқыту – саналы процесс  екенін айтқым келеді. Интеллектуалдық  деңгейі жоғары тұлғаны қалыптастыру үшін, оны оқытып қана қою жеткіліксіз. Оны тұлға ретінде жан –  жақты дамытуға қолайлы, оқытудың шығармашалақ түрін жасау қажет, яғни шығармашылық оқу әрекетін туғызу қажет. Бұл баланы, берілген оқу материалын жаттап алу  ғана емес, керісінше өз бетімен  білім алу үшін ізденуге үйретеді.

    Жеке  тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда  төмендегі құндылықтардың болуы  қажет:

    - белсенді қарым-қатынас:  оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы;

    - индивидтік: мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы;

    - өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту;

    - шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.

      «Адам мен адамның бір-бірімен  араласу,өзара қарым-қатынасында  ғана адамның адамдығы өзі  үшін де,өзгелер үшін де ашылады»,-дейді  философ М.М.Бахтин.Оның пікірінше,  диалог тұлғаны қалыптастырудың  құралы ғана емес,оның адамдық  болмысын да көрсетеді.Тұлғаның  белсенділігі,өзін-өзі дамытып отыруға  ұмтылуы өзгелерден бөлек жағдайда  емес,өзге адамдармен диалогтық  қатынастарға түсу кезінде жүзеге  асырылады.Бірлескен қарым-қатынас  негізінде оқушы-оқушы, мұғалім-мұғалім,  оқушы-мұғалім арасында өзара  құрметтеу, мойындау, түсіне білу  және сыйластық әрекеттері пайда  болып, толеранттық пен мейірімділік  көзқарастары қалыптасады. 

    Сонымен бірге сыни ойлау арқылы тұлға  бойында рефлексиялық сапаларды  қалыптастыру. Рефлексиялық сапа дегеніміз  білім мен тәрбиені өзіндік сана арқылы қабылдап, тұлғаның рухани дамуы, ғылыми ақпараттарды игеруі болып табылады.

    Оқушы бойында  рефлексиялық сапалардың қалыптасуы білім беруді ізгілендірудің нәтижесі болып табылады.Оқушының өзін тану үшін және өмірлік проблемаларын  шешудің бірден-бір тәсілі - рефлексиялық басқаруды жүргізе алуы. Ол үшін төмендегі басты ерекшеліктерді дағдыға айналдыруың маңызы зор:

  • өз тәжірибесін пайдалана отырып, жаңа білім арқылы дүниеге өзіндік түсінік пен танымды қалыптастыру;
  • өзге адамдардың ұсынатын идеяларына конструктивтік көзқараспен қарай алу;
  • өзіне қарама-қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылу, одан өзі үшін нәтиже шығару;
  • өз біліміндегі олқылықтарын көре білу және оны жоюдың жолдарын табу.

    Рефлексиялық  әрекеттер барысында оқытудың жолдары  талданады, өзіндік шешім қабылдауға жағдай туғызылады.Сөйтіп, бала өзін-өзі  дамыту, тәрбиелеу, өз әрекеттерін ұйымдастыру  мүмкіндігін алады.Өз ерекшелігі мен  деңгейін таниды.

    Сонымен бірге оқушы тұлғасына шоғырланған  білім беру мұғалім тарапынан  әр оқушының өзіндік жақын даму аймағында  дербес қабілетін дамытуға түрткі болу,оларды оқыту мен оқу құндылықтары жүретін  практикалық әрекеттерге баулу, баланың қолынан келетін істерін  қолдау арқылы қиын проблемаларын шешуге көмектесу болып табылады.

    Оқушы тұлғасына шоғырланған  білім берудің  мәні неде?

    1.Оқушы  тұлғасына шоғырланған білім  беру – адамның қалыптасуы,тұлғаның  өз мәдениетінің субьектісі болуына  көмектесу, шығармашылық өмірге  үйрету.

    2.Оқушы  тұлғасына шоғырланған білім  беру сырттан келетін тәрбиелеу  емес, адам бойынан адамдықты  табу,оны қолдау және дамыту  негізінде өзін-өзі реттеуге, тәрбиелеуге  әкеледі.Сол арқылы өзіндік болмысы,  санасы бар тұлғалық бейне  қалыптасады.

    3.Оқушы  тұлғасына шоғырланған білім  беру – адамның дене және  рухани денсаулығы, адамгершілігі,  бостандығы.Ол – тұлғаны түсіну,өзара  түсіністік, ынтымақтастық қарым-қатынастың, салауатты өмір мен парасаттылықтың,  өзіндік қатынастың негізін қалау.

Информация о работе Жеке тұлға