Қонақ үйдегі қызмет көрсету сапасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 08:11, дипломная работа

Краткое описание

Туризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының «Статистикалық әдіснама мен статистикалық құралдарды жетілдіру» стратегиялық бағытын жүзеге асыру шеңберінде әзірленді.
Осы әзірлеменің әдістемелік негізі Дүниежұзілік туристік ұйыммен (ДТҰ), Біріккен Ұлттар Ұйымының Статистика бөлімімен, Халықаралық еңбек ұйымымен (ХЕҰ), Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ), Еуростатпен, Халықаралық валюта қорымен (ХВҚ), Дүниежүзілік сауда ұйымымен (ДСҰ) ынтымақтастықта әзірленген 2008 жылғы туризм статистикасы бойынша халықаралық ұсынымдар болып табылады.
Әзірленген әдістемелік ұсынымдар статистикалық көрсеткіштер жүйесін оның халықаралық деңгейде салғастырымдылығын қамтамасыз ету үшін БҰҰ халықаралық ұсынымдарына сәйкес қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Осы әдістемелік ұсынымдар туризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру және статистиканың аумақтық органдарымен тәжірибелік жұмысында пайдалануда басшылық ретінде қызмет етеді.

Содержание работы

1. Жалпы ережелер …………………………………………4
2. Туризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру ......………........9
2.1 Туристік қызметтің негізгі статистикалық көрсеткіштері...............10
2.1.1 Туристік сапарлардың сипаттамалары…………………………12
2.2 Орналастыру орындарының негізі статистикалық көрсіткіштері .....16
2.3 Туристік шығындар…………………………………………18

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………22

Содержимое работы - 1 файл

Методика туризма каз.doc

— 157.00 Кб (Скачать файл)

Туроператорлар әдетте өзіндік атауымен және өз атынан жұмыс істейді. Оператор алдымен жиі алдын ала және арнайы уағдаласқан бағамен туризмнің түрлі салаларын сатып алады, содан кейін бұл қызметтер қиыстырылады және тұтынушыларға бірыңғай кешенді өнім ретінде не келіп кетушіге тікелей не турагенттік арқылы ұсынылады. Коммерциялық кәсіпорындар ретінде олар сонымен қатар олардың меншігіндегі немесе кәсіпорынның сол тобына енетін келісімді ауе компанияларының көмегімен халықаралық тасымалдаулар сияқты кейбір қызметтерді көрсете алады. Бұл өнім әдетте  тасымалдау қызметін және орналастыру, қоректендіру, экскурсияға шығару, көңіл көтеру шараларын және келіп кетушілер талап ететін басқа да қызметтер сияқтының бір немесе бірнешеуін, сондай-ақ туроператордың өзінің қызметтерін қамтиды. Көпшілік жағдайда келіп кетуші түрлі элементтер арасындағы шығыстарды бөлу туралы хабарсыз болады және кету сәтіне дейін қызмет жеткізушілерімен тікелей байланысы болмайды. Туроператор кешенді турға енгізілетін қызмет жеткізушілеріне қатысты жиі тәуекелге барады және егер өнім (жолдама) брондалған көлемдерде  сатылмайтын болса, оларға тұрақсыздықты төлеуі тиіс.

 

2.2 Орналастыру  орындарының негізгі статистикалық  көрсеткіштері

 

18. Тоқсан сайынғы және жылдық негізде «Орналастыру объектілерінің қызметі туралы есеп» жалпы мемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны бойынша орналастыру орындарын сипаттайтын көрсеткіштер қалыптасады (2-туризм):

орналастыру объектілерінің саны;

нөмірлер саны;

бір реттік сиымдылық;

қонақ үйлердің толуы;

бөлінген төсек-орын тәулік саны;

төсек-орын-тәуліктің  орташа құны;

орналастыру объектілерімен көрсетілген қызметтер көлемі;

орналастыру объектілерімен қызмет көрсетілген келушілер саны. 

Қонақ үй кәсіпорындарымен түнеуді (төсек-тәулікті) ұсыну нөмірлер мен орындарды брондауды қоса пайдаланылған тұрақты және уақытша орындар санын білдіреді және тұратындарды есепке алу кітабының негізінде анықталады.   

Сапар немесе сол жерде болу ұзақтығы сапар немесе болатын орны мен елде болу барысында өткізілетін уақытқа жатады. Осыған байланысты келушілердің болу ұзақтығы қонақ үйлер шаруашылықтары бойынша зерттеулерде келесі интервалдарға жіктеледі: 1-3 түн; 4-7 түн; 8-28 түн; 29-92 түн; 93 және одан көп түнеулер.

ДТҰ ұсыныстарына сәйкес барлық орналастыру орындарын екі санатпен ұсынуға болады: ұжымдық және жеке.  Туристерді ұжымдық орналастыру құралдары мыналарға бөлінеді: 

1) қонақ үйлер және туристерді орналастырудың ұқсас құралдары (қонақ үйлер, ұқсас ғимараттар); 

2) мамандандырылған мекемелер (сауықтыру мекемелері);

3) өзге де ұжымдық мекемелер. 

Қонақүйлердің негізгі белгілерінен ең алдымен 10 бірліктен кем емес нөмірлік қордың болуын атап өту қажет. Қонақ үйлер  міндетті қызметтер тізімін ұсынады: нөмірді тазалау, төсек-орындарды күнделікті ауыстыру және кәріздік желілерді тазалау, сондай-ақ қосымша қызметтерді кеңінен номенклатуралау. 

Нақты жабдықтар  мен көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктеріне  қарай қонақүйлер құрамында кең  профильді қонақ үйлерді, пәтерлік типтегі қонақ үйлер, мотельдер, жол-жөнекей қонақ үйлер, курорттық қонақ үйлер, тұруға болатын клубтарды және өзгелерін  ерекшелеп алады. 

Қонақ үйлер  іспеттес мекемелер тобы нөмірлік қорға  ие, міндетті қызметтер тізімін ұсынады. Бұл тәріздестер пансиондар, жиһазбен жабдықталған бөлмелер, туристік жатақханалар және сол сияқтылар. 

Мамандандырылған  мекемелер (бірыңғай басшылығымен) сондай-ақ туристерге қызмет көрсетуге арналған.  Олардың нөмірлері жоқ. Мұнда бастапқы бірлік тұрғын-жай, ұжымдық жатын бөлме, алаң болуы мүмкін.  Туристерге  қонуы үшін мекеме орын ұсынғаннан басқа қызметтің өзге де түрлерін көрсете алады.  Мұндай мамандандырылған мекемелер мысалы ретінде сауықтыру мекемелері (сауықтыратын орындар, курорттар, санаторийлер, сауықтыру фермалары және т.б.), лагерьлер, қоғамдық көліктердегі, конгресс-орталықтарындағы орналастыру құралдары (пойыздар, кемелер) қызмет етеді. 

Сауықтыру орындарында, курорттарда түнеу үшін орындар  беру қызметі бастысы болып табылмайды.  Бұл жерде ең алдымен келушілердің ауруларын табиғи факторларды тарту жолымен (климат, теңіз, минералды су және өзгелері) емдеу және алдын алу қажет. Адам ағзасына материалдық және рухани әсер ету еңбек пен дем алудың әдеттегі жағдайларын жоюды қосады. Емдеумен қатар тамақтандыру, демалу, спорт, тұрмыс және, әрине, тұратындардың түнеуіұйымдастырылады. 

Орналастырудың  өзге де ұжымдық құралдары ең алдымен  демалуға арналған тұрғын-жайды қосады.  Бұл орналастыру құралдары тобының  мысалдары ретінде пәтерлік типтегі  қонақүйлер, үйлер кешені  бунгалолар жүреді.  Бұл орын-жайлар бірыңғай басқаруға ие, кез-келген тұлғамен (тұлғалармен) немесе ұйымдармен төлемге, жалға, тегін тапсырылады.

Өзге де ұжымдық  орналастыру құралдарының құрамына кемпингтерге арналған алаңдардағы, шағын  кемелерге арналған айлақтардағы нысандар (біркелкі басқарумен) кіреді.  Клиентке түнеу және ақпараттық, сауда, бос уақыт түріндегі қызмет көрсетулер қатары ұсынылады. 

Туристік жатақханалар, жастар қонақ үйлері, мектеп және студенттер жатақханалары, қарттарға арналған демалыс үйлері және мәлеуметтік  маңызы бар осы іспеттес нысандардың, сондай-ақ өзге де орналастырудың ұжымдық құралдарына жатқызу керек. 

Орналастырудың  жеке құралдары төлемге, жалға, тегін  ұсынылады.  Мұнда үй шаруашылықтары мүшелерімен кезектесіп жалға алынатын (тайм-шеринг) тұрғын-жайлар (пәтерлер, коттедждер, жекежайлар) кіреді. 

Турист сонымен  қатар жалдау құқығымен отбасылық  үйде орналаса алады. Турист жеке тұлғадан немесе агенттіктен толық жабдықталған тұрғын-жайды (үй, пәтер, коттедж) немесе туысқандарында, таныстарында тегін  тоқтай алады.

Алайда Туристік индустрияда негізгі орналастыру құралы қонақ үйлер болып табылады. Қонақ үйлер тұрақты жатын орындар саны (сыйымдылығы) бойынша ажыратылады. Жайлылық деңгейі бойынша халықаралық тәжірибеге сәйкес қонақ үйлер жұлдыздар бойынша ажыратылады: төменнен (1 жұлдызды) жоғарыға дейін (5 жұлдызды). Қонақ үйлерді жұлдыздар бойынша  дифференциациялау әртүрлі санаттағы қонақ үйлерге деген нормативті талаптарға сәйкес жүреді.

 

 

2.3 Туристік шығындар

 

19. Туристік шығындарға жататын статистикалық деректер мамандарға жоспарлау, коммерциялық қызмет пен зерттеулер саласында талап етілетін маңызды көрсеткіштердің бірін білдіреді. Олар туризмнің ұлттық экономикаға әсерін байқау мен бағалау үшін пайдаланылады. 

Шығындарды  анықтау туризмде «туризм бірліктерін (келушілер) тікелей қанағаттандыру үшін пайдаланылған тауарлар мен қызметтер құны» ретінде анықталатын тұтнудың анықтамасымен байланысты. 

20. Туристік шығындар тұжырымдамасы негізіне бірнеше көзқарастар қатары енгізілген.  ДТҰ ұсынымдарына сәйкес келушілердің, туристердің және экскурсанттардың экономикалық маңызды болып табылатын шығындары ғана есепке алуға жатады.  Оны келушінің өзі, не оның атынан қандай да бір заңды немесе жеке тұлға әкеле алады.  Мысалы, бюджетті басқаратын отбасы иесі саяхаттау кезінде барлық мүшелерінің атынан тауарлар мен қызметтерге төлем жүргізеді. Туысқандарында және таныстарында болған уақыттағы шығындар қабылдаушы жиі жақ өзіне алмайды.  Сапарлар сондай-ақ заңды тұлғалармен:  мәселе жұмыс нәтижелері бойынша қызметтік іс сапарлар немесе көтермелеу турлары туралы болғанда кәсіпорындармен, балалар, қарт адамдар және халықтың әлеуметтік тұрғыда қысымшылық көрген кейбір топтары үшін сапарларды ұйымдастырыатын қайырымдылық мекемелерімен; мемлекетпен қаржыландырылады.  Кейбір жағдайларды ол туризмді спорттық, емдеу және білім беру мақсаттарымен субсидиялайды. 

Келушінің шығындары оның қажеттілігін қанағаттандыру үшін тұтынатын тауарлар мен қызметтер құнымен анықталады.  Сұрау салулардың өзі сияқты олар өте әртүрлі: тасымалдау, орналастыру және тамақтанудан бастап ұзақ пайдаланатын үлкен емес заттар, ағымдағы туристік тұтыну тауарлары мен базарлықтарға дейін. Олардың барлығы, сыйлықтардан басқа, келушінің өзімен тұтынылады. Алайда бұл жағдайда да оның иесі саяхаттаушы тұлға емес, басқа біреу болатынына қарамастан жасалған шығындар туристікке жатады. 

Туристік шығындар көлемін  тауарлар мен қызметтерге нақты шығындар бойынша қолданыстағы жеңілдіктер мен бағаларды, шайлықтар және өзгелерін есепке ала отырып, оларды қолма-қол ақшамен, жолдық чектермен, кредиттік карточкалар бойынша және басқа да тәсілдермен төлеу нысанына қарамастан белгілеу ұсынылады. 

21. Туризм статистикасының басты және неғұрлым қиын проблемаларының бірі туристік шығындар құрамын  тәртіпке клтіру болып қала береді.  Ол келуші шығыншегетін уақытпен (дайындық кезінде, сапар барысында немесе аяқталғанда), сондай-ақ туризм типімен негізделеді.  Сәйкесінше резиденттердің өз елі бойынша саяхатымен байланысты ішкі және халықаралық туристік шығындары ерекшеленіп шығады.  Соңғыларының экономикалық болмысын түсіну үшін келушінің шығу елінен  бару еліне қозғалысының бағыты маңызды мәнге ие.  Шығатын туристік ағын халықаралық туристік шығындар санатымен, ал келу – халықаралық туризмнен түсімдермен қатынасады. 

22. ДТҰ материалдарында халықаралық туристік шығындар қандай да бір елдің тұрақты тұрғындарының шетелдегі саяхаты кезіндегі шығындары арқылы анықталады.  Өзгелері санында олар шетелдік көлік компанияларының халықаралық тасымалдаулар бойынша қызметтерге төлемін, сондай-ақ шетелде алынатын тауарлар мен қызметтерге алдын-ала төлемін қосады.  Ағымдағы есептеулер теңгерімінде оларға жұбы ретінде халықаралық туризмнен түсімдер көрсеткіші пайдаланылады.  Ол шетелдік келушілердің бару еліндегі барлық шығындардың сомасы ретінде есептеледі.  Екі көрсеткіш те бірыңғай әдістеме бойынша құрылады және ақшалай қаражаттың трансшекаралық қозғалысымен байланысты шығынтарды ғана көрсетеді. 

Ережені қалыптандыру және туристік шығындардың салғастырымдылығын қамтамасыз ету мақсатында ДТҰ олардың  келесі топтастырылуын ұсынады:  1) қызметтердің жиынтығын білдіретін және құрамдас бөліктерге бөлусіз біркелкі бағамен жүзеге асырылатын кешенді турлар;  2) орналастыру; 3) тамақтану;  4) көлік; 5) мәдениет, демалыс және көңіл көтеру мекемелеріне кіру төлемін, сапар кезінде сатып алуға, жөндеуге және спорттық мүліктерді сатып алуға шығындарды, спорттық жеке түрлеріне үйренуге, қысқа экскурсияларға, сондай-ақ гидтердің қызметтерін қоса отырып рекреациялық, мәдени, және спорттық тауарлар мен қызметтер;  6) дүкендік сатып алулар; 7) өзге де  баптар, сақтандыру төлемдері, комиссиялық жинаулар, фотоленканы айқындау және фотосуреттерді басып шығару құны және т.с.с.

23. Туристік шығындарды анықтау үшін үй шаруашылықтарын «Үй шаруашылықтарын сапарларға шығындар туралы зерттеу сауалдамасы» (Н-050) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны бойынша жыл сайынғы іріктеме зерттеу жүргізіледі, онда келесі көрсеткіштер қалыптастырылады: 

сапарлар саны;

өткізген түндер саны;

туристік сапарлардағы шығындар;

шетелге сапар кезінде Қазақстан Республикасы аумағындағы шығындар; 

Іскерлік сапардағы  шығындар.  

Сонымен қатар халықаралық  тәжірибеге сәйкес 2010 жылы Туризмнің  қосалқы шоттарына ақпаратты  қалыптастыру үшін сауалдама жүргізумен резиденттер мен резидент еместер қамтылатын әуежайларда, темір жол вокзалдарында, автостанцияларда, және демалыс орындарында келушілерді іріктеме зерттеу («Келушілерді зерттеу» Н-060 сауалдама) жүргізілуде.  Зерттеу нәтижесінде келесі көрсеткіштер қалыптастырылады: 

сұралған келушілер саны;

келушілер саны және оларды туризм типтері бойынша  бөлу; 

келушілердің  сапарлардағы шығындары; 

келушілердің  туризм типтері бойынша шығындары; 

келушілердің  болу ұзақтығы бойынша шығындары; 

сапарлар мақсаттары бойынша;

көлік түрлері бойынша.

Сапар кезінде немесе оған дайындық барысындағы жасалған келушілердің шығындары туралы деректер ТҚШ көрсеткіштерін қалыптастыру үшін де пайдаланылады. 

Бұл іріктеме зерттеуді жылына екі рет (қысқы және жазғы уақытта) жүргізген орынды. 

24. Туристік тұтыну нақты ел аумағында барлық келушілермен тұтынылған тауарлар мен қызметтердің құнын қосады.  Бұл ең алдымен орналасуға, көлікке, тамақтануға, көңіл көтеруге, қаржылық қызметтер мен туристік қажеттіліктер үшін пайдаланылатын ұзақ және қысқа мерзімді қолдану тауарларын сатып алуға кететін жеке шығындар.   Шығындар сапарға дейін және одан кейін, сондай-ақ ел ішінде әрі шет елге саяхат кезінде жүргізілуі мүмкін. 

Туристік сұраныс  туристік тұтынуды және соңғы тұтыну құрамдас бөліктермен байланысты қамтылмай қалған тауарлар мен қызметтерді қамтиды. Оларға мыналар жатады:

1) ұжымдық туристік тұтынуға мемлекеттік ұйымдарды шығындары – туризммен байланысты нарықтық емес қызметтер (авияцияны басқару, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, курорттардағы санитарлық қызметтер және басқалар); 

2) капиталдық салымдар – туристік индустрия қызметтерін жеткізушілермен (жеке сектор) және жабдықтарды жеткізуге, жарақтандыруға, келушілер үшін инфрақұрылымды құруға мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын шығындар;

Информация о работе Қонақ үйдегі қызмет көрсету сапасы