Нуклеин қышқылының молекулалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2012 в 09:16, реферат

Краткое описание

Нуклеин қышқылының молекулалары ДНҚ-ның азотты негіздерінің көрші параллель жұптарының арасына енеді. Бұндай ену процесі интеркалация деп аталады. Интеркалирлейтін дәрілер ДНҚ-ның қос спиралін бұзады да, репликация мен транскрипция механизмдерін үзеді. Актиномицин Д және адриатицин сияқты ісікке қарсы антибиотиктер осылай әсер етеді. Жоғары әсері бар безгекке қарсы препарат хлорихин ДНҚ паразитінің транскрипциясына тосқауыл салады.

Содержимое работы - 1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 62.00 Кб (Скачать файл)

Жоғарыда айтылған азықтық шикізаттарын терең өндеу әдістері осы шикізатты басқа жолдармен өндеу мүмкін емес болған жағдайда қолданылады. Мысалы, Жапонияда аспаздық өндеуге жарамсыз ұсақ балықтарды ұстап, сілтіде ерітіп, сүзеді де, содан кейін тұзды қышқылмен ақуызды шөктіреді. Крахмалды өндіруден қалдық ретінде қалған картоп, бидай және жүгеріден де ақуыздарды осындай жолмен алады (Голландия, Жапония).

Шектелген энергияны жұмсаудың нәтижесінде жыртылған жердің аудан бірлігінен алынатын азықтық өнімдерін арттырудың тағы бір тәсілі - өсімдік геніне химиялық түрде араласу нәтижесінде алынатын  трансгенді өсімдіктерге көшу. Мысалы, картоптың ерекше қауіпті зиянкесінің өліміне әкелетін фрагмент ген инженериясының әдістерімен еңгізілген картоп шығарылды делік. Бұдан әрі қарай аурулар мен зиянкестерге төзімді қызанақтар, соя, рапс, құлпынай, таңқурайлар алынады. Трансгенді азық өнімдеріне қарсы қате түсініктер бар, бірақ трансгенді соямен қоректенген ақ атжалмандар бес ұрпағының бақылау тобынан ешбір айырмашылығы жоқ. Англия мен АҚШ-та трансгенді өнімдермен тұтынатын адамдарды уақыт өткен сайын зерттеп отырады.

Ұлттың толық құнды қоректену проблемасы барлық елдер үкіметтерінің назарларында, соның ішінде әсіресе ақуыздарға көп көңіл бөлінеді. Ресейде 2005 жылға дейін Ресей Федерациясы халқының қоректену концепциясы қабылданған. Оның мақсаты – ақуыз тұтынуының өсуі. 1997 жылға таман ол 20%-ға, ал табысы төмен жанұяларда (мұндай жанұялар барлық халықтың 1/3 бөлігі) 40%-ға төмендеген.

Жасанды қоректенудің тағы бір аспектісі бар. Бүкіл әлемде аллергиямен ауыратындардың саны көбейіп келе жатыр.

 

 

 

 

 

             



Информация о работе Нуклеин қышқылының молекулалары