Қаржылық есеп беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2012 в 12:59, отчет по практике

Краткое описание

Кең мағынасындағы бухгалтерлік есеп және қаржы бойынша менеджерлер бизнестің жағдайы туралы акционерлерді/инвесторларды хабардар ету үшін мекеменің қаржылық іс-әрекетіне жауап береді, дәлірек айтсақ: ақша тасқынын басқару (қазіргі), есептілікті құрастыру (тарихы) және қаржылық стратегия (болашақтағы). Аталмыш курс инвесторлардың дұрыс қаржылық шешімдер қабылдауына көмектесетін бухгалтерлік және қаржылық есептілікті құрастыру үшін қажетті білім мен дағдыларды береді.

Басқару есебі. Жұмсалған қаражатты талдау.

Аталмыш курс жоспарлау, үйлестіру және бақылау үшін жұмсалған қаражатты түсіндіруді, пайдалануды және талдауды қарастырады. Ол нақты бизнестен іс жүзіндегі мысалдарды талдау үшін негізіне басқару есебі мен бюджеттеу жататын теориялар мен идеяларды пайдалануды қарастырады. Сонымен қатар тақырыптарға кәсіпорындардың барлық шығындарын, стандарттық және капиталдық шығындарды оңтайландыру кіреді.

Содержимое работы - 1 файл

Бухгалтерлік Есеп.docx

— 29.52 Кб (Скачать файл)

Аталмыш курстың  мақсаты ұйым ішінде адами проблемалармен қалай жұмыс істеу керектігінің жалпы білімімен және практикалық  дағдыларымен қамтамасыз ету болып  табылады. Сонымен бір мезетте  стратегиялық, сондай-ақ халықаралық  деңгейде адам ресурстарын басқаруға  қатысты мәселелер мен бағыттарды қарастырып, бұл осы мәселелерге  тәжірибелі менеджерлер мен жаңадан  жұмысын бастаған мамандарға қарапайым  қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Сапаны  басқару жүйесі

Аталмыш курс тыңдаушыларды  менеджменттің мақсаттары мен міндеттерін  жүзеге асыру үшін қажетті жүйелердің дамуымен қоса TQM принциптеріне негізделген  операциялық менеджменттің қазіргі  заманғы әдістемесімен таныстырады. Курстың мақсаты – тыңдаушыларды  сапа бойынша сыртқы және ішкі аудиторлық тексерулер жүргізу, Сапаны Басқару  Жүйесін және Сапа Кепілдіктерінің  Жүйесін жасап-әзірлеу үшін біліммен, сонымен қатар практикалық дағдылармен  қамтамасыз етеді. TQM принциптері  мен оның рәсімдері, сонымен қатар TQM құжаттамаларының көптеген әр түрлі үлгілері ұйымдарға ISO стандарттарымен сәйкестікте TQM мониторингін жүргізуге көмектеседі.

Команда құру

Команданың нәтижелі жұмысы топтағы жеке орындаушылардың  жалпы санына қарағанда топтық орындауда  біршама тиімді және нәтижелі болмақ. «Команданы» басқа топтардан  ерекшелеп тұрған не, бұл дегеніміз  өздерінің тәжірибесімен, білім-дағдысымен, корпоративтік көңіл ауанымен және біріңғай талабымен бөлісетін команда  мүшелерінің арасындағы нәтижелі қатынас  пен өзара әрекеттестік.

Тендерлер өткізуге арналған заңды  нормативтер

Курс мемлекеттік  сатып алулар (мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, елу және одан да көп пайыз акцияларының (үлестерінің) немесе бақылау акциялар пакеті мемлекетке тиісті заңды тұлғалар үшін және олармен  аффилиирленген заңды тұлғалар үшін) ұйымдастырып-өткізуге жауапты мамандарға арналған.Семинар тыңдаушыларына таңдап алынған жобаны жүзеге асыру үшін таңдаулы жеткізушіні айқындау үшін тендерлер ұйымдастыру тәртібі  мен үдерісіне қатысты негізгі  мәселелер бойынша материал ұсынылады. Сонымен қатар бағдарламаға мемлекеттік  сатып алулар туралы Жаңа Заңға енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар, тауарлар жөнінде, нәтижелі тендерді өткізуге арналған жұмыс және қызмет көрсету  бойынша материалдар енгізілген.

Қаржыгер  емес менеджерлерге  арналған қаржы және бухгалтерлік есеп

Аталмыш курс бухгалтерлік есеп (БЕ) негіздері, қаржылық есептілікті  құрастыру және талдау туралы, сонымен  қатар бизнесті нәтижелі басқару  үшінХалықаралық Қаржы Есептілігі Стандарттарымен (IFRS) сәйкес басқару  элементтерінің есебі жөнінде түсінікті  ақпарат береді. Курс орта буын басқару  менеджерлеріне, желілік менеджерлерге, жаңадан қабылданған қаржыгерлер  мен бухгалтерлерге, сонымен қатар  қаржылық шешімдерді қабылдау үшін БЕ мәліметтерін түсініп-пайдалануға  мүдделі бизнес өкілдеріне арналған.

Инвестициялық талдау

Курстың мақсаты  – бүгінгі таңда өмір сүріп  отырған инвестициялық баламалармен таныстыру, инвестицияларды тарту  және оларды талдау тәсілдерін әзірлеу. Курсқа теория мен практика енгізіліп, қолдағы бар инвестициялық құралдарды, сонымен қатар дүние жүзі бойынша  бағалы қағаздар нарығының мақсаты  мен жұмысын қарастырады. Теориялық  бөлімде ағымдағы инвестицияларды  бағалаудың құралдары мен салынған қаражаттың қайтымдылық принципін  қанағаттандырушы инвестициялық қапшықты жасаудың болашақтағы мүмкіндіктері  мұқият талқыланатын болады.

Шағын бизнес және кәсіпкерлік

Аталмыш курс шағын  бизнес пен кәсіпкерліктің заңды  аспектілері ұғымы, жаңадан құрылатын  кәсіпорындарды құру және бағалау үдерісі, бизнес жоспар жасау табиғаты мен  маңыздылығы, кәсіпорындарды ашу және басқару үшін қажетті құралдар мен  дағдылар, олар өздері ұшырасып отыратын және оны қалай жеңу керектігі  туралы проблемалармен қоса кәсіпкерлік  мәселелерімен таныстырып, кәсіпкерлік  сипаттамаларды қарастырады.

Деректер  базасын басқару (Microsoft Access)

Аталмыш курс тыңдаушыларды  компьютерде файлдарды ұйымдастыру, Microsoft Access программасын пайдалана отырып, деректерді беру үшін және қауіпсіздік  пен деректерді стандарттаудың техникасын жасау дағдыларымен және білімімен  қамтамасыз етеді. Курс Microsoft Access қосымшаларын қолдану қабілеттілігін жетілдіру  немесе жаңарту үшін қажетті компьютерлік программалардың қарапайым пайдаланушыларына  арналған.

Дамушы Excel

Аталмыш курстың  мақсаты тыңдаушыларды Microsoft Excel көмегімен  ақпараттарды өңдеудің анағұрлым тиімді тәсілдеріне үйрету болып табылады. Курс компьютермен әлдеқашаннан бері сенімді жұмыс істей алатын, бірақ  құжаттармен жұмыс істеу барысында туындайтын аса күрделі міндеттерді шешу кезінде білімі мен білігінің жетімсіздігін басынан өткендерге арнайы әзірленген. Сііз ешқашан пайдаланып көрмеген немесе оларды қолданудың мүмкіндіктері туралы ойланбаған Excel функциялары мен құралдары нақты мысалдарда қарастырылатын болады.

MS Project (жобаларды  автоматты басқару  жүйесі)

Семинар тыңдаушыларды  жобаларды тиімді енгізуге даярлауға  арналған. Курс аясында MS Project программаларының көмегімен жобаларды жасау, жүргізу  және басқару мәселелері қарастырылады. Семинарға қатысушылар корпоративтік  жобаларды басқару үдерісін қалай  автоматтандыру және Microsoft Project шешімдерінің көмегімен өз компаниясының жұмыс  тиімділігін қалай ұлғайту керектігі  туралы білетін болады. Семинар компания директорларына, бизнес немесе IT-бөлімшелерінің жетекшілеріне, жобалық кеңсе қызметкерлері  мен жұмыста Microsoft Project пайдаланатын немесе жүйені енгізу мәселесін қарастырушы  басқа да мамандарға қызықты болмақ.

Қызметкерлер  құрамын аттестаттау  және ынталандыру

Аталмыш курс тыңдаушыларды  қызметкерлер мен менеджердің арасындағы өзара қарым-қатынасты қалай жақсартудың  негізгі практикалық және психологиялық  стратегиясымен қамтамасыз етеді. Бұл  жанға жайлы жұмыс ауанын туғызуға мүмкіндік беріп, ашық та тиімді қатынаспен ерекшеленетін болады. Қатысушылар  келесі міндеттерді орындайтын болады: 
• Қарамағындағы қызметкерлер өзіне жаңа міндеттер алып, қиындықтан қорықпау үшін оларды қалай ынталандыруға болатынын зерттеу;

  • 5 сатыдан тұратын мотивацияны жетілдіру құралын қолдануды үйрену;

• Тәуекелді  өлшеп-кесілген шешімдерді қалай қабылдау және қалай креативті болу керектігін білу.

ҚР  еңбек кодексіне  сәйкес еңбекті қорғаудың  құқықтық мәселелері

Тренингтің мақсаты  еңбек әрекетінің үдерісінде жұмыскерлердің денсаулығы мен өмірін сақтау, қауіпсіздігін  қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан  Республикасындағы еңбекті қорғау саласында жұмыскерлердің еңбегін  қолдану үдерісінде қалыптасқан  қоғамдық еңбек қатынастарын реттеуші Қазақстан Республикасының еңбек  заңының нормаларын зерттеу болып  табылады. Семинар материалы ұйымдардағы  еңбек қатынастарын жақсарту үшін қолданыстағы және жаңа заң актілерімен сәйкес құқықтық ережелер мен тәртіптерді  қарау үшін ұсынылған. Іс жүзіндегі  жағдайлар талдауы мен шешімдері  семинарға қатысушыларға нақты  өмірдегі еңбекті қорғауды бұзумен  байланысты еңбек дауларын шешу барысында  ҚР әрекет етуші заң нормаларын қолдану  кезіндегі практикалық дағдылар мен білімді алуға көмектеседі.

Кадр  құжаттарын құжаттамалық қамтамасыз ету: мониторинг және құқықтық қолдау

Құжаттамаларды  сақтау және іс жүргізудің құнтты техникасы, құжаттарды қабылдау және өңдеуді ұйымдастырудың әдістері мен ең озық тәртібін енгізу,  қолданыстағы заң бойынша олардың сақталуын бақылау және қамтамасыз ету ұйымдарды сот шағымынан қорғап, осы саладағы ішкі аудит ережелерімен сәйкес келетін болады. Аталмыш курс тыңдаушыларға қазіргі электрондық әлемде құжаттарды қалай сақтап, олармен қалай жұмыс істеуге болатынын үйретеді. Бұған заңды құжаттар ретіндегі арнаулы электрондық құжаттардың сақталуын қамтамасыз етудің қазіргі заманғы талаптары мен менеджменттің маңында пайда болған электрондық тәуекелдерден ұйымдардың мүдделерін қорғау тәртібі кіреді.

Табысқа жету дағдылары; хатшылар мен әкімшілік  көмекшілерге арналған нұсқаулық 

Курс тұтынушылармен жұмыс істеу сапасын жақсарту үшін өз білімі мен дағдысын жетілдіруге  ниет білдіруші жұмыс істеп жүрген әкімшілік ассистенттерге, хатшылар мен кеңсе менеджерлеріне арналған. Курста бизнес қатынас/бизнес хат жазысу, тыңдай білу, уақытты басқару, өз жұмыс  орнын ұйымдастыру, дау-жанжалдар  мен күйзелістерді басқару сияқты мәселелер қамтылып, топта талқылау, практикалық мысалдар және ролдік ойындар  тәрізді іс-әрекет түрлері пайдаланылатын болады.

Тұтынушылармен  жұмыс

Сіздің қалай  көбірек сатуға болатынын білгіңіз келе ме? Тұтынушыға қалай жақсы  қызмет көрсетуге болады? Бәсеке басымдықты қалай алуға болады? Жауап мынаған  келіп саяды, демек, өзіңіздің тұтынушыларыңыздың қажеттіктерін қанағаттандыру үшін тартымды қызмет көрсете отырып, олардың  күткен үмітін қанағаттандыру абзал. Аталмыш  курс қарым-қатынас жасау дағдылары  мен келіссөздер жүргізу дағдыларына  және тұтынушыларға қызмет көрсету  барысында ол дағдыларды қалай тиімді пайдалану керектігіне үйретеді. Тыңдаушылар аудиторияларда әр түрлі  жаттығулардағы/ролдік ойындардағы  пікір-таластарға қатыса және талдай отырып, қарым-қатынас жасау техникасы  мен психологиялық құралдарын пайдаланады.

Уақытты басқару

Тәжірибелі көшбасшылар  уақыттың шын бағасын біледі. Бұл  ұйымдардағы мақсаттарға қол  жеткізу үшін ең тапшы ресурс деуге  болады. Ақшаны қарызға алуға, адамдарды  жалдауға болады, ал уақыттың бағасы жоқ. Уақытты қарызға немесе сатып  та ала алмайсың және сата да алмайсың. Семинар тыңдаушыларға уақытты  тиімді басқару техникасын үйрету үшін әзірленген. Курс уақытты жоспарлау, ұйымдастыру және тиімді пайдалану  құралдары мен дағдыларын ұсынады.

Информация о работе Қаржылық есеп беру