Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 18:12, курсовая работа
Жылдам шешім қабылдаудың негізі – толық және маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Бұған есепке алу мен есеп беру арқылы қол жеткізіледі. Есеп беру дегеніміз – меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін және ұйымдық-құқықтық мәртебесін кешенді түрде сипаттайтын жиынтық көрсеткіштер жүйесі.
Кіріспе
Негізгі бөлім: Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері.
1.1 Қаржылық есеп берудің маңызы.
1.2. Қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі талаптар.
1.3 Қаржылық есеп берудің мақсаттары.
ІІ Бөлім.
2.1 Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар және оны тапсырудың
мерзімі.
2.2 Қаржылық - шаруашылық қызметінің есебін беру.
2.3 Қаржылық есеп беруді жасау және ұсыну .
ІІІ Бөлім
3.1.Нығайтылған қаржылық есеп туралы түсінігі.
3.2 Қаржылық салымдарының есебі.
3.3 Қаржылық салымдары шоттары бойынша жүргізілетін операциялар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қаржылық есеп беру – субъектілердің пайдалануына ұсынылатын қаржылық ақпараттардың сипаты және көлемі.Экономикалық шешім қабылдау барысында олар субъектілердің қаржылық есептеріне сүйенеді .
Қаржылық ақпараттарды пайдаланушылардың 2 негізгі топтары :
1. Ішкі
2. Сыртқы
Сыртқы пайдаланушылар 2 факторға бөлінеді :
1.
Субъект қызметіне тікелей
2.
Субъект қызметіне жанама
Тікелей қаржылық мүдесі бар пайдаланушылардың категориясына жататындар :
1. Қазіргі және болуы ықтимал инвесторлар .
2. Қазіргі және болуы ықтимал кредиторлар.
3. Сатып алушылар .
Жанама қаржылық мүдесі бар пайдаланушылар категориясына жататындар :
1. Салық органдары
2. Реттеуші органдар
3. Статистикалық органдар
4.
Аудиторлар , кеңесшілер , тұтынушылар
тобы және т.б. .
Бизнестің дамуындағы болашағы анағұрлым зор тенденцияның бірі бір компаниялардың акциялық пакетін екіншілердің сатып алуы, еншілес қоғамдар құру, бірлесе қызмет жасау туралы келісім-шарттар жасау, компаниялардың басқаша жолдармен қосылуы мен бірігуі болып табылады. Компаниялар басшылары, иелері, инвесторлар және басқа да тұтынушылар шаруашылық субъектісі қалай жұмыс істеп жатқаннын бағалап, талдау үшін ерекше, дәлдеп айтқанда нығайтылған есеп жасау қажеттілігі туындайды.
Нығайтылған
есеп дегеніміз – бір-бірімен
өзара байланысты, бірыңғай шаруашылық
бірлестігі ретінде қарастырылған
ұйымдар тобының қаржылық есебі.
Ол осы топтың есеп беріліп отырған
уақыт ішіндегі мүліктік және қаржылық
жағдайын, сондай-ақ оның есепті кезең
ішіндегі қызметтің қаржылық нәтижелерін
сипаттайды. Мұндай есепті жасау тәртібін
ҚР-ның бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық
коиссиясының 1996 жылғы 14 қарашадағы қаулысымен
бекітілген №13 «Нығайтылған есе және
еншілес серіктестіктерге берілетін инвестиция
есебі» СБУ ретке келтіреді.
3.2
Қаржылық салымдарының
есебі.
Қаржы салымына (қаржылық инвестиция) кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды тұлғалардың құнда қағаздарын (акцияларды, облигацияларды және басқа да құнды қағаздарды сатып алуға, депозитке салған тағы да басқа ) сатып алуға жұмсаған қаржылар жатқызылады.
Қаржы
нарығының айрықша бөлігі, ол –
құнды қағаздар нарығы. Ал қаржылық
инвестициямен осы құнды
Іс жүзінде акция, облигация және басқа да құнды (бағалы) қағаздарын шығару арқылы капиталды тартуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп аталады және сонымен қатар олар құнды (бағалы) қағаздарды иемденушілердің (сатып алушылардың) алдында белгілі бір жағдайда борышты (міндетті) болып табылады.
Эмитент кім болғанына байланысты құнды (бағалы) қағаздар төмендегідей үш түрге бөлінеді:
Мемлекеттік құнды қағаздар- құнды (бағалы) қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Заң актілеріне сәйкес мемлекеттің сыртқы және ішкі қарыздарын қайтару мақсатында шығарылады. Сонымен қатар құнды (бағалы) қағаздың бұл түрі ҚР Ұлттық банк мекемесімен эмитенттелінетін құнды (бағалы) қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан құнды (бағалы) қағаздардың бұл түрін шығара отырып, республикалық бюджеттің тапшылығын қысқарту және инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Соған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Мемлекеттік құнды (бағалы) қағаздардың мынадай түрлері бар:
Муниципалдық құнды қағаздар – құнды (бағалы) қағаздардың мұндай түрі жергілікті бюджетпен эмиссияланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен шығарылады. Құнды (бағалы) қағаздардың бұл түрін шығарудағы басты мақсат – құрылыс, яғни ауруханалар салу үшін, балабақшалар мен мектептер, тұрғын үйлер, жолдардың жағдайларын жақсарту және тағы да басқадай аймақтың әлеуметтік мәселелерді шешу болып табылады.
Корпоративтік құнды қағаздар- кәсіпорындар мен ұйымдардың заң күшіне сүйіене отырып өзінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін шығаратын құнды (бағалы) қағаздарын корпоративтік құнды (бағалы) қағаздар деп атайды. Құнды (бағалы) қағаздардың бұл түрін көп жағдайларда акционерлік қоғамдар шығарып және олар эмитент ретінде тіркеледі құнды (бағалы) қағаздарды жалпы мынадай екі топқп бөлуге болады:
Ақшалай құнды (бағалы) қағаздар – ақшаны қарызға алғандығын білдіреді. Құнды (бағалы) қағаздардың бұл түріне вексельдерді, депозиттік және жинақ сертификаттардыңн жатқызуға болады. Жалпы ақшалай құнды қағаздардан табыс бір рет қана алынады. Іс жүзінде ақшалай құнды қағаздар қысқа мерзімді болып келеді, яғни бір жылға дейінгі уақыт аралығында қолданылады.
Капиталды құнды қағаздар- кәсіпорындар мен ұйымдардың қорын (капиталын) құруға немесе оны ұлғайтуға байланысты шығарылады. Акция мен облигация осы аталған құнды қағаз түріне жатқызылады.
Өздерінен алынатын табысқа байланысты құнды қағаздар мынадый екі топқа бөлінеді:
Қарыздық құнды қағаздар- құнды қағаздың бұл түрі бойынша эмитент көрсетілген уақыт барысында белгіленген пайыз көлемінде (процентімен) тиісті қарыздарын өтеуге (төлеуге) міндетті. Қарыздық құнды (бағалы) қарыздарға облигацияның барлық түрлері, вексельдер, тағы да басқа бағалы қағаздар жатқызылады.
Инвестициялық құнды қағаздар- құнды қағаздың бұл түрі иемденушіге активтің бір бөлігін иемденуге құқық береді. Құнды қағаздардың бұл түріне акцияны жатқызуға болады.
Құнды қағаздар шығарылу мақсатына байланысты мынадыай екі түрге бөлінеді:
Қорлы құнды қағаздар- бұндай құнды қағаздар қор биржаларында айналысқа түседі және көп мөлшерде эмиссияланады. Құнды қағаздардың бұл түріне акциялар және облигациялар жатқызылады.
Саудалық құнды қағаздар- құнды қағаздың бұл түрі белгілі бір коммерциялық бағытпен сауда операциялары кезінде есеп айырысуға арналған.
Нарықтағы айналымдағы ерекшеліктеріне байланысты құнды қағаздар мынадый болып екіге бөлінеді:
Нарықтық құнды қағаздар- бұндай құнды қағаздар айналысқа еркін сатылып немесе сатып отырылады.
Нарықтық емес құнды қағаздар- бұл аталған құнды қағаздар қолдан-қолға еркін жүре бермейді, яғни олар екінші айналымға түспейді.
Атқаратын қызметіне және рөліне байланысты құнды қағаздар мынадай үш топқа бөлінеді:
Акция дегеніміз кәсіпорындар мен ұйымдардың қандайда бір АҚ-ды дамыту үшін қаржы салғандығын куәландыратын және иесіне АҚ-ның пайдасының бір бөлігін дивидент түрінде (табыс ретінде) алуға құқық беретін құнды қағаз болып табылады. Акциялар айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарыла береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарды басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар мынадай түрлерге бөлінеді:
Жай акциялар АҚ-ды басқаруға құқық береді. Бір жай акция ұйымның акционерлер жиналысында осы кәсіпорынға қатысты мәліметтерді шешу барысында бір дауысқа ие бола алады. Жай акциялар үшін дивидент төлеу АҚ-ның таза пайдасынан резервтер жасалғаннан (толтырылғаннан) кейін және артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттер төленгеннен кейін ғана жүргізіледі.
Артықшылығы бар акция – басқаруға қатысу құқығын бермейді, әйтседе олар иесіне тұрақты белгіленген мөлшерде дивиденттер алу құқығын береді, яғни оларға белгілі бір мөлшерде табыс әкеліп тұрады. Сонымен қатар артықшылығы бар акциялар ұйымның таза табысын акционерлер арасында бөлу кезінде немесе қоғамның жойылуы кезінде жай акция мен салыстырылғанда артықшылыққа ие болып табылады.
Акцияның бір акционерден екінші акционерге берілу ережелеріне сәйкес оларды атаулы акциялар және ұсынбалы акциялар деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Атаулы акциялар деп – иелері міндетті түрде кәсіпорындар мен ұйымдардың тізілімінде тіркелуге тиісті акцияларды айтады. Бұл ереже бойынша акционерлер кітабында акционерлердің сатып алнған акцияларының алынған уақыты мен саны көрсетіліп және басқа да тиісті жазулар мен мәліметер жазылады. Атаулы акциялардың иесі бұл бағалы қағазды сатып алған кезде акцияны шығарушы кәсіпорындар мен ұйымдардан барлық сатып алған акциялар үшін олардың өз иесінің қолында екендігін куәландыратын бір ғана сертификат алады. Акциялардың бұндай түрін сату барысында сертификаттың теріс жағында екі тараптың да қолдары (сатушы мен сатып алушы) табыстау туралы келісім-шарт жазылуы қажет. Содан кейін бұл сертификат акционерлер тізіміне тиісті өзгертулер енгізу үшін кәсіпорынға беріледі. Осыданкейін барып акцияның жаңа иелері өзінің сатып алған құнды қағазына жаңа сертификат алады.
Ұсынбалы акциялар иелерінің аты-жөні, яғни олар туралы деректер мен мәліметтер акцияны шығарушы кәсіпорындар мен ұйымдарда тіркелмейді. Кәсіпорындар мен ұйымдар әдетте ондай акциялар иелерінің кім екендігін де біле бермейді. Акциялардың бұл түріне, яғни ұсынбалы түріне иелік ету тек қана кәсіпорындар мен ұйымдардың акционерлері бар деп атауға заңды түрде негіз бола алады. Ұсынбалы акцияларды сатып алу немесе оларды қайта сату операциясы құнды қағаздың бұл түрінің бір меншік иесінен екінші бір меншік иесіне тікелей ауысуы болып табылады.
Облигация дегеніміз – оның иесінің ақша салғандығын куәландыратын және оған көрсетілген мерзім ішінде осы құнды қағаздың атаулы құнына белгіленген пайызды төлей отырып, өтеу міндеттемесін мақұлдайтын құнды қағаз болып табылады. Облигациялар белгілі бір мерзімге шығарылады. Жалпы облигациялар да акциялар сияқты кәсіпорын үшін инвестицияның маңызды көзі болып табылады.
Яғни, облигациялар – кәсіпорындар мен ұйымдардың қарыздық міндеттемелерін растайтын құжат. Ол корпорацияның активтеріне қарсы жұмсалады. Облигацияларды мерзімдік, қарыздық міндеттемелер ретінде өтеу кепілдігі эмитент тарапынан берілген жалпы кепілдік болып табылады. Жалпы кепілдік эмитенттің банкрот болып өз міндеттемелерінің орындамаған жағдайда облигация ұстаушының сол кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни облигацияның шығарған ұйымның мүліктерінің белгілі бір бөлігін алуға құқылы екендігін көрсетеді. Алайда бұл жоғарыда аталып өткен акциялар мен облигациялар деп аталатын құнды қағаздардың бір-біріне едәуір айырмашылықтары бар және ондай артықшылықтары мыналар: