Қаржылық жағдай

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2012 в 11:34, дипломная работа

Краткое описание

Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі – бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесінің халықаралық стандарттар мен нормалар талаптарына сәйкестендіру. Ол әрине, халық жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің экономикасы тұрақты өсуіне әсер етеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ..................................................................................................................... 6

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ – ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ........... 10
1.1 Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы мен ұйымдастыру құрылымы.............. 10
1.2 Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері........ 13
1.3 Қаржылық есеп берудің міндеті мен маңыздылығы....................................... 19

2 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ....... 33
2.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау........ 33
2.2 Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау................................................................................................. 37
2.3 Кәсіпорынның несиелік қабілеттілігін анықтайтын көрсеткіштер............... 42

3 КӘСІПОРЫННЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ӨТІМДІЛІГІН ТАЛДАУ................................................................................................................... 48
3.1 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау..................................................... 48
3.2 Баланс өтімділігін талдау................................................................................. 55

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................... 60
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................... 62

Содержимое работы - 1 файл

Диплом қаржылық жағдай.doc

— 486.50 Кб (Скачать файл)

     Несие алу үшін қарыз алушы банкке несиенің мақсаты, бағыты, сомасы, пайдалану  мерзімі, өтеудің нақты мерзімі, сонымен қатар несиелетін шаралардың қысқаша сипаттамасы және оны жүзеге асырудың экономикалық тиімділігі көрсетіліп негізделген жазбаша арызбен (3 дана толтырылады) барады. Сол  кезде ол  банкке шоттарын ашу үшін қажет арыз міндеттеме береді. Несие  шоттары  банкте  есеп  айырысу  шотын  ашу  бойынша шаылады.

     Несие алу үшін қарыз алушы, оны пайдалану  мерзіміне тәуелсіз, банкке келесі  құжаттарды  өткізеді:

     - несиеленетін шаралардың  жоспарланған шығындары, несие өтелетін айналым активтерінің және күтілген түсімдер қозғалысының есебі бар техникалық-экономикалық негіздемелері;

     - қарыз алушының қаржылық жағдайын және несиеге қабілеттілігін анықтау үшін бухгалтерлік, статистикалық есеп берулер, табыстар мен шығындар туралы есеп берулер және басқа да мәліметтер;

     - банк тәжірибесінде қабылданған нысандар бойынша несиені өз уақытында қайтаруды қамтамсыз ету жөніндегі міндеттемелер (жедел міндеттемелер, кепіл міндеттемелері, кепілдемелер, кепілдікке алу, сақтандыру куәлігі және басқалар).

     Қажет болған жағдайда банк сол орында алдын ала тексеру жүргізуі және қарыз алушының қаржы-шаруашылық қызметі туралы  аудиторлық ұйымның қорытындысын талап етуі мүмкін.

     Несиелік  келісім-шарт жасауға дейін, қарыз  алушыдан арыз және қажет құжаттарды алған кезде, банк кәсіпорынның өзінің қарыз міндеттемелері бойынша толық және бекітілген уақытта есептесе алады және жаңа несие алу үшін алғы шарттарды орындай алатын қабілеттілігін білдіретін, қарыз алушының несиеге қабілеттігін талдауы қажет. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның несиеге қабілеттілігі несие алуға құқы және мүмкіндігі талданады. Ол алдыңғы несиелер бойынша есептесу кезіндегі ұқыптылығы, ағымдағы қаржы жағдайы және қажет болған кезде ақша қаражаттарының әр түрлі  көздерін  жұмылдыра  алу мүмкіндігімен сипатталады.

     Несиеге қабілеттілігін талдаудын мақсаты – банкпен несиелеу мүмкіндігі және шарттары туралы мәселені шешу алдында анықталатын, қарыз алушыға сапалық баға беру, клиенттің қарызға алған қаржыны  несие шартының баптарына сәйкес қайтаруға қабілеттілігі мен несиелік салымдарының мақсатқа сайлығын және банк пен қарыз алушы арасындағы несиелеу тұрғысындағы әрі қарайғы қатынастың негізделуін және дұрыстылығын бағалау (несиелеуді жалғастыру, тоқтату, ұқыпсыз қарыз алушыға санкцияларды қолдану).

     Кәсіпорынның  қызметіне талдау жүргізбестен бұрын төмендегідей жұмыстарды жүргізу керек:

     - нақты бір кәсіпорынның қызметін зерттеу кезеңін белгілеу; материалдарды іріктеп алу және жүйелеу; көрсеткіштердің өзара байланысын тексеру және олардың салыстырмалылығын бағалау. Жеке алғанда инфляциялық факторлардың әсерін жою керек, ол үшін елдегі жарияланатын индекстік бағалар негізінде базистік көрсеткіштермен салыстырылатын есеп беру көрсеткіштері қайта саналады.

     - жұмыстың екінші кезеңіндегі сыртқы талдау өткізу кезінде әр түрлі алдын ала талдау есептері жүргізіледі. Олардың қатарына есептік көрсеткіштердің базалық көрсеткіштерінен абсолютті және салыстырмалы  ауытқуларының есебі; қорытынды көрсеткіштеріндегі жеке баптардың үлес салмағын анықтау; төлем қабілеттілігінің, табыстылықтың және т.б. салыстырмалы көрсеткіштерінің есептері жатады.

     - үшінші кезеңде нағыз талдау жүргізіледі. Сандық өлшемдерді пайдалана отырып талдау, белгілі бір дәрежеде шеберлікті қажет етеді, өйткені көптеген, жиі қарама-қарсы тенденциялар мен көрсеткіштерден қарыз алушыға несие беру туралы мәселені шешу үшін кәсіпорынның төлем қабілеттігі жағдайын дұрыс бағалау үшін оның даму бағыттарын анықтай білу керек.

    Кәсіпорынның  несиеге  қабілеттілігін  талдаудың  негізгі  міндеттері:

     - кәсіпорын  қаржылық  жағдайын  анықтау;

     - қарыз алушының шаруашылық қызметінің тиімсіздігі салдарынан несие ресурстарын жоғалтудан алдын ала сақтандыру;

     - қарыз алушы кәсіпорынды оның тиімділігін көтеру бағытында қызметін  ынталандыру;

  • несиелердің тиімділігін көтеру.

    Несиелеу  шарттарын  талдау  мыналарды  білуді  қажет  етеді:

     - бұрын болған несиелерін өз уақытында өтеу, берілген есептердің сапалылығы, басқа міндеттемелерге қатынасын құрайтын қарыз алушының атағы (репутация). Жақсы атақ дегеніміз – жеке билеушілік, міндеттілік, адалдық, әділдік, тәртіптілік және т.б. сияқты қасиеттері;

     - қарыз алушының бәсекеге қабілетті - өнімді өндіру және табыс алу, сонымен бірге несиені өтеуге қажетті қаржыны табу қабілеттілігі. Банктің қарыз алушының нақты шығындарын несиелеу кезіндегі табысын банктің орташа табыстылығымен салыстырып бағалау жүргізеді. Банк табысының деңгейі несиелеу кезіңдегі тәуекел дәрежесімен үйлестіру тиіс. Банк қарыз алушыдан түсетін табыс мөлшерін қалыпты қаржылық қызметті жүзеге асыру кезіндегі банкке пайыз төлеу мүмкіндігі  көзқарасынан  бағалайды;

     - ірі  ресурстарды  пайдалану  мақсаттарын;

     - несие  сомасын;

     - несиені өтеуді. Бұл зерттеу материалды, құндылықтарды өткізу, берілген кепілдемелер және кепіл беру құқығын пайдалану есебінен несиенің қайтарымдылығын зерттеу жолымен жүргізіледі;

     - несиенің қамтамасыз етілуін, яғни банктің берілген несиеге, кепілге қарыз алушының активтерін бағалы қарыздарды қоса алуға құқығын анықтау көзқарасынан жарғы мен ережені зерттеу ;

     - активтерді иеленуін (егер кәсіпорынның несиені қайтару үшін қажетті активтері болмаса, онда ережеге сай оған несие берілмейді);

     - экономикалық коньюктура жағдайлары мен даму перспективалары (ссуда беру барыснда банк саласындағы кәсіпорынның экономикалық рөліне және алатын орнына назар аудару керек. Несиелеу мерзімі қаншалықты ұзақ болса, экономикалық болжау соншалықты маңызды болады) және басқа факторлар.

     Талдау  қарыз алушының бухгалтерлік және статистикалық  есептемелерінен жинақталған мәліметтер негізінде, қосымша хабарламалар, кәсіпорынның төлемді жиі кешіктіруі туралы фактілер, оның серіктестерге қатысты жауапсыздығы, бәсеке күресіндегі арамзалық, жиіркенішті әдістерін пайдалануы, меншік иесінің немесе кәсіпорын басшысының құлықсыз тәртіп және т.б. туралы құпия көздерден алынған мәліметтер негізінде жүргізілуі тиіс.

     Кейбір  кәсіпорындарда олардың серіктерімен, әсіресе банктермен арнайы іс жүргізіледі. Бұл тек өзіне қандай да бір  ұйымның қызметін түсінуге және дұрыс  бағалауға ғана емес, сонымен бірге  бұл ақпаратты басқа пайдаланушыларға сатуға мүмкіндік береді [13].

     Кәсіпорынның  несиеге қабілеттігін  бағалаудың басты әдісі – оның ресми бухгалтерлік есеп берулерін талдау. Осыған сүйене отырып, банк мыналарды бағалауы керек:

     - кәсіпорынның  төлем  қабілеттілігін  және  өтімділігін;

     - айналым  қаражаттарын  және  алған  несиені пайдаланудың тиімділігін;

     - барлық қарыз міндеттемелерді, несиенің сұралған сомасын қоса, өтімді қаржылармен жабуын;

     - шаруашылық  айналымда меншікті айналым  қаражаттарының болуын;

     - кәсіпорынның  табыстылығын  (рентабельділігін)  бағалау.

     Талдау негізінде банк қарыз алушыға несие беру мүмкіндігі туралы қорытынды  жасайды. Несиеге қабілеттілігін талдау кезінде бірқатар көрсеткіштер қолданылады. Ең маңызды болып өтімділіктің әр түрлі коэффициенттері, сонымен қатар таза табыстың авансталған капиталдың жалпы сомасына қатынасымен анықталған капиталдың жалпы сомасына қатынасымен анықталатын кәсіпорынның табыстылығы болып табылады. Соңғы көрсеткіштің өсуі қарыз алушының қызметінің табыстылығын сипаттайды.

     Банк  мекемелері табыстылығы төмен, қаржылық жағдайы тұрақсыз қарыз алушылармен несиелік қатынас орнату кезінде ерекше сақтық көрсетулер керек. Осындай кәсіпорынға несие беру банк үшін жоғары тәуекелмен байланысты және билік органдарының немесе жоғары  тұрған буындардың негізделген өтініштері (ходатайство) бойынша тиянақты жеке ықпалынан кейін, тек  осы  несиелерді  қайтаруға  кепілдеме  алғаннан  соң  шешілуі  мүмкін.

     Несиеге қабілеттігін бағалау кезінде банктер, өтеудің аралық коэффициент 1-ден  төмен болса, онда банк төлем қабілеттілігі  жоқ кәсіпорынмен істес болады деп саналады және несие тек ерекше шарттармен ғана беріледі. Осы коэффициенттің 1-1,5 шегіндегі деңгейі қарызды уақытылы өндіріп  алуда белгілі бір тәуекелге ұрындыруы мүмкін, коэффициенттің 1,5-тен жоғары деңгейінде қарыздың қамтамасыз етілуі және оның қайтарылу кепілдігі жеткілікті болады.

     Несиеге қабілеттілікті талдау кезінде банктің  қарыз беруші ретіндегі тәуекелділік дәрежесін зерттеуге көп көңіл  бөлінеді. Тәуекелділіктің жоғары дәрежесінде  пайыздық мөлшерлеме орташадан жоғары. Тәуекелділік дәрежесі сараптамалық  әдіспен  анықталады. Нарықтық қатынастарға өту несиеге сұранысты көбейтті, бұдан оны беру жағдайының қатаюы туындайды.

     Сонымен несиеге қабілеттігін талдау кезінде  тек өтімділік көрсеткіштері  мен табыстылық деңгейі емес, сонымен  бірге айналым қаражаттары, өткізудің өсу қарқыны, өнім көлемінің өсу қарқыны мен банк несиесінің өсу қарқының қатынасы, несиелер бойынша уақыты өткен қарыздардың сомалары мен мерзімдері, операциялар санымен анықталатын есептік шотты жүргізудің оперативтілігі сияқты экономикалық көрсеткіштері зерттеледі.

     Банк  кәсіпорынға несие беру туралы мәселені шеше отырып, қарыз алушыларды үш категорияға  бөледі: сенімді (несиеге қабілетті), тұрақсыз (несиеге қабілеттілігі  шектеулі), сенімсіз (несиеге қабілетсіз), сөйтіп оларды бағалау жүйесін қалыптастырады. Сенімді қарыз алушы жалпы жағдайларда несиеленеді, бұл жағдайда несиелеудің жеңілдікті тәртібі қолданылуы мүмкін.

     Егер  қарыз алушы тұрақсыз клиент болса, онда несие шартын жасау кезінде  қарыз алушының қызметін және несиенің қайтарылуын бақылау нормалары қатыстырылады (кепілдік, кепілдеме, қамтамасыз етуін ай сайын тексеру, кепіл құқығының шарттары, мөлшерлеме пайызын көтеру т.б.) Егер қарыз алушы сенімсіз клиент болса, онда оны несиелеуді жүзеге асыру орынды болмайды. Банк тек несие келісімінде қатыстырылған  ерекше шарттарға  сәйкес несие бере алады [14].

     Кәсіпорынның  несиеге қабілетсіздігінің басты  себептері анықталмаған дебиторлық борыштардың болуы, клиенттер алдында  міндеттемелерді бұзу, артық өндірістік және тауар қорларын жинау, шаруашылық қызметінің төмен дәрежедегі тиімділігі, айналым қаражаттарының айналымдылығының бәсеңдеуі болып табылады.

         

      

       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3. Кәсіпорынның  төлем   қабілеттілігі   мен  өтімділігін   талдау 

3.1 Кәсіпорынның  төлем қабілеттілігін талдау 

      Кәсіпорынның  төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз  байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көніл бөлінеді.

      Арнайы  есептік-талдау әдебиеттерінде төлем  қабілеттілігін анықтау жөнінде  әр түрлі көзқарастар кездеседі.

     Қаржылық  талдау бойынша кейбір авторлар төлем  қабілеттілігі ретінде кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттілігін түсінеді. Мысалы, О.С. Ефимова төлем қабілеттілігі: «кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттілігін түсіну қабылданған», - деп жазады [15]. Кейбір авторлар да осы көзқарасты ұстайды. «Төлем қабілеттілігі, - деп жазады олар, - компанияның ұзақ мерзімді қарыздарының уақыты келген кезде өтеу қабілеттілігін анықтау үшін бағалайды».

     Басқа авторлар төлем қабілеттілігі деп  кәсіпорынның тек қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеуге дайындығын түсінеді. Ал  басқа авторлар  «Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп оның өзінің жедел міндеттемелері бойынша өзі мерзімінде төлем жүргізу қабілеттілігі түсіндіріледі» деп есептейді. Бұл түсінікті М.Н. Крейнина толығырақ баяндайды. «Төлем қабілеттілігі, - деп жазады ол, - бұл кәсіпорынның кредиторлары жағынан өтеуге дайындығы». Сөз, тек қысқа мерзімді қарыздар туралы екендігі анық. Ұзақ мерзімді қарыздарды қайтару мерзімі алдын ала белгілі болады. Төлем қабілеттілігі – бұл барлық қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша қарыздарды өтеу және өнім өндіру процесін үзіліссіз  іске  асыру  үшін  жеткілікті  қаржының  болуы.

Информация о работе Қаржылық жағдай