Ақша қаражатының есебі
Реферат, 11 Мая 2012, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Кәсіпорын күнделікті ағымды шаруашылық іс-әрекетінде нақты ақша қаражаттары қажет болып тұрады. Кәсіпорынның ақша қаражатттары кәсіпорынның кассасында сақталып, керекті бағытта жұмсалып отырады. Касса ақша қаражаттарының сақтығын қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған орын. Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің талаптарына сәйкес касса арнайы тәртіпке сәйкес жабдықталуы қажет, яғни ол бөлек бөлмеде орналасуы қажет, есігі темірленіп, терезелеріне темір тор салынуы тиіс.
Содержимое работы - 1 файл
акша каражаты.docx
— 41.94 Кб (Скачать файл)Ақша қаражаттарының есебі
Кәсіпорын күнделікті ағымды
шаруашылық іс-әрекетінде нақты ақша
қаражаттары қажет болып
Кіріс кассалық ордердің түбіртегі ақша қаражаттарын төленген тұлғаның қолына беріледі. Кассадан шығындалған ақша қаражаттар шығыс кассалық ордермен куәландырылады. Бұл құжатта міндетті түрде келесі мәліметтер көрсетіледі: кәсіпорынның аталуы, құжаттың аты, құжаттың толтырылған күні, корреспонденцияланатын шоттар, кімге және қандай мақсатқа берілгені, берілген соманың саны мен кейін жазбаша түрдегі үлгісі, ақша қаражаттарды алған тұлғаның қолы, бас бухгалтер және кассирдің қолы.
Кіріс және шығыс кассалық ордерлер міндетті түрде кіріс және шығыс құжаттардың тіркеу ктіабында тіркеледі. Күнделікті кассир кассалық операцияларды кассалық кітапта жүргізеді. Күнделікті кассир кассалық кітаптың кіріс және шығыс графаларына жазуларды енгізіп отырады. Кассалық кітапта кассир келесі мәліметтерді көрсетіп отырады: кіріс және шығыс кассалық ордарі, ақша қаражаттар кімнен және кімге берілгені, корреспонденцияланатын шоты, кіріске алынатын және шығысқа алынатын сома. Әр күннің соңында кассир кіріс және шығыс графалары бойынша сомаларды есептеп, соңғы қалдықты анықтайды. Кассир әр 5-10 күн сайын бухгалтерияға есеп өткізеді. Кассирдің есеп беруі болып кассалық кітаптың екінші данасы және оған түптелген кіріс және шығыс ордерлері табылады. Кәсіпорын бухгалтериясында кассалық операциялардың есебіне номері 1010 синтетикалық шот арналған. Бұл шот активті, ақшалай шот болып табылады. Дебетінде ақша қаражаттарының ұлғаюы, кредитінде ақша қаражаттарының азаюы көрсетіледі. Кәсіпорынның кассасына ақша қаражаттар келіп түскенде келесі бухгалтериялық өткізбелер құрылады:
- Кассаға банктегі ағымдағы шоттан ақша қаражаттары келіп түссе
Дт. 1010 Кт.1030
- Кәсіпорын кассасына сатып алушылардан төлемдер түссе
Дт. 1010 Кт.1210
- Кәсіпорын кассасына есеп беруші тұлғадан ақша қабылданды
Дт. 1010 Кт.1250
Кәсіпорынның кассасынан ақша қаражаттары шығындалғанда бухгалтерияда келесі бухгалтериялық өткізбелер құрылады:
- Кәсіпорын кассасынан банктегі ағымдағы шотқа ақша қаражаттары аударылса
Дт. 1030 Кт.1010
- Кассадан жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек ақы төленсе
Дт.3350 Кт.1010 (төлем тізімдеме)
- Кассадан жабдықтаушыларға төлемдер төленсе
Дт. 3310 Кт.1010
- Кассадан есеп беруші тұлғаға ақша берілсе
Дт. 1250 Кт.1010
Кассадағы ақша қаражаттарының нақтылығын қамтамасыз ету мақсатымен жоспалы және кездейсоқ түгелдеу жүргізіледі.Түгелдеу нәтижесінде кассадағы ақша қаражаттарының жетіспеушілігі анықталса келесі бухгалтерлік өткізбелер құрылады:
Дт. 1250/2; 1280 Кт. 1010
- Кассир материалдық зиянның орнын толықтырса
Дт. 1010 Кт. 1250/2; 1280
- Материалдық зиян бойынша ұсталым кассирдің еңбек ақысына өтелетін болса
Дт. 3350 Кт. 1250/2; 1280
- Түгелдеу нәтижесінде кассада ақша қаражатының артық шыққаны анықталса
- Дт. 1010 Кт. 1250/2; 1280
Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің ақша қаражаттарын сақтау үшін өздері қалаған банк мекемелерден ағымды шотты ашуы тиіс. Банк арқылы кәсіпорын өздерінің барлық есеп айырысуларын жүзеге асырады. Банкте ағымды шотты ашу үшін кәсіпорындар мен ұйымдар банкке келесі құжаттарды өткізеді:
- Банкте ағымды есеп айырысу жөнінде өтініш;
- Кәсіпорынның бекітілген жарғылық капиталының көшірмесі (нотариалды түрде расталған);
- Кәсіпорынның мемлекеттік тіркеуден өткен куәлігі. Саылқ органынан салық төлеуші ретінде тіркеу өткен анықтама;
- Зейнетақы қорынан анықтама;
- Кәсіпорынның басшысының, бас бухгалтерінің қолтаңбасы қойылған, сондай-ақ ксәпорынның мөр таңбасы басылған арнаулы үлгідегі карточка.
Банктегі ағымдағы шот бойынша операциялар Ұлттық банк ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Әдетте төлемдердің барлығы қолма-қол ақшасыз тәртібімен жүзеге асырылады. Қандайда болмасын заңды тұлғалар, яғни кәсіпорындар мен ұйымдар басқа кәсіпорындармен банктегі ағымдағы есеп айырысу шоты арқылы алынған тауарлар мен материалдық құндылықтар және көрсеткен қызметтері үшін төленетін төлем шот иесінің келісімімен ғана төленеді. Қандайда болмасын заңды тұлғалар, яғни кәсіпорындар мен ұйымдар басқа кәсіпорындармен банктегі ағымдағы есеп айырысу шоты арқылы алынған тауарлар мен материалдық құндылықтар және кқрсеткен қызметтері үшін төленетін төлем шот иесінің келісімімен ғана төленеді. Кәсіпорынның банктегі ағымдағы шот бойынша нақты ақшасыз есеп айырысу операциялары ҚР-ң ақша төлемімен аударылу туралы заңына сәйкес жүргізіледі. Аталған заң бойынша банк кәсіпорын ақша қаражаттарын ағымдағы шоттарда сақтайды. Сол шотқа келіп түскен ақшаны қабылдайды. Оларды аудару, беру және басқа да операциялар жүргізу жөнінде бұйрығын орындайды. Ксіпорындар банктегі ағымдағы шоттарда нақты ақшаның қабылдануы және берілуі немесе нақты ақшасыз есеп ауырысуын банктердің өзі бекіткен құжаттар негізінде орындайды:
- Қолма-қол ақша салуға хабарлама;
- Төлем тапсырма;
- Төлем талап тапсырма;
- Чек.
Әр ай сайын банк кәсіпорынға есеп айырысу шотының көшірмесін беріп отырады (выписка с текущего расчетного счета).
Кәсіпорын бухгалтериясында ағымды шоттағы ақша қаражаттарының есебіне активті 1030 шоты жүргізіледі. Ағымды шотқа ақша қаражаты келіп түскенде келесі бухгалтерлік өткізбелер құрылады:
- Ағымдағы шотқа кәсіпорынның кассасынан ақша түскенде
Дт. 1030 Кт. 1010
- Ағымдағы шотқа үлес қосушылардан жарғылық капиталға салымдар ретінде ақша қаражаттары қабылданса
Дт. 1030 Кт. 5110
- Ағымды шотқа сатып алушылардан ақша түскенде
Дт. 1030 Кт. 1210
- Ағымдағы шотқа банк несиелері кірістірілгенде
Дт. 1030 Кт. 3010
- Ағымды шотқа есептелінген проценттер, дивиденттер түскенде
Дт. 1030 Кт. 1270
- Ағымды шотқа желгерлік төлемдер қабылданса
Дт. 1030 Кт. 1260
- Ағымды шотқа еншілес серіктестіктен ақша қаражаттары қабылданса
Дт. 1030 Кт. 1220
Ағымды шоттан ақша қаражаттары шығындалғанда келесі бухгалтерлік өткізбелер құрылады:
- Ағымды шоттан ақша қаражаттары кассаға аударылғанда
Дт. 1010 Кт. 1030
- Ағымды шоттан мемлекеттік бюджетке корпорациялық табыс салығы төленсе
Дт. 3110 Кт. 1030
- Ағымды шоттан мемлекеттік бюджетке қосылған құн салығы төленсе
Дт. 3130 Кт. 1030
- Ағымды шоттан жеке табыс салығы төленсе
Дт. 3120 Кт. 1030
- Ағымды шоттан бюджетке акциздер төленсе
Дт. 3140 Кт. 1030
- Ағымды шоттан мемлекеттік бюджетке әлеуметтік салық төленсе
Дт. 3150 Кт. 1030
- Ағымды шоттан жер салығы төленсе
Дт. 3160 Кт. 1030
- Ағымды шоттан мүлікке салық төленсе
Дт. 3180 Кт. 1030
- Ағымды шоттан көлік құралдарына салық төленсе
Дт. 3170 Кт. 1030
- Ағымды шоттан өзге де салықтар төленсе
Дт. 3190 Кт. 1030
- Ағымды шоттан әлеуметтік сақтандыруға міндеттемелер төленсе
Дт. 3210 Кт. 1030
- Ағымды шоттан зейнетақы қорына алымдар жасалынса
Дт. 3220 Кт. 1030
- Ағымды шоттан еншілес серіктестікке кредиторлық берешек төленсе
Дт. 3320 Кт. 1030
- Ағымды шоттан жалгерлік төлемдер төленсе
Дт. 3360 Кт. 1030
- Ағымды шоттан төленуге тиісті пайыздар өтелінсе
Дт. 3380 Кт. 1030
- Ағымды шоттан өзге де есептелінген шығындар өтелінсе
Дт. 3390 Кт. 1030
- Ағымды шоттан банк несиелері өтелінсе
Дт. 3010,4010 Кт. 1030
- Ағымды шоттан банк коммиссиясы төленсе
Дт. 7210 Кт. 1030
- Ағымды шотта ақша қаражаттарының жетіспеушілігіне байланысты банкке шағым талап қойылса (соммалар қате шығысқа жатқызылса)
Дт. 1280 Кт. 1030
- Ағымды шотқа шағым талап бойынша төлемдер түскенде
Дт. 1030 Кт. 1280
Республикамыздың нарықтық
қатынастарының дамуына байланысты
кәсіпорындар өзінің сыртқы экономикалық
байланысын нығайтуы мүмкін. Валюталық
операциялар кәсіпорындар мен ұйымдар
ҚР-да валюталық реттеу заңына сәйкес
жүргізеді. Банкте валюталық шот
ашу тәртібі ағымды шотты ашу
тәртібімен бірдей (ағымды шотты ашқан
кезде өткізілетін құжаттар өткізіледі).
Калюталық шот бойынша
- Валюталық шотқа ағымды есеп айырысу шотынан ақша аударылса
Дт. 1031 Кт. 1030
- Валюталық шотқа банк ниесиелері кірістірілсе
Дт. 1031 Кт. 3010,4010
- Валюталық шотқа сатып алушылардан төлемдер түссе
Дт. 1031 Кт. 1210
- Валюталық шотқа үлес қосушылардан жарғылық капиталға салымдар ретінде ақша қаражаттары қабылданса
Дт. 1031 Кт. 5110
- Валюталық шотқа кәсіпорынның кассасынан ақша қабылданса
Дт. 1030/1 Кт. 1010
- Валюталық шоттан жабдықтаушылардың қарызы өтелсе
Дт. 3310 Кт. 1031
- Валюталық шоттан банк несиелері бойынша қарыздар өтелінсе
Дт. 3010,4010 Кт. 1031
- Валюталық шоттан ағымдағы есеп айырысу шотына ақша қаражаттары аударылса
Дт. 1030 Кт. 1030/1