Өндіріс шығындарының есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2012 в 19:26, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы: өндіріс шығындарының есебі. Бұл курстық жұмыста шығын ұғымы мен басқару есебінде және өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін шығындардың жіктелуі, сонымен қатар өндіріс шығындар есебі туралы жазылған. 1 - бөлімінде жалпы шығын ұғымы мен оның жіктелуі жайында түсінік, шығын мен шығыс түсініктерінің бір-бірінен айырмашылығы сипатталып берілген. Ал 2-бөлімінде өндіріс шығындар есебі, калькуляция баптары бойынша есебі және құрылымдары, аяқталмаған және көмекші өндірістердің есебі туралы.

Содержание работы

Кіріспе
1. ШЫҒЫНДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖІКТЕУ
1.1 Шығындардың ұғымы
1.2 Басқару есебінде қоланылатын шығындарды жіктеу
1.3 Өнімнің және алынған пайданың өзіндік құнын анықтау үшін шығындарды жіктеу
2 Өндірістік шығын есебі
2.1 Өндіріс есебінің шоттар жүйесі, аналитикалық есепті ұйымдастыру
2.2 Калькуляция баптары бойынша өндірістік шығындардың есебі
2.3 Аяқталмаған өндіріс есебі, оларды түгендеу және бағалау
2.4 Көмекші өндірістердің есебі
2.5 Өндірістік шығындардың жиынтық есебі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Содержимое работы - 1 файл

Курсовой Баскару есеби.doc

— 322.00 Кб (Скачать файл)

Күрделі көмекші өндірісте де шығындар мен өнімнің өзіндік құны калькуляциялау есебі тапсырыстық тәсілімен ұйымдастырылады.

Көмекші өндірістерде өнімдерді шығару және қызмет көрсетудегі негізгі, бастапқы құжаттарға мыналар жатады: құралдарды, құрылғыларды, қосалқы бөлшектерді, ыдыстарды беру накладнойы, күрделі жөндеуден өткен, модернизацияланған және қайта құрылған объектілерді қабылдау-тапсыру актісі; автотранспорт жұмысшыларының жол қағаздары, көлікке жүк тиейтін жұмысшылардың есеп ведомостары және т.б.

Кәсіпорынның өзінде өндірілген және сырттан алынған жылудың, энергияның түрлері, суық су және басқаларды тұтынушыларға босату, өлшеу аспаптарының көрсетілуі бойынша жүргізіледі, ал олардың жоқ болуы, жабдықтардың қуаттылығы және оның жұмысының ұзақтығына байланысты есептеу жолымен анықталады.

Өлшеу аспаптарының көрсеткіштері немесе бөлімшенің  бас энергетигінің (энергетиктік) есептеуі  бойынша натуралды көріністе тұтынушылар бойынша энергетикалық ресурстарды бөліп-тарату ведомосы жасалады. Мұнда, сонымен бірге олардың қандай мақсаттарға жұмсалғаны көрсетіледі: технологиялық, жабдықты қозғалысқа келтіру, жалпы өндірістік және басқалар.

Ведомость бухгалтерияға тапсырылады және энергетикалық ресурстарды пайдаланудағы бастапқы құжат болып табылады.

Көмекші өндірістің калькуляция объектісіне өзіндік құн есептелетін, өнімнің, жұмыстың және қызметтің түрлері жатады.

Қарапайым өндірістерде аяқталмаған өндірістердің жоқтығынан және бірдей өнімдерді шығарумен байланысты калькуляциялық бірліктің өзіндік құны барлық шығындарды өнімдердің (жұмыс, қызмет) санына бөлу арқылы анықталады.

 

2.5 Өндірістік шығындардың жиынтық есебі

 

Кешенді өндірістің және жанама өнімдер шығарудың ерекше сипаттамасына байланыстыбелгілі бір кезеңге дейін, өндіріс процесінің алдында өнімдер айырмасы жоқ немесе жеке түрлері бойынша бөлінбейтін болып табылады (барлық шығындар бір өнімді өндіруге бағытталады). Мысалы,сыр сүттен, бензин мұнайдан өндіріледі.

Бірге өндірілетін және жанама өнімдердегі ерекшелік, бір өнімді өндіретін салада міндетті түрде екіншісінің өндірілуіне алып келетін бірге өндірілетін және қосымша өнімдер есебіне негізделген.

Әртүрлі өнімдерді біруақытта өндіруде, олардың әрқайсысының өзінің сату бағасы болады. Бұл өнімдер бірге өндірілгендер деп аталады.

Басқа өнімдермен біруақытта өндірілетін, бірақ сату бағасы басқаларға қарағанда төмен болатын өнімдер жанама деп аталады.

Бөлу нүктесі – өндіріс процесіндегі өнімдерді бірге өндірілетіндерге және жанамаға бөлу кезеңі.

Бірге өндірілетін өнімдердің арасында кешенді шығындарды тарату әдістері:

1.        натуралды көрсеткіштерді пайдалану әдістері;

2.        бөлу нүктесіндегі сату құны негізіндегі әдіс;

3.        сатудың таза құндық әдісі;

4.        жиынтық пайдадағы тұрақты үлес әдісі.

Натуралды көрсеткіштерді пайдалану әдісі – әрбір өнім бірдей табыс әкелгенде, кешенді шығындар әрбір өнімнің жалпы өндіріс көлеміндегі үлесіне сәйкес пропорционалды есептелгенде қолданылады.

Бөлу нүктесіндегі сату құны негізіндегі әдісінде кешенді шығындар бірге өндірілетін өнімдер бойынша сатудан алынған табытардың бағасына пропорционалды түрде таратылады. Мұнда жұмсалған жоғары шығындарға жоғары баға сәйкес келеді.

Сатудың таза құндық әдісі – өнімдер өндіруде кешенді шығындардан басқа қосымша бар өндірістерде пайдаланылады.

Жиынтық пайдадағы тұрақты үлес әдісінде кешенді шығындарды әрбір жеке өнім үшін жалпы жиынтық пайдадағы пайыздық үлесі бірдей болатындай етіп таратылады. 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Басқару бухгалтериясы шоттардың жоспарының 8-бөлімшелеріне енетін шоттарды пайдаланады. Басқару есебі ұйымның менеджерлері мен басшыларына шешім қабылдау, жоспарлау, іс-әрекетті бақылау мен реттеу үшін ақпарат бере отырып, қызмет етеді. Өндірістік есепті дұрыс ұйымдастырдың кез-келген кәсіпорын үшін маңызы зор.

Ол өндіріс шығындары туралы ақпаратты қорытып, өзіндік құнды калькуляциялайды, өндіріс шығындарының нормалары мен нормативтерін талдап және олардың орындалуын бақылайды, өндірістегі шалафабрикаттардың қозғалысын есепке алады, есептің бүкіл көлемінің нормативтік, жоспарлық және талдамалық жұмыстарын атқарады.

Өндірістік шығындар төрт элементтен тұрады:

-   тікелей материалдық шығындар;

-  еңбекті өтеуге шығатын тікелей шығындар;

-  аударымдар (әлеуметтік салық);

-  қосымша шығындар.

Шығарылатын өнімдердің ассортименті (түрлері) көп болмағанымен олардың шығарылатын мөлшері айтарлықтай көп болуы мүмкін, белгілі бір салаға ынғайланған жабдыктардың жоғары деңгейі және өндірістің жұмыс ырғағының жоғары болуы өндірістің осы тұрпатына тән белгілер болып табылады.

Сонымен, есеп өнімнің бір өлшемінің іс жүзіндегі өзіндік құнын есептеуді қамтамасыз етуге арналған. Бұл әрбір калькуляциялық (есептік) объектке ашылған карточкалар немесе арналған ведомосы арқылы жүзеге асады. Осы ведомостарда (карточкаларда) шығындардың баптары, ал баяндауыш ведомостарда — айдың басы мен соңындағы цехтар бойынша аяқталмаған өндіріс қалдықтары, ай ішіндегі шығындар, дайын өнімді, түпкілікті акауды, аяқталмаған өндіріс жетіспеушіліктерін, қайтымды қалдықтарды есептен шығару және басқа да есептен шығарулар көрсетіледі. Ведомостарға (карточкаларға) тиісті мәліметтерді жазу үшін қажетті кұжаттар мен талдамалық кестелер негіз болады. Ведомостар (карточкалар) бойынша жиынтық әр цех бойынша көрсетіледі, ал аякталмаған өндіріс қалдықтарының сомасы — Бас кітапта көрсетілген 8110-шот бойынша қалдықтарға тең болуға тиіс. Өндіріске жұмсалған шығындарды есепке алу ведомостарының (карточкаларының) деректері бойынша шығарылған өнімнің нақты өзіндік кұны айқындалады. Соңғысын өнімге қоса тіркелген кағаз (накладная) арқылы коймаларда кіріске алады. Өндірілген өнімнің кұнына 1320 -"Дайын өнім" шоты дебеттеледі және 8110-шот кредиттеледі. Ал көрсетілген қызметке 7010  шот дебеттеледі де, 8110 шот кредиттеледі.

Орташа және ірі кәсіпорындарда өндіріс шығындарын есепке алу және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін кәсіпорынның бухгалтериясы құрамында, біртұтас болып келетін екі бухгалтерия, яғни каржылық және басқару бухгалтериясы болуы мүмкін.

 

Өндірісті ұйымдастыру типі (тұрпаты) тек шығындарды есепке алуға және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауға ғана әсер етіп қоймайды, сонымен бірге бастапқы есепті ұйымдастыруға, талдамалық есепке де әсер етеді. Мәселен, ірі сериялық және жаппай өндірістерде шығарылатын өнім мен жалақы ауысым (смена) ішінде өндірілген өнім рапорттарына, ал жеке-дара және ұсақ сериялық өндірістерде - жасалған жұмыстар нарядтарымен үйлесімде көбіне маршруттық парақтарына жазылады.

Кез келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызмет көрсету белгілі бір шығындармен байланысты, ондай есеп мынаны қамтамасыз етуі керек: жалпы өнім көлемін, әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік құнын есептеу (калькуляциялау), қызмет көрсету, жұмысты орындау, өндірілген өнімнің нақты шығысын толық, дер кезінде және шынайы көрсету, сондай-ақ жалпы бизнесті ұйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау мен жоспарлау үшін ақпараттарды жинау және бақылауды көздейді.

Басқару бухгалтериясы шоттардың жоспарының 8-бөлімшелеріне енетін шоттарды пайдаланады. Ол өндіріс шығындары туралы ақпаратты қорытып, өзіндік құнды калькуляциялайды, өндіріс шығындарының нормалары мен нормативтерін талдап және олардың орындалуын бақылайды, өндірістегі шалафабрикаттардың қозғалысын есепке алады, есептің бүкіл көлемінің нормативтік, жоспарлық және талдамалық жұмыстарын атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1.  ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңы №234- Ш, 28.02.2007 ж.

2. Международные стандарты финансовой отчетности: полного официального текста МСФО принятых в ЕС по сост. На 1 января 2008 г. - М.: Аскери - АССА, 2008

3.   Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары, № 185 200/ жылдың 23 мамырындағы Қазақстан Республикасының: қаржы Министрінің бұйрығымен бекітілген.

4.   Вахрушина М.А.  «Бухгалтерский управленческий учет». Москва ЗАО «Финстатинформ», 2000

5.    Ә.Д.Дәулетбеков, К.Т.Тайгашинова, Т.А. Тасмағанбетов.

«Басқарушы - өндірістік есеп». Оқу құралы. Алматы, Принт 2000

6.   Друри К. «Управленческий и производственный учет» (перевод с англ.) М.: ЮНИТИ, 2003.

7.    Друри К. «Введение в управленческий и производственный учет». М.: ЮНИТИ, 2000

8.   Карпова Т.П. «Управленческий учет»: Учебник - М.:ЮГ ТИ, 2003

9.  Назарова В.Л., Жапбарханова М.С., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. «Басқару есебі». Оқулық - Алматы, Экономика, 2005.

10. Назарова В.Л. (жалпы ред. Н.Қ.Мамыров) «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп». Окулық. Алматы, Экономика, 2005

11. Төлегенов Э.Т. «Басқару есебі». Оқу құралы. Алматы, 2006

12. Хорнгрен .Ч.Т., Фостер Дж. «Бухгалтерский учет: управленческий аспект»: Пер.С англ./ Под ред. Я.В. Соколова. - М.: Финансы и статистика, 2000г.

13.   Хорнгрен Ч.Т., Фостер Дж., Ш.Датар. «Управлёнческий учет», Питер, 2007ж.                        

14. Тайгашинова К.Т., Жапбарханова М.С. «Терендетілген басқарушылық есеп». Алматы, Экоиомика; 2008

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалпы алып қарайтын болсақ, орындалып жатқан жұмыс барысында өндіріске тон ерекшелігі бар қосымша шығындарды кездестіреміз. Бірақ, біз оны шығындар түріне дұрыс жатқыза білуіміз керек.

Осыған байланысты үстеме шығындар төмендегідей түрге бөлінеді:

 

1. Құрылыс жұмысшыларына көрсеткен қызметке кеткен шығын:

 

— учаске басшыларының, аға шеберлердің, қосалқы және көмекші өндіріс басшыларының, механиктердің негізгі және қосымша еңбекақысы және одан аударылған әлеуметтік салық;

 

— құрылыс-монтаждау жұмысындағы жұмысшылардың қосымша еңбекақысы және одан аударылған әлеуметтік салық;

 

2. Техникалық кауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша шығындар:

 

— тегін берілетін арнайы униформаларды жөндеу және жууға кеткен шығындар;

 

— заң бойынша қарастырылған денсаулыққа зиян цех жұмысшыларына берілетін сүт тағамдарына кеткен шығындар;

 

— техникалық қауіпсіздікке арнайы ұйымдастырылған іс-шараға кеткен шығындар;

 

— техникалық қауіпсіздікке арнайы жасалған бөлмелерге кеткен шығындар;

 

3. Құрылыс алаңдарындағы ұйымдастыру шараларына кеткен шығындар:

 

— амортизациялық шығындар, бірнеше мердігерге қызмет көрсетіп тұрған негізгі құралдарды пайдалануға немесе жөндеуге кеткен шығындар;

 

— жиналмалы типтегі ғимараттарға кеткен шығын;

 

— өндіріске қажетті өлшеуіш құралдар сатып алуға кеткен шығын;

 

— қауіпті аймақтарды қоршауға кеткен шығындар;

 

— уақытша қондырғылар орнату шығындары;

 

— өлшеуіш қораптар, бункерлер, бетон мен ерітінділерге арналған ыдыстар сатып алуға кеткен шығындар;

36

 



Информация о работе Өндіріс шығындарының есебі