Бастауыш сатыдағы «Өзін - өзі тану» пәнінің рухани – адамгершілік білімді іске асырудағы маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2011 в 13:13, реферат

Краткое описание

Егеменді Қазақстанның өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің қалыптасуы деңгейінде ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, құзыреттілігін арттыру қажеттілігі бүгінгі таңда туындап отыр. Еліміз әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталуда. Бұл білім беру үрдісі мен педагогика теориясындағы өзгерістерге байланысты болып отыр, білім беру пародигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда.

Содержимое работы - 1 файл

samopoz8 - копия.doc

— 98.50 Кб (Скачать файл)
 

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ  БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА  ДАЯРЛАУ ИНСТИТУТЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

  Тақырыбы:

Бастауыш  сатыдағы «Өзін - өзі  тану» пәнінің  рухани – адамгершілік білімді іске асырудағы маңызы. 
 
 
 
 
 
 
 

                                                

                                                 Орындаған: Асқарова  Д.У.

                                                                        №11 орта мектеп 
 
 
 
 
 
 
 

                                  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Жезқазған  2009

Жобаны  негіздеу 

     Біз өмір сүріп отырған ХХІ ғасыр-ғылым  мен технологияның қарымтап дамыған  ғасыр.Ақпараттандыру, жаһандық  және интеграция ғасырында  жаңа дүние  үшін күрес жолында адамзат баласына білім беру  бірінші кезекке қойылатыны сөзсіз.

      Егеменді  Қазақстанның өркениетті қоғам мен  құқылы мемлекеттің қалыптасуы деңгейінде ұрпақтың рухани  байлығы мен  мәдениеттілігін, құзыреттілігін арттыру  қажеттілігі бүгінгі таңда туындап  отыр. Еліміз әлемдік білім беру кеңістігіне  енуге бағытталуда. Бұл білім беру үрдісі мен  педагогика теориясындағы  өзгерістерге байланысты болып отыр, білім беру  пародигмасы өзгерді, білім берудің  жаңа мазмұны пайда болуда.

      12 жылдық білім тұжырымдамасында  «мақсаты-өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі орташа өмір сүруге бейім, бәсекеге  қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру» - делінген [2]. Бұл Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне жеткізуде жасалып жатқан қадамдар. Соның бірі - Өзін-өзі тану  бойынша жалпыға міндетті  мемлекеттік стандарты.

       Жезқазған қаласындағы №11 орта  мектебі де  тыс қалған жоқ.  Білім беру қызметіне жаңаша  қарап, ұлттық ерекшеліктерді  ескере отырып, қоғамдағы өзгерістерге сәйкес 2006-2007 оқу жылында «Өзін-өзі тану» пәні сынақ алаңына енгізіліп, жұмыс жасауда.

     Кез – келген  жұмысты сынақтан өткізудің  өзіндік проблемалары болып жатады. Ол ішкі мүмкіндіктердің жетіспеуінен, педагог кадрлардың дайындығынан т.б. себептерден болуы мүмкін.

     Адамгершілік  – рухани білім беретін жаңа пәнді  жүргізуде мектеп  табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің дайындығының аздығы байқалды. Ол баланың өз ойын толық жеткізе алмауы. Әрине мектепке келген  6,7 жасар бала ойын толық жеткізе алуы керек деген артық болар. Бірақ,  ойын еркін айту, өз пікірін білдіре алу, басқаларды тыңдау,  өзінен басқалардың пікіріне қосылып кете алу сияқты әңгімелесуге қажетті жағдайларды бала меңгермей келген.

     Яғни  баланың өзіндік «Мені» қалыптаспаған. Бұл отбасы тәрбиесінен болуы мүмкін. Мектепке келген балалардың барлығы бірдей балабақшада тәрбиеленбеген болуы мүмкін. Осы орайда баланы мектепке дайындау мәселесіне көп көңіл бөлінуі керек. Ол баламен тілдесу, баланың пікірін  тыңдау, ойымен санасу, т.б. Жас болса да  бала өз пікірінің, қандай да бір идеясының үлкендер үшін маңызды екеніне сенімді болуы керек.

     Осындай  проблемаларды болдырмау үшін «Өзін - өзі тану» пәнін балабақшада, даярлық сыныбында енгізген өте  тиімді. Біздің қаламызда екі балабақша осы бағдарлама бойынша жұмыс жасауда. Мектепке баласын әкелген  ата – аналармен арнайы конференция, жиналыстар, дөңгелек столдар өткізіп,   адам өмірінде  рухани – адамгершілік білімнің өте маңызды екеніне көз жеткізу керек. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Жобаның  мақсаты: 

    «Өзін - өзі тану» пәнінің бала тәрбиесіндегі, рухани – адамгершілік білім берудегі маңызын анықтау. 
     
     
     
     
     

    Жобаның  міндеттері:  

  1. Жұмыс мазмұнына  қажетті әдебиеттерді зерделеу;
  2. «Өзін - өзі тану» пәнінің теориялық негізін айқындау;
  3. Мониторинг нәтижелерін талдау, қорытындылау;
  4. Жүйеленген жобаның тәжірибеге іске асырудың міндеттерін белгілеу.
 
 
 
 

Күтілетін нәтижелер: 

    1. Жобаның мазмұнына  қажетті әдебиеттер зерделенеді;
    2. Рухани – адамгершілік білім беретін пәннің теориялық негізі айқындалады;
    3. Эксперимент алаңдарында пәнді оқыған сыныптарға мониоринг жасалып, талданады;
    4. Жүйеленген жоба іске асады.
 

                 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      

Жобаның моделі 

      «Өзін - өзі тану» пәні білім берудің  басымдықтары – рухани – адамгершілік білімді іске асыруға, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениетті үйретуге ықпал етеді. Бала әртүрлі мәселелерді адамгершілік нормаға сәйкес конструктивті шешуге үйренеді. Өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым – қатынас жасау, көмек беру, қамқорлық жасауға баулиды. Жасампаздық белсенділік, азаматтық және отансүйгіштікке тәрбиелейді.

      «Өзін - өзі тану» пәнін оқыту арқылы мектептегі басқа пәндердің әлеуетін күшейтеміз. Әрбір оқушының өзін - өзі  тануы жалпы адамзаттық құндылықтарды  қалыптастыруға ықпалы зор. 

               «Өзін-өзі тану» пәні бүгінгі заман талабынан туындап отыр. Қазіргі кезеңнің ең басты қажеттілігі адамдар арасындағы сыйластық, бірін-бірі қадірлеу, бірін-бірі құрметтей білу мен бағалай алуы, яғни адамдардың өзін-өзі, қоршаған ортаны, әлемді тани білуі.Сондықтан да оқу-тәрбие үрдісіне еніп отырған «Өзін-өзі тану» пәнінің әлеуметтік-рухани өмірде алатын орны ерекше.

            Қоғам дамуында біздің күнделікті қарапайым тіршілігімізде сүйіспеншілік пен ізгілік, мейірімділік пен қайырымдылық, шыдамдылық пен имандылық, адалдық пен ибалық сынды асыл қасиеттер қажет-ақ.

          Осы адами қасиеттерді жүзеге асыру идеясын елімізде тұңғыш рет «Бөбек» қорының президенті, бар балаға қамқорлық нұрын төккен Сара Алпысқызы ұсынды. Сара Алпысқызының өркениетке өріс алған еліміздің дамуына деген зор сенімі,ертеңгі өскелең өрендерімізге деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығы өмірге өзін-өзі тануды алып келеді.

   «Өзін-өзі  тану» пәнінің ең басты ерекшелігі- адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған адами асыл қасиеттерді  жас ұрпақтардың бойына сіңіру, ата салт пен ұлттық ұлы дәстүрлеріміздің жиынтық тәрбиесін тамырына тағылым етіп дарыту [12 ]. 

   Біздің  Жезқазған қаласындағы №11 орта мектебінде 2006-2007 оқу жылында «Өзін-өзі тану»  пәні сынақ алаңына енгізіліп, бірқатар жұмыстар жүргізілді. Мұғалімдер даярланып, арнайы курстардан өтті.

   «Өзін-өзі  тану» пәнінің басқа пәннен ерекшелігінің  бірі - арнайы жабдықталған болу керек. Ата-аналарды, мектеп ұжымын қатыстыра  отырып, «Өзін-өзі тану» кабинеті талапқа сай жабдықталды. Мұнда  бағдарламаның негізгі авторы – С.А.Назарбаеваның аналық жүрегінен шыққан жылы сөзі, «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытатын негізгі құндылықтары айқын және әдемі етіп жазылған. Оқушылардың сабақ үстінде өздерін еркін ұстауларына, демалуларына да жағдайлар жасалған. Арнайы парта, орындықтар, диван жасалған. Техникалық құралдармен жабдықталған.

                «Өзін - өзі тану» пәнінің білім берудег маңызын анықтау үшін сынақ алаңындағы төмендегі сыныптарға зерттеу жұмыстары жүргізілді.

1 сынып

    1. Бастауыш сынып оқушыларының жалпы адамзаттық рухани құндылықтарын тану қабілеттерін зерттеу;
    2. Бастауыш сынып оқушыларының «Мен-концепциясын» құрайтын «Әлеуметтік Менін» көрсететін нышандық тапсырмалар жобалық әдістемесі арқылы өзін-өзі бағалауын анықтау;
    3. Бастауыш сынып оқушыларының «Мен концепциясын» құрайтын «Әлеуметтік Менін» көрсететін нышандық тапсырмалар;

    2 сынып

    1. Бастауыш  сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауын  анықтау,

    2. Бастауыш  сынып оқушыларының жігерлілігін  зерттеу,

    3. Бастауыш  сынып оқушылары дамуының жеке  деңгейін анықтау        жұмыстары,

3 сынып

     - оқушы ішкі жан дүниесіне  үңіліп, өзіне-өзі көңіл бөле бастауын  дамыту,

         -оқушы назарын адамгершілік-рухани  құндылықтар ақкөңілдік,      мейірімділік, қамқорлық, еңбексүйгіштік, әділдік, батылдық, төзімділік, табандылық, сенімділікке бағыттау;

         - оқушыға өзінің қоршаған ортаның  және адамзаттың адамгершілік-рухани  тәжірибесінің бір мүшесі екенін  ұғындыру;

         - оқушының бойында өзіндік «Меніне»  деген жағымды ұғымды  қалыптастыру;

          - оқушының өз ісіне баға беруге, өзгенің іс-әрекетін түсінуге, өзіндік тәжірибесімен бөлісуге дағдыландыру;

          - жанұяның жылылығын сезінуге  баулу;

          - өзіне, өзгеге, жалпы айналасына  құрметпен қарап, адамгершілік  қасиеттерді бағалай білуге үйрету;

          - отансүйгіштік, елін-жерін аялау сезімдерін арттыру. 

      «Өзін-өзі тану»  пәнін оқыту методикасы 

     Бала  бақшаларда және мектептерде өзін-өзі  тану пәнінің мақсаттарын толық  іске асыру үшін жалпыадамзаттық  құндылықтар басым болатын ерекше атмосфера құрылады.

     Өзін-өзі  тану пәні бойынша жеке тұлғаға бағдарланған білім беру процесі:

          - балаға құндылық тұрғысынан  қарауды, оның қажеттіліктері, қызығушылықтары  мен мүмкіндіктерін барынша есепке  алуды;

        - тұлғаның  өзін-өзі тануы мен  өзін-өзі жетілдіруіне арналған  жағымды жағдайлар тудыруды;

      - дамыта оқытудың әдістері мен  формаларының әр түрлілігін, пәннің  мазмұнын адамгершілік таңдау  жасау мен ойлануға арналған  өмірлік мысалдармен және жағдаяттармен  толықтыруды;

      - оқушылардың тұлғалық, рухани өсуінің  ішкі динамикасына көңіл бөлуді;

      - білім беру процесі субьектілерінің  тілектестік  диалогын ұйымдастыруды;

      - мектеп, отбасы, қауымдастықтың  өзара  бірлесіп, тығыз байланыста әрекет  етуін;

      - білім мекемелерінде  ізгілік,  сүйіспеншілік, әділдік және өзара  түсініктік атмосферасын құруды қарастырады.

      Өзін-өзі  тануды оқыту интерактивтік әдістеме негізінде  білім беру процесіне  әрбір қатысушының жеке тұлғалық  ерекшеліктерін мойындай отырып жүргізіледі.

      Адамгершілік  құндылықтар әрбір жасқа лайықты  әлемді қабылдау арқылы меңгертіледі. Өзін, өзге адамдарды тану,қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау, ақиқат пен махаббатты түсіну адам өмірінің ең басты мәні тұрғысынан бала ойлана алатын, өзінің пікірін жеткізе білетін, таланты мен қабілеттерінің ашыла түсетін, формальды емес, сенімді жағдайда өтеді.

      Өзін-өзі  тану сабақтарында мұғаліммен ашық диалог жүргізіледі, әлеуметтік-рөлдік ойындар  мен тренингтерде адамдардың өзара  қарым-қатынас әлемі зерттеледі, өмірлік бақылаулары бойынша  пікір алмасады, қоғамға қызмет етудің  практикалық дағдылары  дамытылады.

      Өзін-өзі  тану ерекшелігін есепке ала отырып, денсаулық  сақтау әлеуетіне  ие әр түрлі  стандартты емес сабақ  түрлері:

ойын-сабақтар, ойлану-сабақтары, пікір-сайыс сабақтары, театрландырылған сабақтар, шығармашылық сабақтар, конкурс-сабақтар, фантазия-сабақтар, концерт-сабақтар, экскурсия және т.б. сабақтар пайдаланылады.

      Өзін-өзі  тануды оқыту процесінде бірқатар әдістемелік  тәсілдер қолданылады.

Информация о работе Бастауыш сатыдағы «Өзін - өзі тану» пәнінің рухани – адамгершілік білімді іске асырудағы маңызы