Бастауыш сатыдағы «Өзін - өзі тану» пәнінің рухани – адамгершілік білімді іске асырудағы маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2011 в 13:13, реферат

Краткое описание

Егеменді Қазақстанның өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің қалыптасуы деңгейінде ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, құзыреттілігін арттыру қажеттілігі бүгінгі таңда туындап отыр. Еліміз әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталуда. Бұл білім беру үрдісі мен педагогика теориясындағы өзгерістерге байланысты болып отыр, білім беру пародигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда.

Содержимое работы - 1 файл

samopoz8 - копия.doc

— 98.50 Кб (Скачать файл)

      «Шаттық шеңбері» - сабақтың бас кезінде қолданылатын  әдістемелік тәсіл. Мұғалім балалармен бірге, барлығы бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасайтын шеңбер жасайды, әр түрлі ән айтып, өлең оқиды. «Шаттық шеңберінің» педагогикалық мәні -әрбір бала өзіне таныс үлкен достық шеңберіне қабылданғанын сезінеді, өзіне сенімі артып және  өзгелердің де сеніміне ие болады.

      «Тыныштық сәті» - релаксацияның әдістемелік тәсілі. Толық тыныштықта баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуы реттеледі, денесі жеңілденеді. Ол өз ойын жинақтай алу мүмкіндігіне ие болады, өзінің ішкі «Менін» түсіне алады, өзінің сезімі мен көңіл- күйін жақсы сезінеді. Мұғалімге балаларға  осы жаттығуды  орындату барысында  олардың дене қалпына, тыныс алуы мен денесін бос ұстай білуіне баса назар аудару ұсынылады.

      «Өзіммен-өзім» -   бұл тәсіл баланың өзін және өзінің жүрегін тыңдай білуіне септігін тигізеді. Ол баланың сезімі мен эмоциясын, жалпы рефлексияға қабілеттерінің дамуын  ынталандырады.  Осы тәсіл балаларға жайлы әсер етеді, олардың қиялын дамытады, топтағы мінез-құлыққа жағымды ықпал етеді және әдетте, материалды жаңадан түсіну барысында пайдаланылады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру барысында  мұғалімнің  сөзімен қатар, сондай-ақ аудиоқатарлар (классикалық музыка, табиғат дыбыстары және т.б.) қолданылады.

      «Оқу» - оқушылардың білімін және адамгершілік қасиеттер мен құндылықтар туралы түсініктерін кеңейтуге, оқу іскерліктерін дамытуға бағытталған әдіс. Оқушылардың танып-білуге құштарлығын арттыру мақсатында үлкендермен бірге  және өз бетінше көркем шығармаларды оқу ұсынылады. Бұл әдіс оқушылардың ойлауын, еске сақтауын, эмоциялық ерік-жігер салаларын дамытады.

      «Сабақтың дәйексөзі» -  Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, оқу материалынэмоционалды-бейнелі қабылдауына ықпал ететін өзін-өзі тану сабақтарының міндетті  элементі болып табылады. Сабақтың дәйексөзі ретінде мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, афоризмдер алынады.

      «Мұғалімнің әңгімелеуі», «Оқушының  әңгімелеуі» - оқушылардың әңгіме, ертегі, өсиет әңгіме, өлеңдерді ұжым болып тыңдауына жағымды   жағдай туғызатын сөйлеу және  ойлау іс-әрекетінің  маңызды түрі. Балалар осы әдіс арқылы әңгімені тыңдай және ести білуді, сезіне алу және сезіммен қабылдауды,ой елегінен өткізу мен пайымдай алуды үйренеді. Шығарманы әңгімелеудің кідіріспен, сахналау элементтері арқылы мазмұндап айту түрлері қолданылады.

      «Әңгімелесу» - Бұл балалардың тақырып мазмұнын түсінуіне мүмкіндік беретін дидактикалық тәсілдің сұрақтар мен жауаптар түріндегі қарым-қатынас нысаны. Әрбір оқушы өзінің пікірін айта алады, тақырыпқа өзінің көзқарасын білдіре алады, өзін толғандыратынсұрақтарды қоя алады. Мұғалім  балалардың ойлау қабілеттерін дамытады, оларды өз пікірлерін және жағдаяттар мен әрекеттерге қатысын білдіре  алу іскерлігіне үйретеді.

      «Ойын», «Жаттығу» - балаларды танымдық қызығушылықтарын жандандыру және меңгерген ұғымдар мен іскерліктерін бекіту үшін ұсынылатын оқыту әдісі. Ойын әрекеттері мен жаттығулары арқылы баланың жеке тәжірибесі негізінде оқу материалының мазмұны жүзеге асырылады. Балалар ойындар мен жаттығулар нәтижесінде құбылыстарымен жағымда қарым-қатынас жасау дағдыларына ие болады, өмірлік дағдыларды меңгереді.

      «Шығармашылық жұмыс» - Өзін-өзі тану сабағының  маңызды бөлігі. Сурет салу, макет. Коллаж жасау мен өлең, өсиет әңгіме, ән және т.б.  шығару түрінде  әр түрлі нысанда өзбетінше және ұжымдық әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.Бұл тәсіл шығармашылық әлеуетті ашуға, символдар, бейнелер мен әрекеттер арқылы өзіндік «Менін» білдіре алуға көмектеседі. Бірлескен шығармашылық әрекет оқушылардың ынтымақтастық, шыдамдылық, ұқыптылық сияқты адами қасиеттерінің маңыздылығын ұғынуына, өзінің пікірін айту мен  басқалардың пікірін құрметтей білу іскерліктерін дамытуға мүмкіндік береді; балалардың өз күшіне сенімділігін, өзінің қабілеттері мен шығармашылық мүмкіндіктеріне сенімдерін  қалыптастырады; жауапкершілікке, дербестілікке тәрбиелейді.

      «Жағдаяттар кезінде ойлану» - балалардың нақты өмірлік жағдаяттарды бағалай білу қабілеттерін дамытуға, өзінің ойы мен ісіне, әрекеттеріне жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал ететін әдістемелік тәсіл.Жағдаяттарды талқылай балалардың ойлауға бейімділіктерін,өзін және өзгелерді бағалауға  икемділіктерін, қоршаған әлеммен жағымды өзара әрекеттестікті құра білу іскерліктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

      «Бейнематериалдар көру (фильмнен, мультфильмнен, үзінділер және т.б.)» - оқу ақпараттарын жеткілікті көрнекілік нысанда ұсынуға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсіл.Айқын көркем бейнелер балалардың өтілген материалдардың мазмұнын қабылдауы мен меңгеруін күшейтеді.

      «Ән шырқайық, достар!» - сабақта қосылып ән айтуды ұйғаратын әдістемелік тәсіл. Ән айту балалардың  сезімдерін  сергітіп, көңіл-күйін жадыратады. Бұл тәсіл сабақтың кез-келген кезеңінде қолданылады.

      «Сергіту  сәті» - шаршағанды ұмыттыруға, жалығуды болдырмауға, денеге түскен күшті төмендетуге қажетті өзін-өзі тану сабақтарының компоненті. Сергіту жаттығулары бір әрекеттен басқа әрекетке ауысуға бағытталған  қысқа ойындар түрінде жүргізіледі. Осы тәсілді қолдану топта жақсы көңіл-күй тудырады, ұқыптылықты, реакция жылдамдығын дамытады, ұжымға топтасуға ықпал етеді.

      «Сахналау» - бұл тәсәл өзін-өзі тану сабақтарында оқу материалының мазмұнын эмоционалдық-сезімдік күймен тиімді қабылдау мақсатында әр түрлі жағдаяттарды балалардың өздері рөлдерге орындауы арқылы ұйымдастырылады.

      «Қорытындылау» - мұғалімнің өзі  немесе балалармен бірлесіп сабақтың өзіндік логикалық қорытындысын шығаруға және құрылымдық элементтерінің орындалуына қол жеткізуге бағытталғаг әдістемелік тәсіл.

      «Жүректен-жүрекке» шеңбері - әдетте, оқу сабағын аяқтайтын, бір-бірімен пікір алмасу, бір-біріне тілек айтуды қарастыратын және педагогтың әрбір баланың эмоционалдық жай-күйін, олардың сабақ тақырыбын түсіну дәрежесін анықтауына мүмкіндік туғызатын әдістемелік тәсіл.

      «Үй тапсырмасы» - баланың сабақ тақырыбына және сабақта меңгерген білім, іскерлік және дағдыларын бекітуге қызығушылығын арттыратын тәсіл. Балалар үй тапсырмасын дәптерлеріне өз бетінше немесе үлкендермен бірге орындайды. Бұл балалар мен үлкендердің бірін-бірі жақсы түсінуіне септігін тигізеді.

      Өзін-өзі  тану бойынша оқу процесін ұйымдастырудың маңызды шарты балалардың жас және психологиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес эмоциялық жайлылықты қамтамасыз ететін денсаулық сақтау ортасын құру болып табылады. Сабақта әрекет түрлерінің  алмастырылуы оқуға жағымды мотивтерді қамтамасыз етеді.

      Өзін-өзі  тану сабақтары арнайы үнтаспалар, бейнетаспалар, көрнекіліктер және дидактикалық материалдармен жабдықталған кабинеттерде 10-15 адамнан тұратын  шағын топтарда өткізіледі.

      Өзін-өзі  тану сабақтарын  өткізудің әдістері мен нысандарының кең нұсқалылығы,оларды арнайы кабинеттерден тысқары (концерт залында, мектеп алаңдарында, табиғат аясында, мұражайда, сурет  галереясында, театрда және т.б.) орындарда ұйымдастыруды қарастырады.

      Өзін-өзі  тану бойынша сабақтан тыс әрекеттер  алған білімдерін күнделікті өмірде практикалық түрде қолдана білуді  және қоғамға қызмет  етуге белсенді қатысуды қарастырады.

      Білімнің  әрбір деңгейі үшін типтік бағдарлама, оқулық, оқу-әдістемелік құрал, хрестоматия, өзін-өзі тану бойынша дәптер, көрнекі-иллюстрациялық, дидактикалық және үнтаспа, бейнетаспа материалдарынан құрылатын оқу-әдістемелік кешен пайдаланылады.

      Өзін-өзі  тану процесінде мұғалімнің рөлі айрықша, өйткені ол қазіргі оқыту мен  тәрбиелеу әдістерін, психологиялық  білімдерін, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық процесті дербес құра алу білігін жетік меңгерген болуы тиіс. Өзін-өзі тану  мұғалімі сабақта жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін, оның қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашуға көмектесетін оқытудың әртүрлі дәстүрлі, дәстүрлі емес түрлерін,  интерактивті нысандары мен әдістерін қолданады.

      Балаларға деген махаббат, әрбір баланың  ерекшелігін құрметтеу, шыдамдылық, «ізгі ақыл» мен «жылы жүрек» - қоғамға қызмет етудің үлгісі болып  табылатын  өзін-өзі тану педагогының  ең басты қасиеттері.

      Өзін-өзі  тану мұғалімнің құндылыққа бағдарланған бағыттылық әрекеті оқушылардың  білім алуына, даналықты, адамзаттың мәдени жетістіктерін ұғынуына, өзара  түсінікті және қоғамның барлық мүшелерімен  жағымды қарым-қатынас жасауды  үйренуіне мүмкіндік береді.

      Мұғалім әрбәр оқушының ерекшелігін ескере отырып, балалардың қоршаған  ортада өзінің жеке тұлғалық «Менін» жете түсіну процесіне көмектеседі. Ол дайын  білімдерді  жеткізуші емес, балаларды  өмірлік маңызды іскерліктер  мен дағдыларды игеруге  жетелейтін өзін-өзі  тану процесінің жетекшісі. Ол  балалармен бірге пікір таластырады және ойланады, жаңалықтар ашады, таңданады және күмәнданады, бірлескен шығармашылыққа қызығушылықпен өмірдің  ақиқатына  көз жеткізеді, сыныпта жағымды  жағдай туғызады. Осының барлығы оқушылардың компетенцияларын дамытуға, күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін жағдай тудыруға ықпал етеді. 
 
 
 
 
 

  Эксперименттік сыныптың  зерттеу нәтижелері 

    Эксперименттегі сыныптың зерттеу нәтижесін келтіріп өтсем,

    «Өзін-өзі» бағалауы төменгі деңгейдегі бала саны -11, 46%

    «Өзін-өзі» бағалауы орташа деңгейдегі бала саны -  9, 38%

    «Өзін-өзі» бағалауы жоғары деңгейдегі бала саны -  4 , 17%

    «Өзін-өзі  тану» пәнін оқыған сынып оқушыларынан күтілетін нәтижелер:

    • өз ойын еркін айта алатын жеке тұлға қалыптасыды
    • бойларында адамгершілік қарым-қатынас жасау, мойынсыну қасиеттері қалыптасады
    • жанашырлық сезімдері дамиды

    Жыл соңында оқушылардың өзін-өзі  бағалауын зерттеу мақсатында зерттеу  жұмыстары алынды. (Жалпы 2 сыныптар бойынша 57 бала)

    2 сыныптар бойынша «Аяқталмаған сөйлем» әдістемесі қорытындысында

    Маңызды қызмет түрінің сапасын көрсеткен  бала саны - 9 немесе 16%.

    Маңызды ойын түрін көрсеткен бала саны - 8 немесе 14%.

    Өзіне маңызды еңбек түрін көрсеткен  бала саны - 30 немесе 53%.

    Өзін-өзі  бағалауы төмен деңгейдегі бала саны 5 немесе 8%. 
 

Қорытынды 

      «Өзін - өзі тану» пәнінің білім беру жүйесіндегі орны жеке тұлғаның бойында  рухани – адамгершілік қасиеттердің қалыптасып, дамуын қамтамасыз ету  мен адамзаттың табиғатпен үйлесіміділікке  дамуын сезінумен айқындалады.

      Жалпы білім беретін мектептің бастауыш буынында оқитын жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамытуда, оның бойында  жалпы адамзаттық құндылықтарды  қалыптастыруда «Өзін - өзі тану»  пәнінің маңызы ерекше. Бұл пән  адамгершілікке тәрбиелеудің негізі, қарым – қатынас жасау мен дүниетанудың құралы, баланың зердесі мен шығармашылығын дамытудың арнасы.

      Тәрбие  әрекетінде бір – бірін толықтыратын, бір – бірімен сабақтас өзара  байланысты мектеп пен отбасының  бірлескен әрекеті бастауыш сынып  оқушыларының адамгершілік құндылықтарды меңгеруіне, әлеуметтік тәрбие алуда, өзін - өзі тануда маңызы зор.

      Қай қоғамда, қай мемлекетте болсын, қарым  – қатынас адами құндылықтар, оның ішінде адамгершілік құндылықтар  қалыптастыру кез – келген мектептің  міндеті болса, баланың өзін тануына, басқаны тануына, баланың болашақ дамуына «Өзін - өзі тану» пәні зор ықпал етеді. 
 

    Жобаның нәтижесін қолдаушылар:

    Мектеп  әкімшілігі, мұғалімдер, психолог, ата  – аналар 

    Есеп  беру формалары: 

    Жобаның нәтижесі бойынша семинар өткізу. 

Информация о работе Бастауыш сатыдағы «Өзін - өзі тану» пәнінің рухани – адамгершілік білімді іске асырудағы маңызы