Ипотекалык несиелендыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2012 в 04:27, курсовая работа

Краткое описание

Көзделген мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді шешуді қажет етеді:
- Тұрғын үйді ипотекалық несиелеуге байланысты экономист ғалымдардың көзқарастарын зерттеу және талдау;
- Тұрғын үйді ипотекалық несиелеу жүйесінің құрылымдық элементтерін жүйелі түрде теориялық жағынан қарастыру;
- Шетел тәжірибесіндегі тұрғын үйді ипотекалық несиелеу үлгілерін оқып-үйреніп, олардың тиімді жақтарын отандық тәжірибеде пайдалануға ұсыну;
- Тұрғын үй ипотекалық несиелендіру жүйесінің жүзеге асырылуына дейінгі ҚР тұрғын үй ахуалы;
- Ипотекалық несиелеу нарығының қазіргі жағдайы мен дамуын бағалау.

Содержимое работы - 1 файл

Ипотекалык несиелендыру.doc

— 306.00 Кб (Скачать файл)

     CREDO кредиттік  картасын шығару және қызмет  көрсетудің негізгі талаптары:

   Валюта кредиттік  лимит валютасы Теңге (KZT), АҚШ  доллары (USD),       Еуро (EURO)

   Кредиттеу мерзімі  12/24/36 ай 

   Кредиттік лимиттің  ең төменгі мөлшері 20 000KZT / 150USD / 100EUR

   Картаның әрекет  ету мерзімі Кредиттеу мерзіміне  тең 

   Картаға жылдық қызмет көрсету Visa Gold/MC Gold – 30 000 тг.(бірінші жыл), әрі қарайғы жылдары 16600 теңге

 

Visa Classic/MC Standard – 6 200 теңге

 

VISA Electron -700 теңге  

Қолма қол ақшалай  қаражаттарды беру үшін стандартты комиссия  "БТА Банкі" АҚ желісінде – 2%

 

ҚР аумағында және одан тыс жерлердегі өзге банктер  желісінде – 2%, мин. 465 теңге.

Өтінімді қарастыру  үшін комиссия 500 теңге 

Сауда желісіндегі қолма-қолсыз сатып алу үшін комиссия 0%

БТА Банк банкоматындағы балансты көруге арналған комиссия 20 тенге

Ақша аударымы операциялары үшін комиссия  а) Кредиттік картадан төлем карталарына ақша аударымы (БТА Банкі карталары бойынша) – 2%, мин 80 теңге. б) Кредиттік картадан "БТА Банкі" АҚ-да ашылған ағымдағы, депозиттік шоттарға ақша аударымы, соның ішінде баламалы арналар арқылы – 2%, мин. 80 теңге.

Жеңілдікті кезең  20 күн 

Өтеу сұлбасы 100% немесе ағымдағы берешектің 10%-ы  стандартты пайыздық ставканың әрекет ету кезеңі.Кредиттік  картаға қызмет көрсету бойынша  басқа тарифтерді осы жерден білуге болады.

CREDO пайдалану мысалы:

Айталық, CREDO кредиттік  картасы БТА Банкінің дебеттік карточкасына жалақы алушы клиентке ашылған. CREDO картасының кредиттік лимиті 50 000 теңгені  құрайды. Айталық, клиент соның ішіндегі 10 000 теңгені жаратты (ағымдағы берешек). Жалақы карточкасына жалақының немесе басқа аударымдардың түсуі бойынша, одан ағымдағы берешектің 10%-ы, яғни 1000 теңге және есептелген пайыз, CREDO карточкасына есептен шығарылып, аударылады. Егер клиент жүз пайыздық өтеу сұлбасын таңдаса, яғни жалақы картасынан ағымдығы берешектің бүкіл сомасы, яғни 10 000 теңге және есептелген пайыз есептен шығарылады.

CREDO кредиттік картасын  ашу үшін қажетті құжаттар 

Клиенттердің барлық санаттары үшін:

   — Жеке куәлігі немесе төлқұжаты.

   — ҚР Салық төлеушісінің куәлігі (СТТН).

   БТА Банкінің жалақы карталарын ұстаушы клиенттеріне арналған қосымша құжаттар:

— Азаматтарды тіркеу кітабының (Үй кітабының) көшірмесі немесе мекенжай бюросынан анықтама.

— Соңғы 2 (екі) ай үшін жалақы картасының банктік шотынан үзінді көшірме немесе өтінішті беру күні соңғы транзакциялар бойынша  банкоматтың шағын үзінді көшірмесі.

— Әлеуметтік жеке коды (ӘЖК).

— Жеке еңбек шартының көшірмесі*.

— Соңғы 6 (алты) (ай үшін жеке зейнетақы шотының жай-күйі жөніндегі Жинақтаушы зейнетақы  қорынан үзінді көшірме. Заемшыға/ортақ  заемшыға/кепілгерге (жеке тұлғаға) ұсынылады. Жеке еңбек шартының көшірмелерін ұсынбаған жағдайда, Клиент жұмыс орнынан анықтаманы ұсынады. Қажетті жағдайда банк қосымша құжаттарды сұратуы мүмкін.

       БТА банкінің  активтеріне тоқталып кетсек,  активті портфельдің табыстылығының тұрақтылығы, тек қана бөлек активтердің тұрақтылығы және олардың ковариацациясының деңгейіне тәуелді емес: негізгі рөлді әрбір активтің жиынтық көлемі ойнайды. Сондықтан осы жағдайларды есепке ала отырып акттивтердің құрылымын оңтайландыру қажет. Бұл мәселенің сандық моделін  БТА банкінің мысалында ұсынамын.

   

Кесте 7. БТА банкінің активтерінің  оңтайлы құрылымын  болжалдық есептеу,  қатердің ұйғарымды өлшемінің тәуелділігі

 

 

Активтер

Ұйғарымды қатер,%

3,92

3,0

2,0

1,0

0,22

Ақшалай қаражат 

0,0

0,0

0,0

0,0

56,6

Міндетті резервтер 

3,0

3,0

3,0

3,0

3,0

Қаржылық активтер

0,0

24,4

50,8

45,4

11,9

Кредиттік мекемелердегі  қаражаттар

95,0

70,6

44,2

26,8

0,97

Инвестициялық бағалы қағаздар

0,0

0,0

0,0

22,8

0,0

Клиенттерге қарыз

0,0

0,0

0,0

0,0

25,6

Негізгі құралдар және материалдық  емес активтер

1,0

1,0

1,0

1,0

1,0

Басқа да активтер

1,0

1,0

1,0

1,0

1,0

Банктің күтілетін рентабелділігі,тұтас

10,60

9,51

8,33

6,94

3,02


 

 

      Кестеде көрсетілгендей, ең көп банктік активтердің рентабелділігіне (10,6) мына жағдайда  жетуге болады, егер портфельдегі барлық активтер, пайда әкелмейтін активтерді қоспағанда, кредиттік мекемелердегі қаржаттарды ұсынады (95%).  Сонымен қатар бұндай портфельге көбірек қатер сәйкес келеді (3,92 % банктің барлық активтерінің құны). Ал аз қатерге банктің активтері ақшалай қаражатта болса (0,22%), қаржылық активтерде (11,9%), кредиттік мекемелердегі қаражаттар   (0,97%) және клиенттердің қарыздары (25,6%). Осындай нұсқада күтілетін банктік активті портфельдің рентабелділігі 3,02% құрайды.  Осы көрнекілікті диаграмма түрінде 3 суреттен көре аламыз, яғни төмендегі сурет.

Сурет 3. БТА банкінің активті портфелінің рентабелділігі мен қатер деңгейі арасындағы өзара байланысы.

 

      Жоғарыдағы  суретте көріп отырғанымыздай, Рентабелділіктің жоғарлауы порфельге  көбірек қатерлі, бірақ   көбірек   пайдалы  активтерін қосуға орны бар.  Қорыта келе, қатер қанша жоғары болса, рентабельділік сонша көбірек болады, және керісінше.

 

 

2.3. БТА банкінің қазіргі  жағдайының ерекшеліктері

 

      Егер тиімді ставка бойынша кредит алғыңыз келсе немесе басқа банкте алынған заем бойынша төлем мөлшерін азайтқыңыз келсе, «БТА жеңілдіктер кезеңі» акциясын жіберіп алмаңыз! 15 мамырға дейін кредиттік желі, ипотека, автокредиттеу, жедел кредиттер және оқыту кредиттері сияқты бағдарламалар бойынша 50% жеңілдкпен БТА Банкінен кредит алуыңызға бірегей мүмкіндігіңіз бар. Басқа банктердің заемшылары өзінің кредитін БТА-ға ауыстыруна және жеңілдіктер алуына болады: жылдық 2% дейін – ипотекалық заемдар және жылжымайтын мүлік кепілі бойынша кредиттер, жылдық 3% дейін – жедел кредиттер бойынша.

       БТА банкі аймақтық кәсіпкерліктің «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңін жүзеге асырудың аралық қорытындысын шығарды. Аталмыш  бағдарлама бойынша  төрт жарым ай белсенді жұмыс барысында Банк кәсіпкерлерден жалпы 40,1 млрд.теңге сомасын құрайтын  147 өтініш қабылдады. Осы көлемнің негізінде Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша жалпы 16,6 млрд.теңге сомасын құрайтын 66 өтініш, екінші бағыт бойынша (кәсіпкерлік секторды қалпына келтіру) – жалпы 22,8 млрд.теңге сомасын құрайтын  76 өтініш, үшінші бағыт бойынша (экспорттық бағдарлық өндірісті қолдау) жалпы 742млн.теңге сомасын құрайтын   5 өтінішті қабылдады.

   Мақұлданған шаралардың  көлемінен салалардың 45,16% бөлінісі қызмет ұсыну саласымен айналысатын кәсіпорындарды қаржыландыруға  бағытталған болатын. Қалған қаражат өндіріспен айналысатын компанияларға, ауыл шаруашылығы және өндіруші өнеркәсіптерге бөліп берілді. Аймақтардың аралығында кәсіпорындар үшін Ақтөбе(21,4%), Қарағанды(14,3%), Батыс Қазақстан облысы(14,3%), сонымен қатар Астана қаласына 21,4%   жобалардың көбісі мақұлданды.

    БТА Банкінің  Басқарма директоры Марлен Жакежановтың  ойынша Бағдарламаға деген үлкен  қызығушылық жаңа  жобалар мен экспорттық бағдарлық өндіріс жобаларын қаржыландыруға қатысты өзекті және қажетті түрде жүзеге асыру керек екенін дәлелдеп отыр. Жакежанов мырза айтуына қарағанда,- «Біз бөлінген қаражатты қамту нәтижесінде үлкен жауапкершілікті сезінеміз және өз тарапымыздан жобаларды жылдамырақ қарастыруға барлық  механизмдерді реттеуге тырысамыз және өнеркәсіп иелеріне үлкен жәрдем көрсетеміз», -деп – «Бүгін біздің негізгі мақсатымыз – аз уақыт ішінде үлкен көлемде өтініштерді қарастырамыз.

    Бағдарламаның  бірінші бағыты жаңа кредиттерді қаржыландырудан басқа жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, өндірісті кеңейту мен жетілдіруге берілген кредит бойынша кепілдіктерді де қарастырады. Мұндай кепілдіктің көлемі өз  кезегінде заемшыдан алған 3 млрд теңгеге шектелген кредит сомасының 50% аспауы керек. Кредитке кепілдік беру мерзімі – 10жыл, сонымен қатар бағдарламаға қатысушы тұлға жобаны жүзеге асырудағы жалпы бағадан 15% жуық көлемде қаржыландыруы тиіс  немесе жобаның жүзеге асуына қатысу үшін жылжымалы (жылжымайтын) мүлік деңгейінде  жалпы бағадан 25% дан төмен болмауы керек.

   Бағдарламаның   екінші бағыты алдында берілген  кредит бойынша қаржыландыру  мөлшерлемесі, сонымен қатар кәсіпкерлік  секторға бағытталған салықтық  және басқа шаралардың өтеу  мерзімін ұзартуды қарастырады. Бұған үш жылға 3 млрд теңгеге жуық займ көлемі қабылданды. Қаржыландыру жылдық сыйақы мөлшерлеменің 5% мемлекет қамтамасыз етеді. 2008 жылдың  1 қаңтарына дейінгі кезеңде борышкерге қарастырылған салықтарды өтеудің мерзімін ұзартуды ұсыну және Үкіметтің шешім қабылдауына дейін қарастыру керек.

   Бағдарламаның  үінші бағытында экономиканың  барлық секторында 10% жуық өндірілетін  өнім тауарлардың экспортталуымен  қарастырылған. 14% жуық номиналдық  мөлшерлемесімен кәсіпорын экспорттаушылардың  кредиттері оның ішінде жылдық 6 % бағдарламаға қатысушы төлесе, 8% мемлекеттің өзі толтыратын кредиттер қарастырылуға қабылданады. Қаражаттандыру мерзімі 1-3 жылды құрайды, яғни одан ары қарай 10 жылға дейін ұзартуға болады.

   Бүгінгі БТА  банкі:

  • 1,2 млн-ға жуық және 132 мың корпоративті клиенттер;
  • Қазақстан бойынша 22 филиалдық желілер мен  227 бөлімшелер;
  • Украинада, Ресейде, БАӘ және Қытайда халықаралық өкілдіктері бар;
  • БТА-ның банк желісі Ресейге, Украинаға, Беларусь еліне, Қырғызстанға, Арменияға, Грузияға және Түркияға тарайды.

    БТА Банкі Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің бірі  болып табылғандықтан, оның негізгі акционері – 81,48 пайыз топтамасы бар

ІІІ. ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

 

      Ипотекалық неселеу нарықтық экономикада кеңінен таралған несиелеудің формасы болып табылады. Ол қозғалмайтын мүліктік кепілзат арқылы, сонымен қоса жер меншігі арқылы беріледі. Жер меншігі нарықтық несиелік қатынастар жүйесіне кәсіпорындарды, ұйымдарды, фирмаларды, халықты тартады.

    Ипотекалық несиелеу кәсіпорындардың, фирмалардың және құрылыстың қажеттіліктерін мемлекеттік қаржы көздерінің орнын басуында үлкен рөлін атқарады. Ипотекалық несиелеудің дамуы  инфляцияның жоғары қарқынды жағдайында және ұзақ мерзімдік несие ресурстарының тапшылығы жағдайында шаруашылық жүргізетін субъектердің инвестициялық белсенділігін үлкейтуге мүмкіндік береді.

Ипотекалық несиелеудің  ерекшеліктері:

• Берілуінің ұзақ мерзімділігі (5 жылдан аса)

• Кепілзаттың қарыз  алушысының қолында қалуы.

Ипотекалық несиелеу екі бағыттан тұрады:

•Шаруашылық жүргізетін субъетілерге және халыққа тікелей  ипотекалық несие беру;

• Ипоткелақ несиелердің қайталама нарығында сату. Бұл несиелеу үшін қосымша ресурстарды тартуды қамтамасыз етеді.

    Бірінші ипотекалық  несиелеудің бағытымен көбінесе ипотекалық банктер айналысады, ал екінші бағытпен қаржылық компаниялар, ипотекалық банктердің активтерін сатып алатын, кепілзат мүлігімен қамтамасыз етілген және өзінің атынан бағалы қағаздарды шығаратын қорлар айналысады.  Бағалы қағаздар кепілзат мүлігімен қамтамасыз етілгені және инвестициялар арқасында ұзақ мерзімді кіріс алуға мүмкіндігі болғаны үшін ликвидті болып келеді. Кейбір шетел қаржылық компаниялардың міндеттері бойынша кепілгер мемлекет болады және бұл сенімді болып келеді.

   Тұрғын үйге ипотекалық несиелеу қайталама нарығының жұмыс істеуі ипотекалық банктердің капиталдарының ликвидтілігін қамтамасыз етеді, айналымдағы ақша массасын байланыстырады, елдің аймауқтарына және экономикалық сфераларға капиталды қайта бөлуге көмектеседі, несиенің пайыздық ставкаларды тұрақтандырады.

    Ипотекалық  несиелеумен айналысатын банктер  аталған шарттарда несиелік ресурстармен  шектелген болмайды. өйткені қайталама  нарықта операцияларды жүзеге  асыру арқылы керекті қаражаттарды  қосымша мобилизациялауға мүмкіндіктері бар. Осы ақшаны жаңа несиеге беру арқылы ақшаны қайта айналымға түсіреді.

Информация о работе Ипотекалык несиелендыру