Ипотекалык несиелендыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2012 в 04:27, курсовая работа

Краткое описание

Көзделген мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді шешуді қажет етеді:
- Тұрғын үйді ипотекалық несиелеуге байланысты экономист ғалымдардың көзқарастарын зерттеу және талдау;
- Тұрғын үйді ипотекалық несиелеу жүйесінің құрылымдық элементтерін жүйелі түрде теориялық жағынан қарастыру;
- Шетел тәжірибесіндегі тұрғын үйді ипотекалық несиелеу үлгілерін оқып-үйреніп, олардың тиімді жақтарын отандық тәжірибеде пайдалануға ұсыну;
- Тұрғын үй ипотекалық несиелендіру жүйесінің жүзеге асырылуына дейінгі ҚР тұрғын үй ахуалы;
- Ипотекалық несиелеу нарығының қазіргі жағдайы мен дамуын бағалау.

Содержимое работы - 1 файл

Ипотекалык несиелендыру.doc

— 306.00 Кб (Скачать файл)

    БТА  тобы  ипотекалық несиелерді қайта  қаржыландыруда 10300 қарызгермен келісімшартты  қайта жасау кезінде 37 млрд  теңгеден аса сома игерді. Банк секторындағы ипотекалық займдарды қайта қаржыландыру үшін мемлекеттен бөлінген 120 млрд.теңге сомасынан БТА-ның үлесі – 37 млрд.теңге немесе 31 пайызды құрады. Алматы, Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарының қарызгерлері көп белсенділік танытты.

    Астана және  Алматы қаласы бойынша құрылыс  бастамаларын аяқтауды қаржыландыру.

    Сатып алынатын  үйді бір жылға сақтандыру, ипотекалық  қызметі үшін БТА банк арнайы  сақтандыру бағжарламасын қолданады.  Сақтандыру  бағдарламасы екі түрлі сақтандырудан тұрады:

   - жеке басын  сақтандыру, яғни өмірін, денсаулығын,  еңбекке қабілеттілігін сақтандыру;

  - мүлікті сақтандыру, яғни мүлікті иелену, пайдалануға  байланысты мүліктік мүдделерді  сақтандыру.

Сақтандыру  бағдарламасының объектісі 3-кестеде берілген.

 

Кесте 3. Сақтандыру бағдарламасының объектісі

 

Сақтандыру түрі

Объектісі

Сақтандырылатын жағдайлар

Жеке басын сақтандыру

Қарыз алушының өмірі

Сақтандыру шарты мерзімі  ішінде ҚР аумағында немесе одан тысқары  жерлерде сақтандырыоушының әр түрлі себептерге байланысты өлімін сақтандыру

Еңбекке қабілетін жоғалтуын  сақтандыру

Сақтандыру шарты мерзімі  ішінде әр түрлі жағдайларға байланысты жартылай не толық еңбекке қабілеттігінен айырылуын сақтандыру

Мүліктік сақтандыру

Ұзақ  мерзімді ипотекалық несиеге кепіл ретіндегі тұрғын үй

Әрбір келісімшартқа  байланысты анықталады

Ипотека затына қатысты  оның иесінің құқығы

Қарыз алушының ипотека  затына қатысты меншік құқығынан  айырылу қаупінен сақтандыру


 

         Сақтандыру шартына сәйкес қарыз алушының барлық сақтандыру төлемдерін төлеуіне несие беруші тікелей бақылау жасайды. Ипотекалық несиелеу үрдісіндегі сақтандырушы жақтардың өзара қарым қатынасын реттейтін құжаттар және олардың өлшемдері  кесте 4 берілген.

Кесте 4. Сақтандыру  шартының параметрлері

 

Құжаттар түрлері 

Сақтандыру тарифтері

Сақтандыру сомасы

Өмірінен және еңбекке  қабілеттілігінен айыру

Бір  жылғы сақтандыру сомасынан  0,5 – 1%

Несиенің сомасынан 10%  жоғары

Мүлікті  сақтандыру шарты 

 Несиенің барлық   мерзімінде         сақтандыру сомасының       0,3 – 1,5%

Үйдің  құны


 

    Жоғарыда кестеде көріп отырғанымыздай сақтандыру шартының параметрлері, яғни өмірінен және еңбекке қабілеттілігінен айырылуына байланысты банк өз клиентін сақтандырады. Сонымен қатар мүлікті сақтандыру шартын ұсынып отыр, яғни  сақтандыру тарифтеріне де мән берген жөн клиент өмірінен және еңбекке қабілеттілігінен айырылып қалған жағдайда сақтандыру тарифі бір жылғы сақтандыру сомасынан 0,5 -1% аралығында. Ал мүлікті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру тарифі, несиенің барлық мерзімінде сақтандыру сомасының 0,3 – 1,5% аралығында.

    «БТА Банкі»  АҚ  әзірленген несиелік саясатына  сәйкес клиенттердің сұранысын  барынша қанағаттандыратын сан  алуан несиелік өнімдер кешенін  ұсыну жөніндегі жұмысты жүргізеді.

          «БТА Ипотека» компаниясының жеке тұлғаларды тұтынушылық мақсаттарға несиелендіруін сипаттайтын көрсеткіштерді 5 –кестеден көруге болады.

   

Кесте 5. Ипотекалық несиелендіруді сипаттайтын көрсеткіштер

 

Тұтыну несиесінің түрі

АҚШ долларындағы несие  сомасы

Несиенің айлардағы  мерзімі

Орташа есептелген проценттік мөлшерлеме

Қамсыздандырудың түрі

Ипотека

100000 дейін

240 дейін

11%

Жылжымайтын мүлік


 

      Келесі кестеге қарағанда, тұтынушылық несиелердің басым бөлігі ипотекалық несиелендіруге келеді.

 

Кесте 6. 2008 – 2010  жылдары  аралығында берілген несиелердің көлемі, мың теңгеде

 

Көрсеткіштер 

2008

2009

2010

Берілген несиелердің  жалпы сомасы

896034

3570254

5673483

Тұтынушылық несиелердің  сомасы, барлығы

306559

3077446

4825179

Оның ішінде:

     

Ипотекалық несиелендіру

220564

2856414

4563215


 

 

    Жоғарыдағы кестеде БТА банкінің берілген несиелер көлемі жыл сайын өсіп отырғанын көреміз, 2008 жылы берілген несиелердің жалпы сомасы 896034 мың теңгеге несие берілсе, бұл көрсеткіш 2010  жылы алты есеге өсіп отыр. Оның ішінде ипотекалық несиелендіру 2008 жыл  220564 көрсеткішті көрсетсе,  2010 жылы   4563215 көрсетіп отыр. Осындай қарқынмен ипотекалық несиелендіру нарығында жоғары көрсеткіштер бола берсе, алдағы жылдарда Қазақстан халқының басым бөлігі баспанамен қамтылуы анық.  

     Ипотекалық  несие тұтынушылық ссудалар көлемінде үлкен орын алады, оны 2 суретте көрсетілген динамика арқылы байқауға болады.

 

Сурет 2. «БТА Банк» АҚ –ның  2008 – 2010  жылғы ипотекалық несиелендіру

 

      Сурет 2 көріп отырғандай соңғы жылы банктің ипотекалық несиелеу көрсеткіші жоғарлап отыр. Оған себеп еліміздің экономикасының алға қадам басу деп санаймын. Сонымен қатар банктің де бұл салаға зер салып, өздерінің, яғни банктің беделінің жоғарлауы да себеп.

 

2.2. БТА банкінің атқаратын  қызметтерін талдау

 

       БТА  банкі Қазақстандағы екінші деңгейдегі  банктердің бірі болып табылады.  БТА банктің акционерлік капиталына  «Самұрық –Қазына» ҰӘҚ  енгеннен  кейін оның  қаржылық және инвестициялық стратегиясы өзгеріп кетті. БТА қазақстанда сенімді рентабельді жобаларды инвестициялау мен корпоративті және бөлшектік клиенттерге сапалы қызмет көрсету сапасын көтере отырып, шетелдік жобаларды кредиттеуді тоқтатты.

     Нақты экономика секторын ҚР Үкіметінің қолдауы негізінде бірқатар тұрақты жобалар  бекітілді:

  1. Шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру;
  2. Агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерін қаржыландыру;
  3. Ипотекалық заемдарды қайта қаржыландыру;
  4. Тұрғын үй құрылысын аяқтауды қаржыландыру.

    Ал несиелеу  қызметтеріне келетін болсақ,олар  төмендегідей.

«Любимая» кредиттік  желісі – бұл кез келген мақсатқа жылжымайтын мүлікті кепілге  берумен тұтынушылық кредиті. Кредиттік  желінің ерекшелігі – клиентке ұзақ мерзімге кредиттік лимит  белгілінеді. Клиенттің қалауы бойынша лимит шегінде кез келген сомаларды шектеусіз мерзімге бірнеше рет алуға және өткізуге болады.

    Сыйақының  номиналды ставкасы жылдық 15 % (жеке есептеледі);

    Сыйақының  тиімді ставкасы жылдық 15,78 % (жеке есептеледі);

    Кредиттеу  мерзімі 12 айдан бастап Зейнетақы  жасына дейін;

    Транш/желі  мөлшері 75000 теңге немесе ;

    500 АҚШ доллар Кепілді бағалау құнының 75%;

    Қамтамасыз ету Тұрғын немесе коммерциялық жылжымайтын мүлік;

    Бастапқы жарна талап етілмейді;

    Кірісті растау  Толық немесе жанама.

    Жедел –Кредиттер 

    Жедел –  кредиттің көмегімен жаңа жиһаз  немесе  тұрмыстық техника сатып  алуға, жоғары оқу орнындағы  оқуды төлеуге, шетелде демалуға, салтанатты той өткізуге және  т.б. жүзеге асыруға болады.

   Бағдарлама «Жалақылық»  «Желі» «Балама»

   Кредит  валютасы  теңге, АҚШ доллар

   Кредит/желі мерзімі  3-36 ай 3-60ай,

   Транш мерзімі  – 36ай 3-36 ай

   Кредит мөлшері  20000 – 1500000 теңге немесе АҚШ  доллар баламасында.

  Сыйақы  номиналды ставкасы жылдық 20%  (жеке есептеледі) жылдық 13% (жеке есептеледі)

  Сыйақының тиімді  ставкасы жылдық 26,06% (жеке есептеледі) жылдық 30,03%  (жеке есептеледі)

  Жылдық 20% номиналды  ставка кезінде 36 ай мерзімге.

  Жылдық 13%  номиналды ставка кезінде 20 ай мерзімге.

«Универсальный Факультет» оқу кредиті 

 «Универсальный факультет»  ҚР аумағындағы және шетелдегі  колледжерде және жоғары оқу  орындарында бакалавриат, магистратура  және докторантура бағдарламалары  бойынша күндізгі және сырттай  оқуды төлеуге мүмкіндік береді. Оқудың бүкіл кезеңінде және оны аяқтағаннан кейін 6 айдың ішінде жеңілдік кезеңі қолданылады, осы кезеңі ішінде студент банкке  негізгі борышты төлемей, есептелген сыйақыны ғана төлейді.

   «Гарантия» депозитімен  «Гарантия» депозитінсіз

   Сыйақының номиналды  ставкасы жылдық 8%  (жеке есептеледі)  жылдық 13% (жеке есептеледі)

   Сыйақының тиімді  ставкасы жылдық 11,23% (жеке есептеледі)

   Кредит мерзімі  10 жылға дейін 

   Мерзімінен бұрын  өтеу мораториясыз және айыппұлсыз

   Қамтамасыз ету 50-ден 100% дейін « Қаржы орталығы» АҚ кепілдігі.

   Сонымен қатар  «Жедел –Жалақылық» бағдарламасын  қолданыңыз. Бұл бағдарлама БТА  Банкінің карточкалары  бойынша  жалақы алатындар  үшін арнайы  әзірленген. Оның басты артықшылығына  кредиттеудің жеңілдікті ставкалары жатады.

Талаптарды ашып көрсету:

 А санаты В санаты

 Кредит валютасы  теңге, АҚШ доллары

 Кредит мерзімі, 3 айдан  36 айға дейін 

Кредит сомасы 20000 теңгеден немесе АҚШ долларындағы баламасынан  бастап 2000000 теңгеге немесе АҚШ долларындағы баламасына дейін ,20000 теңгеден бастап 700000  теңгеге дейін.

Сыйақының номиналды  ставкасы жылдық 21% -дан бастап.

Сыйақының жылдық тиімді  ставкасы 25,85% -дан бастап

Кредитті ұйымдастыру  үшін комиссия Кредит сомасының 4%-ы .

«Пенсионный»  жедел  кредиті, бұл бағдарлама «Қамқор» карточкасы арқылы  зейнеткерлік төлемдерді алушы клиенттерге арналған. Жеңілдікті пайыздық ставка, төмен комиссиялар және  «Қамқор» картасы зейнетақыны есептеу кезінде кредитті автоматты түрде өтеу үнемдеп үйренгендер үшін де бұл бағдарламаны қол жетімді етеді.

Шартты ашып көрсету:

Кредит валютасы теңге

Кредит мерзімі, ай Бірінші  рет хабарласқанда  12ай,Қайта  хабарласқанда  24 ай.

Кредит сомасы 20000 теңгеден 300000 теңгеге дейін.

Сыйақының номиналды  ставкасы  жылдық 22% -дан бастап

Кредитті ұйымдастыру  үшін комиссия  тегін

өтінімді қарастыру  үшін комиссия 3000 теңге

Негізгі талабы Заемшы «Қамқор» төлем картасының кем дегенде үш зейнеткерлік төлемді алуы тиіс.

Заемшының жасы әйелдер  үшін 58 жастан 65 жасқа дейін,ерлер  үшін 63 жастан 68 жасқа дейін, Еңбек зіңірген жылдары бойынша жұмыс істемейтін зейнеткерлер үшін 45 жастан 68 жасқа дейін.

   Кредиттік карточкалар. CREDO. әрдайым қолжетімді  кредит. БТА банкі CREDO  кредиттік картасын  ұсынып отыр, ол арқылы  жаңғыртылатын  кредиттік лимиттің барлық артықшылықтарын сезіне аласыз,ол үнемі пайдалану үшін қол жетімді.

    CREDO – бұл кредиттік карта, ол белгіленген лимит аясында  банк ақшасын пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда сіз кредиттік лимитті өз қалауыңыз бойынша пайдалана аласыз: банк мақсатты пайдалануды талап етпейді. Бүгінгі таңда CREDO кредиттік карталары төмендегілерге қол жетімді:

 — БТА Банкі  салымшыларына – салымның картаны  беру талаптарына сәйкестігі;

— БТА Банкінің дебеттік төлем картасына жалақы алушы  клиенттерге – клиенттің және жұмыспен қамтушы компанияның төлем қабілеттілігі жағдайында.

CREDO - жедел кредит пен  төлем карточкасының артықшылықтарының  үйлесімінен тұратын карта:

Карта Кредиттік лимит 

— ақшалай қаражаттарға тәулік бойына қол жеткізу;

— карточка ұстаушыларды тәулік бойына қолдау;

— ҚР-да, сондай-ақ шет  елде сатып алулар үшін төлем жасау  мүмкіндігі және картадан қолма-қол  ақшаны алу мүмкіндігі;

— берешекті заемшының  дебеттік (жалақылық) картасынан автоматты  өтеу мүмкіндігі;

— кредитті қашықтан бақылау операцияларын жүргізу мүмкіндігі:  Интернет-SMS-банкинг;

— банкоматтардың дамыған  желісі;

— "Cash & Pay" терминалдарында  қолма-қол ақшамен берешекті өтеудің  қолайлылығы.

 — жаңғыртылуы:  өтеуге жұмсалатын сомалар қайтадан  пайдаланыла алады;

— өтеудің қолайлы, икемді сұлбалары;

— мерзімінен бұрын өтеу үшін айыппұлдың жоқтығы;

— пайыз пайдаланылған  сомаға ғана есептеледі: егер кредиттік  лимит пайдаланылмаса, ештеңе төлеудің қажеті жоқ.

Информация о работе Ипотекалык несиелендыру