Каржы касипорын шыгындары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 00:27, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономикада ұдайы өндіріс процестерінде жан-жақты экономикалық байланыстарын бiлдiретін және кәсiпкерлiк қызметінің мақсаты ретiнде болатын пайда орталық орында орналасады. Пайданы өсіру талпыныс оны жеке кәсiпорындар ғана емес, елдің де экономикалық және әлеуметтiк дамуының бас қозғаушы күші және негiзгi көзiне айналдырады.
Кәсiпорындардың шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелерiн сипаттайтын басты сапалық көрсеткiштерiнің бiрі пайда болып табылады.

Содержимое работы - 1 файл

каржы касипорыннын.doc

— 400.50 Кб (Скачать файл)

 

 

Арнайы оқулықтарда (әдебиеттерде) бұл көрсеткіш деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларға және оларды есептеуге қатысты екі түрлі көзқарас кездеседі. Факторларды сандық және сапалық етіп бөлу және активтерді есептеу, дәстүрлі көзқарас болып табылады. Сандық фактор сомасы бойынша жыл басына және жыл аяғына есептеліп, 2-ге бөлінген, активтердің орташа жылдық құны жатады, ал сапалық факторға кәсіпорын-ның таза табысы жатқызылады.

Таза табысты қалыптастыру барысында, іскерлік белсенділігі көрсеткіштерінің бірі болып саналатын өнімді өткізуде налынған табыс маңызды роль атқарады. Сондықтан, жалпы активтердің табыстылық деңгейінің өзгерісі келесі бірінші қатарлы факторлардың әсерінен болады:

  1. кәсіпорын табыстылығының салыстырмалы көрсеткіштерінің бірі – өткіліген өнімнің табыстылық деңгейі;
  2. жалпы активтердің айналымдылығы.

Бұл көрсеткіштердің  арасындағы өзара байланыс келесі түрде берілуі мүмкін:

Жалпы активтердің табыстылық деңгейі = өткізілген  (сату) өнімнің  табыстылығы * активтер айналымдылығы.

Шынында:

 

Таза табыс             Таза табыс         Өнімді өткізуден алынатын табыс                                

    -------------------  =  -----------------------* ----------------------------------------------  (8)

Жалпы активтердің  Өнімді өткізуден Жалпы активтердің орташа мөлшері                   

  орташа мөлшері    алынатын табыс

 

Басқаша айтқанда, кәсіпорынның активтерге салынған қаражаттарының әрбір  теңгесінен алынған таза табысы, өнімді өткізу табыстылығына және кәсіпорын активтерінің айналымдылығының жылдамдығына байланысты болады.

Тәжірибеде ағымдағы активтердің табыстылығы деп аталатын көрсеткіш кеңінен қолданылады. Ол ағымдағы активтерге салған бір теңгеден кәсіпорын қанша табыс алатынын көрсетеді:

Дч

                                                    Дт.а.=-------                                                       (9)

Та

Мұнда: Та - ағымдағы активтердің орташа көлемі.    

 

Акционерлік компания құқығында  жұмыс істеуші кәсіпорын үшін салынған капиталдың табыстылық деңгейін бағалаудың, яғни акционерлік капиталды тиімді пайдаланудың негізгі көрсеткіші болып, кәсіпорынның таза табысының оның меншікті капиталына пайыздың қатынасы есептеледі. Бұл көрсеткіш – меншікті капиталдың табыстылық коэффициенті немесе мөлшерлемесі деп аталады. Ол мына формуламен анықталады:

                                                    Д

= Д
/ С
                                                (10)

Мұнда: Д - меншікті капиталдың табыстылығы;

            Д - таза табыс;

             С - меншікті капитал.

 

Ол экономикалық және қаржылық талдауда маңызды көрсеткіш  болып табылады.

Дәл осы көрсеткіш биржада акционерлік компаниялардың акцияларына баға белгілеуді бағалау барысында маңызды роль атқарады.     

Тәжірибеде ұзақ мерзімді активтердің табыстылығы деп аталатын көрсеткіш кеңінен қолданылады. Ол ұзақ мерзімді активтерге салған бір теңгеден кә-сіпорын қанша табыс алатынын көрсетеді :

                                                     Д

= Д
/ Т
                                               (11)    

Мұнда:  Т - ұзақ мерзімді активтер;

              Д - таза табыс; 

              Д - ұзақ мерзімді активтер табыстылығы.

 

Негізгі өндірістік қорлардың  табыстылық деңгейі мына формула бойынша есептелінеді:

                                                  Д

= Д
/ З                                                    (12)

Мұнда:  Д - Өндірістік қорлардың табыстылығы;

              Д - Таза табыс; 

              З - Өндірістік қорлар.

 

Сату көлемінің  табыстылығы мына формула бойынша есептелінеді:

                                                    Д

= Д
/ Д
                                                 (13)

Мұнда:  Д - Сату көлемінің табыстылығы;

              Д - Жалпы табыс;

              Д - Өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынған табыс.

 

Осылайша, кәсіпорын табыстылығының негізгі салыстырмалы көрсеткіштерін қарастырып, олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларын анықтадық. Басқа да көрсеткіштермен бірге бұл көсеткіштер кәсіпорын қызметінің тиімділігін және іскерлік белсенділігін сипаттайды.

 

 

1.4 Кәсiпорындардың пайдасын бағалау критерийлері мен әдiстемесi

 

 

Шаруашылық субъекттердiң жұмысының ылғи бiр өндiрiстiк және экономикалық нәтижелердi әртүрлi бағалауға болады, мысалы,  нақты кәсiпорын, бiрлестік немесе мекеме негiзiнен, өнiм тұтынушылары  немесе мемлекеттiң позициясынан. Жаңа жағдайда экономикалық нәтижелердi бағалау жұмыстың аралық қортындылары соңғысына, яғни  тұтынушының мүдделерiн қанағаттандыруына қайта бағдарлауы керек. Бiртұтас бағалау белгiсi әр түрлi деңгейлерде қоғамның кәсiпорын қызметiнiң немесе саланың нәтижелерін мойындауын, оның пайдалылығы дәрежесiн қамтып көрсетуi керек. Демек, қоғамдық баға өте анық және объективті болады. Оны жұмыс iстеп жатқан немесе құрылатын шаруашылық тетiгiне, кәсiпорынды басқарудың жаңа жетiлдiрiлген жүйесiне «кірістіру» керек. Сонымен қатар, бұл әдiстер, критерийлер және бағалау көрсеткiштерi қоғам мүдделерiне толық жауап беруi керек.

Кез келген өнiмді өндiру процессi үш негiзгi элементтердiң өзара  байланысында негізделеді: негiзгi капитал, айналым капиталы және жұмыс күші. Заттық саланың қызметкерлерiмен  өндiрiстiң құралдарын қолдану өнiм шығаруды қамтамасыз етедi. Кәсiпорынның шаруашылық жұмысының ақырғы нәтижесiн (эффект)  оның табысына пайдаланған еңбектiң тірі және затқа айналған шығындармен салыстыруы өндiрiстiң тиiмдiлiгiн бейнелеп көрсетедi [21].

Кәсiпорындардың жұмысының тиiмдiлiктерiн бағалау кезінде критерийлер мен көрсеткiштерді айыра бiлу керек.

Экономикалық тиiмдiлiктiң  көрсеткiштерi қорлардың қандай шығыны арқылы экономикалық эффектісі жетiлетіні туралы хабар береді. Яғни  олардың  көмегiмен кәсiпорынның өндiрiстiк-шаруашылық жұмысының тиiмдiлiктiң деңгейi өлшенедi. Тиiмдiлiк деңгейі тек бір көрсеткiш арқылы өлшеу мүмкiн емес, өйткені ол  кейде бiр-бiрiне қарама-қайшы болатын көптеген факторлардың әсерiмен қалыптасады [22].  Сондықтан көрсеткіштердің барлық жиынтығының арасында  тиiмдiлiк деңгейiн толық сипаттайтын,  сандық қана емес, сонымен қатар сапалылық айқын болатын, бiр көрсеткiштi ерекшелеу қабылданған. Экономикадағы мұндай көрсеткiшті критерий деп атауға қалыптасқан.

Критерий ретiнде әр түрлi көрсеткiштер бола алады:

  1. кәсiпорын деңгейінде - қорлардың бiр бірлiгiне максималды пайдасы;
  2. ұлттық экономика масштабында - тұтынылған қорлардың бiрлiгiне максимал ҰЖТ [17].

Кез келген кәсiпорынның тиiмдiлiгiн бағалау жүйесiне келесі кіреді:

- бағалау өткізілетін  мерзiмін анықтау;

-  жүйелiк бағаның  (моделін) алгоритмын өңдеу; 

-  экономикалық тиiмдiлiктi есептеу.

Сонымен қатар тиiмдiлiктi болжалы, яғни  күтiлетiн, және  жеке инновациялық жоба,  ғылыми-техникалық бағдарлама, кәсiпорын немесе сала бойынша  уақыттың есеп айырысу кезеңінде алынатын,  нақты деп ажыратады [19].

Кәсiпорын жұмысының  тиiмдiлiгiн бағалау жұмыс iстеп жатқан құрылымның, өнделіп жатқан  жобалар  немесе жоспарлы шаралардың прогрессивтiлiк  деңгейiн анықтайтын, жобалық және жоспарлы шешiмдердi өңдеудiң маңызды элементі болып табылады және  құрылымның өте тиiмдi вариантын таңдау немесе оны жетiлдiру  мақсатымен жүргiзiледi [31]. Бiртұтас критерийдің сандық айқындығы  өндiрiс тиiмдiлiгінің  және  олармен функционалды байланысқан, әр түрлi қорларды қолданудың жергiлiктi көрсеткiштерiнің жалпылама көрсеткiштерiнде бейнеленеді.

Экономикалық тиімділікті  бағалау талаптарын ең қанағаттандыратын  көрсеткіш ретiнде  еңбек өнiмдiлiгі жауап бередi.  Жиі оны кәсiпорындардың  өндiрiстiк - шаруашылық жұмысының тиiмдiлiк  критериі ретiнде атайды. Еңбек өнiмдiлiгі кәсiпорын жұмысының ең маңызды сапа көрсеткiштерiнің бiрі, яғни еңбек шығынның тиiмдiлiгiн бейнелеу болып табылады.

Еңбек өнiмдiлiгінің деңгейі  шығарылған өнiмнiң немесе iстелiнген жұмыстар көлемi және  жұмыс уақытының шығыны қатынасымен сипатталады. Кәсiпорындардағы еңбек өнiмдiлiгінің деңгейіне өндiрiстiң даму екпiндерi, еңбекақының және табыстардың өсуі, өнiмнiң өзiндiк құнының төмендеу өлшемдерi, демек кәсiпорын жұмысының тиiмдiлiгiнiң ортақ деңгейiнiң өсуі тәуелдi болады.

Кәсiпорындардың жұмысының  тағы бiр тиiмдiлiк критериі тірі және затқа айналған еңбектің ең кiшi шығындарында және еңбек және заттық қорларды тиiмдi қолдану жағдайында  таза табысты  алу болып табылады. (ЖТ) жалпы  табыс деп құн өрнегiнде жалпы  өнiм мен тұтынылған заттық шығындардың айырымы түсіндіріледі.

Осы саладағы кәсiпорындардың  өнiмiне бағаларды қалыптастыру кезінде, өнiм бiрлiгiне есептелетін пайданың өзiндiк құнға қатынасы сияқты есептелетін, өнiм жеке түрлерiнiң тиiмдiлiк көрсеткiшi қолданыла алады.

Өнiмнiң өзiндiк құнының  өзгеруi де кәсiпорындардың пайдасын бағалау критерийлердің бiрi болып  табылады. Өнiмнiң өзiндiк күнi өндiрiске  және өнiм бiрлiгiн сатуға арналған тірі еңбек шығындары мен заттық құралдардың жиынтығының ақшалай  түрі болады, және, ол өндiрiс процессiнiң көптеген факторларының ықпалды жинақтайды: өндiрiстi ұйымдастыру және жүргiзу деңгейін, мамандандыру, кооперация және интеграция процесстерiнің дамуын,  еңбек қорының жарақтану  мен өндiрiстiң жоғары мамандандырылған кадрлармен қамтамасыздандыруын, техникалық үдерiстiң табыстарын қолдану дәрежесін, жерлерді, заттық-техникалық және қаржы ресурстарды қолдануын  [29].

Кәсiпорындар жұмысының  тиiмдiлiктерiн бағалау кезінде  пайданың әр түрлi көрсеткiштерi қолданылады. Бұл, кәсiпорын жұмысының жалпы экономикалық тиімділігін айқындауға ғана емес, оның қызметiнiң басқа да жақтарын бағалауға мүмкiндiк бередi. Пайда - бұл кәсiпорын қызметiнiң түпкi қаржылық нәтижесi. Сонымен қатар ол кәсiпорынның қаржылық-шаруашылық қызметiн бағалаудың негiзгi көрсеткiшi болып табылады. Ауыл шаруашылық машина жасау кәсiпорындарының экономикалық тиімділіктің негiзгi көрсеткiштері жалпы табыс, таза табыс және пайда болып табылады.

Өндiрiстiң барлық қорларын кешендi қолдануды есепке алатын, осы  саланың кәсiпорындарының экономикалық  тиімділіктің жалпылама көрсеткiштері болып, келесі шығындардың бiрлiгіне өнiмнiң шығымдылығы мен табысы болып табылады:

- еңбек немесе құн  түрінде алынған өндiрiстің толық  шығындары;

- өнiмнiң өзiндiк құндары  бойынша ағымдағы шығындар;

- өзiндiк құн және  жылдық шығындарға (негiзгi қорларға  салулардың нормативтiк тиiмдiлiк  коэффициентіне көбейтiлген негiзгi қорлардың құны) келтiрiлген, негiзгi қорлардың құнның бiр бөлiгiнің  сомасы сияқты келтiрiлген шығындар.

Кәсiпорындар жұмысының  тиiмдiлiгiн бағалаудың тағы бiр критериі кәсiпорынның өндiрiстiк қорлар мен айналымдағы қаражаттардың шамасы болып табылады.

Егер кәсiпорын жалға  алынатын бөлмелерде, ғимараттарда жұмыс iстесе немесе негiзгi қорлардың кейбiр  объекттерін жалдауға берсе, онда негiзгi қорларды орташа құнын жалға тапсырылған және алған негiзгi қаражаттардың есебімен есептеп шығару орынды. Бұл жағдайда негiзгi құралдардың орташа шамалары келесідей анықталады:  меншiктi және жалға алынған негiзгi қорлардың жиынтық құнынан жалдауға тапсырылған  негiзгi қорлардың объекттерiнiң құнын алып тастайды[38]. Өндiрiстегi  айналым қаражаттарының (айналым өндiрiстiк қорлар) шамасын анықтайтын, негiзгi факторлары ретінде  өнiмді жасауға арналған өндiрiстiк циклдың ұзақтығы, еңбектi ұйымдастыру, техниканың даму деңгейі және технологиялардың әбден жетiлулерi болып табылады.

Бағалау объекті мен  тәсіліне байланысты тиiмдiлiк көрсеткiштерiнің  жүйесi мен анықтау әдiстерi айтарлықтай  өзгешелене алады. Осылайша, кәсiпорынды  басқарудың,  өндiрiстi, еңбекті ұйымдастырудың және  инновацияларды басқарудың, және  тағы сол сияқтылардың өндiрiстiк-шаруашылық жұмысының экономикалық тиімділігін анықтау әдiстерiн ажыратады [10].

Өндiрiстік кәсіпорынның тиiмдiлiк критериін бағалау кезінде  пайданың өсуiне,  тиiмдi өнiмнiң көлемдерi өсу,  сапаның тиiстi жоғарылатуысыз бұйымдар бағаларының өз бетінше өсуі, және тағы сол сияқтылар есебiнен ғана емес, жақсы жұмыс арқасында, өнiмнiң өндiрiс көлемiнiң өсуi және өзiндiк құнның төмендету есебінен  оның өсуiне де ерекше зер салу керек.

Сонымен, кәсiпорындардың  тиiмдiлiгін бағалау әдiстерi мен  критерийлер жүйесiн зерттеуді  динамикада, егер мүмкiн болса, басқа  ұқсас кәсiпорындардың көрсеткiштерiн  салыстырып, өткiзуге ұсынылады.

Кәсiпорындардағы өндiрiстің тиiмдiлiгін бағалаудың барлық аталған әдiстемелері мен критерийлерінде ортақ тән ерекшелiктерi бар:

1) кәсiпорынның шаруашылық  жұмысын жан-жақты сипаттайтын,  көрсеткiштердiң жүйесiн анықтауды  болжайды;

2) жиынтық нәтижелi  факторлар мен оларға ықпал  ететiн (негiзгi және болмашы) факторларды ерекшелеп, көрсеткiштердiң қатар бағынатындықтарын анықтайды;

3) факторлар арасындағы  өзара байланыстың формаларын  айқындайды;

4) өзара байланысты  зерттеу үшiн әдiс-тәсілдерін таңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 «Жаса» ЖШС қаржылық қызметінің нәтижелерін талдау

 

Информация о работе Каржы касипорын шыгындары