Мелекеттік бюджет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 00:41, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық қатынастардың тұрақты дамуы жағдайында Қазақстан Республикасында бірқатар қаржы-экономикалық,бюджеттік үдерістерді нығайту және әрі қарай дамыту бюджетаралық қатынастарды жетілдірусіз мүмкін емес. Нақты теория негізінде бюджетаралық қатынастар жүйесін түбегейлі қарастыру талап етіледі. Бұл дегеніміз елімізде және оның аймақтарында болып жатқан экономикалық үдерістерді балаудың маңызды алғы шарты болып табылады.
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды болып бюджет жүйесі табылады.Сондықтан оларды зерделеу мақсатында бюджет жүйесінің ұтымды қызмет ету белгілерін зерттеу өзекті болып табылады.Бюджет жүйесінің

Содержание работы

КІРІСПЕ

1. Бюджеттің жалпы мемлекеттік бақылау құралы ретіндегі рөлі мен мәні
1.1. Негізгі қаржы жоспары ретіндегі бюджеттің мәні және оның экономиканы реттейтін басқада қаржылық құралдар арасындағы рөлі
1.2. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық рөлі
1.3. Мемлекеттік бюжет: мәні мен құрылымы
1.4. Мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы бюджеттік жоспарлаудың негіздері

2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджеттің даму үрдісін талдау және дамыту саясаты
2.1. Бірыңғай бюджеттік жіктеу негізінде мемлекеттік бюджеттің түсімін жетілдіру
2.2. Мемлекеттің фискалды саясатын дамыту


ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Содержимое работы - 1 файл

мемлекеттик бюджет.doc

— 597.00 Кб (Скачать файл)

[2]Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын бекітілетін, атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай бюджеттер жұмыс істейді [3]::

-         республикалық бюджет;

-         обылыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті;

-         ауданның бюджеті.

Бюджет жүйесі дегеніміз - әр деңгейдегі және әр түрлі бюджеттердің оларды жасау, талқылап қарау, бекіту және атқару әдістерімен жолдарының бюджеттік қатынастар мен оларды реттейтін қаржылық қатынастық нормаларының қаржылық және басқа өкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ бюджеттерді қалыптастыруға бөлуге және бюджеттік ресурстарды пайдалануға бюджеттік бақылау жүргізу әдістерінің жиынтығы.

Мемлекеттік және жергілікті (облыстық, аудандық, қалалық, ауылдық) бюджеттер кез-келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады. Бюджет – мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігін негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдарының ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін - өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады. Бюджетте қаржы ресурстарын шоғырландыру мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджеттің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған.

Республикалық бюджет- бұл салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомствалық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Жергілікті бюджет (әкімшілік- аймақтық бірліктердің бюджеттері) облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, аудандардың бюджеті.

Бюджет кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатың және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомствалық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті болып табылады.

Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.

Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі.

Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен бекітіледі.

Бюджеттің толықтығы бюджетке үкіметтің барлық қаржы операцияларының, оның жинайтың барлық түсімдерінің және жасайтың шығыстарының, Қазақстан Республикасының салық және бюджет заңнамаларында бекітілетін барлық түсімдердің толық тізбесінің бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында міндетті және толық көрсетілуімен қамтамасыз етіледі. Сөйтіп, ол мемлекеттік билік пен басқару органдарының барлық кірістері мен шығыстарын бюджетке жинақтап, жұмылдырудың объективтік қажеттігін қамтып көрсетеді. Осыған байланысты барлық ақша түсімдерін, сондай-ақ бюджет шығыстарының көлемі мен нақтылы бағыттарын айқындау қажет.

Бюджет кірістерінің қалыптасуы бюджет ресурстарының бағытталуы сияқты жүргізуші субъектілердің және қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін шалады. Сондықтан олар бюджеттің мазмұны, оны қалыптастырудың көздері, салық төлемдерін алудың тәртібі, сондай-ақ бюджет қаражаттарының бағыттары туралы хабардар болуы тиіс президент қол қойған Қазақстан Республикасының бюджеті заң мәртебесін қабылдайды және оның атқарылуы бюджет рәсімінің қатысушылары үшін міндетті болады. Заң өткен кезеңдегі бюджеттің атқарылуы туралы есеп баспасөз бетінде жарияланады. Осылайша бюджеттің кірістері мен шығыстарының көлемі, оның негізгі түсім көздері, шығыстарының бағыттары, тапшылық көлемі және оны жабудың әдістері жария етіледі.

Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және бірін-бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында және Бюджет кодексінде, Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы, Қазақстан Республикасының жергілікті басқару органы туралы арнайы заңдарда және басқа да зағнамалық актілерінде қамтып көрсетілген.

Бюджет жүйесі реттеуші кіріс көздерін пайдалану, мақсатты және аймақтық бюджет қорларын құру, оларды ішінара қайта бөлу арқылы жүзеге асырылатын барлық деңгейлер бюджеттерінің өзара іс-қимылына негізделген.

Бюджеттік жүйенің түсінігі және экономиканың мазмұны. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы. Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын білдіреді. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға және тиісті құқықтық нормаларға негізделген әртүрлі деңгейдегі бюджеттерді қамтиды.
Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер дербес жұмыс істейді.
      Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әртүрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделген және оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.

Бюджет түрлері мен деңгейі. Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік жоне унитарлық құрылымы болуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1 - Қазақстан Республикасының бюджет жүесі

Федеративтік мемлекеттерде бюджст жүйесі үш буыннан тұрады:

- мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің бюджеті;

- федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та — штаттардың, ГФР-да—жерлердің (ландтардың), Канадада — провинциялардың, Ресейде — федерация субъектілерінің бюджеттері);

- жергілікті бюджеттер.

Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (рсспубликалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрлымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Казақстан — федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және Парламенті бар унитарлық мемлекет.

Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын бекітілетін, атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай бюджеттер жұмыс істейді:

- республикалық бюджет;

- облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, Астананың бюджеті;

- ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.

Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер кез-келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған.

Республикалык, бюджет — бұл салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Жергілікті бюджет (әкімшілік - аймақтық бірліктсрдің бюджеттері)-облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, аудандардың (облыстың маңызы бар қаланың) бюджеті.

Бюджет кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомстволык, бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті болып табылады.

 

 

Бюджеттік есепке алу бюджеттік операциялар туралы ақшалай түрдегі ақпаратты жинаудың тіркеудің және қортындылаудың олардың үздіксіз құжаттық есебін жүргізу арқылы реттелген жүйесі.

Бюджет шығыстарының функциялық сыныптамасының негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін, функциялық топтар мен бюджеттік бағдарламаларды топтастыру арқылы жасалатын бюджет шығыстарының ведомствалық сыныптамасы қалыптастырылуы мүмкін.

Бюджетаралық қатынастардың түсінігі мен принциптері және оларды реттеу формалары. Әрбір басқару деңгейінің өз бюджеті болады және олар өздерінің бюджеттік өкілеттігінің шеңберінде әрекет етеді. Нақты тұжырымдалған нормаларға негізделген әр түрлі билік деңгейлері бюджетінің дербес қызмет етуі және олардың өзара қатынасы бюджетаралық катынастар негізін құрайды.

Бюджет аралық қатынастарды реттеу республика үшін өте күрделі, көкей кесті мәселеге айналды. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджетаралық қатынастарды реттеу нысанлары 2-ші суретте келтірілген.

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2 - Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары

Бюджетаралық қатынастарды реттеу әдістері. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандарын айқындаған кезде бюджеттер деңгейлерінің әрқайсысының салықтық әлеуеті, аймақтардың объективтік бюджеттік қажеттіліктерін бағалау нәтижелері, бекітілген заттай нормалар ескеріледі. Жекелеген ағымдағы бюджет бағдарламаларын іске асыру үшін республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген, бюджеттік алуларды (бюджет субвенцияларын) есептеу кезінде ескерілмеген сома шегінде жоғары тұрған бюджеттер төменгі тұрған бюджеттерге беретін ресми трансферттер ағымдағы мақсатты трансферттер болып табылалы.

Республикалық бюджеттен және облыстык бюджеттерден бюджеттік несиелер облыстык бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеітеріне қаржы бір жыл ішінде бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және кассалық алшақтықты жабуға берілуі мүмкін.

Жергілікті деңгейдегі бюджеттік қатынастардың ұйымдық нысандарын кешенді қарау жергілікті бюджеттер кызметіндегі екі жүйені анықтап бермек. Олардың бірі - түсетін кірістер мен шығындық міндеттерді калыптастыру жөнінде болса, екіншісі — оларды реттеу жүйесі болып табылады. Бұл екі жүйе бірге қызмет етеді және олар бюджеттік қатынастарды ұйымдастырудың біртұтас үдерісінің екі жағы іспетті.

 

 

 

1.4 Мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы бюджеттік жоспарлаудың негіздері

             

Бюджеттік құралдардың қалыптасу, бөлісу және пайдалану процестерін басқару бюджеттік жоспарлау мен болжамдау арқылы іске асырылады. Бюджеттік жоспарлау мен болжамдау арқылы іске асырылады. Бюджеттік жоспарлау мен болжамдаудың рөлі мен мәні бюджеттік құралдарды қалыптастыру мен оларды негізгі  мақсаттарда, яғни әлеуметтік реформаларды дамыту мен әрі қарай тереңдетуге, білім мен денсаулық сақтауды дамытуға, индустриалды-инновациялық дмуға, аграрлық сектрдың дамуына, пайдаланудағы мемлекеттің мүмкіншіліктерін анықтайтын адресті қаржылық жоспар-бюджетті құрғанда көрінді.

Бюджеттік жоспарлаудың экономикалық мағынасы барлық қаржылық жүйенің әр түрлі буындары арасында қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты орталықтандырылған түрде бөлісу мен қайта бөлісу бойынша мәнерленеді және әр деңгейдегі бюджеттерді жасау мен атқару процестерінде көрінеді. Бюджеттік жоспарлаудың негізі болып елдің мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы табылады

Жалпы қаржылық жоспарлау және оынң маңызды құралы  буыны – бюджеттік жоспарлау, яғни бюджетті құру мен атқаруына байланысты жоспарлау, барлық халықшаруашылығын жоспарлаудың органикалық бөлшегі болады.Сонымен қатар, қаржы ресурстарын басқарудағы бюджетік жоспарлаудың рөлі өте зор, себебі ол тек қана бюджеттің кірістері меншығындарының жоспарын құру және оларды атқаруы, яғни төлемдер бойынша міндеттемелерді тағайындау мен  бюджеттік қаржыландыру көлемін анықтаумен шектелмейді. Бюджеттің басқа қаржы жоспарлар ішінде алатын ерекше ахуалы бюджеттік жоспарлауға жалпымемлекеттік мән береді. Ол мемлекеттік басқаруды реформалау мен биліктік өкілеттілікті орталықсызданудың барлық бюджеттік процеске қатысушылар арасындағы қаржылық жәнебюджетаралық қатынастарды жетілдіру байланысында және мемлекеттік шығындарды, олардың формалары мен қаржыландыру әдістерін ұтымдылауда бөлінеді.

Бюджеттік жоспарлау қаржылық жоспарлаумен, бюджеттік арнаулардың мақсаттық сипаттарымен, резервтердің барлығымен және кірістер мен шығындардың теңгерушіліктерімен өзара байланыс талаптарына сәйкес болуы тиіс.Жоспарлау процесінің негізгі мақсаты – ол төлемдердің әрбір түрі бойынша  салықтар мен басқа да кірістердің жылдық түсімін анықтау және әр түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында кірістерді дәйекті бөлісін қамтамасыз ету. Кірістер мен шығындарды басқарудың мағынасы тиісті өкілетті органдардың мемлекеттік бюджетке  салықтар мн төлемдердің түсуін болжамдау, талдау мен бақылау жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру мен басшылық ету, бюджеттік құралдарды тиімді жұмсау және мемлекеттік бюджеттің кірістік пен шығындық бөлімдерін атқару жөнінде есеп дайындаумен тұжырымдалады.

Информация о работе Мелекеттік бюджет