Мелекеттік бюджет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 00:41, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық қатынастардың тұрақты дамуы жағдайында Қазақстан Республикасында бірқатар қаржы-экономикалық,бюджеттік үдерістерді нығайту және әрі қарай дамыту бюджетаралық қатынастарды жетілдірусіз мүмкін емес. Нақты теория негізінде бюджетаралық қатынастар жүйесін түбегейлі қарастыру талап етіледі. Бұл дегеніміз елімізде және оның аймақтарында болып жатқан экономикалық үдерістерді балаудың маңызды алғы шарты болып табылады.
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды болып бюджет жүйесі табылады.Сондықтан оларды зерделеу мақсатында бюджет жүйесінің ұтымды қызмет ету белгілерін зерттеу өзекті болып табылады.Бюджет жүйесінің

Содержание работы

КІРІСПЕ

1. Бюджеттің жалпы мемлекеттік бақылау құралы ретіндегі рөлі мен мәні
1.1. Негізгі қаржы жоспары ретіндегі бюджеттің мәні және оның экономиканы реттейтін басқада қаржылық құралдар арасындағы рөлі
1.2. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық рөлі
1.3. Мемлекеттік бюжет: мәні мен құрылымы
1.4. Мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы бюджеттік жоспарлаудың негіздері

2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджеттің даму үрдісін талдау және дамыту саясаты
2.1. Бірыңғай бюджеттік жіктеу негізінде мемлекеттік бюджеттің түсімін жетілдіру
2.2. Мемлекеттің фискалды саясатын дамыту


ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Содержимое работы - 1 файл

мемлекеттик бюджет.doc

— 597.00 Кб (Скачать файл)


МАЗМҰНЫ

 

 

 

КІРІСПЕ

 

1. Бюджеттің жалпы мемлекеттік бақылау құралы ретіндегі рөлі мен мәні

1.1. Негізгі қаржы жоспары ретіндегі бюджеттің мәні және оның экономиканы реттейтін басқада қаржылық құралдар арасындағы рөлі

1.2.   Мемлекеттік бюджеттің экономикалық рөлі

1.3.   Мемлекеттік бюжет: мәні мен құрылымы

1.4.   Мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы бюджеттік жоспарлаудың негіздері

 

2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджеттің даму үрдісін талдау және дамыту саясаты

2.1. Бірыңғай бюджеттік жіктеу негізінде мемлекеттік бюджеттің түсімін жетілдіру

2.2. Мемлекеттің фискалды саясатын дамыту

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Нарықтық қатынастардың тұрақты дамуы жағдайында Қазақстан Республикасында бірқатар қаржы-экономикалық,бюджеттік үдерістерді нығайту және әрі қарай дамыту бюджетаралық қатынастарды жетілдірусіз мүмкін емес. Нақты теория негізінде бюджетаралық қатынастар жүйесін түбегейлі қарастыру талап етіледі. Бұл дегеніміз елімізде және оның аймақтарында болып жатқан экономикалық үдерістерді балаудың маңызды алғы шарты болып табылады.

Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды болып бюджет жүйесі табылады.Сондықтан оларды зерделеу мақсатында бюджет жүйесінің ұтымды қызмет ету белгілерін зерттеу өзекті болып табылады.Бюджет жүйесінің оңтайлылығы тек табыс көздерінің белсендірілуі,бюджет қаражаттарының ұлғаюы және бюджеттің артықшылығы ғана емес ,сондай-ақ,ең алдымен оның өмір сүру деңгейін жоғарылату мақсатында әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу қабілеттігінде жатыр.

Мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейлерін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету тікелей бюджетаралық қатынастардың дамығандығымен байланысты болады және бұл қазіргі кезде жетілдірілмеген және аймақтың көптеген мәселелерін шеше алмады.Республикалық бюджетте қаржы  ресурстарының шоғырландырылуы,барлық бюджет деңгейлері арасындағы қарсы қаржы ағындарының бар болуы және көптеген жергілікті бюджеттердің тапшылығы-мұның барлығы халыққа өмірлік маңызды мәселелерді шешетін жергілікті басқару органдарының мүмкіндігінен айырады.

Тұтастай алғанда Қазақстандағы әр түрлі билік деңгейлері арасындағы қаржы-бюджет қатынастарының жүйесі көптеген өзгертулерге қарамастан,толығымен тұрақты дамушы нарықтық экономикаға сәйкес келмейді.Бұл жағдайдағы маңызды мәселе биліктің орталықсыздандырылуы.

Курстық жұмыс мақсаты Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрылысын талдау болды.

Курстық жұмыс мазмұны кіріспе, үш бөлімнен, қорытынды және әдебиеттер тізімінен құралған.

Бірінші бөлімде бюджеттің жалпымемлекеттік бақылау құралы ретіндегі рөлі мен мәні, мұндағы негізгі қаржы жоспары ретіндегі бюджеттің мәні және оның экономиканы реттейтін басқада қаржылық құралдар арасындағы рөлі жайлы айтылған.

Екінші бөлімде бюджеттік жоспарлау негіздері, бюджеттік жоспарлау мен болжаудың рөлі және мақсаттары келтірілген.

Үшінші бөлімде   бюджеттік жіктелудің ролі мен мәні және құрамы жайлы айтылған.

Қазіргі кезде мемлекеттің аймақтық саясатының негізгі бағыттары Қазақстан Республикасының даму Стратегиясына сәйкес келуі керек,яғни реформалардың ауыртпалығы шаруашылықтандырудың аймақтық деңгейіне біртіндеп ауыстырылуы тиіс.

Бюджеттік құрылыстың құқықтық негіздері деп Қазақстан Республикасы қаржылық құрылысының негізін құрайтын мемлекеттің республикалық бюджеті мен әкімшілік-аумақтық құрылыстардың жергілікті бюджеттерінің жиынтығын білдіретін,олардың бюджет жүйесінде жұмыс істеу механизмін қаржылық заңнамалық актілер мен объективті экономикалық-қаржылық құбылыстарға сай ұйымдастыру негіздерін және бюджетаралық өзара қарым-қатынастарды,сондай-ақ рыноктық даму аясындағы экономика секторларын мемлекеттік қаржылық реттеу тәсілдерін белгілейтін қаржылық-құқықтық нормалардың жиынтығын айтамыз.

Жергілікті бюджеттер жүйесі деп бірыңғай бюджет жүйесінің құрамдық бөлігі болып табылатын,әкімшілік-аумақтық құрылыстар мен олардың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының бюджеттік құқықтық мәртебесі,бюджеттік құқықтары және бюджеттік құзыреттері, сондай-ақ республикалық  бюджет пен ҚР Ұлттық қорынан берілетін реттеуші кірістер мен трансфеттер негізінде атқарылатын  облыстық бюджет,республикалық маңызы бар қала,астана бюджет,аудан бюджет деңгейлерінен тұратын,құрылымындағы жергілікті бюджеттердің қаражаттарын тиісті әкімшілік аумақтық бірлік мәслихатының кезекті қаржы жылына арналған  бюджет туралы нормативтік шешіміне сәйкес пайдалануды-жұмсауды ұйымдастыратын,жергілікті бюджеттердің қаржылық ресурстарын әкімшілік-аумақтық құрылыстардың әлеуметтік-экономикалық дамуының  басымды  бағыттарында жиынтықтау,тиісті  мүдделерді мақсатты,нысаналы қаржыландыру,өзінің ұйымдастырылуына ықпалын тигізетін негізгі экономикалық құралдарды,жергілікті салық салу жүйесін мемлекеттің қаржы-бюджет саясатына сай жетілдіру процестерін қамтамасыз ететін қаржылық-экономикалық институтты айтамыз.

Жергілікті бюджет экономикалық мағынасында орталықтандырылған жергілікті ақша қорын және жергілікті ақша қаражаттары қорын қалыптастыруға және жұмсауға байланысты экономикалық қатынастардың жүйесін білдіреді,ал ұйымдастырылу мағынасында жергілікті мемлекеттік басқару органдарының негізгі қаржылық жоспарын,сондай-ақ құқықтық мағынасында жергілікті бюджеттің ақша  қаражаттарын жұмсауға рұқсат беретін және бекітетін тиісті мәслихаттың кезекті қаржы жылына арналған бюджет туралы нормативтік шешімі ретінде көрініс табады.

Курстық жұмысты жазуда мынадай авторлардың Зейнельгабдин А.Б., Мельников В.Д., Өтебаев Б.С. оқу  құралдарын әдебиеттерін пайдаландым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 БЮДЖЕТТІҢ ЖАЛПЫМЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕГІ РӨЛІ МЕН МӘНІ

 

 

1.1 Негізгі қаржы жоспары ретіндегі бюджеттің мәні және оның экономиканы реттейтін басқада қаржылық құралдар арасындағы рөлі

 

Бюджет қаржылық жоспар ретінде,бір жағынан,экономика салалары мен іс-әрекет салаларының қаржылық жоспарына негізделеді,ал екінші жағынан,ол көбінесе оларды анықтайды. Мемлекеттік бюджетті елдің негізгі қаржы жоспары деп айту, оның объективтік категория түріндегі экономикалық табиғатына қайшы келмиді. Себебі, “мемлекеттік бюджет” термині өз сипатына байланысты екі әр түрлі түсінікте қолданылады,біріншісі-бөліп тұратын қатынас саласына жатады,екіншісі-адамзат іс-әрекет процесінде пайдаланатын объективтік форманы көрсетеді.

Мемлекеттік бюджеттің елдің негізгі қаржы жоспары ретінде болуы бюджеттік қатынастың ерекшелігіне байланысты,яғни қоғамдық өнімді құндық бөлістің айрықша саласы ретінде. Сондықтан,экономикалық категория түрінде мемлекеттік бюджеттің объективтік табиғатының мәнін оқып білу жіне оны бюджеттік қатынасты пайдаланудың формасын көрсететін қаржы жоспар ретіндегі мәнін талқылау өте маңызды.

Қоғамдық қайта өндірістегі мемлекеттік бюджеттің рөлі ең алдымен осы бюджет (әсіресе шығындары) арқылы ұлттық табыс және жалпы ішкі өнімді бөлу мен қайта бөлу процестерімен анықталады.Ол ақша қаражаттарын экономика секторлары,іс-әрекет салалары мен аумақтар арасында бөле отырып,жалпы экономикаға әсер етеді,себебі ол барлық ұлттық шаруашылықтың бюджеті.Экономиканы реттейтін басқа қаржылық құралдар арасындағы бюджеттің рөлі өзінің ерекшеліктерімен сипатталады.Бюджеттің ерекшеліктері ретінде келесілерді айтуға болады:

                 Бюджет мемлекеттің қолында ұлттық табыстың бір бөлігін оңашаландыруға байланысты қайта бөліс қатынастарының ерекше экономикалық формасы және табыстың сол бөлігін бүкіл қоғам мен оның әрбір аумақтарының мұқтаждықтарын қамтуға пайдаланады;

                 Бюджет арқылы ұлттық табыс немесе сирек-ұлттық байлық экономика салалары,ел аумақтары мен қоғамдық іс-әрекет салалары арасында қайта бөліс атқарылады;

                 Бюджеттік қайта бөліс пропорциялары қаржының басқа буындарына қарағанда көбінесе ұлғайтылған қайта өндірістің жалпы мұқтаждарымен және қоғам дамуының әр тарихи кезеңінде оның алдында тұрған міндеттемелерімен анықталады;

                 Бюджеттік қайта бөліс аумағы мемлекеттік қаржы құрамында орталық орынды қалайды,себебі бюджет қаржының басқа буындарымен салыстырғанда бастапқы дәрежеде.

Бюджеттік қатынастың бөлістік сипаты мемлекетке бюджеттік экономикаға әсер ететін нақты тұтқа мен қоғамдық ілгерлікке ынта ретінде пайдалануға мүмкіншілік береді-бұл аспектіде бюджеттің әрекеті басқа құндық тұтқаларымен (баға,несие және т.б.) бір типті.Бірақ мемлекеттік бюджет қоғамдық өнімді құндық бөліс саласында бастапқы дәрежеде болғандықтан бұл оны  экономиканы басқарудың орталандырылған жалпымемекеттік құралына-республиканың негізгі қаржы жоспарына айналдырады. Бұл дәрежеде бюджет қаржы ресурстарының бөлігін орталандыру негізінде мемлекет қарастырған әлеуметтік-экономикалық дамуды қаржыландыруын қамтиды,екінші жағынан қосымша резевтер айқындау мен сапалық көрсеткіштерді жақсартуға белсенді әсерін тигізеді.

Мемлекеттік бюджеттің басқа қаржы буындары арасындағы орны мен мәнін келесідей анықтауға болады [1, б.23]:

Біріншіден, бюджеттің қаржы жүйесінің басқа буындарынан айырмашылығы-ол қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі бағыттарында пайдаланатын қоғамдық өнім құнының бір бөлігінің айналымымен байланысты бөліс қатынастардың кең  комплексінің бейнеленуі.Бұл мемлекетке бюджет арқылы барлық ел ауқымында құндық бөліс процестерін орталандыра басқаруға мүмкіншілік береді.

Екіншіден,бюджет барлық кірістер мен шығыстардың басқа баланстары,қаржы жоспарлар,несиелік және кассалық жоспарлармен тығыз байланыста.

Үшіншіден,мемлекеттік бюджет қалыптастыру процесінде макроэкономикалық,қаржылық және өндірістік көрсеткіштер талданады және анықталады,қаржы-несиелік жүйенің барлық буындарының байланыстары үйлестіріледі,сонымен қатар экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштері қаржы және несие ресурстарымен тұжырымды қиыстыруға жетеді.

Бюджеттің көптеген байланыстарын қамтамасыз ететін бюджеттік көрсеткіштердің нақты-адрестік сипаты оларды экономика салаларындағы іс-әрекет жағдайын бақылау мақсатына пайдалануға негіз тудырады.Бюджеттік көрсеткіштер арқылы қоғамдық қайта өндірістің барлық оның сатыларындағы жүрісі мен шаруашылықты жүргізудің барлық кезеңдері мен деңгейінің әр түрлі процестерді қадағалауға болады.Бюджет көрсеткіштерін орындау дәрежесі экономикада болып жатқан процестердің жүрісін көрсетіп,сондағы жаратымды және жаратымсыз беталыстарды анықтайды.

Мемлекеттік бюджет арқылы жүргізілетін жалпымемекеттік бақылау қаржы бақылау түрінде іске асырылады.Бұл мемлекетің экономикалық және қаржылық саясатын іске асыруға арналған әсершіл құрал.Қаржылық бақылау барлық деңгейдегі бюджеттерді бюджеттерді қалыптастыру процесінде және де оларды орындау жөнінде есеп пен есеп беруді жүргізу,мемлекеттің активтері мен гранттарын пайдалану және т.б. бюджеттік әрекеттерде іске асырылады.Бұл бақылау уақытша шара емес,ол үнемі жүргізіледі және экономиканы басқарудың барлық ұйымдастырушы жұмысының ажырағысыз құрамдық бөлігі болып табылады.

Қаржылық бақылауды іске асырудың объективтік негізі болып бюджеттің экономикалық категория ретіндегі бақылау функциясы табылады. Мемлекеттік бюджеттің бақылау функциясының әрекеті кең шекара мен бәрін қамтушы сипатпен айрықша танылу,соған негізделген бюджеттік бақылауда тек қана қоғамдық өнім құнын бюджеттік бөліс саламен шектелмей бірталай аумаққа әсерін тигізеді.Сондықтан,қаржылық бақылауы экономиканың барлық саласындағы іс-әрекет жағдайы жөнінде пайымдауға мүмкіншілік береді.Оның іс-ірекет процесінде бюджеттің атқаруы,ақша қаражаттарының уақытымен және толық түсуі,оларды тиімді пайдалануы тексеріледі.

Демек,қаржылық бақылау жүргізу негізінде әрбір субъектілер мен жалпы мемлекет бойынша барлық ресурстарды пайдалану бақылауын іске асыру болады.Сонымен бірге бюджеттік процеске қатысушылардың нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтау мен бюджеттік қаражаттар арқылы іске асырып жатқан шаралардың негізділігі мен экономикалық тиімділігі тексеріледі.

 

 

1.2 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық  рөлі

 

     Қаржылық  байланыстардың, орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен,мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы “мемлекеттік бюджет” ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек, мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.

Информация о работе Мелекеттік бюджет