Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру, нақтылаудың ұғымы және мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 19:57, реферат

Краткое описание

Оқиға болған жерде айғақтарды тексеру мен нақтылау куәлардың, жәбірленушілердің, сезіктілер мен айыпкерлердің көрсетпелеріндегі дәлелдемелік деректерді анықтайтын тиімді әдістердің бірі болып табылады.
Дербес тексеру әрекеті ретінде, ол ҚР ҚІЖК-нің 238-бабында көзделген. Бұл іс-әрекетті практика да, көрсетпе деп те атайды.

Содержимое работы - 1 файл

Қазақстан Республикасының білім және ғылымі.doc

— 45.50 Кб (Скачать файл)


Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру, нақтылаудың ұғымы және мазмұны

 

Оқиға болған жерде айғақтарды тексеру мен нақтылау куәлардың, жәбірленушілердің, сезіктілер мен айыпкерлердің көрсетпелеріндегі дәлелдемелік деректерді анықтайтын тиімді әдістердің бірі болып табылады.

Дербес тексеру әрекеті ретінде, ол ҚР ҚІЖК-нің 238-бабында көзделген. Бұл іс-әрекетті практика да, көрсетпе деп те атайды.

Тексерудің мәні корсетпесінің шұбасыздығы тексерілетін тұлғаның тергеудегі қылмыстық оқиғамен байланысты белгілі жерді көрсетуінен, ол жерде жасалған әрекетте туралы айтуынан, сондай-ақ аталған жерде алынған деректермен салыстыру арқылы талдаудан тұрады.

Бір өзінде бірқатар тергеу әрекеттерінің белгілерін үйлестіретін көрсетпені оқиа болған жерде тексерудің өзіндік кешендік сипаттамасы мен арнайы жүргізу тактикасы бар.

Қарапайым жауап алумен салыстырғанда, ол куәгерлердің қатысуымен және нақты объектілерді қарау, сондай-ақ белгілі бір жерде әрекеттерді корсету, тергеудегі оқиғаның мән-жайлары мен жағдайларын қайтадан құрастыру мақсатымен жүргізіледі.

Тексерудегі тұлғаның әрекеттері, түсініктемелері және оқиға жағдайы тергеушімен және куәгермен тікелей қабылданып, салыстырылады, сонымен жаңа мәліметтердің түсуі қамтамасыз етіледі.

Жаңа ақпарат:

- тексерілетін көрсетпе мазмұнының;

- аталған тергеу әрекетін жүргізу органындағы алдында                       жауап алынған тұлғаның түсініктемелерінің;

- жасалған қылмыс мән-жайларымен тығыз байланысты болатын оқиға арқылы нақты жағдайының;

- аталған жерді бірінші рет қарау барысында алынған мәліметтердің үйлесуімен сипатталады.

 

Әрине бірінші рет төртінші ақпарат көздері жүргізілетін тексерудің шеңберіне тыс болса да, оның нәтижелерін бағалау барысында міндетті түрде қолданылуы тиіс.

Аталған көздерден алынған мәліметтер толық сәйкес келгеде тексерілген көрсетпелер шындыққа жатады деп айтуға болады.

Ақпараттың көлемімен мазмұны бойынша бірінші және екі ақпарат көздері сәйкес келмеуі мүмкін, себебі тексерілуге тиіс тұлға тексеру жерінде алдында берген көрсетпелерін өзгертеді.

Оны былай деп түсінуге болады:

а) көрсетпесі тексерілуі тиіс тұлға оқиға орнының нақты жағдайын білмей, жалған корсетпе береді;

ә) жауап алуда көрсетпесі тексерілуі тиіс тұлға кейбір мән-жайларды ұмытып қалғандықтан шын бірақ нақты емес көрсетпе береді, бірақ оқиға болған жерде бәрін есіне түсіріп, алдында берген мәліметтерді толықтырады;

б) көрсетпені тексеруді жүргізу кезінде субъект бір ойлармен алдында берген шын көрсетпелерін жалғанға ауыстырады.

Көрсетпесі тексерілетін тұлғаның оқиға жерінде берген түсініктемелері мен алдында берген көрсетпесіне сәйкес келіп, бірақ оқиға болған жердегі нақты жағдайымен үйлеспейтін жағдайлар да жиі кездеседі. Оны былай түсіндіруге болады: тексерілетін тұлға жалған айтты және жалған айтуды жалғастырып отыр, сондықтан аталған сәйкестіктің орын алуй мүмкін емес немесе ол шын айтып тұр, бірақ жағдайдың өзі өзгеріске ұшыраған. Соңғы жағдайда көрсетпесі тексерілетін тұлғаның түсініктемелерін оқиға орнын қарау нәтижелерімен салыстыру ерекше маңызды. Ақпарат көздерінің төртеуі де бір-бірімен сәйкес келмегенде, тексерілетін көрсетпелердің жалғандығы туралы қорытынды күмән туғызбайды.

Тергеудің мазмұны тергеулік қараумен жартылай сәйкес келеді бірақ, ол тергеушідегі оқиғамен байланысты орынды немесе затты көрсетуді қамтымайды; осы объектілер туралы мәліметтер оның барысында хабарлайды. Айта кететін жайт, оқиға болған жердегі көрсетпені тексерудің негізін қалаушы тактикалық қағида – көрсетпесі тексерілетін тұлғаның оған өз еркімен қатысуы. Бұл өте маңызды, өйткені тексеру барысында бөтен біреудің араласуына және жетекші сұрақтар қоюға тиым салынады.

Көрсетпесі тексерілетін тұлғаның әңгімесі мен ісіне маңызы бар және оның көрсетпесінің шүбәсіздігін дәлелдейтін құжаттар, іздер сияқты оқиға элементтерін көрсетудің сәйкес келуі, сондай-ақ тиісті әрекеттерді көрсетуі аталған тергеу әрекетінің міндетті тактикалық шарты болып табылады.

Оқиға болған жерде көрсетпені тексерудің мақсаты - қолда  бар дәлелдемелерді зерттеу және нақтылау ғана емес, сонымен қатар жаңа дәлелдемелер алу. Дәлелдемелерді тексеру барысында тергеуші: а) куә немесе айыпкер айтқан оқиға жерінің бар екендігін; ә) кінәлі тұлға оқиға болған жерде барған немесе қайтқан жолдың іс жүзінде бар екендігіне; б) оқиға орнына бару маршруты туралы, сол жер туралы, қылмысқа қатысушылармен кездесуі орны туралы, сол жердегі олардың і- әрекеттері туралы бірнеше куәнің немесе айыпкердің көрсетпелерінде қайшылықтардың бар жоқтығына; в) көрсетпесі тексерілетін тұлғаның тергеудегі істің іс жүзіндегі мән-жайлары туралы білетіндігіне көз жеткізеді

Оқиға орнында көрсетпені тексеруді сезіктінің тергеудегі қылмысқа қатыстылығы туралы мәселені шешетін тәсілдердің бірі деп қарастыруға болады.Оның барысында жаңа дәлелдемелерді алуға болады. Мәселен, аталған тексерілген жерде қылмыс қаруы, ұрланған мүлік, қылмыскердің іздері, т.б. табылса.

Оқиға орнына барып көрсетпені тексеру мақсатқа сай болатын төрт жағдайға назар аудару қажет:

1.Нақты атап айта алмаған немесе сипаттай алмаған тергеу үшін маңызды оқиға жері немесе маршруты туралы жауап алынған тұлғаның хабарлауы;

2.Тергеудегі қылмыстық іс бойынша заттай дәлелдеме болуы мүмкін заттардың немесе қылмыс іздерінің орны туралы деректер жауап алынған тұлғаның көрсетпесінде орын алуы;

 

 

3.Нақты оқиға жерінде немесе сол жерге апаратын маршрутта болған оқиға туралы екі немесе одан да көп тұлғалардың көрсетпелерін бір-бірімен салыстыру маңызды болады;

4.жауап алған тұлғаның көрсетпесінде оқиға жерінің жағдайы туралы мәліметтер болады, ол жағдайда сол жерге барып көрсетпені тексеру барысында сол жағдайда қайта жасауға, яғни сонымен тергеудегі қылмыстың мән-жайлары туралы оның хабарлылығына көз жеткізуге мүмкіндік туады.

 

Көрсетпені тексеруді жүргізу тактикасы

 

Айыпкермен немесе куәмен оқиға орнына бару алдында, одан сол жермен байланысты бүкіл мән-жайлар туралы жауап алған жөн, сонымен қатар сол жерді көрсетіп, тергеудегі қылмыспен байланысты жасалған әрекеттер туралы айта алатынын, алмайтынын және айтқысы келетінін, келмейтінін айқындап алу керек.

Көрсетпені тексеру уақытын тексерілетін тұлғаға жергілікті жерде дұрыс бағытталуының қамтамасыз етілуін, айыпкердің тергеу үшін қолайсыз әрекеттерінің, мәселен, тұтқындау орнынан қашуының алдын алуын ескере отырып таңдау қажет.

Тергеу әрекетін бастау алдында тексеруге қатысушыларға, олардың ішінде жүргізуіне де, әрекеттер тәртібі туралы нұсқау беру қажет.

Оқиға орнында көрсетпені тексеру бірқатар ережелерге сәйкес жүргізіледі.

Көрсетпесі тексерілген тұлғаға әрекет бостандығын беру.

Тергеу әрекеті куәға немесе айыпкерге тексеру орнына бару бағдарын көрсетуді ұсынудан басталады. Аталған тұлғаның өзіне сенімсіздік байқалған жағдайда, ассорциативті байланысты жандандырудың «тактикалық тәсілдерін қолдануға» болады. Сезікті тұлға аталған жерге бағдарын көрсетіп алдымен жүруі керек Ол жерге автакөлікпен барғанда, оның бағдары туралы нұсқауларын орындауы тиіс. Жүргізушімен бірге отырғызған жөн. Оқиғажеріне келгенде көрсетпесі тексерілген тұлға оны жалпы шекарасын және жағдайының жеке түйінді жерлерін, алдында көрсетпе берген заттар мен мән-жайларды көрсетіп, олардың тергеудегі оқиғамен байланысының сипатын тусіндіреді, қылмыс жағдайында орын алған және оны құрайтын заттардың орналасуында орын алған өзгерістерді, орнында жоқ заттарды айтады. Ниеті болса, алдын-ала дайындап қойған маникендер мен муляжды қолданып, бұрынғы оқиға жағдайын қайтадан жасайды.

              Көрсетпесі тексерілетін тұлғаны бақылау. Оқиға орнына барып тексеру барысында тергеуші немесе оның нұсқауы бойынша жедел қызметкер көрсетпесі тексерілетін тұлғаның тәртібін және психологиялық жағдайын үнемі бақылайды. Ол аталған тұлғаның сенімді не сенімсіз әрекет жасайтынын; оның жалпы және эмоциялық жағдайын нақты тексеру кезеңдеріндегі; сол жағдайдың себептерін анықтауға мүмкіндік береді. Бақылау нәтижелері бағыттаушы рөл атқарады. Көрсетпені тексеруге қатысып отырған тұтқынға алынған айыпкерді бақылау оның қышуының алдын алуға, тергеуге белгісіз түлғалармен байланыс орнатуының, уақытында табылған қылмыс іздерін жоюына алдын ала мүмкіндік береді.

 

Оқиға жерінде көрсетпені тексеруді бекіту

 

              Хаттамалау оқиға жерінде көрсетпені тексерудің барысы мен нәтижелерін бекітудің негізгі тәсілі болып табылады.ҚР ҚІЖК-нің 203-ші бабында көрсетілген жалпы деректерден басқа, хаттамада: а) көрсетпені тексерудің нақты мақсаты, тексерілетін тұлғаның оған өз еркімен қатысуы көрсетілуі; ә) тергеу әрекетіне қатысушылардың оқиға орнына шығу жері;

б) жылжу тәсілімен жүру бағдарының сипаты аталған маршрутка қатысты айыпкердің немесе куәнің көрсетпелері;  в) баратын оқиға орнының сипаты аталған жерде жасалған әрекеттердің және қарау нәтижелерінде табылған бүкіл заттар мен объектілердің сипаты; г) фотосурет және бейнетаспаға түсіруді көрсету, жоспарлар мен сызба жасау көрсетілуі тиіс.

Оқиға орнына барып көрсетпені тексеру әдетте бейнежазбада бекітуді талап етеді. Ауызша сипаттау барысында тексерудің барысы мен нәтижелерін динамикалық және дыбыстық сипатын, әсіресе тексерілетін тұлға белгісіз күрделі бағдарды көрсеткенде, жыбыстық сипат тән күрделі әрекеттер жасағанда, арнайы терминологияны қолданып түсініктеме бергенде, оларды хаттамада корсету қиын болады.

Бұл жерде тексерілетін тұлғаның әрекеттері мен оның жылжу бағдары туралы бейнелік және дыбыстық ақпаратты бекіту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Информация о работе Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру, нақтылаудың ұғымы және мазмұны