Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы кеден төлемдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2012 в 00:43, курсовая работа

Краткое описание

Алғашқы бөлімінде – кеден ісін жүзеге асырудың механизміне, яғни Қазақстан Республикасы кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өту дәйектеріне, кеден төлемдерінің жағдайына, кедендік қызметті басқару, атқарылу тәртібіне, жалпы кеден режимдерінің ұйымдастырылуына тоқталдым.

Содержание работы

Кіріспе





1 бөлім. Кеден ісін ұйымдастыру.

1.1. Қазақстан Республикасындағы кеден төлемдерінің жағдайы

1.2. Қазақстан Республикасындағы кедендік қызметтерін басқару

1.3. Кеден органдарында қызмет атқару тәртібі





2 бөлім. Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы кеден төлемдері және салықтар

2.1. Кедендік төлемдер және салықтар

2.2. Кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу

2.3. Кедендік төлемдерді төлеу мерзімдері мен тәртібі

2.4. Кедендік ресімдеу



3 бөлім. Қаззақстан Республикасының кеден ісінің жалпы мәселелері

3.1. Қазақстан Республикасының кеден орындарының мәселелері

3.2. Кеден саясаты ішкі және сыртқы саясаттың құрамдас бөлігі ретінде



3. Қорытынды



4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Содержимое работы - 1 файл

кеден ісі курстық жұмыс.doc

— 395.50 Кб (Скачать файл)

Кедендік баждарды төлеу  бойынша мерзімін ±зарту немесе мәулеттік мерзім беру құқығын растау үшін кеден органдары өндірістік қуатты тексеріп көруге құқылы. 

Кедендік баж төлеу  бойынша мерзімін ұзарту немесе мәулеттік  мерзім беру туралы шешім не оны  беруден бас тарту туралы шешім  төлеушінің өтінішін көзделген құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей қабылданады.

Шешім жазбаша түрде  екі дана етіп жасалады және оған тиісті кеден органының басшысы немесе оның орнындағы адам қол қояды. Шешімнің бірінші данасы кеден органында  қалады. Шешімнің екінші данасы кеден органы шешім қабылдаған күннен кейінгі күннің аяқталуынан кешіктірілмей төлеушіге жіберіледі.

Төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім беру туралы шешімде  мынадай мәліметтер:

1) шешімнің тіркелу  нөмірі;

2) кедендік баж төлеу  мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім беру уақыты;

3) төлеушінің өтінішінде  көрсетілген кедендік баждың  төленуін қамтамасыз ету тәсілі;

4) әкелінетін шикізаттарды  және (немесе) материалдарды беруге  арналған сыртқы сауда шартының (келісім-шартының) күні, нөмірі, осындай шарт (келісім-шарт) бойынша шикізаттарды және (немесе) материалдарды алушының атауы;

5) кедендік баж төлеу  бойынша мерзімін ұзарту немесе  мәулеттік мерзім берілетін шикізаттардың  және (немесе) материалдардың  атауы және саны;

6) төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім берілетін кедендік баждың мөлшері болуға тиіс.

Кедендік баж төлеу  бойынша мерзімін ұзартудан немесе мәулеттік мерзім беруден бас  тарту туралы шешімде бас тартудың дәлелі болуы тиіс.

Кедендік баж төлеу  мерзімдерінің өзгеруі кезінде кедендік бажды өтеуді төлеуші немесе үшінші тұлға тиісінше:

1) төлеу мерзімін ұзарту  берілген кезде ұзарту мерзімі  күнінің аяқталуынан кешіктірмей;

2) мәулеттік мерзім  берілген кезде төлеушімен бірлесіп  кеден органы бекіткен кесте  бойынша мәулеттік мерзім сомаларын енгізудің келісілген күндерінен кешіктірмей жүргізеді.

Төлеуші кедендік баж  сомасын уақтылы өтемеген жағдайда, кеден органдары көзделген тәртіппен  кедендік баждың барлық сомасын өндіріп  алуға шаралар қолданады. 

Төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім беру туралы кеден органдары шешімдерінің қолданылуын тоқтату 

Төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім беру туралы кеден  органдары  шешімдерінің қолданылуы:

1) шешімде белгіленген  төлеу мерзімін ұзарту немесе  мәулеттік мерзімі өтіп кетуі бойынша;

2) кедендік баждың  барлық сомасын мерзімінен бұрын  өтеген кезде;

3) тауарларды өнеркәсіптік  қайта өңдеусіз өткізу кезінде  тоқтатылады. 

Кедендік төлемдердің  және салықтардың төленуін қамтамасыз ету:

1) кепілге қою;

2) банк кепілдігі;

3)   кеден органының депозиттік шотына ақша енгізу;

4) сақтандыру шарты  түрінде берілуі мүмкін.

Тұлға кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз етудің кез келген түрін таңдауға құқылы.

Кеден органдарының кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қолдану тәртібін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган   айќындайды.  

Кедендік төлемдердің  және салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасы мынадай:

-ішкі кеден транзиті  рәсімі бойынша тасымалданатын;

-алушының қоймасында, сондай-ақ көлік құралдарында уақытша сақтауға рұқсат берілген;

-тауарларды қайта  экспорттаудың кедендік режиміне  орналастырылған;

-тауарлар транзитінің  кедендік режиміне сәйкес Қазақстан  Республикасының  кедендік аумағы арқылы өткізу үшін әкелінетін;

- кедендік аумақтан тыс жерде тауарларды қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастырылған;

-тауарлар транзитінің  кедендік режиміне сәйкес шет  мемлекеттің  кедендік аумағы арқылы өткізу үшін әкетілген тауарларға қатысты тауарлар экспортының кедендік режимін мәлімдеу кезінде төленуге тиісті кедендік төлемдердің және салықтардың сомасынан кем болмауға тиіс.

Кеден тасымалдаушысы ретіндегі  қызметке қойылатын біліктілік талаптарына  сәйкестігін қамтамасыз ету үшін қажетті қамтамасыз ету сомасы Қазақстан  Республикасының Кеден Кодексіне сәйкес айқындалады.

Кедендік төлемдердің  және салықтардың төленуін қамтамасыз ету мақсатында кепілге салынатын  зат:

1) азаматтық айналымнан  алынған мүлікті;

2) Қазақстан Республикасына  әкелуге не Қазақстан Республикасынан  әкетуге тыйым салынған тауарларды;

3) электр, жылу және  өзге де энергия түрлерін;

4) тез бұзылатын тауарларды;

5) мүліктік құқықтарды;

6) Қазақстан Республикасының  шегінен тыс жердегі мүлікті;

7) өткізу мүмкіндігі  шектеулі мүліктерді қоспағанда, үшінші тұлғалардың мүліктік  құқығынан бос кез келген тауарлар мен мүлік болуы мүмкін.

Кедендік төлемдердің  және салықтардың төленуін қамтамасыз ету мақсатында кепілге салынатын  заттың рыноктық құны, оны өткізу бойынша  шығыстарды қоса алғанда, төленуі кепілге  салынатын затпен қамтамасыз етілетін кедендік төлемдер және салықтар жөніндегі міндеттеменің мөлшерінен төмен болмауы қажет.

Егер кеден органы өзге шешім қабылдамаса, кепіл кезінде  кепілге салынатын зат кепіл  берушіде қалады.

Төлеуші қабылдаған, қамтамасыз етілуі үшін кепіл ресімделген міндеттеме орындалғанға дейін кепіл берушінің кепілге салынған затқа билік етуге құқығы жоқ.

Кепілді ресімдеу Қазақстан  Республикасының азаматтық заңдарына  сәйкес жүзеге асырылады.

Кепілге салынған затты  өндіріп алу Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес жүргізіледі.

Кеден органдары кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік  құқықтық актілерінің талаптарын ескере отырып,   Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген банк кепілдігін қабылдайды.

Кедендік төлемдердің  және салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде кеден органының  депозиттік шотына (бұдан әрі - депозит) ақша енгізу Қазақстан Республикасының  ұлттық валютасымен немесе шетел  валютасымен жүргізіледі.

Кеден органында валюталық шот болмаған жағдайда, депозитті енгізу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі.

Депозитпен қамтамасыз етілген міндеттеме орындалмаған жағдайда, төленуге тиісті кедендік төлемдер және салықтар сомасы міндеттеменің орындалмағаны туралы хабардар етілгеннен кейін  он бес күн өткен соң депозиттен мемлекеттік бюджетке аударылады. 

Кеден органдары Қазақстан  Республикасының азаматтық заңдарына  сәйкес жасалған сақтандыру шарттарын  кедендік төлемдердің және салықтардың  төленуін қамтамасыз ету ретінде қабылдайды. 

Депозитті қайтару депозитпен қамтамасыз етілген міндеттеме орындалған жағдайда жүзеге асырылады. Депозитті нақты қайтаруды төлеушінің жазбаша өтініші бойынша кеден органы өтінішті алған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізеді.

Депозитті қайтару туралы өтініш міндеттеме орындалғаннан кейін, бірақ міндеттеме орындалған күннен кейінгі күннен бастап бес жылдан кешіктірмей кеден  органына беріледі.

Депозитті шотына депозит сомасы енгізілген кеден органы не осы кеден органы таратылған жағдайда, оның құқық мирасқоры қайтарады.   Депозит төлеушінің банк шотына қайтарылады, ол төлем төленген валютамен жүргізіледі.

Төлеушіге депозитті қайтару  көзделген тәртіппен кедендік төлемдерді, салықтар мен өсімпұлды төлеу бойынша берешек  шегеріле отырып   жүзеге асырылады.

Депозитті қайтарған  кезде ол бойынша сыйақы төленбейді, сомасы индекстелмейді, банк қызметін көрсеткені үшін тарифтер аударылатын қаражат есебінен төленеді.

Төлеушінің өтініші бойынша  кеден органдары депозитті  болашақ  кедендік төлемдер мен салықтар есебіне не кеден органдарының алдындағы басқа міндеттеме бойынша кедендік төлемдер мен салықтарды қамтамасыз ету үшін есептей алады.

Мүлік кепілі бойынша  қайтару:

1) кепіл заты кепіл берушінің  билігінде болған жағдайда – міндеттеме орындалған күннен бастап;

2) кепіл заты     кеден    органының   билігінде  болған жағдайда  міндеттеме орындалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Банк кепілдігі бойынша қайтару  міндеттеме орындалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей  жүргізіледі.

Сақтандыру жөніндегі  міндеттемелерді тоқтату міндеттеме орындалған күннен бастап бес жұмыс  күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. 

Қазақстан Республикасының салық  заңдарына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке нақты  төленген сомасы мен  төленуге тиіс сомасы арасындағы айырма кедендік төлемдер мен салықтардың артық төленген  сомасы  болып танылады.

Артық төленген кедендік төлемдер және салықтар төлеушінің өтініші бойынша  қайтарылуға жатады. Өтініш оларды төлеген күннен бастап бес жылдан кешіктірмей, тауарларға кедендік ресімдеу жасаған немесе тауарларды сақтауды, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ілесіп алып жүруді, лицензия беруді, алдын ала шешім қабылдауды  іске асырған кеден органына беріледі.

Артық төленген кедендік төлемдердің  және салықтардың сомасын қайтару туралы өтінішпен бір мезгілде:

1) соманың төленгенін растайтын  төлем құжатының көшірмесі;

2) кедендік декларация ресімделген  жағдайда берілетін, кеден органы  ресімдеген, сол бойынша  кедендік төлемдер және салықтар есептелген және енгізілген кедендік декларацияның көшірмесі;

3) жүзеге асыру үшін кедендік  төлемдер енгізіліп, тауарларды  сақтау, тауарлар мен көлік құралдарын  кедендік ілесіп алып жүру, лицензия  беру,  алдын ала шешім қабылдау кезінде кеден органдары ресімдеген, кедендік төлемдерді төлеу кедендік декларацияны ресімдемей жүргізілген жағдайларда берілетін басқа да құжаттардың көшірмелері берілуі тиіс.

Артық төленген  кедендік төлемдер мен салықтардың сомасын қайтару туралы өтінішті қарау мерзімі қайтару туралы өтініш берілген   күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс. Кеден органдары артық төленген   кедендік төлемдер және салықтар фактісін мойындаған жағдайда кµрсетілген сомаларды қайтару  мерзімі Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленеді.

Кеден органы кедендік төлемдерді және салықтарды өндіріп алғаннан кейін артық төлеу фактісін тапқан кезде, мұндай фактіні тапқан күннен бастап бір айдан кешіктірмей салық төлеушіге артық  төленген кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы туралы хабарлауға міндетті.

Белгіленген мерзім бұзылған кезде, қайтару мерзімі бұзылған әрбір күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың екі еселенген ресми ставкасы мөлшерінде өсімпұл есептеледі.

Артық төленген кедендік төлемдерді және салықтарды қайтару төлеушінің артық төленген  сома мөлшерінде басқа кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешегі және олар бойынша өсімпұлы болмаған кезде жүзеге асырылады.

Артық төленген  кедендік төлемдерді және салықтарды қайтару тәртібін  тиісті мемлекеттік уәкілетті органмен келісім бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. 

Кедендік баждарды және салықтарды қайтару:

1) кедендік декларацияны  кері қайтарып алған;

2) неғұрлым қолайлы  жағдай жасау режимін немесе  тарифтік преференцияларды қалпына  келтірген;

3) кедендік режимдердің талаптары  Қазақстан Республикасының  кедендік аумағының шегінен шетел тауарларын әкету кезінде немесе оларды жою не мемлекет пайдасына олардан бас тарту немесе Қазақстан Республикасының  кедендік аумағына қазақстандық тауарларды не оларды қайта өңдеу өнімдерін әкелу кезінде кедендік баждар және салықтардың төленген сомасын қайтаруды көздейтін;

4) егер тауарларды қайта таңдалған  кедендік режимге (тауарларды  еркін айналыс үшін шығарудың  немесе тауарлар экспортының  кедендік режиміне)  орналастыру кезінде төленуге тиісті кедендік баждар және салықтар сомасы бастапқы кедендік режим кезінде төленген кедендік баждар және салықтар сомасынан кем болса, бұрын мәлімделген кедендік режимді еркін айналыс үшін тауарлар шығару немесе тауарлар экспортының кедендік режиміне өзгерткен жағдайларда  жүргізіледі.  

Белгіленген мерзімде кедендік төлемдерді және салықтарды төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда берешек пайда болады. Берешекті осы тарауда белгіленген тәртіппен кеден органдары төлеушілерден өндіріп алады.

Кеден органдары берешекті өндіріп  алу үшін:      

1) берешек пен өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама жіберу

2) қайтаруға жататын артық төленген  сома есебінен немесе депозит  есебінен берешекті өндіріп алу;

3) берешекті өтеуді қамтамасыз  етудің мынадай:

Информация о работе Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы кеден төлемдері