Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы кеден төлемдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2012 в 00:43, курсовая работа

Краткое описание

Алғашқы бөлімінде – кеден ісін жүзеге асырудың механизміне, яғни Қазақстан Республикасы кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өту дәйектеріне, кеден төлемдерінің жағдайына, кедендік қызметті басқару, атқарылу тәртібіне, жалпы кеден режимдерінің ұйымдастырылуына тоқталдым.

Содержание работы

Кіріспе





1 бөлім. Кеден ісін ұйымдастыру.

1.1. Қазақстан Республикасындағы кеден төлемдерінің жағдайы

1.2. Қазақстан Республикасындағы кедендік қызметтерін басқару

1.3. Кеден органдарында қызмет атқару тәртібі





2 бөлім. Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы кеден төлемдері және салықтар

2.1. Кедендік төлемдер және салықтар

2.2. Кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу

2.3. Кедендік төлемдерді төлеу мерзімдері мен тәртібі

2.4. Кедендік ресімдеу



3 бөлім. Қаззақстан Республикасының кеден ісінің жалпы мәселелері

3.1. Қазақстан Республикасының кеден орындарының мәселелері

3.2. Кеден саясаты ішкі және сыртқы саясаттың құрамдас бөлігі ретінде



3. Қорытынды



4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Содержимое работы - 1 файл

кеден ісі курстық жұмыс.doc

— 395.50 Кб (Скачать файл)

 

2.3. Кедендік төлемдерді  төлеу мерзімдері мен тәртібі.

 

Кедендік төлемдерді төлеушiлер мына тұлғалар болып табылады:

1) тауарлар мен көлік  құралдарына қатысты өкілеттіктері  бар тұлғалар немесе декларант;

2) лицензия немесе  кедендік ресімдеу жөніндегі  маманның біліктілік аттестатын  алатын тұлғалар кедендік төлемдерді  төлеушiлер болып табылады.

Кедендік баждарды төлеу мерзімдері өзгерген жағдайларды қоспағанда, кедендік баждар кедендік декларация тіркелген күнге дейiн немесе тіркелген күнi төленедi.

Егер кедендік декларация айқындалған мерзiмде берiлмесе, онда кедендік баждарды төлеу мерзiмдерi кедендік декларацияны беру мерзiмi өткен күннен бастап айқындалады.

Шартты түрде шығарылған тауарларды кедендік баждар салудан  босатуға  байланысты мақсаттардан өзге  мақсаттарда пайдаланған кезде, тұлғаның тауарларды пайдалану және оған иелік ету  жөніндегі шектеулерді бұзған күні кедендік баждарды төлеу мерзімі болып есептеледі. Егер шектеулердің бұзылған күнін  анықтау мүмкін болмаса,  кедендік декларация тіркелген  күн кедендік баждарды төлеу мерзімі болып есептеледі. 

Кедендік ресімдеу үшін кедендік алымдар:

1) кедендік декларацияны тіркегенге дейін немесе тіркеген күні төленеді;

2) егер кедендік декларация сәйкес айқындалатын мерзімдерде берілмесе, онда кедендік декларацияны беру мерзімдері өтіп кеткен күннен бастап төлеу мерзімдері өтеді;

3) шартты түрде шығарылған  тауарларды кедендік ресімдеу үшін кедендік алымдарды салудан босатуға байланысты мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдаланған  кезде, тұлғаның тауарларды пайдалану және оларға билік ету бойынша шектеулерді бұзған күні көрсетілген алымдарды төлеу мерзімі болып есептеледі. Егер төлеу мерзімін бұзған күнді белгілеу мүмкін болмаса, кедендік декларация тіркелген  күн төлеу мерзімі болып есептеледі.

Кедендік алып жүру үшін кедендік алымдар кеден органы кедендік алып жүру туралы шешім қабылдағаннан  кейін, бірақ кедендік алып жүруді ұйымдастырудың  басталуынан кешіктірілмей төленеді.

Кеден органдары құрған кеден қоймаларында және уақытша  сақтау қоймаларында тауарларды сақтағаны  үшін кедендік алым осындай қоймалардың  аумағынан тауарларды әкеткен күні төленеді.  

Лицензиялар мен кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын бергені үшін алымдар, сондай-ақ алдын ала шешім үшін төлемақы кеден органдары лицензияларды және кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын ресімдеу үшін, сондай-ақ алдын ала шешім қабылдау үшін белгіленген құжаттар мен қажетті мәліметтерді қабылдағанға дейін немесе қабылдаған күні төленеді.

Кедендік төлемдер қолма-қол  ақшамен және ақшасыз төлеу тәртiбімен  төленедi.

Кедендік төлемдердi төлеушi не атынан кедендік төлемдер енгізілетін төлеушіні көрсете отырып үшiншi тұлға төлеуі мүмкiн. Кедендік төлемдер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді.

Кедендік төлемдер тиісті уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша кеден ісі  мәселелері жөніндегі уәкілетті  орган айќындайтын тәртіппен мемлекеттік бюджетке аударылады.

Артық төленген кедендік  төлемдердің  және салықтардың сомасын қайтарып алу немесе есепке алу туралы төлеушілердің талаптары бойынша  талап қою  мерзімі бес жыл болып белгіленеді.  

Алынуы кеден органдарына  жүктелген кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке дұрыс есептелуіне және уақтылы енгізілуіне бақылауды кеден органдары жүзеге асырады.

Кедендік төлемдер мен  салықтардың бюджетке түсуін есепке алу тәрті-бін кеден ісі жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.  

Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік төлемдерден босату түріндегі жеңілдіктер, сондай-ақ тарифтік преференциялар  кедендік жеңілдіктер деп түсініледі.

Кедендік төлемдер бойынша  жеңiлдiктер өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбiмен берiледi дербес сипатта бола алмайды.

Қазақстан Республикасының  басқа нормативтiк құқықтық актiлерiмен  кедендік төлемдер бойынша жеңiлдiктер беруге тыйым салынады.

1) жүктердi, багаж бен  жолаушыларды тұрақты халықаралық  тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдары, сондай-ақ жол жүру кезiнде, аралық аялдама бекеттерiнде оларды пайдалануға қажеттi немесе осы көлiк құралдары апаттарының зардаптарын жою (ақауларын түзеу)  үшiн шетелден сатып алынған материалдық-техникалық  жабдықтау   заттары,  керек-жарақтар, отын, азық-түлiк және басқа мүлiк;

2) теңiз кәсiпшiлiгiн  жүргiзетiн қазақстандық немесе  қазақстандық  тұлғалар жалдаған (кiреге алған) теңіз кемелерінiң өндiрiстiк қызметiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының кедендік аймағынан тыс жерге әкетiлетiн материалдық-техникалық жабдықтау   заттары,  керек-жарақтар, отын, азық-түлiк және басқа мүлiк, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетін кәсiпшiлiк өнiмдерi;

3) ұлттық және шетел  валютасы (нумизматикалық мақсаттарда пайдаланылатыннан басқа), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздар;

4) iзгiлiк көмек ретiнде  Қазақстан Республикасының  кедендік аумағына әкелiнетiн немесе Қазақстан Республикасының  кедендік аумағынан әкетiлетiн, акцизделетiн тауарлардан басқа тауарлар;

5) техникалық жәрдем  көрсетудi қоса алғанда, мемлекеттер,  үкiметтер, халықаралық ұйымдар желісі  бойынша өтеусіз көмек ретiнде,  қайырымдылық мақсатында Қазақстан  Республикасының  кедендік аумағына әкелiнетiн немесе Қазақстан Республикасының  кедендік аумағынан әкетiлетiн, акцизделетiн тауарлардан басқа (арнайы медициналық мақсатқа арналған жеңіл автомобильдерді қоспағанда), тауарлар;

6) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарына сәйкес   тауарлар;

7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және оның  филиалдары, өкілдіктері мен ұйымдары ақша белгілерінің өндірісі үшін әкелетiн шикізат;

8) кеден баждарын салудан босату көзделген кедендік режимдер шеңберiнде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар;

9) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тауарларды бажсыз әкелу мен әкету нормалары бойынша Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткiзетiн тауарлар;

10)   Қазақстан Республикасының  көші-қон туралы заңдарына сәйкес кедендік  баж салудан босатылатын тауарлар;

11) Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалған, мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар желісі бойынша берілген гранттар қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар;

12) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау үшін өткізілетін бітімгершілік немесе өзге де жаттығулар шеңберінде   Қазақстан Республикасының  кедендік аумағына әкелінетін немесе  сол аумақтан әкетілетін тауарлар;

13) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда,  осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық жеке құрамының жеке пайдалануы үшiн әкелiнетiн және әкетілетін тауарлар;

14) Қазақстан Республикасының  кедендік аумағына Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің жеке құрамы әкелетін тауарлар;

15) кейіннен Қазақстан Республикасының  кедендік аумағынан экспорттауға арналған акцизделетін өнімдерді маркалау үшін Қазақстан Республикасының  кедендік аумағына әкелiнетiн шетелде жасалған акциздік маркалар  босатылады.

Көрсетілген тауарларды кедендік ресімдегені үшін кеден баждары мен кедендік алымдарды салудан босатуға арналған құжаттарды беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.  

Қазақстан Республикасы мемлекеттерге  кедендік баждардан босату не оның ставкасын төмендету немесе тауарларды преференциялық әкелуге (әкетуге) квота белгілеу нысанында беретін сыртқы экономикалық қызмет саласындағы арнайы артықшылықтар тарифтік преференциялар деп түсініледі.

Тарифтік преференциялар Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша беріледі.

Қазақстан Республикасының   кедендік аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасымен кеден одағын немесе еркін сауда аймағын құратын мемлекеттерде шығатын тауарлар, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттерге Қазақстан Республикасының  кедендік аумағынан әкетілетін және Қазақстан Республикасында шығатын тауарлар кедендік баждарды салудан босатылады.

Қазақстан Республикасының  кедендік аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасының ұлттық преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы мемлекеттерден шығарылатын тауарларға төмендетілген ставка бойынша кеден баждары салынады. Мұндай мемлекеттер мен тауарлардың тізбесін, сондай-ақ кедендік баждардың ставкасын төмендету деңгейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айќындайды.

Қазақстан Республикасының  кедендік аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасының ұлттық преференциялар жүйесін пайдаланатын анағұрлым төмен дамыған мемлекеттерден шығарылатын тауарлар кедендік баждарды салудан босатылады. Мұндай мемлекеттер мен тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айќындайды.

Белгіленген кедендік баждарды төлеу мерзімін неғұрлым кейінгі мерзімге, бірақ кеден органы жүктің кедендік декларациясын тіркеген күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге ауыстыру кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту болып танылады. Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту кейінге қалдыру немесе  мәулеттік мерзім беру нысанында жүргізіледі.

Бұл ретте, кедендік баждарды төлеуді кейінге қалдыру - төлеу  мерзімін ұзарту, ал кедендік баждарды төлеу мерзімін қосымша кезеңге ұзарту - мәулеттік мерзім болып табылады,  осы кезең ішінде қажетті сома бөліп-бөліп төленуге тиіс.

Кедендік баждарды төлеу  мерзімдерінің өзгертілуі туралы шешімді  кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері және кедендер қабылдайды.

Өнеркєсіптік қайта  өңдеуге арналған акцизделетін тауарларды қоспағанда, импортталатын шикізаттар мен материалдарға кедендік баж  төлеу бойынша мерзімін ұзарту немесе мәулеттік  мерзім беріледі.

Төлеу мерзімін ұзарту  немесе мәулеттік  мерзім төленуге тиісті кедендік баждың барлық сомасына не оның бір бөлігіне қатысты берілуі мүмкін.

Төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім кедендік баждарды төлеуді қамтамасыз етілген жағдайда беріледі.

Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу бойынша берешегі бар не кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуден жалтаратын, сондай-ақ өздеріне қатысты банкроттықты рәсімдеу жөнінде іс қозғалған тұлғаларға кедендік баждарды төлеу бойынша мерзімін ұзарту немесе мәулеттік төлеу мерзімі берілмейді.  

Өнеркәсіптік қайта  өңдеу деп шикізаттарды және (немесе) материалдарды коды пайдаланылған  шикізаттардың және (немесе) материалдардың кодынан Сыртқы экономикалық қызметтің  тауар номенклатурасы бойынша бірінші  төрт белгінің кез келген деңгейінде ерекшеленетін өнім (тауар) алу үшін өндірісте пайдалану  түсініледі. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша бірінші төрт белгініњ кез келген деңгейінде өнімнің (тауардың) коды өзгеруіне қарамастан, өнеркәсіптік қайта өңдеуге:

1) қарапайым құрастыру  операциялары (тойтару, пісіру,  желімдеу, құрастыру және басқа да осыған ұқсас операциялар);

2) қоғамдық тамақтандыру  ұйымдарының тамақ өнімдерін қайта өңдеуі;

3) тауарларды сатуға  және тасымалдауға дайындау жөніндегі операциялар (тауар лектерін  бөлшектеу, жөнелтілімді қалыптастыру, сұрыптау,  буып-түю, қайта буып-түю);

4) алынған өнімге оны  бастапқы құрайтын бөліктерінен  Сыртқы экономикалық қызметтің  тауар номенклатурасының коды  бойынша бірінші төрт белгініњ  кез-келген деңгейінде ерекшелендіретін сипаттама берместен, тауарларды, компоненттерді араластыру жатпайды.  

Кедендік баж төлеу  бойынша мерзімін ұзарту немесе мәулеттік  мерзім әкелінетін шикізаттарды жєне (немесе) материалдарды кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын кеден органына төлеушінің жазбаша өтініші негізінде беріледі. 

Төлеуші өтінішпен бірге  мынадай құжаттарды:

1) сыртқы экономикалық  қызметке қатысушының есеп карточкасын;

2) әкелінетін шикізаттарды  және (немесе) материалдарды беруге  сыртқы сауда шартын (келісім-шартын);

3) кедендік баждар  төлеуді қамтамасыз ету туралы  құжатты;

4) жеке кәсіпкер немесе  Қазақстан Республикасының заң  актілеріне және құрылтай құжаттарына  сәйкес күнделікті басшылықты  және іс жүргізуді жүзеге асыратын  заңды тұлғаның лауазымды адамдары қол қойған, әкелінетін тауарларды шикізаттар және (немесе) материалдар ретінде пайдалана отырып жасалатын өндірістің технологиялық схемасын (өндірістің фрагментін);

5) егер әкелінетін  шикізатты және (немесе) материалдарды  қайта өңдеу Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес қызметтің лицензияланатын түріне жатса, шикізатты және (немесе) материалдарды қайта өңдеу құқығына лицензияның нотариат куәландырған көшірмесін береді.

Информация о работе Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы кеден төлемдері