Қазақстан Республикасындағы инфляцияның ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2012 в 06:47, курсовая работа

Краткое описание

Осы курстық жұмыстың бірінші бөлімінде инфляция ұғымы, оның тұрпаттары, даму заңдылықтары беріледі. Мұнда бірқалыпты, қарқынды инфляция және гиперинфляция сияқты осындай маңызды ұғымдар қарастырылады. Сондай-ақ теңгерілген және теңгерілмеген, күтілетін және күтілмейтін, ашық және басыңқы инфляцияларға анықтамалар келтіріледі. Және осы бөлімде инфляцияның негізгі себептері ашылған.
Екінші бөлімінде инфляцияның салдарлары: бағаның өсуі мен табыс нормалары, экономикалық және әлеуметтік шиеленістердің асқынуы, халықтың жинақтарының бағасыздануы, сондай-ақ инфляциямен күресудің әдістері туралы айтылады.

Содержание работы

Кіріспе..............................................................................................2
I. Инфляция ұғымы және мәні
1.1Инфляция көп факторлы құбылыс...........................................4
1.2Инфляцияның түрлерін жіктеу................................................5
1.3Инфляция себептері...................................................................9
II. Инфляцияның экономикалық-әлеуметтік салдарлары және антиинфляциялық саясат
2.1 Инфляция мәні мен салдары.................................................12
III. Қазақстан Республикасындағы инфляцияның ерекшеліктері
3.1Өтпелі экономикалық кезеңдегі Қазақстан Республикасының жағадайы .......................................................................................23
Қорытынды....................................................................................28
Қолданған әдебиеттер...................................................................30

Содержимое работы - 1 файл

инфляция.doc

— 189.00 Кб (Скачать файл)

         Мазмұны

         
Кіріспе..............................................................................................2                                                                                             

 I. Инфляция ұғымы және мәні   

1.1Инфляция көп факторлы құбылыс...........................................4                                            

1.2Инфляцияның   түрлерін жіктеу................................................5

1.3Инфляция себептері...................................................................9

II. Инфляцияның экономикалық-әлеуметтік салдарлары және    антиинфляциялық саясат 

2.1 Инфляция мәні мен салдары.................................................12                                                            

III. Қазақстан Республикасындағы инфляцияның ерекшеліктері 

3.1Өтпелі экономикалық кезеңдегі Қазақстан Республикасының жағадайы .......................................................................................23                                                                                         

Қорытынды....................................................................................28                                                                                     

Қолданған әдебиеттер...................................................................30

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Кіріспе.

     Инфляция  проблемасы экономикалық ғылымда маңызды орын алады оның көрсеткіштері мен әлеуметтік – экономикалық салдарлары елдің және бүкіл әлемдік шаруашылықтың экономикалық қауіпсіздігін бағалауда күрделі рөл атқарады. Қазіргі замандағы жағдайларда осы мәселенің өзектілігі инфляцияның дамуының мәнін, тереңдетілген себептерін және оның ерекшеліктері мен антиинфляциялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау қажеттілігімен анықталады. Менің курстық жұмысымның тақырыбын таңдауыма инфляция проблемасын жеткіліксіз зерделеу аспектісі елеулі әсерін тигізді.

     Дүниежүзінде ХХғ. екінші жартысында инфляция болмаған елдер тіпті жоқ. Егер 30-шы жылдары негізгі проблема жұмыссыздық болса, одан кейін негізгі проблема инфляция болды. Инфляцияның жылдық темпілері әлемдік экономикада 2,9%-дан 50-ші жылдары, 11%-ға дейін 80-ші жылдары өсті. Қазақстандағы макроэкономикалық құбылыстардың ерекшеліктеріне келсек, бұл «стандартты емес» нарықтық құрылым.

     Қазіргі замандағы инфляцияға бірқатар айырмашылықтар тән: егер бұрын инфляция локальді сипатта  болса, ал қазір - күнделікті, барлық орамды; егер бұрын үлкен және кіші кезеңді қамтыса, атап айтқанда, кезеңдік сипатта болса, ал қазір - хроникалық; қазіргі замандағы инфляция ақшалай ғана емес, сонымен бірге ақшалай емес факторлардың да әсерінде тұрады.

     Осы курстық жұмыстың бірінші бөлімінде инфляция ұғымы, оның тұрпаттары, даму заңдылықтары беріледі. Мұнда бірқалыпты, қарқынды инфляция және гиперинфляция сияқты осындай маңызды ұғымдар қарастырылады. Сондай-ақ теңгерілген және теңгерілмеген, күтілетін және күтілмейтін, ашық және басыңқы инфляцияларға анықтамалар келтіріледі. Және осы бөлімде инфляцияның негізгі себептері ашылған.

     Екінші  бөлімінде инфляцияның салдарлары: бағаның өсуі мен табыс нормалары, экономикалық және әлеуметтік шиеленістердің асқынуы, халықтың жинақтарының бағасыздануы, сондай-ақ инфляциямен күресудің әдістері туралы айтылады.

     Ал  үшінші бөлімінде Қазақстан жағдайындағы инфляция ерекшеліктері туралы айтылады.

 

     1. Инфляция ұғымы және мәні.

    1. Инфляция көпфакторлы құбылыс.

     Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көп уақыт бойы қолданылып келе жатыр. «Инфляция» термині АҚШ-та 1861-1865жж. азамат соғысы тұсында, екі жыл ішінде доллардың 60% - ға сатып алу қабілетінің төмендеуі кезінде қолданыла бастады. Инфляция дегеніміз не? Инфляция – бұл бағаның жалпы деңгейінің өсуі . Ал инфляцияның жалпы анықтамасы – бұл елде айналымдағы қағаз ақша көлемінің тым көбейіп кетіп, оның ақша тауары (алтын) жөнінде құнсыздануына ұласуы және соның салдарынан тауар бағасының өсуі. Қазіргі кезде қолданылып келе жатқан анықтама – бұл ұсыныс пен сұраныс арасындағы дисбаланс жєне бағаның өсуіне байланысты басқа да ұлттық шаруашылық пропорциялар бұзылуы нәтижесі. Жаңа қоғамда инфляцияда көрінетін байланыс қиындады: қағаз ақшаның алтынға тәуелдігі мүлдем үзілген; ақша айналымының дәстүрлі заңы бұзылған және инфляция жаңа халықаралық сипатта қалыптасыда. Бұның бір себебі мынада: көп елдер инвестицияны ынталандыру және экономиканы емдеу құралы ретінде ақша шығару қарқынын көтереді. Сондықтан инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қағаз ақшаны шектен  көп шығаруымен байланысты, бұл эмиссия ішкі айналым қажеттілігін де асып кетті. Нәтижесінде ақша құнсызданады, баға өседі, сондықтан барлық  шаруашылық пропорциялар бұзылады. Инфляция – қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктен туындайтын бағаның өсуі ретінде анықталады. Ақша массасының өсуі ірі масштабқа жеткенде  инфляцияның басты факторлары ақша массасындағы өзгеріс болып табылады.

     Инфляция  – бұл күрделі де, көпфакторлы құбылыс; ал қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады. Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінуде.

     Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, , ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған: қажетті ақша көлемі алтын – күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектелуі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі. Артық ақша сұранымды  арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді. 

             1.2 Инфляцияның түрлерін жіктеу.

               Инфляцияны әртүрлі белгілері  негізінде жіктейді. Инфляцияның мынадай типтері болады.

         Баға  өсуінің  қарқыны бойынша:

1.Бірқалыпты  – жылына 10% - ға дейін

2.Шоқырақтау  – жылына 20% - дан  200% - ға дейін.

3.Гиперифляция  – жылына 1000% - ға дейін.

                Экономика теориясында, жеке алғанда  осы күнгі Кейнсті жақтаушы экономистер инфляцияның бірқалыпты (баяу) түрін өндірістің дамуына қосымша оңды әсер ететін фактор ретінде қарастырады. Баяу инфляцияны олар мемлекеттің бірден – бір тиімді саясат жүргізу құралы ретінде түсіндіреді.  Бірқалыпты инфляция саясаты өндіріс пен нарық жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды  реттеп отыруға мүмкіндік береді.

         Шоқырақтау (қарқынды) инфляция – экономика үшін едәуір  қиын жағдай, біраз іскерлік қатынастардың  көбі қарқынды инфляцияны алдын ала  ескеріп, оған икемделе береді.

         Гиперинфляция –  инфляцияның ұлттық өндіріс пен  жұмыс бастылық, көлеміне күйретерліктей ықпал жасайтындай төтенше тез  қарқынды өсуі болып табылады. Гиперинфляцияда бағалардың  жалпы деңгейі мыңдаған процентке артқан жағдаймен сипатталады. Гиперинфляция кезінде бағалардың  өсу қарқыны айналымға  шығарылған  ақша көлімінің өсуінен көп есе артып кетеді.  Мәселе мынада, егер бағалар жайлап, тұрақты өсіп келе жатса халық пен кәсіпорын олардың одан әрі көтеріле түсуіне дайындалады.

         Инфляция  ашық және басыңқы деп ажыратылады. Біріншісі – бағаның өсуі, екіншісі – тауардың жоғалуы.

         Ашық инфляция жағдайында бағалардың өсуі және өсу қарқыны айқын байқалады және ресми түрде есепке алынады. Бірақ, бағалардың деңгейі ресми түрде өспеген болса да, құнсыздану (инфляция) жағдайы қалыптасуы мүмкін. Инфляцияның бұл түрлі тауар тапшылығынан көрінеді. Тауарлардың тапшылығына байланысты оларды ақшаға сатып алу қиындайды, яғни ақша (табыс) құнсызданады.

         Ашық инфляцияны жіктеу үшін бірнеше белгі қажет:

1.Бағаның  өсу қарқыны (баға индексі).

2.Әр  түрлі тауар топтары бойынша  бағаның өсу деңгейінің алшақтауы.

3.Инфляцияның  күтілуі және алдын ала болжануы.

        Бірінші белгі тұрғысынан, жоғарыда аталып кеткендей, баяу, секірмелі және гиперинфляция деп ажыратылады.

          Екінші белгі  тұрғысынан, инфляцияның екі түрін ажыратады: тең және тең емес. Тең инфляцияда  әр тауардың бағасы бір – біріне қатысты өзгермейді, ал тең емес инфляцияда әр тауардың бағасы бір – біріне қатысты үнемі өзгеріп тұрады.

         Инфляция  теңгермелі  түрде болуы мүмкін, яғни бағалар бір қалыпты және баяу өседі. Бұл жағдайда  бағалардың бір жылдық өсуіне сәйкес процент кесімі  (ставкасы) де өседі.  Нарықта тепе – теңдік (тұрақтылық)  сақталады. Теңгермелі  емес инфляция кезінде жеке тауар топтарына бағы бірқалыпты емес, әртүрлі қарқынмен өседі.

         Үшінші белгіден, күтілетін және күтілмейтін инфляцияны бөледі. Күтілу факторы инфляцияның салдарынан білінеді. Егер фирмалар мен халық келесі жылы баға 5 есе өсетінін білсе, онда тиімді нарық жағдайында олар келесі жылы өздерінің тауар бағасын 5 есе көтереді және ешкім күтілетін инфляциядан  зардап шекпейді. Ал  күтілмейтін инфляция жағдайында бағаның 10%- ке өсуі экономикалық жағдайды күрт нашарлатады.

         Тосылған инфляциясы тосын  инфляциядан айыра білген жөн. Тосылған инфляцияны алдын ала болжауға болады, немесе  оны үкімет арнайы мақсатпен «жоспарлайды». Тосын  инфляция бағалардың кенеттен және тез өсуінен көрінеді.  Мұндай жағдай ақша айналымын және салық жүйесін бұзады. Тұрғындар  бағаның өсуінен сескеніп, қолындағы қаражатын сақтап қалу мақсатында тауарларды жаппай сатып ала бастайды. Сондықтан нарықта қалыптасқан жағдай бұзылады, сұраным мен баға бұрынғыдан да тез өсетін болады. Сонымен  бағалардың  кенеттен, тосын түрде өсуі тұрғындардың «инфляциялық, тосу психологиясын» туғызады. Егер тосын инфляция (бағаның кенеттен өсуі) экономикасы дамыған елде пайда болса, ал нарық жағдайына қатты әсер етпейді. Экономикасы тұрақты да қуатты елде тұрғындар бағаның уақытша ауытқуынан қорықпайды; және бағаның өсуі қаншама тез болса, соншама оның құлдырап түсіп кетуі әбден мүмкін болатынына сенеді; сондықтан олар бағаның түсуін күтіп табысын үнемдеу мақсатында сатып алуды күрт табысын қысқартады. Нарықтық сұранымның қысқаруы баға деңгейіне әсер етеді, бағалардың өсуі тоқтайды, олардың деңгейі құлдырап, бастапқы қалпына келеді.

          Басыңқы инфляция жағдайында бағаны мемлекет реттейді, бұл СССР (КСРО) – да орын алған. Сондықтан тауарға сұраныстың өсуінде баға көтерілмейді (бұл нарық шартына сәйкес) және тепе – теңдіктен төмен болады. Содан дефицит пайда болады. Дефицит көлеңкелі экономиканы тудырады. Қажет тауарда іздеуді сатып алушы сатушыға қажетінен көп төлеп бұдан  ақша өндірісті айналып өтіп, саудада шоғырланады. Сосын өндірушілерде тауар өндіруге ынта болмайды. Соңында сұраныс пен ұсыныс арасында дисбаланс күшейеді.

         Инфляция – қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде сәйкессіздіктен туындайтын бағаның өсуі ретінде анықталады. Ұзақ мерзімді болашақта, сондай ақ ақша массасының өсуі  ірі  масштабқа жеткенді, инфляцияның басты факторы ақша массасындағы өзгеріс болып табылады.

         Өнімнің көтерме  бағасы оларды дайындауға кететін шығындардың  өсуімен байланысты өсіп отырады. Экономиканың  әр түрлі секторларындағы табыстарды мемлекет тарапына қайта бөлу есебінен кейбір тауарлар шеңберіне бөлшек сауда бағасы тұрақты болып отырады. Сонымен қатар тауарлардың тапшылығына байланысты арзан тауарларды шығару орын алды. Кейбір  тауарлардың бөлшек  саудада  болмағанына қарамай төменгі бағалары сақталып қалады.  Мұның барлығы жабық инфляцияның болғандығы туралы айтуға мүмкін берері сөзсіз.

     Батыс елдерінің экономистері жасаған  теорияларда альтернативті концепция  ретінде сұраным инфляциясы және ұсыныс инфляциясы анықталады. Бұл  концепцияларда инфляцияның қалыптасу  себептері қарастырылады. Сұраным  инфляциясы жалпы сұраным арасындағы тепе – теңдіктің сұраным жағынан бұзылуын білдіреді.  Бұл жерде мемлекет шығындарының  артуы, өндіріс және еңбек ресурстарының толық іске қосылған жағдайында өндіріс құралдарына қосымша сұранымның қалыптасуы және тұрғындардың тұтынушылық мүмкіншіліктерінің артуы негізгі себеп болуы мүмкін. Осы жағдайларға байланысты айналымға артық ақша массасы шығын, жалпы баға деңгейі өседі. Өндіріс саласында еңбекпен толық қамтылған жағдайды айналымдағы артық төлем ақша массасы шектеулі. Мұндай жағдай толық жұмыспен қамтылуда, жалақының өсуінде пайда болады, бұдан жинақталған сұраныс артық болады, ал бұл бағаның өсуіне итермелейді. Ұсыныс инфляциясын сонымен қатар шығын инфляциясы деп те атайды, демек өндіріс шығынының өсуіне және энергия мен шикізатқа бағаны көтереді. 
 

1.3 Инфляцияның себептері.

                Инфляция негізінен шаруашылықта  қалыптасқан әр түрлі диспропорцияларға  байланысты болатынын еске ала  отырып, оның негізгі себептерін  қарастырып көрейік. Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен  табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе – теңдіктің бұзылуы. Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығы түрінде көрінеді. Егер тапшылық орталық банктің несиелі, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған болса, онда бұл айналымдағы ақша массасын арттырады және инфляцияны қалыптастыруы әбден мүмкін. Екіншіден, егер инвестицияларды қаржыландыру жоғарыда айтылған әдіспен, яғни орталық банктің несие беруімен жүргізілетін болса, түптен келгенде, бұл да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін. Үшіншіден, осы күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы ХХ ғасырда нарық құрылымының өзгеруімен түсіндіреді. Қалыптасқан өндіріс түріне жаңа фирмалардың келуіне шек қою арқылы олигополиялық фирмалар жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ уақыт ұстап қалуға ұмтылады. Төртіншіден, ұлттық экономикалардың ашыла түсуіне, олардың дүниежүзілік шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы қаупі артады. Өндірушілер де шикізат пен материалдарға және энергияға бағаның өсуін болжап өздерінің өнімдеріне бағасын арттыра түседі. Әрбір өндіруші өзін инфляциядан алдын ала сақтандыру мақсатында өніміне бағаны еселеп көтереді. Инфляцияның себептері сан қилы, бірақ әр кезде олардың белгісі бір комбинациясы қалыптасады.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы инфляцияның ерекшеліктері