Банк жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 19:51, реферат

Краткое описание

Банктердің және тауарлы- ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болар. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.

Содержание работы

Кіріспе

1 тарау. Банк жүйесіне жалпы сипаттама
1.1. Банктің пайда болу тарихы
1.2. Банктердің атқаратын қызметтері және түрлері

2 тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесі
2.1. Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу тарихы және дамуы
2.2. 1930-1932 жылдардағы несие реформасы
2.3. 1988 жылғы түбегейлі банк реформасы

3 тарау. Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банк жүйесін құру
3.1. Ұлттық банк – Қазақстан Республикасының Орталық банкі
3.1.1. Банк жүйесінің екінші деңгейінің құрылымы
3.2. Коммерциялық банктер

Қосымша

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

1770 Банк жүйесі. Қазақстан Республикасында банк жүйесінің даму ерекшеліктері.doc

— 269.50 Кб (Скачать файл)

Президенттің немесе үкіметтің тапсырмасы бойынша Ұлттық банктің қоймасында сақтау үшін үкіметтік (бюджеттік) резервке алынған құндылықтарды  қабылдайды. Алтын және басқа да бағалы металл құймаларын, монеталарды, өңдеген және өңделмеген табиғи асыл тастарды ішкі және сыртқы   операцияларын жүргізеді.

Ұлттық банк өз шығындарын өз қаражатымен өтейді. Оның өз қаражаты жарғылық резерв капиталынан қайта  бағалау шоттары және арнайы провизияларынан (резервтерінен) құрылады.

Ұлттық банктің жарғылық капиталы 20 млдр. теңгеден қалыптасады және оның міндеттемелерін қамтамасыз етеді. Жарғылық капитал мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыдан, мемлекет берген негізгі қордың құнынан және Ұлттық банктің алған пайдасынан құрылады.

Резерв капиталы жарғылық капиталы мөлшерінен тұрады. Таза табысы есебінен толтырылып, жүргізілген операциялар бойынша шығындарды өтеуге жұмсалады.

Алтын валюта активтерін қайта бағалау шоты оларды қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған табысты есепке алуға арналады. Бұл шоттың Ережесін Ұлттық банктің Басқармасы бекітеді. Алтын валюталық резерв теңгенің ішкі және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету үшін құрылып және сол мақсаттарға жұмсалады. Алтын валюталық резерв теңгенің ішкі және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету үшін құрылып және сол мақсаттарға жұмсалады. Алтын валюталық резерв төменгі элементтерден құрылады:

    • алтыннан;
    • банкнота, монета түріндегі шетел валютасынан, шетелдердегі және республикадағы Ұлттық банктің шоттарындағы қаржылардың қалдықтарынан;
    • Ұлттық банкте сақтаулы валюталық құндылықтардан;
    • шетел үкіметтері немесе халқаралық қаржы мекемелері шығарып, кепілдік берген бағалы қағаздардан;
    • шетел валютасындағы жай және аударым вексельден;
    • өтімділігі және қауіпсіздігі қамтамсыз етілген жағдайдағы шетел валютасындағы басқа сыртқы активтерден құрылады.

Арнайы провизиялар (резервтер) Ұлттық банктің шығыстары есебінен күмәнді және үмітсіз талаптарынан, оған қоса несиелерден, депозиттерден, бағалы қағаздардан, есеп айырысу кезіндегі шығындардан, шоттардағы қалдықтардан және басқа активтерден, сондай-ақ жалпы провизиялардан құрылып, оған аяқталмаған құрылыс көлемі және Ұлттық банктін монетарлық емес талаптары және әлеуметтік сипаттағы төлемдер кіреді.

Ұлттық банктің қаржылық жылдағы таза табысы оның іс жүзінде алған кірістері мен осы жылғы шығын арасындағы айырмаға тең. Шығынға шығарылып тасталған күмәндіборыштар, активтердің, оның ішінде айналымға шығарылған банкноталар мен монеталардың амортизациясы қосылады. Табыс жоғарыда айтқанымыздай, жарғылық, резерв капиталын қалыптастыруға жұмсалып, қалған бөлігі келесі қаржы жылының республикалық бюджетіне жіберіледі.

Ұлттық банктің басқарушы  органы болып Басқарма және директорлар  Кеңесі (Директорат) саналады. Оның жоғары органы – Басқарма, ол 9 адамнан тұрады. Оған Ұлттық банктің төағасы, бес лауазымды адамы және Президенттен бір, Республика Үкіметінен екі өкіл кіреді. Президенттен, Республика Үкіметінен екі өкіл кіреді. Президенттен, Республика Үкіметінен және Ұлттық банктен кірген басқарма мүшелерін тиісінше Президент, Үкімет және Ұлттық банктің төрағасы бекітеді және қызметтен босатады.

Ұлттық банктің төрағасын  республика Президенті Парламентпен келісе отырып 6 жыл мерзімге тағайындайды. Егер төраға қызметтен кеткісі келсе 2 ай бұрын алдын ала Президентке арыз жазуға құқылы. Оны қызметтен Президент босатады. Төраға Ұлттық банктің қызметіне жауапты. Оның орынбасарларын төрағаның ұсынысымен Республика Президентітөрағаның бекітілген меріміне тәуелсіз 6 жыл мерзімге бекітеді. Төрағаның орынбасарларын қызметінен төрағаның ұсынысымен республика Президенті босатады. Сондай – ақ төрағаның орынбасарлары өз еркінше қызметінен кеткісі келсе, онда 2 ай бұрын төраға арқылы Президентке арыз береді.

Ұлттық банктің Басқармасының  мәжілістері қажетті кезде, бірақ айына кемінде 1 рет өткізіліп, онда Ұлттық банктің, жоғарыда айтылған қызметтерін орындайды, ал Ұлттық банктің күнбе – күнгі қызметін басқаратын орган – Директорлар Кеңесі Президенттің «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заң күші бар Жарлығына сай Ұлттық банктің қарауындағы барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

Ұлттық банктің облыстық басқармалары өз қызметін Ұлттық банк белгіліген уәкілдік шегінде атқарып, оған есеп беруге міндетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.1.1. Банк жүйесінің екіші деңгейінің құрылымы

«Қазақстан Республикасындағыбанктер және банк қызметі туралы» республика Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы Заң күші бар Жарлығында «Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесі бар. Ұлттық банк – мемлекеттің Орталық банкі, ол банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіндегі банк. Басқа банктердің барлығы банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейіндегі банктер» делінген.

 Ұлттық банктің  статистикалық көрсеткіштері бойынша  2000 жылдың басында республикада  екінші деңгейдегі 55 банк тіркелген, оның ішінде 1 мемлекеттік банк, яғни жарғылық капиталының 100%-і республика үкіметінің қатысуымен құрылған: 1 мемлекетаралық банк; 22 шетелдердің қатысуымен құрылған (резидент емес банктердің еншілес банктерін қосқанда) банктер, Республикада шетел банктерінің 17 өкілі ашылған. Республикада сондай-ақ тіркеуден өткен 44 ломбард, 7 несие серіктестігі және кейбір банктік операция жүргізетін 46 басқа мекемелер бар, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазыналық департаменті, оның 14 облыстық басқармасы мен Алматы қалалық басқармасы; Ұлттық банктің Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы; «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталығы», Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны; «Қазақстандық қор биржасы» ЖАҚ; «Бағалы қағаздар Орталық депозитарийі» ЖАҚ; «Шағын несие» үкіметтік емес ұйым» Қоғамдық қор және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2. Коммерциялық банктер

Коммерциялық банктер – кәсіпорындар мен ұйымдарға, сондай-ақ халыққа тікелей және жан-жақты кешенді қызмет көрсететін банктер. Бұл олардың басқа арнаулы несие мекемелерінен айырмашылығы. Ал банк емес несие мекемелерінің банктерден өзгешелігі олар тек кейбір банктік операциялар жүргізумен және кейбір қызмет түрін көрсетумен шұғылданады. Коммерциялық банктердің негізгі мақсаты – неғұрлым жоғары пайда табу.

Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес банк емес несие мекемелері өзінің негізгі немесе қосымша қызметтері ретінде депозиттер қабылдауға құқы жоқ. Сондай-ақ өзінің атауында, құжаттарында, хабарландырулар мен жарнамаларында «банк» деген сөзді, ия болмаса депозиттер қабылдап, басқа банктік операциялар жүргізеді немесе банк ісіне аудиторлық бақылау жүргізеді деген ұғым қалыптастыратын туынды сөздерді қолдануға тыйым салынады. Бұл тыйым Ұлттық банкке, банктердің филиалдарды мен өкілдіктеріне, халқаралық қаржы ұйымдарына қолданылмайды. Ұлттық банктің лицензиясыз жүзеге асырылған банк операциялары жарамсыз деп табылады.

Егер банк мемлекеттік банк болмаса және банк пен мемлекет өзара міндеттеме алмаған жағдайда банктер мен мемлекет бір – бірінің міндеттемелеріне жауапты емес. Мемлекет банктің міндеттемелері бойынша тек мемлекеттік банктің жарғылық қорына салған қаражаты шегінде ғана жауап береді. Мемлекет Қазақстан Республикасысының резиденттері – мемлекетаралық банктердің қабылдаған депозиттерінің сақталуына олардың жарғылық қорындағы Үкіметтің үлесіне пропорцияларды міндеттеме алып жауап береді.

Банктік заңдарға сәйкес банктер үшін заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысуға мынадай қызметтерге тыйым салынған және шектелген:

    • банктердің, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін басқару жәнеөніндегі компаниялардың, инвестициялық қорлардың, сақтандыру ұйымдарының, лизинг беруші  ұйымдардың, сондай – ақ акцияларды қор биржасында листингтен өткен заңды тұлғалардың ( шығарған акцияларының жалпы санынан бір эмитенттің акциялары он бес проценттен аспайтын мөлшерде ) жарғылық капиталдарына банктердің қатысуына;
    • қаржы нарығының инфрақұрылымдық бөлігі болып табылған және банк қызметін автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталына банктердің қатысуына;
    • бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асырушы ұйымдардың жарғылық капиталына банктердің қатысуына;
    • банкроттық рәсімдеріне төлем қабілеті жоқ борышкерлер мүлкі мен істерін басқару жәнеөніндегі қызметке тыйым салу қолданылмайды.

Осы айтылғандай заңды  тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуға тыйым салынғаннан басқа банктерге мынадай қызметтермен шұғылдануға рұқсат етілген:

    • банк опетацияларының жекелеген түрлерін (2 кесте) жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын маманданған бағдарламалық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға;
    • кез келген ақпарат тарату түрлетінде банк қызметінің мәселелері жәнеөніндегі арнаулы әдебиеттерді сатуға;
    • қаржы қызметіне байланысты мәселелер жөнінде кеңес беру қызметін көрсетуге;
    • банк қызметіне байланысты мәселелер жөнінде басқа да тұлғалардың мүддесін білдіруге;
    • өз мүліктерін сақтауға;
    • заем алушы кепілге берген мүліктерін заңдарда белгіленген тәртіппен сатуға;
    • банк – қаржы қызметі саласындағы мамандардың біліктілігін көтеру жәнеөніндегі оқуды ұйымдастыруға;

Банк жүйесінің екінші деңгейіндегі банктер өз қызметтерін  үйлестіру, ортақ мүдделерді қорғау және білдіру, бірлескен жобаларды  іске асыру, сондай – ақ басқа да ортақ мақсаттарын орындау үшін банктік ассоциациялар және одақтар  құруға құқылы.

Ассоциациялар ( одақтар )комерциялық ұйымдар емес. Оларды банк жүйесіндегі бәсекелестікті шектеу, проценттік мөлшерді реттеу, несие беру және басқа банктік қызметтер жағдайларын үйлестіру мақсатында қолдануға болмайды.

Банктер Қазақстанның кез келген жерінде және оның шекарасында тыс жерлерде өзінің еншілес банктерін, филиалдарын және өкілдіктерін ашуына болады. Еншілес ( дочерный) банк – жарғылық қорының елу процентінен астамы енші беруші бас ( родительский ) банкке қарайтын екінші деңгейдегі банк. Ол – дербес заңды тұлға.

Банктер алғашқыда ұсынушы  акциясын шығаруға құқы жоқ жабық  типті акционерлік қоғам формасында ұйымдастырылды. Егер банк Ұлттық банктің  депозит қабылдауға берген лицензиясын  алғаннан кейін бір жыл ішінде үздіксіз шығынсыз қызмет істеп және ақша фоамасында несие беріп, сондай – ақ жыл бойы Ұлттық банк бекіткен лимиттер мен міндетті нормаларды орындаған жағдайда ашық типтегі акционерлік қоғам ретінде қайта құрылды. Банкті құрушы акционерлердің ол ашық типті акционерлік қоғам артықшылығы болмайды немесе олар басқа акционерлерге қарағанда қандай да бір қосымша міндет атқармайды.

Банкті құрушы және акционері  Қазақстан Республикасының резиденттері және резиденттері емес – заңды  және жеке тұлғалар болуы мүмкін. Үкімет банктің құрушысы және акционері  болуы мүмкін. Жарғылық капиталының елу проценттен астамы мемлекетке қарайтын мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар банктің құрылтайшысы және акционері бола алмайды. Банкті құрушылардың ( акционерлердің ) бірден – біреуі оның құрылуы кезінде де және одан кейін де банктің дауыс құқығы бар акциясының жиырма бес проценттен  астамын тікелей немесе жанама иелене, қолдана және/ немесе басқара алмайды. Бұл шектеудің мемлекеттік, мемлекетаралық банктер мен бас банкті құрушыларға қатысы жоқ екенін айта кеткен жәнеөн.

Банк құрушы заңды немесе жеке тұлға Ұлттық банкке банк ашуға рұқсат алу үшін өтініш беруі керек. Арызға келесі құжаттар қоса тіркеледі.

    • жаңадан құрылатын банктің құрылтай құжаттары: құрылтай шарты, жарғысы, жарғыны қабылдаған және банктің органдарын бекіткен хаттама;
    • құрылтайшылар туралы мағлұат ( Ұлттық банктің белгіленген тізімі бойынша), құрылтайшы – заңды тұлғаның соңғы екі жылдағы бухгалтерлік балансы, құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық фирманың қорытындысы;
    • егер құрылтайшылардың біреуі немесе одан көбі Қазақстан Республикасының резиденті болмаған жағдайда: сол мемлекеттікң мемлекеттік немесе қадағалау органының Қазақстан Республикасының резидент – банкісінің жарғылық қорына қатысуға берген жазбаша рққсат.

Ұлттық банк – банк ашуға рұқсат беру үшін қажет басқа  да қосымша сұрап алуы мүмкін.

Банк құрылтайшылар  шарты негізінде құрылып, өзінің жарғысына сай қызмет атқарады. Банк құру туралы құрылтайшылар шартында шаруашылақ серіктестері туралы заңда  қарастырылған мәліметтерден басқа міндетті түрде төмендегі анықтамалар болуы керке:

    • құрылтайшылар туралы мәліметтер, оның ішінде олардың әрқайсысының толық фирмалық атауы және тұрған мекені, сондай – ақ оларды мемлекеттік тіркеуден өткізгендігі туралы анықтама( заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін – аты, азаматтығы, тұрған жері және жеке басын куаландыратын құжаттағы белгілер.
    • акцияның мөлшері, санаты ( категориясы) және көрсетілген құны туралы мәліметтер.

Банктің жарғысында шаруашылық серіктестері туралы заңда қарастрылған мәліметтерден басқа міндеті түрде төмендегі анықтамалар болуы керек:

    • банктің толық және қысқартылған фирмалық атауы;
    • банктің ұйымдастыру – құқықтық формасы мен меншік формасы туралы белгілер;
    • банктің қорларын құру және пайдалану принциптері:
    • банктің басқару органдарының қаулы қабылдау тәртібі, оған қоса акционердің көпшілік даусы қажет сұрақтардың тізімі.

Ұлттық банктен басқа  банктер өзінің атауына кез келген тілде толық немесе қысқартып  « ұлттық», « орталық» деген сөздерді келтіруге, дәл сол сияқты мемлекеттік банктен басқа банктер «мемлекеттік» деген сөзді пайдалануына болмайды.

Банктің жарғылық қоры оның міндеттемелерін қамтамасыз етіп, банктік операциялар жүргізудің негізгі көзі болып саналады. Алғашқы ол ( мемлекеттік банкті қоспағанда) акция сату есебінен, ия болмаса құрылтайшылардың жарнасынан қалыптасады. Банктің құрылтайшылары мен акционерлері сатып алған акцияларына тек ақша төлеуге міндетті. Жабық акционерлік қоғам түріндегі банктің акциясын төлеуге оның несиеге алған, кепілге алған және басқа да тартылған қаражатты қолдануға болмайды. Банктің акциясы алғашқы нарықта барлық құрылтайшыларға бірдей құнмен, яғни акцияның көрсетілген құнымен сатылады. Жаңадан құрылған банктің оның құрылтайшы құжаттарында жарияланған жарғылық қорының 50 процентін акционерлері банк тіркеуден өткен кезге дейін, ал тіркеуден өткенкүннкн бастап бір жыл ішінде түгел төлеуі қажет.

Информация о работе Банк жүйесі