Банктік қадағалау
Курсовая работа, 12 Марта 2012, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Қазақстанда банк жүйесі екi деңгейлi жүйеде қалыптасқан. Еліміздің экономика және қаржы саласындағы банктердің алатын ролі мен орнының маңызы зор, сондықтан да банк жүйесін мемлекеттік органдар тарапынан қадағалау олардың қызметтерін реттеуді қажет етеді. Себебі банкілік қызмет белгілі бір тәуекелге барумен тығыз байланысты. Банк әр түрлі операцияларды тәуекелге бара отырып іске асырады, банктер өз іс-әрекетін жүзеге асыру мақсатында жеке және заңды тұлғалардан ақша-қаражатын тартып, өз акционерлері мен клиенттеріне, салымшылары мен қарыз берушілеріне дивиденттер төлеп отырғандықтан, банк қызметінде жеке және заңды тұлғалардың әр түрлі мүдделері тоғысады.
Содержание работы
Кіріспе
1. Банк қызметтерін қаржылық қадағалау және оны ұйымдастырудың теориялық негіздері
1.1 Банк қызметтерін қаржылық қадағалаудың мәні, құрылымы
1.2 Банктік қадағалау әдістері
2. Банктік қадағалау және банк қызметтерін реттеу
2.1 Қазақстан Республикасында банктік қызметті қаржылық қадағалаудың құқықтық негіздері
2.2 Қаржылық қадағалаудың экономикалық нормативтері және олардың маңызы
2.3 Банк қызметтерін пруденциялдық реттеу
3. Банк қызметтерін қаржылық қадағалауды жетілдіру жолдары .
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 78
Содержимое работы - 1 файл
Курсовая работа Банковский надзор.docx
— 119.47 Кб (Скачать файл)Мемлекеттік бақылау ведомствадан тыс және ішківедомствалық болып бөлінеді. Ведомствадан тыс банктерге бақылауды салық инспекциялары, қаржы құқық бақылау комитеті қорғау органдары жүргізеді. Олар банктің қызметін әртүрлі бағытта: шаруашылық, ағымдық, бухгалтерлік есебінің жай-күйін заң және нормативтік актілердің сақталуын, ақша-кредит саясатының дұрыс жүргізілуін т.б. тексереді.
Банк қызметін ішкі ведомствалық бақылау мен қадағалау банк жүйесінің жоғарғы сатысы – ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттік жүзеге асырады.
Банкiлердiң қаржы тұрақтылығын
қамтамасыз ету, олардың депозиторларының
мүдделерiн қорғау, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының ақша-несие
- резервтiк талаптар нормаларын, күдiктi және сенiмсiз активтерге қарсы провизияларды қоса, пруденциалдық қалыптарды және банкiлер сақтауға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi белгiлеу;
- банкiлер орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық құжаттарды басып шығару;
- банкiлердiң қызметiн инспекциялау (тексеру);
- банкiнiң қаржы жағдайын сауықтыру жөнiнде ұсыныстар беру;
- банкiлерге немесе олардың лауазымды адамдарына ықпал етудiң шектеулi шараларын қолдану;
- банкiлерге санкциялар салу арқылы реттеудi жүзеге асырады.
Банктердің қызметін реттеу жекелеген банктерге қатысты да, шоғырландырылған негізде де, яғни банк тобына қатысты да жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу механизмінің тәртібі ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттіктің екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу және қадағалау бойынша нормативтік құқықтық актілерімен анықталады.
1995 жылы
31 тамызда қабылданған «Банктер
және банктік қызмет туралы»
ҚР заңының 41-бабына сәйкес, екінші
деңгейдегі банктердің
Банктер қызметтерін реттеу жолдары
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мен қадағалау жөніндегі агенттік халықаралық банктік тәжірибеде қолданылатын нормативтер мен орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді белгілеуге құқылы. Ол сонымен қатар банктердің пруденциялық нормативтерді және орындауға міндетті басқа да нормалар мен міндеттерді бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілейді.
Қойылған
талаптарға банктің қаржылық жағдайының
сәйкестігі туралы мәселені шешу мақсатында
ҚР Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі агенттік белгілі мөлшерде
банктің капиталының көлемін
анықтауға құқылы. Пруденциялдық
нормативтер немесе орындауға міндетті
басқа да нормалар мен лимиттердің
нормативтік белгілері мен
Банктік
қызметті жүзеге асырумен байланысты
шығындарды табу мақсатында банктер
резервтік қор құруға міндетті.
Резервтік қорлар банктердің дивиденттерді
төлеуге дейінгі табысының
Банктер жүргізетін операцияларының түрлері мен көлеміне қарай өздерінің қызметінің сенімділігіне бақылауды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасындағы банктер туралы заңға сәйкес, уәкілетті орган бекіткен тәртіпте күмәнді және үмітсіз қарыздарға қарсы арнайы провизиялар құру арқылы берілген несиелер мен басқа да активтерді жіктеуге міндетті.
1.2 Қаржылық қадағалау әдістері
Қазақстандағы екінші
Бұл – қашықтан (дистанционды) қадағалау әдісі және инспекциялық әдісі.
Қашықтан
қадағалау әдісі – бұл
Ақпараттық есеп базасы. Банктердің қызметін кешенді түрде сипаттайтын ақпараттың негізгі және жинақтаушы көздері болып табылатын банк балансы мен қаржылық есеп есебін талдау барысында жеке банктік операциялардың тәуекелдік деңгейі мен табыстылығын, өтімділігін анықтауға, меншікті және тартылған қаражаттардың көздерін, олардың белгілі бір кезеңге орналастыру құрылымын айқындауға, сондай-ақ банк жүйесіндегі жеке бір банктердің қызметінің мамандануы мен маңызын белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық талдаудың мақсаты – енді пайда болып келе жатқан мәселелерді қаржылық тұрақсыздыққа ұшырауға дейін айқындау. Бұндай мәселелерді айқындау банктердің қаржылық есеп беруінен және осы мәселеге қатысты басқа да ақпараттардан (басқару сапасы туралы, сыртқы аудиттің сапасы мен аудиторлардың есеп беруінің мазмұны туралы ақпараттар) алынатын қаржылық ақпараттарды талдауды жүзеге асырумен іске асады.
Көрсеткіштің атауы\күні |
1.01.11 |
1.09.11 | ||
негізгі борыш сомасы,млрд. теңге |
Жиынтығына %-бен |
негізгі борыш сомасы,млрд. теңге |
Жиынтығына %-бен | |
Несие портфелінің барлығы |
9065,9 |
100,0 |
9802,9 |
100,0 |
Стандартты |
2389,4 |
26,4 |
2457,4 |
25,1 |
Күмәнді |
4858,2 |
53,5 |
5268,4 |
53,7 |
1-санатты күмәнді |
1598,8 |
17,6 |
1497,9 |
15,3 |
2-санатты күмәнді |
573,3 |
6,3 |
588,5 |
6,0 |
3-санатты күмәнді |
954,3 |
10,5 |
1200,6 |
12,2 |
4-санатты күмәнді |
486,4 |
5,4 |
467,2 |
4,8 |
5-санатты күмәнді |
1245,4 |
13,7 |
1514,2 |
15,4 |
Үмітсіз |
1818,3 |
20,1 |
2077,1 |
21,2 |
Қашықтан талдау жүргізетін мамандар мынадай міндеттерді шешеді:
1) Банктердің
пруденциялық нормативтер мен
сақтауға міндетті басқа да
нормалар мен лимиттерді, резервтік
талаптар және күмәнді
2) Банктердің
қаржылық қызметін қарастыру,
оның болашақтағы жұмысы мен
дамуы жайлы ой қалыптастыру,
оның нәтижелерін соған ұқсас
банктердің нәтижелерімен
Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық қызметін талдау банктердің қызметінің қаржылық жағдайы мен нәтижесіне қатысты мынадай маңызды сұрақтарды қамтиды:
- капитал;
- активтердің сапасы;
- пайдалылық пен рентабельділік;
- өтімділік.
Қаржылық талдаумен айналысатын мамандар банктік мәселелердің пайда болуының мүмкін болар жақтарын айқындауы тиіс.
Капиталды талдау.Капитал банктің қаржылық жағдайының ең маңызды көрсеткіші болып табылады.
Капитал
жеткіліктілігі, оның табыстылығы сияқты
қашықтан бақыланып отыруға тиіс.
- Банк капиталы стандарттарға жауап бере ме?
- Ең төменгі капитал мөлшерінен асқан жағдай болды ма?
- Капитал деңгейінің банктің өзіне алған тәуекелге қатынасы қандай?
- Ең төменгі стандарттармен жеткіліксіз есептеуге алынған тәуекелдер бар ма?
- Банк капиталының деңгейінің өзгеру үрдісі қандай?
Оның көбеюі мен азаюының себептері неде?
- Банк капиталының сапасы қандай?
Капиталдың кез келген бөлігін банк үшін тұрақты қаражаттар көзі деп санамауға себептер бар ма?
Активтердің
сапасын талдау.Банктің
Активтердің сапасын қашықтан бақылау мен талдау банктердің қызметін реттеу механизмінің маңызды бір бөлігі болып табылады.
Қашықтан
бақылаудың талдаушысы банк активтерінің
жалпы сапасының нашарлауы
Жалпы активтердің сапасын қашықтан талдау кезінде тексеруші мынадай сұрақтарды көрсетуі керек:
- Өткен тоқсанда банктің несие тәуекелі жағдайында ерекше өзгерістер байқалды ма?
- Жалпы банк активтеріндегі кешіктірілген және аударылмаған активтердің үлесі қандай?
- Банктің капиталына қатысты сапасыз активтердің деңгейі қандай?
- Өткен тоқсанда немесе алдыңғы жылда сапасыз активтер сомасының жоғарлауы немесе төмендеуі қалай болуы мүмкін?
Банктің сапасыз несиелерінің құрылымы қандай?
- Үмітсіз несиелерді баланстан шығару.Шығарылған несиелердің негізгі түрлері және олардың өсуі немесе төмендеуі?
- Банктің несиелік қызметінің шығының жабу үшін құрылған банктің жалпы резервтерінің сомасы. Банктің құрған резервтерінің жоғарылауы немесе төмендеуі?
Ұлттық
банктің нормативтті
(Активтер
мен капиталдарға байланысты
АҚ «Казкоммерцбанктің»
Табыстармен шығыстарды талдау.Капитал, банктің қаржылық жағдайының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі дедік. Ал капиталдың тұрақты жағдайын, сәйкес табыстарсыз қолдау мүмкін емес. Банк неғұрлым рентабельді жұмыс жасаған сайын, соғұрлым жыл сайын өзінің капиталын толықтырып және акционерлеріне пайда беріп отырады. Акционерлер банктің одан ары дамуына жағдай жасайды. ал шығындар банктің капиталын азайтып немесе жойып жіберуі мүмкін. Өз табыстарын қайтара алмаған акционерлер капиталды инвестициялауды тоқтатып, соның салдарынан банк банкротқа ұшырау мүмкін. Сондықтан банктің табыстарын үздіксіз қашықтан қадағалау қажет.
Банктің табысын талдау барысында талдаушы мынадай негізгі үш сұраққа жауап береді: