Электронды ақшалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 23:54, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі баса нарықтар секілді ақша нарығында да ақаға сұраныс пен ұсыныс болады. Ақша нарығының тепе - теңдігі экономика дамуы үшін тиімді болып табылады.Сондықтан осы ақша, ақша айналымын тиімді ұйымдастыру арқылы ақша нарығының қызмет етуін жақсарту өз егемендігін енді ғана алан еліміз үшін ең маңызды атқарып отыратын шаралардың бірі болып табылады.Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысын зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғышарттарын туғызған.

Содержание работы

Кіріспе...........................................................................................................3
1 ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚША ТҮРЛЕРІ, ӘДІСТЕРІ
1.1 Электрондық ақша түсінігі...................................................................6
1.2 Электрондық ақшаның даму тарихы...................................................10
1.3 Электрондық ақшаның түрлері............................................................11
1.4 Пластикалық карталар және оның түрлері.........................................12
2 ЭЛЕКТРОНДЫ АҚША ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
2.1 ХХІ ғасырдың ақшасы..........................................................................15
2.2 Пластикалық карточкалар....................................................................16
2.3 Банктік аударымдар..............................................................................26
2.4. Интернеттегі элетрондық ақшалар.....................................................29
2.5 Электрондық ақшамен біздің болашағымыз......................................36
2.6 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
электрондық ақша мәселелері бойынша толықтырулар енгізу
туралы Қазақстан Республикасының Заңы..............................................44
Қорытынды................................................................................................47
Пайдаланған әдебиеттер..........................................................................48

Содержимое работы - 1 файл

Электрондық ақшалар. КУРСОВАЯ.doc

— 515.50 Кб (Скачать файл)

Электрондық құрылғының екі түрі бар: алдын-ала төлеу картасы және алдын-ала төлеуі бар программалық азық-түлік картасы болып бөлінеді. Алдын-ала төлеу картасында электрондық баға картаға орналастырылған микропроцессорда сақталынады және есептеуіш құрылғыға салынған кезде алынады. Программалық өнімдердің электрондық бағасы дербес компьютердің қатты дискісінде сақталынады және Интернеттегідей телекоммуникациялы желі арқылы беріледі. 

1998 ж. тамыз айындағы Европаның орталық банкімен басылған   «Электрондық ақша туралы» баяндамасында «электрондық ақша» басқаша анықтама беріледі. «Электрондық ақшаның кең мағынадағы түсінігі ол техникалық құрылғыда ақша құнын электрондық сақтау болып табылады. Ол басқа фирманың және эмитенттің пайдасына төлеуді жүзеге асыратын және трансакцияны жүргізу үшін міндетті түрдегі банктік есептерді талап етпейтін, тек көрсетушіге төленіп қойған құрал ретінде әрекет етеді».   

Кейіннен 18 қыркүйектің 2000 ж. № 2000/46/ЕС «Электрондық ақша саласы туралы және осы саламен айналысатын институттарға пруденциалды қадағалау» директивасы Европа парламенті және кеңесімен қабылданған еді. Онда электрондық ақша анықтамасы нақтыланған еді: «эмитентке талап етуін көрсететін ақша құны, яғни электрондық құрылғыда сақталынады.

өзіне қабылдаған міндеттемелердің кем дегенде өлшем көлемі ақша құралдарын алғаннан кейін эмитацияланады.

тек эмитететпен емес, сонымен бірге басқа фирмалармен төлеу құралдары ретінде қабылданады».

Берілген анықтама қарастырылатын түсінікке заңдық және экономикалық мағынасын көрсетеді. Ескеретін бір жайт, ол оның регулятивті құраушысына «электрондық ақша» эмиссия көлемдерінің қатынасына жеткілікті түрде қатал нормаларды орнатады (яғни банктің айналма міндеттемелерінің шыққан көлемі олардың шығу кезіндегі алған ақша құралдарының қосындысынан үлкен болуы мүмкін емес), жабдықталмаған «электрондық ақша» эмиссия мүмкіндігін болдырмайды.   

Қазақстанның ресми құжаттарында «электрондық ақша» термині кездеспейді. Электрондық ақша түсінігіне жақын термині Орталық банк ҚР 1998 ж. қабылданған «276-У және №277-У»  «төленіп қойған қаржылық өнім» деп көрсетіледі. Берілген құжаттарға сәйкес «төленіп қойған қаржылық түсінігінде несие ұйымының ақша міндеттемесі деп түсініледі, олардың айналымы үрдісі кезіндегі ауыстырылатын, қызметке немесе тауарларға төлеу кезінде заңды және/немесе тұлғаларға қойылатын талаптар, және сонымен бірге электрондық түрде құрастырылған ақшалай міндеттемелер». Берілген анықтама сонымен бірге электрондық ақша функционалдауының заңды жақтарын сипаттайды.  

Қарастырылатын электрондық ақша функционалдауының заңды жағы заңдық қатынастардың жиынтығы ретінде қарастырылады, осыған сәйкес электрондық ақша эмитенттің ақша міндеттемесі деп анықталады, ал айналым процессі кезінде оған ақша талабы ретінде шығады, ол электрондық ақша және жол чектары, векселдер немесе пайызсыз зайымдар арасында аналогияларды жүргізуге мүмкіндік береді.   

Электрондық ақша анықтамасы жоғарыда аталған ҚР ОБ Көрсетілімдерінде төленіп қойған қаржы өнімі ретінде көрсетіледі және алғашқы қарастырылған анықтама халықаралық есептеу Банкімен бақыланады. Оның функционалдауының экономикалық жағын сипаттайды, сондықтан берілген анықтама экономикалық деп атайық.

Сонымен «электрондық ақша» түсінігіне анықтама жасауына үш жол бар: экономикалық, заңдық және технологиялық. Бірақ осы барлық үш жол өзара байланысқан және электрондық ақшаның әртүрлі жақтарын сипаттайды. Ең толық анықтама электрондық ақшаның барлық ерекшеліктерін ескеретін, келесідей түрде болу керек.

Электрондық ақша – бұл алдын-ала төленіп қойған қаржылық өнім:

А) эмитенттің ақшалай міндеттемесі;

Б) шығарылатын құнынан өлшемі аз емес, ақшалай құралдың эмитентімен алғаннан кейін шығарылады;

В) банктік счеттерді трансакциясы кезінде қолдануды талап етпейді;

Г) эмитентке қарағанда экономикалық субъектілермен төлеу құралы ретінде қабылданады;

Д) ұстаушының иелігінде болатын құрылғыда электрондық түрде сақталынатын ақша құнының өлшемі туралы ақпарат.

«А» пункті электрондық ақша анықтамасының заңдық жағын, «Д» пункті технологиялық жағын көрсетеді. «В» пункті электронық ақша қасиетін сипаттайды, ол оның счетке алыстылық рұқсаты жүйесімен ерекшеленеді, ал «Г» пункті бір мақсаттық чиптік картаны білдіреді, мысалы телефондық компания.

Электрондық ақша нақты ақшаның толық моделі болып табылады. Сонымен бірге, эмиссиондық ұйым  - эмитент - әртүрлі жүйелерде әртүрлі аталатын олардың электронды аналогыне шығарады (мысалы, купондар). Кейін, олар қолданушылармен сатып алынады, ол арқылы сатып аынған заттарды төлейді, ал содан кейін сатушы оларды эмитентте жабады. Эмиссия кезінде ақша бірлігінің әр қайсысы электрондық мөрмен куәландырады, ол өтеу алдында шығарылатын құрылыммен тексеріледі.

Физикалық ақшалардың ерекшеліктерінің біріне олардың анонимдігі, яғни оның кім және қашан қолданғандығы туралы көрсетілмеген. Кейбір жүйелер аналогия бойынша сатып алушыға электрондық қолма-қол ақшасын алғанда ақша мен адам арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік бермейтіндей етіп жасалынады. Бұл соқыр қолдар схемасы арқылы жүзеге асады. 

Тағы да бір атап кететін жайт, ол электрондық ақшаны қолданған кезде аутентификация керексіз болып қалады, себебі жүйе ақшаның шығарылу кезінде олардың қолданбай тұру кезіндегісіне негізделген.

Төменде сандық ақша арқылы төлеу схемасы келтірілген.

Сатып алушы алдын-ала нақты ақшаны электрондық түрге ауыстырып алады. Клиенттегі қолма-қол ақшаның сақталуы қолданатын жүйеге байланысты екі әдіспен анықталады:

- компьютердің қатты дискісінде.

- смарт-карталарда.

Әртүрлі жүйелер әртүрлі ауыстыру схемаларын ұсынады. Кейбірі арнайы счеттарды ашады, оған сатып алушының счетынан электрондық ақшаға айырбастауға аударылады. Кейбір банктер өздері электрондық даярлықты эмитациялауы мүмкін. Сонымен бірге ол тек клиенттің сұрауы бойынша ғана эмитацияланады және кейіннен компьютер немесе картаға оны аудару арқылы және оның счетынан ақшалай алу жасалынады. Соқыр қолды реализация кезінде сатып алушы өзі электрондық ақшаны тудырады, оны банкке қайтадан жібереді, онда счетқа нақты ақша түсу кезінде олар мөрмен куәландарады және қайтадан кері клиентке жіберіледі.   

Сонымен қатар осындай сақтау ыңғайлықтарына қарамастан кемшіліктері бар. Диск немесе смарт-картаның бұзылуы қайта қалпына келмейтін электрондық ақшаның шығынына алып келуі мүмкін.

Сатып алушы сатушының серверіне сатып алғаны үшін электрондық ақшаны жібереді.

Ақшаның шынайлығын тексеретін эмитентке көрсетіледі.

Электрондық ақшаның шынайлығы жағдайында сатушының счеты сатып алынған заттар нәтижесінде өседі, ал сатып алушы тауарды алады немесе қызмет көрсетіледі. [5,45-51б]

 

 

 

 

 

1.2 Электрондық ақшаның даму тарихы

 

Ақша формасының жаңа тұрғыда өзгерудегі мәні бір счеттан басқа счетқа авторластырылған аудару әдісінің одан ары эволюцияланып жатқандығын көрсетеді.    

XIII ғ. сатып алушы сатушыға депозитті трансферт арқылы төлегісі келген кезде ол өзі (немесе сатушымен бірге) аударымды санкциялау үшін банкирмен жеке өзі кездесу керек еді. Бұйрық хатпен (қолмен) жабдықталған қағаз чектер XIV ғ. пайда болды және тек XVII ғ. ғана кең етек жая бастады. Бір счеттан басқа счетқа тез ақша аударымдары туралы телеграфты бұйрықтар, яғни қағаз құжаттарын қолданусыз дистанционды түрде жеткізілетін бұйрықтар тек XX ғ. екінші жартысында кең етек ала бастады, кейіннен «электронды телеграф» деген атқа ие болды. Ақша құралдарын электронды аударымдары 70-жылдары кең тарала бастады, осының нәтижесінде дебетті карта немесе дербес компьютер арқылы төлеуді жүзеге асыру үшін дербес қолданушыларға төлеу жүйесіне кіру рұқсаты мүмкіндігін алған еді. Олар бөлшек транзакция деңгейіндегі телеграфты аударымдарын қолдану сияқты болып табылады.         

Электрондық ақшаның төлеу құралы ретінде дамуы келесі сатылар болып табылады.

Электрондық ақша дамуының бірінші сатысы (1960-1980 жж.) магнитті кредиттік дебетті карталарды енгізу болып табылады, сонымен қатар электронды төлеу жүйесін кең түрде қолдану болып табылады.

Екінші саты (1990-2000 жж.) смарт-карта немесе «ақша соммасы сақталынатын карта» енгізу болып табылады. Қазіргі таңда көптеген батыс зерттеушілері смарт-карталарды электронды ақша элементтерінің бірі ретінде қарастырады. Сонымен бірге смарт-карталар «өнім-кілт» деген атауға ие электронды ақша құралдарының бірі болып табылады. 

Осы жылдарға дейін магнитті карталар және смарт-карталар қолма-қол ақшаны ауыстырған жоқ, тек олардың иелеріне өздерінің банк счетындағы ақшамен дұрыс қолдануға мүмкіндік берді. Карталар арқылы қазіргі замаңғы қолма қол ақшасыз есеп айырымдар жүйесі көптеген артықшылықтарына (айналым ұстаныдарының төмендеуі, қауіпсіздік, қолдану ыңғайлығы, қосымша жеңілдіктер және т.с.с.) қарамастан, қолма қол ақша айналымнан толық жойылып кетпейді және де соңғы жылдары олардың әлемдегі айналым бөлігінде қысқару бағыттары байқалмайды (қазір қолма қол ақшаның жалпы ақша соммасының 10-20% құрайды). Бұл бір жағынан төлеушінің көзқарасымен қарағанда жақсы қасиеттерге ие,біріншіден өзінің ақша құралдарымен шартсыз және шексіз тарату мүмкіндігі, екіншіден электронды есептеу жүйелерімен салыстырғанда оперативтілігі, үшіншіден ең бастысы анонимдігі. Сондықтан электронды ақшаны енгізудегі негізгі мақсаты қолма қол ақша мүмкіндіктерімен біріктірілуі және ақша массасының электронды айналымы болып табылады.    /4, 46 б./  

Электронды ақша формасы дамуының үшінші сатысы (2000-2010 жж.) электронды ақшаның жаңа түрі – «жүйелік ақшалар» пайда болуымен сипатталады, олар нақты уақыт режимінде немесе компьютерлік желідегі «онлайн» арқылы төлеу мүмкіндігі болып табылады. Бұл төлемдер арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету нәтижесінде жасалынады.

 

1.3 Электрондық ақшаның түрлері

 

Көбінесе электронды ақшаның екі түрін басып айтады: карта базасындағы (card-based) және желі базасындағы (network-based). Бірінші топқа микропроцессоры енгізілген пластикалық карталар кіреді, онда ақша құны эквиваленті жазылған. Онда алдын ала эмитентке төленіп қойған, оған банк және банктік емес ұйым жатады. Ең танымал карта базасындағы электронды ақшасы ретінде банктік ұйыммен эмитацияланған Mondex картасы жатады. Арнайы электронды қағаз арқылы картада қалған ақшаны және басқа картаға ақшаны аударуға болады, ал арнайы қойылым арқылы телефон және т.б. бойынша жіберуге болады. Басқа кең таралған жүйе VisaCash болып табылады. Көптеген елдерде өздерінің смарт-карта базасы негізіндегі электронды төлеу жүйелері бар.

Қазіргі уақытта банктік емес ұйымдармен шығарылған және төлеу үрдістерін жүзеге асыратын смарт-карталар кең түрде таралған. Бұл телефонды, көліктік, медициналық және басқа карталар. Бірақ олардың көбісі бір мақсатты болып табылады, яғни тек бір компанияның пайдасы үшін ғана қызметтерді (тауарларды) төлеуге мүмкіндік бар. Төлеу мүмкіндігі пайда болған кезде мысалы, телефонды карточка (Жапонияның телефонды компаниялары осылай істеген) немесе қалалық көлік карточкасымен (Нью-Йоркте тәжірибелегендей) басқа компаниялардың қызметіне немесе тауарына, мысалы супермаркетте осындай төлеу құралы электронды ақша разрядына өтеді.  

Көптеген елдердің тораптар базасы негізінде электронды ақша жүйелері дамуда (Д. Чоумоммен жасалынған), ол ашық кілт және соқыр қолы негізіндегі шифрлау криптографиялық алгоритмдерінің дамуымен жүзеге аса бастады. Ең танымал желі ақшалар жүйелерінің (network money) бірі ретінде CyberCash,DigiCash, FirstVirtual, сонымен қатар қазақстандық PayCash және WebMoney болып табылады. Тораптық ақшаны қолдану арқылы төлеуді жүзеге асыру үшін көбінесе тегін арнайы бағдарламалық жабдығын орнату керек. Тораптық ақшалар көбінесе Интернет-магазинде, виртуалды казиноларда және биржаларда төлеу үшін, сонымен қатар Интернет арқылы тапсырыс беретін тауарлар мен қызметтерді төлеу үшін қолданады. Тағы да атап кетерлігі е-қолма қол ақшасына тек көп мақсатты карталар жатады (эмитент карталарына ғана емес, басқа да фирмалар пайдасына төлеу үшін қолданатын).

Атақты американ зерттеушісі, Гарвард университетінің экономика бөлімінің профессоры Ч. Фридмэн осы екі топқа тағы да «рұқсат алу құрылғысын» қосады (access devices) – сауда автоматтары және телефон немесе компьютер бойынша дистанционды банктік қызмет жүйесі болып табылады. Бірақ, ондай е-ақшалар дейді ол, дәстүрлі төлеу жүйесінен еш айырмашылығы жоқ және орталық банктер үшін ақша саясатында ешқандай мәселелерді туғызбайды.   

Уақыт өте келе бірінші топтағы электронды ақшалар дәстүрлі қолма қол ақшаны және чектерді ығыстырып тастауы мүмкін, ал екінші топтағы электронды ақшалар кредиттік картаны ауыстырады, сонымен қатар орталық банктерді айнала өздеріне есептік функцияларды алады деп есептейді. /6,64-65б/

 

1.4 Пластикалық карталар және оның түрлері

 

Карталарды төлеу құралы ретінде қолдану идеясы 1880 ж. Джеймс Беллдің «Артқа қарау» кітабында атап кетеді, ал алғашқы карта 1914 ж. АҚШ-тағы General Petroleum Corporation of California (қазір бұл Mobil Oil компаниясы) фирмасы шығарған еді. Берілген карта мұнай өнімдерін төлеу кезінде қолданған болатын. Алғашқы карталар төлеу құралы емес, қолдану аясы шектелген клубтық картаға жақын болған еді. Алғашқы кредиттік карточкалар картоннан жасалған еді, ал карта функционалдауына жақынырақ материал пластикті АҚШ-та 60-жылдардан бастап шыға бастады.  

Пластикалық карта – бұл барлық карточка түрлерін білдіретін кең мағынадағы термин, тағайындалуы бойынша, олар арқылы көрсетілетін қызметі бойынша, өздерінің техникалқ мүмкіндіктері және ұйымдастырылуы бойынша ерекшеленеді.

Пластикалық карта өлшемдері стандартты (85.6 мм 53.9 мм 0.76 мм), механикалық және термиялық әсер етулерге төзімді арнайы пластамассадан жасалынған пластина болып табылады. Пластикалық карталардың негізгі функциясы ретінде – оны қолданушы тұлғасын төлеу жүйесінің субъектісі ретінде идентификациясын қамтамысыз ету болып табылады. Ол үшін пластикалық картаға қызмет көрсететін эмитент-банкінің және төлеу жүйесінің логотиптері, карточка ұстаушысының аты, оның номер счеты, карточканың әрекет ету мерзімі және т.б. жазылады. Сонымен бірге, карточкада ұстаушының фотографиясы және оның қолы болуы мүмкін. Алфавитті-санды берілгендер – аты, счет номері және т.б. – эмбоссирінді болуы мүмкін, яғни рельефті шифрмен жазылады. Бұл картаны төлеуге қабылдағанда қолмен өңдеу кезде карточканы «дөңгелету» арқылы арнайы құрылғы импринтер көмегімен тез түрде берілгендерді чекке ауыстыруға мүмкіндік береді (қағазды ксерокс арқылы көшіргенде екінші экземпляр алғандай жасалады).    

Информация о работе Электронды ақшалар