Электронды ақшалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 23:54, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі баса нарықтар секілді ақша нарығында да ақаға сұраныс пен ұсыныс болады. Ақша нарығының тепе - теңдігі экономика дамуы үшін тиімді болып табылады.Сондықтан осы ақша, ақша айналымын тиімді ұйымдастыру арқылы ақша нарығының қызмет етуін жақсарту өз егемендігін енді ғана алан еліміз үшін ең маңызды атқарып отыратын шаралардың бірі болып табылады.Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысын зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғышарттарын туғызған.

Содержание работы

Кіріспе...........................................................................................................3
1 ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚША ТҮРЛЕРІ, ӘДІСТЕРІ
1.1 Электрондық ақша түсінігі...................................................................6
1.2 Электрондық ақшаның даму тарихы...................................................10
1.3 Электрондық ақшаның түрлері............................................................11
1.4 Пластикалық карталар және оның түрлері.........................................12
2 ЭЛЕКТРОНДЫ АҚША ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
2.1 ХХІ ғасырдың ақшасы..........................................................................15
2.2 Пластикалық карточкалар....................................................................16
2.3 Банктік аударымдар..............................................................................26
2.4. Интернеттегі элетрондық ақшалар.....................................................29
2.5 Электрондық ақшамен біздің болашағымыз......................................36
2.6 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
электрондық ақша мәселелері бойынша толықтырулар енгізу
туралы Қазақстан Республикасының Заңы..............................................44
Қорытынды................................................................................................47
Пайдаланған әдебиеттер..........................................................................48

Содержимое работы - 1 файл

Электрондық ақшалар. КУРСОВАЯ.doc

— 515.50 Кб (Скачать файл)

1) 248-баптың 8) тармақшасы «төлем қарточкаларымен» деген сөздерден кейін «және электрондық ақшамен» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 250-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы «төлем қарточкаларымен,» деген сөздерден кейін «электрондық ақшамен,» деген сөздермен толықтырылсын.

3. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат;
№ 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат;
№ 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж.,
№ 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат;
№ 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат;
№ 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2009 жылғы 14 шілдеде «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 11 шілдеде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 31 шілдеде «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 30 шілдеде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

8-бап мынадай мазмұндағы з-2) тармақшамен толықтырылсын:

«з-2) Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақшаны шығарудың, сатудың, пайдаланудың және өтеудің тәртібін, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне, жүйелеріне және электрондық ақша жүйесінің қатысушылары арасында жасалатын шарттарға қойылатын талаптарды белгілейді;».

4. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат;
2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж.,
№ 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар;
2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; 2009 жылғы 31 шілдеде «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 30 шілдеде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 8-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы 3-3) тармақшамен толықтырылсын:

«3-3) электрондық ақшаны шығару, сату және өтеу, сондай-ақ электрондық ақшамен операциялар бойынша ақпаратты жинау және өңдеу бойынша қызмет көрсету;».

5. «Ақша төлемi мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 177-құжат; № 24, 445-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 10, 49, 51-құжаттар;
№ 15, 138-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 жылғы 31 шілдеде «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 30 шілдеде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

              1) 3-бапта:

17) тармақша «ақша сомасын төлеу» деген сөздерден кейін «не электрондық ақша беру» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 26) – 32) тармақшалармен толықтырылсын:

«26) электрондық ақша – есепке алу бірліктерімен көрсетілген, электрондық нысанда сақталатын және жүйенің басқа қатысушылары электрондық ақша жүйесінде төлем құралы ретінде қабылдайтын электрондық ақша эмитентінің сөзсіз ақшалай міндеттемелері;

27) электрондық ақша жүйесі – электрондық ақшаны пайдалана отырып төлемдерді және өзге операцияларды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдардың, құжаттаманың және ұйымдық-техникалық іс-шаралардың жиынтығы;

28) электрондық ақша жүйесінің қатысушысы – жасалған шартқа сәйкес, электрондық ақшаның белгілі бір жүйесі шеңберінде электрондық ақшаны беру, қабылдау, пайдалану немесе өтеу жөніндегі құқық немесе міндеттеме туындайтын жеке немесе заңды тұлға;

29) электрондық ақшаны өтеу – электрондық ақшаның иесі ұсынған не оларды иесі ұсынбай Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өтелуі тиіс электрондық ақшаны айырбастау бойынша эмитент жүзеге асыратын операция;

30) электрондық ақшаны шығару – эмитенттің электрондық ақшаны жеке тұлғаларға және агенттерге ақшаның балама сомасына айырбастау арқылы беруін көздейтін операция;

31) электрондық ақша эмитенті – Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес электрондық ақша жүйесінде электрондық ақшаны шығаруды және өтеуді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк;

32) электрондық ақша эмитентінің агенті (агент) – электрондық ақша эмитентімен жасалған шарттың негізінде электрондық ақшаны сату және/немесе олардың иелері –  жеке тұлғалардан ақшаға айырбастау арқылы сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.»;

2) 7-бап мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

              «5-1) электрондық ақшаны пайдалану;»;

3) 23-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы «құжатын беру» деген сөздерден кейін «, не электрондық ақшаны өткізу» деген сөздермен толықтырылсын;

4) 24-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Егер төлем электрондық ақшаны өткізу арқылы жүргізілсе, онда төлемді аяқтау пайдасына төлем жасалатын тұлға электрондық ақшаны алған сәттен бастап болады. Қабылданған электрондық ақшаның сомасы туралы, олардың басқа тұлға – бенефициардың пайдасына түскенін растайтын ақпаратты электрондық ақша жүйесінде көрсету электрондық ақшаны алу сәті болып табылады.»;

5) мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:

«3-1-тарау. Электрондық ақша

36-1-бап.  Электрондық ақшаны шығару және сату

1. Электрондық ақша шығаруды эмитент жеке тұлғалардан немесе агенттерден ақшаны алғаннан кейін өзіне қабылдайтын міндеттемелердің көлемінен аз емес мөлшерде жүзеге асырады.

Эмитент өзі шығарған электрондық ақшаны өтеу жөнінде сөзсіз және қайтарымсыз ақшалай міндеттеме қабылдайды.

2. Мыналар:

1) эмитенттен, агенттен немесе өзге де жеке тұлғалардан электрондық ақшаны алған жеке тұлғалар;

2) иелігінде электрондық ақша бар агенттер;

3) азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша ақы төлеу үшін жеке тұлғалардан электрондық ақшаны алған заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер электрондық ақша иелері болып табылуы мүмкін.

Электрондық ақша иесінің құқықтары электрондық ақшаны алған сәттен бастап туындайды.

3. Электрондық ақша эмитентінің және иесінің – жеке тұлғаның арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес олардың арасында жасалған шарт негізінде туындайды. 

4. Эмитент электрондық ақша бір жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға шығарылған жағдайда электрондық ақша иесін сәйкестендіруді жүзеге асырады.

5. Эмитенттер Қазақстан Республикасының аумағында шығаратын электрондық ақша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ғана номинирленуі (көрсетілуі) тиіс.

  6. Жеке тұлғаларға электрондық ақшаны сатуды не жеке тұлғалардан электрондық ақшаны сатып алуды электрондық ақша эмитентімен жасалған, тараптардың құқықтары мен міндеттері, электрондық ақшаны сату және сатып алу тәртібі мен талаптары айқындалатын шарт негізінде агент жүзеге асырады.

 

36-2-бап. Электрондық ақшаны пайдалану және өтеу

1. Электрондық ақшаны пайдалану – электрондық ақшаның иесі – жеке тұлға электрондық ақша жүйесінде электрондық ақша жүйесінің басқа қатысушысына электрондық ақша беру арқылы төлем жасалатын төлемді жүзеге асырудың тәсілі.

2. Электрондық ақшаны олардың иесі – жеке тұлға электрондық ақша жүйесінде азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша төлемді жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ олардың эмитенті айқындаған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін талаптармен өзге операцияларды жүргізу үшін қолданады.

3. Заңды тұлғаның және/немесе жеке кәсіпкердің электрондық ақшаны азаматтық-құқықтық мәмілелер жасау кезінде ақы төлеу үшін қабылдауы эмитентпен не оған қызмет көрсететін агент банкпен жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады.

Азаматтық-құқықтық мәмілелер жасау кезінде электрондық ақша жүйесінде электрондық ақша алған заңды тұлғада немесе жеке кәсіпкерде эмитентке қабылданған төлем сомасында ақшалай талап ету құқығы туындайды.

4. Эмитент заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша ақы төлеу кезінде жеке тұлғалардан алған электрондық ақшаны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша жасалған азаматтық-құқықтық мәміле бұзылған жағдайда жеке тұлға-төлеушіге электрондық ақша қайтарылатын жағдайларды қоспағанда, пайдасына электрондық ақша түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асыруға міндетті.

5. Электрондық ақша жүйесінде сомасы бір жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын операция жасау үшін электрондық ақшаны оның сәйкестендірілмеген иесінің пайдалануына жол берілмейді.

6. Электрондық ақша эмитенті электрондық ақша жүйесінің жұмыс істеуін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарды және шектеулерді ескере отырып қамтамасыз етуге міндетті. 

7. Электрондық ақшаны өтеуді эмитент ақшаның балама сомасын электрондық ақша иесінің – жеке тұлғаның банк шотына аудару арқылы не оған қолма-қол ақша беру арқылы жүзеге асырады.

Заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша ақы төлеу кезінде жеке тұлғалардан алған электрондық ақшаны өтеу заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің банк шотына ақшаның балама сомасын аудару арқылы қолма-қол емес тәртіппен ғана жүзеге асырылады.».

2-бап. Осы Заң 1-баптың 20__ жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармағын қоспағанда, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық банктің осы электронды ақшаларды ендіру мен болатын негізгі мәселелері:

      Электронды ақшалар эмиссиясына рұқсат беру және эмитенттер ортасын анықтау;

      Электронды ақшаларды реттеу мен оның айналысын ұйымдастыру;

      Электронды ақша жүйесіндегі туындайтын тәуекелдер мәселесін шешу;

Ұлттық банк электронды ақшалар қызметіне рұқсат берсе өзінің ақша-несие реттеу мүмкіншілігін шектейді. Тіпті ақша массасына бақылау жасай алмай қалады. Себебі, оның ақша эмиссиясындағы монополиясы жойылады. Электронды ақшалар эмиссиясының ақша массасына әсері біркелкі болмайды. Егер ақша массасын санағанда электронды ақшаларды ескермесе, онда элетронды ақшаларды кәдімгі ақшаларға ауыстырған уақытта М 0 агрегаты азаяды және сәйкесінше депозиттер өседі. Оның әсерінен соңында М 1 агрегаты көбейеді, сөйтіп жалпы ақша массасы көбейеді. Сондықтан Орталық банк электронды ақша эмиссиясының көлемін белгілеп отыруы керек.

Енді келесі суреттен электронды ақшалардың ақша массасына әсер ету мүмкіншілігін әр бір дамыған елдер бойынша қарастырып және осы талдауға байланысты Қазақстан Республикасының электронды ақшалар жүйесінің дамуын қарастырып өтейік.  /10, 18-21 б./

 

Кесте 2

Жекелеген елдердің ақша массасы мен электронды ақшаларының арақатынасы

 

Елдер

Халық (млн. чел)

Ақша массасы

(АҚШ доллары)

(млрд. доллар)

Халықты электронды ақшамен қамтамасыз ету көрсеткіші (дол./чел)

Электрондық ақшалардың есептік көлемі (млрд. доллар)

Электронды ақшалардың ақша массасымен байланысы %

АҚШ

Франция

Германия

Жапония

Швейцария

Россия

Қазақстан

267,9

58,61

82,07

125,64

7,09

147,1

15,00

1280

326,1

507,34

1569,23

97,7

45,4

12,57

200-400

200-400

200-400

200-400

200-400

25-50

25-40

53,6-107,2

11,7-23,4

16,4-32,8

25,1-50,3

1,4-2,8

3,7-7,4

0,37-0,6

4,2-8,4

3,6-7,2

3,2-6,5

1,5-3,2

1,4-2,9

8,1-16,3

2,9-4,77

 

Информация о работе Электронды ақшалар