Экология туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 20:53, реферат

Краткое описание

Экология - жаңа, жас ғылым саласы. Бұрын соңғы он – жиырма жылға дейін тіптен көңіл бөлінбей келген. Әбден табиғатымыз азып – тозғанда, бұл ғылым саласына бет бұрдық. Енді болашақта, экология саласында білім берудің аясын кеңейте түсу қажет. Ең негізгісі, “экология” пәнін бала бақшаларынан бастап барлық мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында оқытылуын қамтамасыз ету қажет. Сонда ғана ертеңгі күннің белсенді табиғат қорғаушыларын дайындауға мүмкіндік аламыз

Содержание работы

Кіріспе.........................................................................................................3-4
1 Экономика және оның қоғам өміріндегі орны.....................................5-8
1.1 Экономика туралы жалпы түсінік......................................................8-9
1.2 Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформа..................9-12
1.3 2030 жылға дейінгі экономикалық стратегия...................................12-15
2 Қоршаған орта және қоғамның өзара әсері........................................16-17
2.1 Экология туралы түсінік...................................................................17-19
2.2 Табиғат пен қоғамның өзара әрекеті..................................................19-22
2.3 Қазақстандағы экологиялық проблемалар.........................................22-26
3 Экономиканың экологиялық жағдайға әсері........................................27
3.1 Экономикадағы экологиялық факторлар.........................................27-29
3.2 Қоршаған ортаның ластануынан болатын зиянның
экономикалық бағалануы.........................................................................29-32
3.3 Табиғатты қорғау қызметтерінің экономикалық механизмі........32-33
Қорытынды ...............................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................35

Содержимое работы - 1 файл

акма геоэк.doc

— 236.00 Кб (Скачать файл)

Табиғатты  қорғау  саласының  бірі – экологиялық  бақылау.  Бұл  бағытта  бірсыпыра  жұмыстар   іске  асырылуда.  Республика  блйынша  облыс,  аудан,  қалаларда  айналадағы  ортаны  қорғау,  экологиялық  бақылау  мекемелері  құрылды.

Адам  мен  табиғат   арасындағы  қайшылықты  шешуді  қоғам  реттейді,  оның   қызметі – адамдардың  санасын  тәрбиелеу  және  олардың  өзін  қоршаған   әлемді  қорғауға  бағытталған  ынталы  жігерін  қолдау. 

Қазіргі  уақытта  барған  сайын  көптеген  елдер  оны  шешу  үшін  өздерінің  күш-жігерін  біріктіре  бастады.  Ұзаққа   созылатын  экологиялық   қауіпті  жоюмен  қатар,  төтенше  экологиялық   жағдайларда   көмек  көрсетілуде.  Осының  бәрі  БҰҰ-ның  ұсынған  “Жер  біреу  ғана!”  деген   ұранын   жүзеге  асыруды  көздейді.  Дүниежүзілік   қауымдастық  мынадай  жағдайды  басшылыққа  алады:  экологиялық  проблеманы  шешудің  басты  жолы – адамдардың   өндірістік  және  өндірістік  емес   іс-әрекетін   қалыпты  экологиялық   дамуды – айналадағы  ортаны   бүкіл  адамзаттың  және  әрбір  адамның   мүддесіне  сай   өзгертуді   қамтамасыз  ететіндей  етіп   ұйымдастыру [11,97б].         

Мінеки  енді  осы  экологиялық  апаттан  қалай  құтылуға  болады?  Табиғатты  қалай  сауықтыруға  болады.  Бұл  өте  күрделі  мәселе.  Бұл  үшін  ең  алдымен,  адамдардың  табиғатқа  деген  көзқарасын  өзгертіп,  дұрыстау  керек,  тәрбиелеу  керек. Ол  үшін  балалар  бақшасынан  бастап,  мектептерде,  жоғарғы  оқу  орындарында,  адамдардың  табиғатқа,  қоршаған  ортаға   деген  көзқарасын  өзгертіп,  қалыптастыру  керек.  Қазіргі  заманға  сай  экологиялық  идеология  қажет.  Егер  біз,  жас  ұрпақты  кішкентай  кезінен  бастап  табиғатты   сүюге  тәрбиелемесек  көп  нәрседен  ұтылатынымыз  хақ.  Әрбір  тәрбиеші,  мұғалім, маман,  басшы, экология  негіздерін  жақсы  білуі  қажет.  Сонда  ғана,  әрбір  адамның  миында,  қанында,  көзқарасында  қоршаған  ортаны  бүлдірмеу  керектігі  туралы  негіз  қалыптасады.  Адамдар  сонда  ғана  туған  өңір  табиғатын  қорғауға  белсенділік   көрсете  алады. 

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Адамның табиғатқа,  табиғи  өмір  сүру  ортасына  тәуелділігі  адам  қоғамы  тарихының  барлық  кезеңдерінде  байқалған.

Қоғамның  өндіріс  күшінің  дамуына,  адамның  өмір  сүруінің табиғи  ортасымен  байланысына  сәйкес,  олардың  “екінші  табиғатпен”  байланысы  кеңейе  бастады.  Адамның  табиғаттың  стихиялы  күштерінен  қорғанысы  күшейе  түсті. Киімді жетілдіру,  жасанды  желдеткіштері  бар  үйлер  салу,  су  тасқынынан  қорғайтын  бөгеттер, т.б.  өмір  сүруге  қажетті  жағдай  жасауға,  сонымен  қатар  жаңа  ортаны,  еңбек  етуге  қажетті  жерлерді  игеруге  мүмкіндік  жасады.

Адамның  табиғатқа  тәуелділігін  әлсірететін  осы  процестермен  қатар,  өндіріс  күшінің  дамуына  байланысты  оның  табиғатқа  зиянды,  кері  әсері  де  байқалды.  Адам  іс-әрекетінің  шеңберіне  табиғаттың  өзгеру  процестері,  құбылыстары  кең  түрде  ене  бастады.

Адам  мен  табиғаттың  бір-біріне  әсері,  қатынасы  көп  қалдықты  технологияға  негізделген  өгдірістің  қарыштап  дамуы  нәтижесінде  өзінің  мөлшерлі  шегіне  жетті.  Табиғи  қорлардың  шектелуі  және  айналадағы  ортаның  ластануы  адамның  өмір  сүруіне  қауіп  тудыруда.[5,47б]

“Таза қоршаған  орта – таза  адами  қарым-қатынас!”  осы  дивизиямен  Қазақстандағы  бірінші  экологиялық  Невада-Семей   қозғалысы  өз  жұмысын  бастаған  еді.

Біздің  мақсатымыз – ядролық  қарусыздану  жөнінде  халықаралық   парламенттік   референдум  өткізу  болатын,  кеңес  одағы   тарап  кетпегенде  бұл  ойымыз  сөзсіз  жүзеге  асатын  еді.

Біздің  “Невада-Семей”  қозғалысымыз  гуманитарлық   реформаның  осы  жаңа  жобасымен  әлемге  жар  салмақ.  Біз  Қазақстан  осы  істе   мұрындық   болуы  тиіс  деп  санаймыз. Семей  сынақ  айлағының   жабылуы  бүкіл   әлемдегі  сынақ  айлақтарына   мораторий   жариялауға  ұласқаны   бізге  күш  береді.

Академияның  2002 жылдан  бері  БҰҰ-да  бас  кеңесшілік  статусы  бар,  онда   мықты   мамандар  тобы  шоғырланған,  олардың   қазіргі    айналысып  жатқан   бағдарламасы  “Оңтүстік  Қазақстан   өлкесін  табиғи  газ  бен   көмірді   алмастырушылармен    қамтамасыз   ету  үшін  төменгі  Іле  сұр  көмір   кенішіндегі   жер  асты  газдандыру”   деп  атады. Алматы  қаласы  мен,  бүкіл  Оңтүстік  Қазақстан   аумағы  үшін  бұл  бағдарламаның  тиімділігі  мен   өзектілігін  техника-экономиканың   көрсеткіштер  мен     жинақталған   бай  материал    дәлелдеп  тұр.    

3.1 Негізінде  жаңа  экологиялық – экономикалық  жобаны  экономика  саясында  қалыптастыру  үшін   экономиканы  дамытудың   экологияландырылған   тұжырымдамасын  жасау  талап  етілуде.  Қоғам  мен  техникалық  салалардың    өзара  қарым-қатынасында  қоршаған  ортамен  экономиканың  барлық   құрылымдары  мен   функциялары,  яғни  өндіріс  бөлу  және   тұтыну  тартылған  десе  де  болады.   Адамзат  қоғамының   материалдық  игілігінде   шек  жоқ,  ал  материалдық   қажеттілікті  қамтамасыз  ететін   ресурстар  шектеулі.  Осыған  орай,  бұл  байланыста   экономиканың   іргелі  тәртіптерінің   негізіне  байланысты   қалыптасатынын  әсте   естен  шығармаған  жөн.  Шектеулі   ресурстар  мен   қажеттіліктерді   барынша  қанағаттандыруда   экологиялық  процестерді  оңтайландыруда  айқын  көрініс  табады.

Экономиканың   табиғи  ресурстармен  қамтамасыз  етілуі   ұзақ  уақыт  табиғи  заңдылыққа   тәуелді  екендігі  мойындалмай  келді.   Өндіргіш    күштердің  соңғы   онжылдықта   қарыштап  дамуына  байланысты  бұл  тәуелділік   қатты  сезілуде.  Мәселен,  топырақ  құнары  1%-ке   төмендесе,  өткен  жылғы  егін   шығымдылығын  сол  деңгейде  сақтау  үшін   шығынды  10%-ке  арттыру   керек  болды.  Кесілген   орманның  орнына  өскен  жаңа  ағаштың   сапасы  бұрынғы   шырышы  бұзылмаған   орман  ағашынан  кем  болатыны  анықталды.  Көріп   отырғанымыздай   ресурстарды  пайдалануда    шаруашылық  қызметтерінің   ұқыпсыздығы,   немқұрайдылық   бізге  өте  қымбатқа  түсуде.  Ең   бастысы - әлеуметтік   және  экологиялық –экономикалық  зиянның  аса  зор  болуынан  қоршаған  орта   ластануда.

Бұл  проблеманы  әлеуметтік – экономикалық   саланың  экологияландыру  жолымен  келесі   жағдайлардың  негізінде  шешуге  болады:

- экологиялық  факторлар  мен  ресурстарды,   оның  ішінде  байлықтың  өзге  категорияларымен   тең  болатын   экономикалық  категориялар   санында  қайта  жаңғыртылатындарды  қосу;

- экологиялық  шектеулер   мен   төлем  жүйесінің  кеңеюімен  балансталған  табиғатты   пайдаланудың  принципін   және    ресурстарды  пайдалану  мен  өндіріс  экономикасын  бағындыру;

- табиғатты  қорғаудың  функциясын  тікелей  өндіріс  экономикасына  енгізу;

- өндірістің  техникалық  жарақтану  негізінде   сапалы  өсудің   стратегиясына  көшуі;

Осы  күнге  дейін  табиғат  қойнауынан  қанша  ресурстарды  алуға  болады  және  оның   салдары    қөандай  болатындығы  туралы  нақты  негіздеме  жоқтың  қасы.  Біздің   экономиканың  ресурстарды   тұтынуға (пайдалануға)  бейімделгендігі        ғана      белгілі    нәрсе.    Әрине,      оны  

пайдаланудың  өсе  түсуі  ұлттық  табыстың  өсу  тепе – теңдігіне (бірдейлілігіне)  әкелмейді.  Шетел   тәжірибелері  көрсеткендей,  қай  мемлекет  табиғи  ресурстарды  аз  пайдаланса,  сонда  ұлттық   табыстың  өсуі  жоғары  болып  отыр [12,103б].

Ғылыми – техникалық   дамудың  негізінде  табиғат  ресурстарын  жасанды  жолдармен  алмастыруды  енгізудің  дәрежелері  туралы  мәселелер  принципті  бола  бастады.  Әрине,  мұндай  алмастырудың  мүмкіндігі   тым  шектеулі.  Ал,  адам  баласы  үшін  бірқатар   маңызды   экологиялық   жүйе  мен  табиғи  игіліктер   тіптен   алмастырылуға   келмейді.   Мысалы,  отын  ресурстарының   орнына   күн  немесе  жел  энергиясын   пайдаланатын  болса,  табиғи  ландшафтарды,  өсімдік  пен  жануарлар  әлемін,  озон   қабатын  және т.б.   жасанды  жолмен  алмастыру  мүлде   мүмкін  емес.

Қазіргі  заманғы   экономикалық   теориялардың  ең  бір  қиындығы   экологиялық   факторлардың   категорияға  енгізілуі.  Өйткені  Маркстік   саяси  экономия  тек  қана  адам   баласынаң  еңбек  өнімін   экономикалық  категория   айналымына (шеңберіне)  енгізуге   рұқсат  етті.  Шындығында  бағалы  ретінде  құн  шығын  мен   табиғат  ресурстарының   бірлігінен  көрінеді.  Қоршаған   орта  факторы   мен  оның   қандай  да   болсын  құрылған   формасына  әсер  етпейтін   құн  өмірде  жоқ.   Экологиялық  факторлардың   экономикалық  категориялар   санына  енуі   пайдалы  шекті   теориясына  сай  болады.(еңбек,  табиғи  ресурс  және   капитал)

Елде  өндірілген   барлық   соңғы  тауарлар  мен   қызмет  өрсетулердің  нарықтық  құны  -  экономикадағы   маңызды  экономикалық  көрсеткіштердің  бірі.  Өйткені,  өнімдердің  әрбәр   бірлігіне  10  бірлік  қалдық   массасы  өндіріледі,  ал  табиғатты   пайдалануда   біршама  жоғары.  Осы   қалдықтар  ортаны   ластап,  адамдардың   тіршілік   ахуалын   нашарлатады  және   олардың   тұрмыс   жағдайын   төмендетеді.   Шығындар   жалпы  ұлттық  өнімдердің   есебінен  шығарылмайды,  ал  адамдардың   тұрмыс  халінің  бағасы   арты  түседі.  Біздердің   қолымыздан  келгені  жалғыз-ақ  нәрсе,  ол – табиғатты   пайдалануды  мемлекет   тарапынан   реттелуі  мен  қоршаған  ортаның  ластануына,  табиға  ресурстарына  төмен   жолымен  ғана  белгілеу  болып  табылады [16,102-104б].

3.2.Қоршаған   ортаның  ластануынан  болатын  зиян  экономикалық,  экологиялық  және  әлеуметтік  болуы  мүмкін.  Экологиялық  зиянды  қоршаған  ортаның,   гидросфераның,   флора  мен  фауна   жағдайлары   нашарлап,  ахуалы  төмендейді  деп  түсінген  жөн.   Ал,   әлеуметтік  тұрмыс  жағдайының  төмендеуінен   байқалады.   Экономикалық  зиянды   ластану  әсерінен  болған  келеңсіз   өзгерістердің   негізгі  сипатын  ақшалай  бағалау  деп  түсінген  дұрыс.  Зиянның  тигізетін  салдары  өте  кең  спектрлі – металдардың  жылдам   коррозияға   ұшырауымен,  ауыл  шаруашылығы   өнімділігінің   төмендеуімен,   флора  мен  фаунаның   құруымен  байланысты  адам   денсаулығының   нашарлауынан  бастап,  шығындарға  дейін.

Уақытша   типтік   әдіспен  экономикалық  зиянның  экономикалық  тиімділігін  анықтауда  осы  ықпал   етумен  келген  реципиенттер  мен  шығындарға   әсер  етудің  алдын  алуға   кететін  ұсынылған  шығындардың   ең  аз  әрі   қажетті   сапасы   жобаланады.

Н.Н.Федоренко,  К.Г.Гофманның   пікірлері  бойынша   ластаушылар   әрекеттерінің  салдарынан   келеңсіздіктің   туындауы,  қоршаған  ортаның   ластану   деңгейінің   көтерілуі,  халық   арасында   және   халық    шаруашылығындағы  экономикалық   зияндардың   қосымша   шығындары  деп  түсінген   жөн.

Бұл    жерде  өндірушінің   көзқарасымен   атап  айтқанда   мәселен,  ауыл  шаруашылығы  зиян – ортаның   ластану  нәтижесінде   өнімнің   ысырабы  экономикалық   көрсеткіштердің  ахуалын   нашарлатады.  (пайда,  тиімділік т.б.)

Ал  мемлекет   алынбаған   өнімдер  мен  ысыраптардың   орнын  толтыру  үшін   қосымша  қаржылар   қарастыруға  мәжбүр  болды.   Сонымен,  халық   шаруашылығы  тұрғысынан  алғанда,  зиян   құн   түрінде   нақты  ысырапты  ашып   көрсетпейді,   тек  ысыраптың   өтеміне  кеткен   шығындарды  ғана   көрсетеді.   Белгіленген   облыста   немесе   саладағы   өнім  ысырабынан   зияндардың  шамасы  өлшеусіз   үлкен  болуы   қажет.

Кейбір   зерттеушілердің   пікірлері  бойынша   экономикалық  тұрғыдағы  зиянды  таза  табыстың,  пайданың   немесе   ұлттық   табыстың  ысырабы  деп  қабылдады.  Экономикалық  әдебиеттерде    іске  асырылмаған   мүмкіндік  немесе  пайданың  уыстан   шығып  кетуі  деген  анықтамалар  жиі   қолданылады.

Уыстан  шығарылған  пайданы   ластанудың   нәтижесінде   кәдімгі  игіліктердің  ысырабы  немесе  жоспарланған   еңбек  нәтижесінің  алынбауы,  қоршаған  ортаның  ластану  салдарынан  реципиенттерге  мүмкін   болатын   зиянды   әсерлерді,  іске   асырылмаған   шығындарды  жою  ретінде  түсінуге  болады.

Қоршаған  ортаның   ластануынан  болатын  шығындар  (зиян)  екі  бөлімнен  тұрады,  атап  айтқанда:  табиғатты   қорғау  шараларын  жүзеге  асырулардан  болатын  шығындар  және  экологиялық  тепе – теңдіктің     бұзылуынан  болатын   экологиялық  зияндар.

Қоршаған  ортаның   ластануынан  болатын   экологиялық   зиянның  құрамына   табиғатты  қорғау  шығындарын,  зияндардың    өтпеу  шығындары   мен   уыстан   шыққан   пайданың   алынбаған  табыс   түрін   немесе  жерін  де  есепке  алу  қажетті   деп  санаймыз.

Атмосфераның  кейбір  көрсеткіштері  жайлы  сөз   болғанда,  әрине,  есептеу  нүктесі   туралы  сұрақ  туындайды.  Өзгергенге  дейін   атмосфераның   бастапқы  күйінің   қандай  болғандығын  немесе  қангдай болуы  керектігін  білу  қажет [12,143б].

Атмосферадағы  шығарындының   зиянын  бағалау  үшін  осы  әдістеме  бойынша  коэффициентін  анықтауда  мына  екі  ьелгіні  білу  керек – табиғат  ерекшелігі  мен  аумақтың  типі.  Осы  аумақта  орналасқан  объектінің   он  бір  типі  мен  аумақтың  төрт  түрі  есепке  алынады.  Кештеу  болса  да  аймақтың  барлық  ерекшеліктерін,  соның  ішінде  ассимиляциялық  әулетін  де  ескертетін  бірыңғай   коэффициентін  пайдалануға  тура  келді. Бірақта,  бір  коэффициентте  зиян  мен  ластанудың  ықпал  дәрежесін  аумақтағы  барлық  өзгешелікті  есепке  алу  қиын.

Информация о работе Экология туралы түсінік