Экономикалық өсудің Қазақстандағы үлгісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2013 в 17:53, реферат

Краткое описание

Осы мақсатқа байланысты курстық жұмысымның міндеттері келесідей:
• Экономикалық өсуге теориялық талдау жасау;
• Өндіріс тиімділігі мен халықтың өмір сүру деңгейінің көрсеткіштерін зерттеу;
• Қазақстанның экономикалық өсуінің үлгісін көрсету;
• Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайына талдау жасау.

Содержание работы

1. Кіріспе.

2. І – тарау. Экономикалық өсудің теориялық аспектілері.
1.1.Экономикалық өсу сипаты мен әсер етуші факторлар.......................................................................4-10
1.2. Экономикалық өсу модельдері мен кезеңдері......................................................................10-20
3. ІІ – тарау. Экономикалық өсу – ел болашағы.
2.1.Қазақстандағы экономикалық өсудің негізі - өндіріс тиімділігін талдау..................................20-28
2.2.Экономикалық өсудің Қазақстандағы үлгісі...................................................................28-37
4. Қорытынды............................................ ............37-38
Пайдаланған әдебиеттер.

Содержимое работы - 1 файл

Экономикалык өсу новый 2009.doc

— 1.63 Мб (Скачать файл)

Экономикалық өсудің негізгі мақсаттарына қол жеткізу үшін, яғни халықтың әл-ауқатын көтеру үшін, алдымен  өндіріс тиімділігіне қол жеткізу  қажет.

Кезкелген қоғамда өндіріс  қажеттілікті қанағаттандыру үшін қызмет етеді. Қажеттіліктер белсенді өндірістің даму бағыттылығын анықтайды. Халықтың әл-ауқатын, өмір сүру деңгейін жақсарту ең алдымен материалдық қажеттіліктерін (киім, тамақ, баспана, еңбек жағдайы, т.б.) қанағаттандырудан, яғни материалдық өндірістің дамуынан көрінеді.

Өндірістің маңызды  сипаты – бұл тиімділік. Жалпы  түрде тиімділікті алынған нәтиже мен шығындар қатынасы арқылы анықтауға  болады. Егер кәсіпорын өз қызметін барлық өндіріс факторларының минималды  шығынымен жүргізетін болса, онда өсу шаруашылық субъектінің өндірісі тиімді деуге болады.

Өндіріс тиімділігі көбіне өндірістің технологиялық таңдауына  тәуелді. Технология өндірістің негізгі  факторлары арасындағы өзара әсерді, сонымен қатар ғылым мен тәжірибе арқылы жаңадан ашылған, адамның өндіріс құралдарының механикалық, физикалық және химиялық қасиеттеріне негізделген еңбек затына әсер ету тәселдерін көрсетеді.

Өндіріс тиімділігінің  өсуі ресурстың шектеулі кезіндегі  экономикалық прогресін сипаттайды. Техникалық прогресс экономикалық өсудің маңызды қозғаушысы болып табылады, мысалы, АҚШ-та ол нақты ұлттық табыстың өсімінің үштен бір бөлігін анықтайды. Техникалық прогресс өз құрамына өндірістің жаңа әдістерін ғана емес, сонымен қатар өндірісті басқару мен ұйымдастырудың жаңа формаларын да қосады. Техникалық прогресс деп соңғы өнім шығару үшін ресурстардың тиімді жаңа комбинациясын жасайтын жаңа білімдерді ашу түсініледі.

Тәжірибеде техникалық прогресс пен инвестиция тығыз байланысты: техникалық прогресс жаңа машиналар  мен құралдары үнемі инвестиция тартады. Техникалық прогреспен қатар экономикалық өсуге әсер ететін факторларды да атап өтуге болады: табиғи ресурс, еңбек ресурсы, мемлекеттің саясаты, елдегі әлеуметтік, мәдени және саяси атмосфера т.б. Сонымен, өндіріс құрылымының тиімділік деңгейі де көптеген факторларға тәуелді: өндірісті монополизациялау деңгейімен және еңбектің қоғамдық белгісінің дамуынан, ұлттық экономиканың әлемдік шаруашылық байланыс жүйесіне елуіне, кәсіпорынның ҒТП жетістіктерін қабылдауына, мемелекеттің саясатының құрылымына негiзделедi.

Қоғамдық өндірістің тиімділігін  зерттеуде ең маңызды көзқарастардың бірі болып талдау табылады. Мұнда  ұлттық табыс қоғамдық өнімнің ұдайы  өндіріс процесі кезіндегі өзара  байланысы өндірістің нәтижесін  бойынша сандық бөлу негізінде қарастырылады. Талдауда еңбек өнімділігі және өзіндік құн сияқты жеке экономикалық көрсеткіштерде қолдану жоспарлы және статистикалық тәжірибеде дәстүрлі болып кеткен. Осы көрсеткіштердің базистік немесе келешектi кезеңдегі өзгерістері ең алдымен өндірістің техникалық деңгейінің жоғарлауымен, өндірісті басқарудың және ұйымдастырудың жетілдірілуімен, өндірістің құрылымы мен көлемiнің өзгерісімен, сонымен қатар салалық және басқада факторлармен шартталады.

Ұлттық табысты еңбек  өнімділігі мен еңбекпен қамтылғандар саны арқылы анықтайық:

 

                                        , мұнда               

  –    ұлттық табыс;

 –   еңбек өнімділігі;

  –   материалдық өндірісте еңбекпен қамтылғандар.

ҰТ-ң ресурстардың көлемі мен оларды пайдалану тиімділігіне тәуелділігі бірнеше айнымалылы функция түрінде де көрінеді. Өндіріс  нәтижесі осылайша, бірнеше факторларға  тәуелді болады. Жалпы алғанда  факторлар екі топқа бөлінеді – шығындар көлемі немесе ресурстар көлемі және ресурстардың ұдайы өндірісінің тиімділгі. Өндіріс ресурстары ретінде адам еңбегі, негізгі қорлар, шикізат, материалдар, энергия, т.б. табылады. Шығындар өндіріс циклында шығындалынатын ресурстардың белгілі бір бөлігі.

 Самуэльсон П бойынша  Кәсіпорын қызметінің әлеуметтік-экономикалық  көрсеткіштерін жақсартуға ҒТП  үлкен әсер етеді. Бұл күрделі  процесс тек бір ғана көрсеткішпен  емес, бірқатар көрсеткіштер жиынымен  сипатталады. Келесі көрсеткіштермен  шектелейiк:

- еңбектің техникалық  қарулығы (вооруженность) (негізгі өндіріс  қорларының белсенді бөлігінің  құнының өнеркәсіптік-өндірістік  персоналдық жұмысшылар санына  қатынасы) яғни ҒТП-ң маңызды критериінің  бірі. Жоғарғы техника негізінде  өндірістің өсуі мен жетілдірілуі кәсiпорынның тиімді жұмыс істеуінің, оның рентабельділігін жоғарлатудың объективті алғышарты болып табылады;

- өнімнің қор сыйымдылық көрсеткіші, ол бір бірлік өнімге қанша негізгі капитал мөлшері жұмсалғандығын көрсетеді: . Қор қайтарымдылығы бір бірлік негізгі капитал құнына қанша өнім өндірілетіндігін көрсетеді: . Бұл көрсеткішті қолдану өндірістің рентабельділігіне жаңа техниканың, технологияның, өндіріс интенсификациясы мен ұйымдастырудың әдістері мен формаларының әсерін бағалауға мүмкіндік береді;

- мамандыру өндірісті  ұйымдастырудың маңызды формаларының  бірі болып табылады. Ол өнім  түрлерін жасаудың жалпылығын  көтереді, жоғарғы құрал-жабдықтарды  қолдануға, өндірісті ұйымдастырудың  тасқынды әдiстерiн енгiзуге және автоматтандыруға әкеледі. Нәтижесінде өндіріс тиімділігі жоғарлайды және рентабенділігі өседі. Мамандандыру деңгейін өлшеу әдісі нақтылықты талап етеді. Мамандыру көрсеткіші деп, әдетте, жиынтық өнім құнындағы өнімнің үлес салмағын айтады. Қазіргі уақытта мамандыру деңгейі өндірісте айтарлықтай нақты жағдайды көрсетпейді.

- бұйымның топ санымен,  түрлерімен, типтерімен анықтауға  болады. Нақты машина жасау кәсіпорынды  алатын болсақ, онда шығарылатын  машиналардың саны, типі болады;

- қауымдастыру деңгейдің көрсеткіші – кәсіпорынмен шығарылатын дайын өнімдердің өзіндік құнындағы жартылай фабрикаттар мен бұйымның үлес салмағы. Мамандандыру артықшылығы кәсіопорынның жақсы қалыптасқан қауымдастықтық байланыстармен сәйкес келген жағдайда көрінетін болғандықтан, бұл көрсеткіш маңызды болып табылады. Тауар өнімдерінің көлемі көрсеткіш ретінде маңыздылығы кәсіпорынның мөлшерін нақ сипаттайтын болғандықан ғана емес, сонымен қатар рентабельділік деңгейдің өндіріс масштабы мен ресурсты үнемдеуден тәуелділігінен көрінеді.

Жоғарыда көрсетілген бірнеше  көрсеткіштерді өнеркәсіптің барлық салалары   үшін де әмбебапты деп айтуға болмайды. Бірқатар жағдайларда олар толықтырылуы да мүмкін, яғни еңбек өнімділігі мен өнім сапасы көрсеткіштерімен. Еңбек өсімділігінің жоғарлауы тірі еңбектің үнемділігін ғана емес, затталған еңбектің де үнемділігін сипаттайды.

Сонымен қатар ол ресурс үнемдеу потециалының динамикасы мен  өндірістің тиімділігін арттыруға  да көп әсер етеді. Ұлттық табыстың материалдық өндірістегі жұмысшылар санына қатынасы еңбектің жиынтық шығындарын есепке алғандағы өнімділікті сипаттайды. Осылайша алынған көрсеткіш тірі және қатталған еңбек үнемділігін көрсетеді. Жалпы түрде оны келесі модельдермен сипаттауға болады

-  еңбектің жиынтық шығындары

 – тірі еңбек шығындары

- өткен еңбек шығындары

 

 

Өндірілген өнім құнын  Пс бір бөлігін құрал-жабдықтарының  тұтынатын бөлігінің құнының  Пп орнын толтыруға жұмсауға болады және жаңадан жасалан құнның өткен еңбек шығындары бірінші бөлікке, ал тірі еңбек шығындары жанадан жасалған құн бөлігіне сәйкес келуі керек, яғни 

 

 және 

 

Онда

 

  және  

Осыдан жиынтық шығыстар

 

 

Сонымен, еңбек шығындарын қоса алғандағы өнімділік:

 

Еңбек шығындарын қоса алғандағы  өнімділік жаңадан жасалған құнның тірі еңбек шығынына қатынасы ретінде көрінеді. Осы келтірілген модельден өндірістің жиынтық шығындарының тірі еңбек пен затталған еңбек шығындарынан тұратынын көруге болады.

Еңбек өнімділігі көрсеткіші:

  1. өндірістік құрылым-жабдықтарын жасау кезінде жұмсалған еңбектің нақты түрлерінің нәтижелері
  2. оларды пайдалану рационалдығы
  3. қарастырылып отырған өндірістегі нақты еңбек нәтижелері.

Тірі және затталған  еңбек шығындарын есепке алу кәсіпорын  үшін минималды шығын жұмсап, максималды өнім өндіруде өндіріс құрылыстарын үнемді пайдалануда қажет.

Кейінгі уақытқа дейін  өндіріс тиімділігін бағалаған  кезде өнім сапасы ескерілмеген. Ал бұл көрсеткіш бүкіл қоғам көлеміндегі ресурстар жинағына тікелей қатысты. Оның мәні, әсіресе шаруашылық рыноктың жүйесінде өсе бастайды.

Өнім сапасының жоғарлаған кезінде барлық ресурстар шығындары  төмендейді. Өнім сапасы баға жасаушы  фактор болып табылады және қорлану көздерін өсіреді.

Ал Радаев.В бойынша  “Өндірістің жоғары тиімділігін  қамтамасыз ету үшін және оның әлеуметтік бағыттылығын нығайту үшін тек табиғи және өндіріс ресурстарын рационалды және үнемді пайдалану ғана емес, сонымен  қатар қол жеткізілген үнемділікті заттандыру қажет. Техникалық прогреске және еңбек өнімділігінің жоғарлануына байланысты жұмыссыздықтың көбеюіне болдырмау үшін алынған үнемділікті тұтыну қорлары мен өндіріс қорлауға оптималды пропорцияда бөлу қажет”. Кәсіпорын көбіне түскен пайдалы жалақыны көбейтуге және әртүрлі әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсауға тырысады, яғни өндірісті жаңғырту мен қайта құруға көп көңіл бөлмейді. Бірақ дамудың бұл жолы тиімсіз, оның болашағы жоқ деуге болады. Ол ұлғаймалы удайы өндірістің экономикалық негіздерін жояды, ал ол өз кезегінде жеке және өндірістік тұтыну мөлшерінің төмендеуіне әкеледі. Сондықтан да рынокқа өту барысында тауар өндірісінің өсуін интенсивті негізде ынталандыру керек. Бұл ұлттық табыстағы тұтыну қорының үлес салмағын көтеруге және оның өсу масштабын жоғарлатуға мүмкіндік береді. Қорлану удайы өндіріс интенсификациясының органикалық бөлігі болып табылады. Мұнда қорланудың орнын толтыру қорынан тәуелділігі сипатталады. [5, 545б]

Орнын толтыру қоры өндірістік қорлардың қорлану көлеміне тәуелді. Ресурсты үнемдеуші техника неғұрлым жақсы қолданылса, соғұрлым жиынтық қоғамдың өнімнің көп үлесі еңбек құралдарының орнын толтыруға жұмсалады. Осыған байланысты қорланумен орнын толтыру қорының динамикасының арақатынасына анализ жасау маңызды. Орнын толтырудың жалпы қорына еңбек затының шығындары және негізгі өндірістік қордың орнын толтыру жатады. Орнын толтыру қорындағы амортизациялық аударымдар үлесі жиынтық қоғамдық өнімнің сиымдылық қор динамикасымен анықталады. Егер ол өсетін болса, онда амортизациялық қор үлесі де өседі және керсісінше. Орнын толтыру қорының рөлінің жоғарлауы экономикалық және әлеуметтік мәнге ие. Өндірістік қорланудың орнын толтыру қоры есебінен артуы жеке тұтынуға, тұтыну заттарының өндірісін өсіруге, өндірістік  емес сфераны дамытуға бағытталған ұлттық табыс өсіруге мүмкіндік береді.

Капитал салымдарының ұдайы  өндірістік құрылымына өндірістік негізгі  қорлардың істен шығуының жеделдетілген  процесі үлкен әсер етеді. Ал қалдығы  аз және қалдықсыз технологияны, энергияны  үнемдеуші және табиғатты үнемдеуші өндрісті, материалдың ресурстардың үнемділігін қамтамасыз ететін, өнеркәсіп салаларындағы өнім ассортименттерін, технологияны енгізу қажеттілігімен шартталған. Тұтыну қорының өсуі адамдардың әл-ауқатын, өмір сүру деңгейін, жұмысшылар біліктілігін арттыруға әкеледі, ол өндірістің тиімділігіне позитивті әсер етеді. Олай болатын болса, тұтыну қорын ұлттық табыстың пассивті бөлігіне жатқызуға болмайды. Ол жеке тұтыну көзі ғана емес, сонымен қатар ресурсты үнемдеу типіндегі ұлғай малы ұдайы өндірістің белсенді факторы ретінде көрінеді, яғни сапалы экономикалық өсуге жеткізуге мүмкіндік береді.

Экономикалық және әлеуметттік  даму анализі ұлттық табыстың өсу  қарқыны технологиялық ресурс үнемдеу  формасында жүзеге асырылатын, өндірістік капитал салымдарының динамикасын жеделдету кезінде өсетіндігін көрсетеді. Қазіргі технологиялық қайта құруларды жүргізу үшін халықшаруашылықтың әртүрлі саласындағы өндірісті дамыту үшін инвестициялық ресурсқа ие болуы керек. Инвестиция ресурстардың жеткіліксіздігі өндірістің техникалық деңгейін көтеруге, оның ресурс үнемділігіне кері әсер етеді, сәйкесінше, экономикалық және әлеуметтік даму динамикасына да. Сонымен экономикалық өсу тиімділігін қарастырғанда, ең алдымен «өндіріс тиімділігі» туралы сөз қозғалады.

1992 жылдан кейінгі Қазақстандағы  өндірістің құлдырауы экономикада  жүргізілген реформалар процесі  (еңбек жағдайының нашарлауы,  халықтың негізгі бөлігінің нақты  табыстарының төмендеуі, азаматтарды  әлеуметтік қорғау жөніндегі  мемлекет қызметінің және рыноктық қатынастар субъектілерінің қызметінің әлсіреуі) экономикалық өсу факторларын толығырақ қарастыруға әкеледі.

Экономикалық өсу әдетте ЖҰӨ-ң абсолюттік өсімімен бағаланады және оның өсу қарқынымен байланысты. Экономиканың тоқырау фазасынан  өрлеу фазасына өту мәселесінің екі аспектісі бар: өрлеу нәтижесінде алдында қол жеткізілген өндіріс деңгейін қалпына келтіру және одан әрі өсіру. Әйтпесе, өндіріс жай ұдайы өндіріс шегінде ғана қалып қояды, яғни қоғамдық өндіріс құрылымында сапалы өзгерістер болмайды. Құрылымдық өзгерістер нәтижесінде ЖҰӨ-ң өсімі өндіріс көлемінің жеке салаларда төмендеуіне қарамастан мүмкін болады. Осыған байланысты өндірістің салалық құрылымы даму қажеттіліктерін есепке ала отырып, экономикалық және әлеуметтік әсерді қамтамасыз етеді. Ескірген өндіріс үлесі мен өнімдер түр төмендеп, ал прогрессивтілер – тез қарқынды өсе бастайды. Осының нәтижесінде әрқашан прогрессивті тенденция болып табылатын капиталдың техникалық және органикалық құрылымы өзгерді.

Информация о работе Экономикалық өсудің Қазақстандағы үлгісі