Қазақстан Республикасының портфелдік инвестиция жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 17:15, реферат

Краткое описание

Нарық экономикасына көшу мынадай компоненттердің: сұраныс пен ұсыныстың; табыстар мен шығындардың; ақша массасы, айналым қаражаты мен инвестициялық ресурстардың белгілі бір келісілуін білдіреді. Бұған мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді жүргізу, яғни жеке меншік институтын енгізу жолымен ғана қол жеткізуге болатын еді.

Содержимое работы - 1 файл

Қазақстан Республикасының портфелдік инвестиция жағдайы.docx

— 28.97 Кб (Скачать файл)

Елдің мұнай қорларын игерудегі біздің стратегиямыз бір  ғана көмірсутегін өндірумен тәмамдалмайды. Оларды әлемдік рыноктарға тасымалдау үшін инфрақұрылым жасаудың маңызы бүдан  кем емес болатын. Кеңестік кезеңде  ішкі рынокқа бағдарланған Қазақстанның мұндай тұрба құбырлары жоқ еді. Тәуелсіздік жылдарындағы тұңғыш және ойдағыдай іске асырылған жоба Каспий тұрба кұбыры консорциумы болды. КТК-ның іске қосылуымен біз тасымал  маршруттарын белсенді ету жөнінде  дәйекті саясатты жүзеге асыра бастадық. Өткен жыл Каспий бойынша келіссөз процесінде сірескен сеңді бұзып  өткен жыл болды. Ресеймен стратегиялық әріптестік қазір қайрандағы бірлескен  ірі жобаларда нақты жүзеге асырылып келеді. Қытай бағытындағы тұрба  кұбырының құрылысы басталады.

Біздің еліміздің  экономикалық дамуындағы мұнай факторының рөлін бағаламау мүмкін емес. Шынында  да, 1985 жылмен салыстырғанда бүкіл  әлемде көмірсутегі шикізатын өндіру 1,3 еседен кем болып отырғанда, біз  өндіру көлемін 225,4 пайызға ұлғайта  алдық, ал Ресей сексенінші жылдар кезеңіндегі  деңгейді енді ғана калпына келтіре  бастады.

Шынында да, мұнайдың арқасында біз экономикалык, жүйені өзгерту процесін жеделдете алдық. Бірақ та дамудың қазіргі динамикасына кол жеткізуге энергия сақтаушыларға  деген әлемдік бағаның артуы  ғана ықпал етіп қойған жок,- Бұл  — экономикалық өзгерістердің нәтижесі.

Бүгінде мемлекеттік  бюджеттің ширегі ғана мұнай табыстарының есебінен қалыптасады.

Тікелей инвестициялар  қара және түсті металлургияның тиімділігін  көтерді. "Самсунг" және "Қазақмыс" корпорациялары саланың дамуына 1833,5 млн. доллар жұмсады. Бұл 2000 жылы-ақ шақпақ мыс шығару жөніндегі 1990 жылғы деңгейді 9 пайыз арттыруға мүмкіндік берді. Қазіргі кезде мыс өндірудің  көлемі бұрынғы жылдардың үздік  көрсеткіштерінен асып түсті. Испат-Қармет өндірістің дамуына 500 млн. доллардан  астам жұмсады. Қарметкомбинат металдармен  және полимерлермен қапталған металл табақшалар шығарудың қуатты индустрияландыру кезеңінен өтті.

Қазхром мен Қазалюминий 537,2 млн. доллар мөлшеріндегі инвестициялардың арқасында тиімділігі жоғары өндірістерге айналды. Мұны қорғасын-мырыш саласының  жұмысы туралы да айтуға болады.

Нақ осы салалар  бүгінде ел бюджетін негізгі толықтырушылардың  бірі.

Алдағы кезде бюджет жоғары қосымша құны бар дайын  өнімнің, шағын жөне орта бизнес пен  өңдеу салаларын дамыту түсімдері  есебінен барған сайын көбірек толығатын  болады.

Экономикадағы реформалар өздігінен қатардағы азаматтар  тарапынан меншікке деген көзкарастыңөзгеруі жағдайында ғана тиімділік бере алар еді, түрғын үйді жекешелендіру кезеңінде  осылай болды да. Меншікке ие ету  тұрғын халық менталитетінің өзгеруіне  әкелді. Мемлекетке иек арту, масылдык психология өткенге кете бастады. Енді өз тұрғын үйінің жауапкершілігі азаматтардың өздеріне көшті. Тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылықты одан өрі өзгерту кажеттілігі  пайда болды. Қасаң ТПК-лардың орнына халықтың пәтер иелерінің кооперативтері тұрпатындағы өз ұйымдарына екпін түсірілді.

2. Табысты орнықтыру  және экономикалық өсу жағдайларын  жасау 

Қоғам айқын мақсаттар  мен оларға қол жеткізу жолдары  баяндалған стратегиялық бағдарламалық  құжатқа мұқтаж болатын. Олар "Қазақстан-2030" ел дамуының Стратегиясында тұжырымдалды.

Осы сәттен бастап реформалар жүйелік деңгейге көшті. Реформалардың  басымдықтары институттық өзгерістер жағына қарай ойысты. Экспорттық әлеуетті кеңейту және сыртқы инвестициялық  ресурстарды ұлғайту жолдары  белгіленді.

Бұл процесс Қазақстан  кезекті сынаққа — 1997-1998 жылдарғы азиялық қаржы дағдарысына тап  болған сәтте де тоқтамады. Іс жүзінде  соңғы сәтке дейін біз халықтың тұрмыс деңгейі күрт құлдырауына  жол бермеу үшін теңгенің бағамын  жасанды түрде ұстауға тырыстық. Қазақстан тағы да кәсіпорындардың  жаппай жабылуы мен жұмыссыздықтың қар көшкіні секілді өсу қаупімен бетпе-бет келді.

Бұл дағдарыс біз  үшін сабақ болды. Болашақта Қазақстанның алдында мұнайға деген жоғары бағалар сынағы тұрды. Біз мұнай  долларларын өңдеу салаларын  дамытуға және осы заманғы бәсекеге қабілетті экономика құруға бағыттай отырып, оларды дұрыс жұмсай білу керектігін түсіндік. Мұның өзі энергия сақтаушыларға  деген әлемдік бағалардың өзгерісіне тәуелділікті азайтуға мүмкіндік берер  еді.

Қазақстан ТМД елдерінің  арасында бірінші болып тұрақты  әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету, қолайсыз сырткы факторларға тәуелділікті азайту үшін Ұлттық қор құруға кірісті.

Алайда мұны сілкіністер  мен дағдарыстар жағдайында ғана сақтандыру әдісі ретінде қабылдамау керек. Оның мәні бүдан тереңірек. Ол болашақ ұрпақтар алдындағы біздің жауапкершілігіміздің көрінісі ретінде  пайда болып, артық пайдаларды бір  сәттік проблемалардың шешіміне жұмсауға елігуден тыс болуымызга мүмкіндік  берді. Қазіргі таңда Ұлттық қорда 4,7 млрд. доллар немесе 631,8 млрд. теңге  жинақталған, олар республикаға тұрақты  табыстар әкелетін жоғары өтімді қаржы  құралдарына салынған.

Банк жүйесіне сенімді  арттыру үшін шаралар кабылданды. Кеңестен кейінгі кеңістікте алғаш  рет жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендірудің ұжымдық жүйесі құрылды. Мұның өзі азаматтардың қозғалыссыз жатқан қаржыларын нақты  секторды қаржыландыруға тарту мүмкіндігін  туғызды.

Елорданы Астанаға көшіру елдің дамуына елеулі серпін берді. Мемлекетті бұрынғыдан тиімді басқару  және өңірлік дамудың сәйкессіздігін реттеу үшін елдің географиялық байтағында экономикалық-саяси тартылыс орталығын  күру қажет болды.

Геосаяси артықшылықтармен қатар елорданы көшіру ел экономикасы  үшін орасан зор мультипликативтік  тиімділік берді. Құрылыс өркендеуінің ұласпалы әрекеті барлық облыс орталықтарын қамтыды, олар бүгінде өзгеріп сала берді. Мұның өзі мыңдаған жаңа жұмыс  орындарының ашылуына, салалас өндірістердің  дамуына жеткізді. Қысқа мерзімде қала айтарлыктай өзгеріп, мемлекеттің  шынайы саяси орталығына айналды.

Он жылда нарықтық қатынастарға барлық салалар тартылды. Ауыл да бұдан тыс қалған жоқ, бірақ  ондағы реформалар кешігіп жүріп  жатты.

Біз барлық мемлекеттік  ауылшаруашылық кәсіпорындарын ұжымдық  меншікке бердік, содан кейін жекешелендіру  жүргіздік. Қиын, бірақ стратегиялық тұрғыда дұрыс жол таңдап алынды, ол ауылда нарықтық қатынастар жүйесін  жасауға бастады.

Рынокқа берік бағдарланған фермерлер табы пайда болды. "Астық  үшін айқас" кезеңдері ұмытылды. Соңғы үш жылда жұмыс ырғағындағы  Қазақстан дәнді дақылдардың  миллиард пұттарын өндіріп отыр. Бұл  ретте егін жинау-себу науқандарына кеңестік уақытқа қарағанда жанар-жағар  май материалдары 10 есе дерлік аз жұмсалады.

Алайда тұтастай алғанда жер мәселесі шешілмей қалып  келді.

Аграрлық сектор мен ауыл адамдарының проблемаларын  кешенді шешу үшін 2003-2005 жылдар Ауыл жылдары болып жарияланды. 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасының қабылдануымен  біз аграрлық сектордың тиімді кызмет етуінің негізін қалыптастыратын  институттық тетіктерді іске қостық.

Жер кодексі айтарлықгай  ауыр қабылданды. Бүл кездейсоқ емес еді. Жер мемлекеттің негізі болып  табылады. Бүгінде ауылда қазақстандыктардың 43 пайызы тұрады. Олардың әрқайсысының жерге деген өз қатынасы бар. Бұл  мәселедегі пікірлердің қарама-қайшылығы  да осыдан.

Бірақ та нарық мұндай текетірестерге төзбейді. Аграрлық сектор — бұл химия кәсіпорындары, мәшине жасау, мұнай өнеркәсібі өнімдерін  және қызмет саласын аса ірі тұтынушы екені көп реттеұмытыла береді. Бұл  салалардың бәрі дерлік түгастай нарыққа  киліктірілген. Бірақ та дәл осыны  аграрлық сектор туралы айтуға әлі  болмайды, өйткені ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер нарықтық қатынастарға әлі киліктірілмеген.

Жерге деген ұқыпты қатынас жоқ кезде жеке меншікке деген құрмет туралы қалай айта алмакпыз. Бұл проблеманы жерді жеке меншік иелеріне берген жағдайда ғана шешуге болады. Және де сөз жүзінде емес, іс жүзінде.

Біз жердің тозуы, жер  қорының азуы дегеннің не екенін білеміз. Жер табиғи байлықтармен және жылжымайтын  мүлікпен қатар экономиканы көтеріп  тұрған киттердің бірі болып табылады. Егер олар айналымнан шығарылса, өндірістік шығындар мен бағалардың, активтердің  нарықтық құнын негіздей отырып анықтау, тұрлаулы ақша айналымы, шетелдік инвестицияларды  кеңінен тарту, ипотекалык кредиттің  дамуы мүмкін емес.

Осыны сезініп, түсіну бізге агроөнеркәсіптік кешен үшін, сондай-ақ бүкіл ел үшін аса маңызды  Жер кодексін қабылдауға мүмкіндік  берді.

Жерге деген жеке меншік және осы негізде еңбеккерлердің жаңа табын тәрбиелеу — аграрлық сектордағы өркенді өсудің негізі.

Енді ауыл шаруашылығына  инвестициялар, жаңа технологиялар  мен тиімді менеджмент келуі керек. Жердің сезімтал да қамқоршыл қожасы пайда болуы керек. Ал жеке меншік иелері мен инвесторлар ауылды нақтылы  өзгерте алады.

Экономикалық, өндірістік қатынастар жүйесін түбегейлі өзгерту  жөніндегі реформаның ең маңызды  кезеңінің басты міндеттері шешілді. Қазақстандық экономиканы ырықтандыру  процесі кері жүрмейді. Ендігі жерде  сөз осы жылдары талдап жасалып, байқап көрілген заңнамалық, нормативтік-құқықтық базаны нақты мазмұнмен толықтыру және түзету, оның әлеуетін одан әрі дамыту туралы болып отыр.

Нарыққа көшу кезінде  мемлекеттің экономикаға араласуы кілт шектелді. Белгілі бір уақыт  өткеннен кейін қай жерде дербес еркін өсу жүріп жатқаны, ал қай  жерде мемлекеттің елеулі колдауынсыз, тікелей араласуынсыз болмайтыны айқын  көрінді.

Нарықтық экономиканың жетекші бір факторы мемлекеттік  емес сектор үлесін серпінді ұлғайту  болып табылады. Мәселен, статистика мәліметтері бойынша, 2004 жылдың I жартыжылдығына тіркелген 194,8 мың заңды тұлғаның 192,7 мыңдайы жеке меншік секторға келеді. Бұл жалпы санның 98 пайызы, өндеу  саласында бұл үлес — 98%-ды; ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында 97,5 пайызды құрайды.

Көптеген экономикалық процестердің нақты қатысушысы жеке меншік иесі болып отыр, тұрғын халықтың өзі де белсенді рөл атқарады. Оның мүмкін болатын барлық әлеуметтік формалар мен нарықтық қатынас салаларына кеңінен қатысуы айрықша нарықтық мінез-құлық қалыптастырды, бүл меншік иесін сатып алушының сұраныстарына  ғана емес, тіпті қыңырлығына да сергектікпен карауға мәжбүр етеді. Біз жаппай кәсіпкерлік рух феноменінің  — жаңа менеджменттің қаз тұруы  үшін нәрлі ортаның калыптасуымен  істес болып отырмыз.

Әсіресе шағын кәсіпкерліктің дамуы атап көрсетуге тұрарлық. Нақ  осының дамуы, бірінші кезекте, осы  заманғы нарықтық шаруашылық барған сайын өзі дамитын ашық жүйеге айналып, өзін-өзі реттейтін қабілетке  ие болуда деп санауға негіз береді. Экономикалық қатынастардың жаңғыртылуы  жалғасып жатқаны сөзсіз және жетілдіріле  түсетін болады.

Әлемдік шаруашылық байланыстарына кірігуге қабілетті  жаңа нақты экономиканы құру аса  маңызды тағы бір міндетке айналды. Экономиканы құрылымдық өзгертудің айтарлықтай жан қинайтын проблемасы бар болмысымен бой көтеріп түр.

Оның бұрынғы құрылымы деформацияланған болатын, өңдеу өнеркәсібіндегі  көптеген бұйымдардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі сақталып қалды. Көптеген өндірістердің қалыптан тыс монополиялануы да тежеуішке айналды, мұның өзі  олардың жинақылығына, шығаратын  өнімдердің сапасына және өндірістің тиімділігіне, оның рентабельділігіне  келеңсіз әсер етті.

Қазақстан экономикасы  мембюджет пен ірі кәсіпорындарды қаржылай қолдау үшін елеулі, ауқымды  ресурстарға мұқтаж болды. Сыртқы байланыстарды  өрістету бағыты және шетелдік инвестицияларды  кең ауқымды тарту экспортқа  бағдарланған салаларды көтеруге, шикізат  өндіруді ұлғайтуға ғана емес, сонымен  қатар бір мезгілде валюта қорын  толықтыруға, теңгені нығайтуға, оның айырбастылығын күшейтуге мүмкіндік  берді. Осылайша импорттық тауарлар үшін, шетелдік инвесторлар үшін қызықтырғыш  ішкі рыноктың тартымдылығы артты, экономиканы  тұрақтандыру үшін жағдайлар жасалды.

Шетелдік инвесторлар  мен біздің мемлекеттің мүдделерін ұштастыру оңай міндет емес. Негізінен  олар өнеркәсіптің барынша тартымды салалары бойынша үйлеседі.

Мақсатты шаралардың нәтижесінде шетелдік күрделі қаржыны  тарту жөнінде қолайлы ахуал  қалыптастыру мүмкін болды. Шикі мұнай  және ілеспе газ өндіру, қара және түсті  металлургия секілді салаларға  тікелей шетелдік инвестициялар 2003 жылы 2,7 млрд. доллардан астам болды.

Негізгі капиталға  инвестициялардың өсуі нәтижесінде  қорлар ескіруінің келеңсіз үрдісін  еңсеру мүмкін болды. Жаңару коэффициенті мұнай-газ өндіруде — 10,9 пайызға, металлургиялык, рудалар өндіруде, металлургияда 6,6 пайызға жетті. Отын саласының, түсті  және қара металлургияның үлесі үстем  бола түсті.

Шетелдік инвесторларды, соның ішінде әлемдегі аса ірі  компанияларды да тарту мынадай  бірқатар маңызды міндеттерді шешіп  берді:

1. Ауқымды инвестицияларды  тарту жөніндегі, олардың көлемі 1993 жылдан 2003 жылға дейінгі кезенде  25,8 миллиард долларды құрады, жан  басына шаққанда Қазақстан ТМД-да 1-ші орынды алады. 

Информация о работе Қазақстан Республикасының портфелдік инвестиция жағдайы